Материалдар / Мәдениет - адамзат әлемінің айнасы (Мәдениеттану пәнінен түсндірме сөздік №2)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәдениет - адамзат әлемінің айнасы (Мәдениеттану пәнінен түсндірме сөздік №2)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәдениеттану пәнінен глоссарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
607
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғасырлар тоғысы» - орыс мәдениетінің «күміс ғасыры» деп аталады.

Абсолютизм (лат. absolutus – сөзсіз, шексіз) — мемлекеттік басқарудың бір түрі.

Абыз – ертеде елдің тəу ету жоралғыларына басшылық жасайтын əрі жаугершілік жағдайында жорыққа шығарда бата беретін, болжам жасап, жорамал айтатын жəне ежелден қалыптасқан əлеуметтік тəртіптің ертедегі нормалары мен принциптерін жетік меңгерген беделді тұлға. 

Ағартушылық — қоғамдық-саяси ағым.

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы

Антропоцентризм - [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы.

Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас 

Архаикалық тип – адамнң белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байланысты.

Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль.

Барокко (италяндық barocco — әлеміш). — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль.

Галерея (фр. galerie, итал. galleria) – 1) бір жақ қабырғасы түгелдей бағаналардан тұратын, төбесі жабық ғимарат. Кейінірек галерея деп көркемсурет музейін немесе соның бөлімшесін атайтын болды.

Декаданс (фр. dekadence - түңілу) — XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы өмірден түңілу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарындары, дара тұлғалардың жекеленуі байқалғанын білдіретін, Еуропа мәдениетінде көрініс тапқан тоқырау құбылысының жалпы атауы.

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді

Дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі – мәңгүрттік тип.

Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы.

Жаңа заман еуропалық мәдениеті - Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады.

Зар-Заман – Қазақ халқының басына түскен ауыр сынақ, ауыр кезең.

Икона (орта гр. εἰκόνα «бейне», «кecкiн»; тағы көне гр. εἰκών «кейіп», «сурет») — христиан дiнiнде (католик, православие және монофизиттік) құдайды, құдайананы, әулиелердi, қасиеттi кiтаптарды бейнелеген суреттер.

Иман — мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі.

Импрессионизм (фр. іmpressіonnіsme, іmpressіon – әсер) – алғаш рет Францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді шынайы, айқын, боямасыз бейнелеуге ұмтылды.

Инквизиция - 13 ғ. еретиктерді, яғни еркін ойлайтын, үстемдік ететін феодалдық-католиктік шіркеу догматтарын мойындамайтын, папалық билікке қарсы адамдарды жазалауға арналған католиктік шіркеудің арнайы трибуналы

Интеллигенция - адамға тән рухани, зерделі қабілет, тар мағынада - тез арада шешім табу; өзгеше жағдайларда шешім табу; дұрыс және тез ұғу, бастысы бұл ақыл нысаны ; бейнелеу, ақылды үйрену тез ойлау және қорытындылау қабілеті.

Интуиция - қарастыру, көру, андау, сонымен бірге рухани көру, ұғыну, шабыттану, түсіну, ұғыну. 

Ислам халифаты  — халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы. 

Ислам шариғаты — ол адамның Аллаһпен, басқа адамдармен, қауыммен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын, рұқсат етілген және тиым салынған нәрселерді реттейтін Құран, Сүннет және сәләфтардың (шииттерде — Әһлі-бейттің) сөздерімен, ғалымдардың иджтиһадымен міндетті болған заңдар жинағы. Бұл заңдардың ең маңыздысы — Исламның бес парызы

Ислам — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. 

Ізгілік (лат. Нumanitas — адам табиғаты) — адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды.

Католицизм (гр. καθολικός – жалпыға ортақ, ғаламдық), католик шіркеуі, католиктер – христиан дініндегі үш тармақтың (православие және протестанттықпен қатар) бірі.

Киіз үй – көшпелілердің баспанасы. Халықтың өмір салты мен дәстүрлерінің таңбасы.

Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – 17 – 19 ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт.

Князь (славян. кънезь – көсем) – 9 – 16 ғ-лардағы славян елдеріндегі (Русь, Польша, Чехия, Сербия) және Литвамен, Валахиядағы бір орталыққа бағынған және аймақтық мемлекеттік құрылымдар билеушісінің лауазымы.

Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау 

Қағба (араб.: الكعبة‎ – куб) – мұсылмандар құлшылық ететін аса қастерлі орындағы тұңғыш ғимарат

Қажылық (араб.: حَجّ‎ хаддж) - ислам дiнi бес негiзiнiң соңғысы.

Құран — «Фатиха» сүресінен басталып, «Нас» сүресінен бітетін ақырғы пайғамбар Аллаһтың елшісі Мұхаммедке түсірілген Аллаһтың сөзі.

Құрбан айт (араб.: عيد الأضحى‎ — 'ид әл-адха) Зул-Хиджа айының оныншы жұлдызы. 

Қылует, сопылықта –1. мүридтің бүкіл болмысын Аллаға арнап, Алладан басқа барлық нәрседен қол үзуі;2. ортағасырлық жер асты мінәжат үйі. 12 ғасырда Түркістанда салынған.

Маргиналдық мәдени тип – шетте болушы деген мағынаны білдіреді.

Материалдың мәдениет — еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топостың, яғни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне, дене тәрбиесіне қарым-қатынасының мәдениеті. 

Мезолит (мезо… және грек. lіthos – тас) — орта тас ғасыры, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең.

Мешіт د— араб тілінен «сәжде қылатын жер», «құлшылық қылатын жер» деген мағына береді. 

Мәдениет дегеніміз (латын тілінде cultura — өңдеу, тәрбиелеу, білім беру, даму, сыйлау) — адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.

Мәңгүрттік тип – ұлттық салт дәстүрден жұрдай, оның рәміздік рәсімдік мағынасын білмейтін, күнделікті өірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады.

Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі.

Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Мұсылмандар (араб [мусли́м] – «мойынсұнушы», «көнуші») — Ислам дінін қабылдаған, Аллаһқа мойынсұнған адам. 

Натурфилософия– (латынша natura – табиғат) – табиғат философиясы; табиғатты біртұтас қарап, үстірт пайымдау арқылы түсіндіретін ілім.

Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – тас дәуірінің ең соңғы кезеңі

Неоплатонизм , неоплатондық – III – IV ғасырларда туындап, Платон және Аристотель ілімдерінің ортақ жүйесін ұштастыра дамытқан, болмыс бірлігі теориясымен белгілі ілім.

Новелла – шағын көлемді прозалық шығарма.

Пайғамбар – қауымға Аллаһ ақиқатын жеткізіп, Құдайдың барлығы мен бірлігін мойындауға шақырушы адам.

Палеолит (палео... және грек. lіthos – тас) – ежелгі тас дәуірі. Адам мен оның[1] шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. 

Парыз – анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген діни іс-әрекеттер мен міндеттер.

Періште  — Аллаһ тағала нұрдан жаратқан құлдары:

Пәлсапа немесе философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымныңжалпы заңдылықтары туралы ілім. 

Поэзия(гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар

Протестантизм (лат. protestatio, onis f [protestor] — қарсылық, келіспеушілік) — римдік католицизм және Шығыс Ортодоксалдық шіркеу‎мен бірге христиан әлемінің басты бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Рационализм (лат. ratіo — ақыл), архитектурада — 20 ғ-дың 1-жартысындағыархитектуралық бағыттар жиынтығы. 

Реализм (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. 

Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі (итал. Rinascimento, ол итал. ri – «қайта» және итал. nasci – «туылу» сөздерінен құралған тұрақты термин) — ХІV-ХVІІ ғасырларға аралығындағы еуропалық жаңа мәдениет қозғалысы. 

Реформация (лат. reformatio - қайта құру түзеті) - римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қарсы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырдағы діни - қоғамдық қозғалыс.

Рококо (фр. rococo), рокайль - 18 ғасырдың 1-жартысы мен орта кезіндегі Еуропа өнерінде сарай зиялылары мен мәдениетімен байланысты туған стиль. 

Романтизм (ағылш. romantіcіsm, фр. romantіsme, нем. romantіk) – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыка, театр, бейнелеу өнері, эстетика, т.б. әдеби-көркем салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт.

Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс ретінде таныла отырып, өзінің құрамына танымдық және ақыл-ойлық, философиялық, адамгершілік, көркемөнерлік, құқылық, педагогикалық, діни мәдениетті енгізеді. 

Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа.

Символизм (Symbolism) — ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы аралығында Еуропада әдебиет пен өнерде өріс алған өте ықпалды шығармашылық ағымы. 

Сопылық немесе тасаууф(араб.: تصوّف‎, taṣawwuf) — зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру. 

Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.

Суфь- арапша «жүн шкпен» деген мағынаны білдіреді.

Сүннет – парыз бен уәжіптен бөлек, Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын)жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуына ризалығын білдірген іс-әрекеттер.

Сциентизм - қоғамның рухани өмірінде, мәдени жүйесінде ғылым рөлінің абсолютизациясы; мысал ретінде жаратылыс ғылымдары мен математика алынады.[

Теология (гр. theos - Құдай және гр. logos - ілім, сөз) - Құдай жайлы дін ілімі.

Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру 

Тотемизм - рулық қоғамдағы адамдар тобынын шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімдер мен әдет-ғұрып, салт-сананың күрделі жүйесі.

Утопия - (көне грекше: topos - орын, жер, яғни, жоқ жер) - әлеуметтік-саяси қиял түрі, орындалмайтын арман, ойдан шығарылған, ғылыми негізделмеген, шынайы өмірде жоқ, жүзеге асыру мүмкін емес, көбіне өмір сүріп отырған қоғамнан әлдеқайда жақсы, мінсіз жобалар.

Халық ауыз әдебиеті- халықта ауыздан ауызға тарап, осы заманға дейін сақталған, алайда авторлары белгісіз шығармалар.

Хиджаб — әйелдің бүкіл денесі мен әшекейлерін бөтен ер кісілердің көзінен жасыру. 

Шаманизм- «бақсылық» қазақ мәдениетіне үлкен әсерін тигізген діни-мәдени жүйе болып табылады.

Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы.

Энеолит(лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі).

Этнография, этнология (гр. etnos – тайпа, халық, grapho – жазу) – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!