Материалдар / Мәдениет - адамзат әлемінің айнасы (Мәдениеттану пәнінен түсндірме сөздік №1)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәдениет - адамзат әлемінің айнасы (Мәдениеттану пәнінен түсндірме сөздік №1)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәдениеттану пәнінен глоссарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
4362
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1.Абыз – ертеде елдің тəу ету жоралғыларына басшылық жасайтын əрі жаугершілік жағдайында жорыққа шығарда бата беретін, болжам жасап, жорамал айтатын жəне ежелден қалыптасқан əлеуметтік тəртіптің ертедегі нормалары мен принциптерін жетік меңгерген беделді тұлға. 

2.Агни - Ежелгі Үндістанда от құдайы.

3.Аид - өлілер құдайы.

4.Амон – Ежелгі Египет құдайы, Фивы қаласының қорғаушысы.

5.Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин. Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Табиғи құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие болады, олардың рухы және иесi бар делiнедi.

6.Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым

7.Антикалық мәдениет (лат. antiquus ежелгі) Ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII - I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. 

8.Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. 

9.Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым. 

10.Артха — адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі іс-әрекеттердің нормалары болып табылады(үндә-будда мәдениеті).

11.Архаикалық мәдениет - адамзат мәдениетінің бастауы.

12.Бен-бен – Ежелгі Египеттіктердің тас құдайы.

13.Брахманизм – Ежелгі Үндістанда ведашылықтың негізінде пайда болып, оны алмастрған діни философиялық жүйе.

14.Буддизм (санскритше – buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. 

15.Ведалар – үнділердің қасиетті, діни кітабы.

16.Вишну — адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. 

17.Гиза – Пирамидалар тұрғызылған жер.

18.Гимн – құдайларға арналған жыр.

19.Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория.

20.Даосизм  - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі 

21.Даосизм  - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі 

22.Дүниежүзілік мәдениет — біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің синтезі болып табылады.

23.Дхарма — будда дініндегі моральдық заңның басты бөлігі болып есептеледі. Үнділердің қасиетті кітаптарында (смрити) дхарманың тізімі, яғни түрлі касталардың міндеттері мен функ- циялары атап көрсетілген. Касталық жүйеде бүл парыз-міндеттерден ауытқуға жол берілмейді.

24.Иероглиф – бірнеше белгілер қосылған әріп түрі.

25.Индра - Ежелгі Үндістанда Найза құдайы.

26.Индуизм — бір-бірінен тәуелсіз бірнеше діни наным-сенімдерден тұратын діни-мәдени ағым. 

27.Исида – Осиристің әрі әпкесі, әйелі, ана қамқоршысы.

28.Ка – Адамның, жануарлардың, заттардың, тәннің екінші жағы.

29.Киелі Кітап (Библия) — христиандықтағы киелі кітаптардың жиынтығы.

30.Колизей – Ежелгі Римдегі ең ірі амфитеатр.

31.Комедия - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драммалық шығарма.

32.Комедия сөзі "комос" — Диониске арналған мейрамдағы көшеде қыдырып жүрген қызу әрі көңілді халық және "одэ" — өлең, ән деген ұғымдардан шығып, қыдырып жүрген халықтың әні деп аударылады.

33.Конфуций – ұлы философ және ұстаз. 

34.Конфуций ілімі – тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім.

35. Қара жер – Египеттің ежелгі атауы.

36.Қосөзен – қатарласа аққан Тигр мен Ефрат өзендерін ежелгі халықтардың атауы.

37.Маат – шындық пен тәртіп құдайы.

38.Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.

39.Мардук – Вавилондықтардың түсінігінде жерді жаратушы құдай.

40.Материалдың мәдениет — еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топостың, яғни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне, дене тәрбиесіне қарым-қатынасының мәдениеті. 

41.Махаяна – махаббат пен қайғы-қасіретті буддизм шеңберіне еңгізу.

42.Мәдени антропология - мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім  

43.Мәдени нормалар дегеніміз — жалпы құндылықтарға сәйкес қалыптасқан төртіп ережелері. 

44.Мәдениет — адам әлемі.

45.Мәдениет – адам құндылықтарының жиытығы.

46.Мәдениет – адамгершілік қасиеттердің жиынтығы.

47.Мәдениет — аса күрделі, көп деңгейлі жүйе. 

48.Мәдениет – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды.

49.Мәдениет – тарихи құбылыс.

50.Мәдениет дегеніміз (латын тілінде cultura — өңдеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау) — адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.

51.Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды.

52.Мәдениеттану — рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның пәні.

53.Микены – «Арыстандар қақпасы» табылған қала.

54.Миф - тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.

55.Миф – көне аңыз, әңгіме;

56.Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт.

57.Мумия – ішкі құрылысы алынған мәйіт, ұзақ сақталған адам денесі.

58.Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

59.Навуходоносор – Вавилонды ең әсем қала ретінде әлемге әйгілі еткен патша.

60.Неолит – жаңа тас ғасыры және де « қыш құмыралар» дәуәрә деп те аталады.

61.Нирвана – бұл әлемнің шырмауынан нағыз арылу.

62.Осирис – Ежелгі египеттің әділеттілік құдайы.

63.Өнер - мәдениеттің өзекті бөлігі. 

64.Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. 

65.Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. 

66.Пайдейя - грекше бала деген мағынаны білдіреді.

67.Палестра (грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда - «күрес мектебі») - ұл балалар грамматист және кифарист мектептерін тәмамдағаннан кейінгі окитын ежелгі Афинадағы (б.з.д. VI-IV ғ.ғ.) оку-тәрбие мекемесі.

68.Папирус – өсмдіктен жасалған қағаз.

69.Пиктограмма – Әріп суреттер.

70.Пирамида – бай адамдардың қорғаны.

71.Полис - қала-мемлекет.

72.Птах – Мемфис қаласының қорғаушысы, барлық тірі жанның әкесі.

73.Ра – Египеттік күн құдайы.

74.Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс ретінде таныла отырып, өзінің құрамына танымдық және ақыл-ойлық, философиялық, адамгершілік, көркемөнерлік, құқылық, педагогикалық, діни мәдениетті енгізеді. 

75.Сансара – жиһан кезу деген ағына береді.

76.Сиддхарта Гаутама - Буддизмнің негізін салушы  деп есептеледі.

77.Сурья – Ежелгі Үндістанда күн құдайы.

78.Сфинкс – Пирамидалардың күзетшісі.

79.Таммуз –Вавилондықтардың су құдайы.

80.Типология - жалпы лингвистикалық таксономиялық категорияларды шығу тегіне қарамастан тілдерді типтер бойынша топтастыру ұшін негіз ретінде аңықтау; типологиялық топтастырудың тәсілдерін жасайтын және ұстанымын зерттейтін тіл білімінің бөлімі.

81.Тот – Египеттіктердің ақыл құдайы.

82.Тотемизм - рулық қоғамдағы адамдар тобынын шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімдер мен әдет-ғұрып, салт-сананың күрделі жүйесі.

83.Трагедия – ол «ешкілер әні» деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғым ешкі терісін жамылып алып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан.

84.Ұлттық мәдениет өз кезегінде белгілі бір қоғамның әр түрлі таптары, әлеуметтік топтары мен жіктері мәдениетінің синтезін алға тартады. Мәдениет материалдың және рухани болып екіге бөлінеді

85.Үрей атасы – Сфинкстердің халық арасындағы атауы.

86.Фараон – Египет патшасы, жер бетінде құдай ретінде дәріптелген.

87. Фивы храмы – Ежелгі Египеттегі ең даңты храм.

88.Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын. 

89.Хапи – Ніл өзенін билейтін құдай.

90.Хеопс пирамидасы – Египеттегі ең биік пирамида.

91.Хуанди – қытайда ұлы билеушін осылай атаған.

92.Шамаш – Вавилондардың күн құдайы.

93.Шива — өнер мен ғылымның, салтанатты өмір мен махаббат сайранының құдайы. 

94.Шива — қатал да, қорқынышты құдай.

95.Эллада – Ежелгі гректердің атауы.

96.Эллинизм — ертедегі грек құл иеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (біздің заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. 

97.Энолит -  адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір.

98.Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.

99.Эсхил – классикалық грек трагедиясының негізін салушы.

100.Этнография, этнология (гр. etnos – тайпа, халық, grapho – жазу) – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!