Материалдар / Мағжан Жұмабаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мағжан Жұмабаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш жұртының ұлы ақыны – Мағжан Жұмабаев.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Наурыз 2023
467
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті





РЕФЕРАТ






Тақырыбы: Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік ұғымы. Мағжан Жұмабаев



Тобы: 1801-19

Орындаған: Серикбаева А.

Қабылдаған: Сарман М.

.

2021-2022жж.



Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізі бөлім.

1. Алаш жұртының ұлы ақыны – Мағжан Жұмабаев.

2. Мағжан мұрасы рухани биіктерге бастайды.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.









































Кіріспе.

                                                                                 
   Қысқа ғұмырын ел тағдырына арнап, Алаш ұранын аспандатып, халық игілігі үшін қара басын қатерге тігіп, күллі адамзаттың мүддесін көздеген Мағжан Жұмабаев замана сырын ашып, болашаққа жол сілтеген ұлт ақыны. Өмір шындығын поэзия шындығына айналдырып, таланты мен көрегендігі тоғысқан Мағжан ақынның туындыларын толыққанды талдап, санамызға сіңіре алған жоқпыз. Сондықтан зерттеген сайын зерттеуді қажет етіп, терең ойға, сырлы сезімге, тұңғиық әлемге батырып жіберетін ақын өлеңдерін жүрек түкпіріне қонақтату – бүгінгі ұрпақ, біздің еншімізде.
    Әдебиеттің хaлық алдындaғы биік мақcaт-мұpaтын дұрыс түсініп бaғалаған, сөз өнерінің құнын apдақтай сыйлaған, өмір шындығын, қaт-қабат құбылыстapын оның терең мaзмұнына үңіле отырып суреттей aлған aқын жыры әрқaшан қоғaмдық, aзаматтық мәселелерді көтереді. Aқынның aзaматтық тұлғacын оның шығармалapының aзаматтық үні ғанa тaныта aлады.  Осы тұрғыдан Мағжанның азаматтық үнін танытатын «Мен жастарға сенемін» өлеңі жас ұрпақтың жанына жігер, жүрегіне рух пен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны дейміз. Мағжан поэзиясы енді ғасырлар бойы толассыз зерттеуге жетеді. Бұл жұмыс алаш ұлының айбынды рух атой салған «Мен жастарға сенемін» өлеңінің өзекті ойы мен  қазіргі таңда елді, ел тұтқасын ұстар өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мән-маңызын зерттеп, бүгінгі күнмен үндестік тапқан ақынның азаматтық үнін зерделеуге арналды. Ақынның бір-бір зерттеуді қажет ететін осындай рухани дүниесі қаншама?! Бұл зерттеу де сол ұлт руханиятына қосылған теңіздің тамшысындай үлес деуге болады.
    «Мағжан Жұмабаев – біздің рухани өлкеміздегі қиырдан көзге түсетін, көрген көз сүйінетін биік шындарыздың бірі де бірегейі. Оны танып, оны қастерлеу – біздің елдік мәдениетіміздің анық көрсеткіші, сипаттамасы болмақ»,-деп  Ғафу Қайырбеков айтқандай, Мағжан ақынның азаматтық үні, ұлттық рух пен патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзіндей өлең деген құдірет арқылы ұлт руханиятына қосқан үлесі бүгінгі күн тұрғысынан  арнайы зерттеуді қажет етеді. Зерттеу жұмысы осы мәселені ашуға бағытталған.
    Ел алдындағы басты мұрат – тәуелсіздік алып келген ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа насихаттау болмақ. Ел болашағы – өскелең ұрпақты елінің көркеюіне үлес қосар азаматы етіп, ұлт болашағын тәрбиелеудегі«Мен жастарға сенемін» өлеңінің қосар үлесі мен руханият таразысынан алар салмағын екшелеп, көңіл көзінен өткізіп, мейлінше жіті зерделеп, бүгінгі күнмен сабақтастырылған [1.1].

Жас ұрпаққа рухани тәлім-тәрбие беру заманымыздың өткір талабы. Білім беру жүйесінде тәрбие беру ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Осыған орай адам тәрбиелеу – адамзаттың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, азаматтық борышы. Ықылым заманда айтылған «Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деген Платонның сөзі бар. Өйткені ұрпақ тағдыры дегеніміз – қай заманда да ұлт тағдыры. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешілуде. Бүгінгі тәжірибемізде жастарға адамгершілік-рухани құндылықтардың даму жолдарын айқындап беру өзекті мәселе болып отыр.

Сара Алпысқызы Назарбаеваның жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы тәрбие ісіне теңдессіз үлес қосып келеді. Бағдарлама жас ұрпаққа білім берудің барлық деңгейлерінде олардың рухани-адамгершілік кемелденуінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымдарының алдындағы негізгі мақсат- жастардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытып, қалыптастыру жолдарын ғылыми және практикалық тұрғыда зерттеу әрі оның әдістемесін жасау. Білім беру жүйесінде тәрбиенің оқытудан басымдылығы және шын мәнісінде, тәрбиені оқытудың құрамдасы ретінде енгізу, адам бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастыру, оны тәжірибеде қолдану қағидалары қарастырылады.

Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Бұл жастардың санасында рухани жаңғырудың басымдықтарын қалыптастырудың өзектілігін айқындады.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі қоғамдағы білім беру мәселелерінің өзегі болғанда ғана өз шешімін табады. Сондықтан болашақ мұғалім алдымен өзінің жоғары рухани табиғатын жете түсінуі және жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде қолданудың үлгісі болуы тиіс. Сонда ғана ол әрбір оқушыға рухани-адамгершілік білімді жеткізе алмақ [2.1].

















II. Негізгі бөлім.


  1. Алаш жұртының ұлы ақыны – Мағжан Жұмабаев.


Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.

Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.

Мағжанның туып өскен жері – Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Булаев ауданы.Әкесі Бекен – көзі ашық, өжет,қайратты, парасатты адам. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.

Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.

Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.

Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді.Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған.

Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген – ұстазы Ғалымжан Ибрагимов.

Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.

Мағжан орыс һәм Еуропа мәдениетінен сусындамақ болып, Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі. Осы оқу орнында ол Сәкен Сейфуллинмен алғаш танысады.Мағжан семинарияны алтын медальмен бітіреді.

Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған.

Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырады. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған.Мағжан – лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар – адамгершілік, шынайы махаббат, т.б.

Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі – батыр Баян. «Батыр Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.


Мағжан Жұмабаев


Мағжан Жұмабаев — көрнекті жазушы, ақын, публицист. Қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақынның есімі кеңес өкіметі тұсында қазақ әдебиеті тарихынан жазықсыз сызылып, оның маржан жырлары идеологиялық қудалауға ұшыраған болатын. Халқының тәуелсіз ел болғанын көруді аңсаған ол, өмірінің аса ауыр сәттерін бастан өткерді. Алайда, тағдыры қиын болғанымен, өміршең жырлары кейінгі ұрпаққа өлмес мұра болып қалған Мағжан Жұмабаев еңбектері туралы кемеңгер жазушымыз кезінде көрегенді ой айтқан еді.

ХХ ғасырдың басы еліміздің рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең болды. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі — ұлттық көзқарастардың оянуы мен қоғамда жаңа жол іздеген дағдару дәуіріне тура келді. Дәл осы тұста Мағжан жалынды жырларымен ұлттың рухын көтерген алаш ұлдарының бірі болды. Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен ол төрт жасынан хат таниды. Ауыл мұғалімінен сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ, бұл білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандыра қоймайды. Сөйтіп, Мағжан білім жолында іздене түседі.

Жан — жақты білімін жетілдірген Мағжан Жұмабаев бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алып, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Сөйтіп өзі де әдебиетпен шұғылдана бастайды. 1912 жылы небәрі 19 жасында Мағжан ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен «Шолпан» атты тұңғыш жинағын жарыққа шығарады. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Қазан қаласында басылған өлеңдер жинағында Мағжан жалындаған жасқа тән махабатты емес, ел – жұртының тағдырына алаңдаған әлеуметтік, ауқымы кең мәселелерді көтереді.


Не көрсем де алаш үшін көргенім,


Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! – деп халқына деген шексіз махаббатын жырлаған Мағжан алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өлеңдерін жариялап тұрған. Ол Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» өлеңінің рухында «Жатыр» деп аталатын жырын жазады. Мағжан 1923-1927 жылдары Мәскеуде оқыған кезде батыс Еуропа әдебиетімен, орыстың жазушы-ақындарымен етене жақын таныс болған.

1924 жылы Мәскеуде Кеңес пролетариат жазушыларының қауымдастығы құрылады. Социалистік реализімді орнату мақсатындағы бұл ұйымның Қазақтанда жүзеге асуына әдебиетте жүрген зиялы қауым өкілдері қарсы болады. Шығармашылық адамының өз ой-пікірін айтуына тосқауыл жасайтын саясатқа келіспеген қайраткерлер қатарында болған Мағжан сол жылы Мәскеуде жүріп «Алқа» ұйымын құруға әрекет жасайды. Қазақ жазушыларының басын ұлтттық бағытқа біріктіріп, Семей, Ташкент, Петропавлда жүрген белсенді қайраткерлерге «Табалдырық» атты жаңа бағдарламаны қолжазба түрінде таратып, өзінің саяси ұстанымын білдірген.

Өкінішке орай, ұлттық мүддені көздейтін құжат жарыққа шықпайды. Бірақ, осы әрекеті үшін 1929 жылы Мағжан Жұмабаев жасырын ұлтшыл ұйым құрды деген жалған айыптаумен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалады. Сол кезеңде Мағжанның осы бастамасы қазақ зиялыларына терең ой тастап, қоғамның шынайы болмысын суреттеген туындылар жарық көре бастайды. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Хан Кене» шығармасын жазса, Мағжанның «Жүсіпхан» деп аталатын көркем дүниесі соның айғағы.

Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда Мағжан ұлт — азаттықты поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. 1929 — 1938 жылдар аралығында көркем туындылары тоқырауға түскен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі тек 1936 жылы ғана бостандыққа шығып, Қазақстанға қайтып оралады. Петропавл қаласында мұғалім болып жұмыс істейді. Алайда, оны қалалық оқу ісінің меңгерушісі саяси айыптап, қызметінен босатады. 1937 жылы Алматыға келіп аударма ісімен айналысқан Мағжан Жұмабаев 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды. Бүгінде Мағжантану ілімі ұлттың рухани-мәдени құндылықтар қатарында. Қазақ әдебиетінің сарқылмас қазынасына айналған ұлы суреткердің шығармашылығын көптеген ғалымдар зерттеп, ғылыми еңбектер, оқулықтар жазды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Шериздан Елеукенов, Мағжантану жолында сүбелі еңбек етіп, осы саладағы ізденісі үшін мемлкеттік сыйлыққа ие болған қаламгер. Ол 1988 жылдары Алаш азаматтарын ақтау туралы құжатты әдебиет және өнер институты атынан дайындап, атпал азаматтың халқымен қауышуына мұрындық болған.


Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?


Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?


Көкте – бұлт, жерде желмін гулеген,


Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? –

Мағжан ақындығының құпиясы оның өз тұсының шындығын дәл бейнелуінде ғана емес, өлеңінің сиқырлы күшінде. Ол бірде өмірдің күлкісіндей қуанышты бейнелесе, бірде жылаған, қайғы жұтқан қазақтың ішкі сезімін көрсетеді [3].


2. Мағжан мұрасы рухани биіктерге бастайды.

Алаш жұртының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың асыл мұрасы –

Халқымыздың бірден-бір рухани қазынасы.Мағжан ақын өмір сүрген өткен ғасырдың отызыншы жылдары қазақ тарихындағы ең ауыр кезеңдер еді. Қазақтың ардақты елшіл азаматтары: ӘлиханБөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев және тағы басқа көптеген ағартушы, азаттықсүйгіш күрескер. Қайраткерлердің өз ұлтын, халқын сүйген, азаттықты арман еткен ұлы тұлғалардың мұрасын оқып, үйрену – бүгінгі тәуелсіз еліміздің ұрпағының қасиетті парызы.

Мағжан Жұмабаев – XX ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарында педагогика, психология саласында өзінің соны да сындарлы пікірлерімен танылған ағартушы ұстаз.

Ағартушы М.Жұмабаев «Педагогика», «Жазылашақ оқу құралдары һәм

Мектебіміз», «Сауатты бол!» оқулықтарын жазды.

Мағжанның «Педагогика» атты кітабы 1922 жылы Орынборда, одан іле-шала

1923 жылы Ташкент қаласында жарық көрді. Бұл еңбегінде бір-бірімен тығыз

Байланысты екі пән педагогика, психологияның келелі мәселелері сабақтастырыла баяндалады.

Ұлы ақын, көрнекті ағартушы Мағжанның «Педагогика» кітабы – қазақ тілінде шыққан алғашқы төл педагогикалық ғылыми еңбек әрі сындарлы

оқулықтарымыздың бірі. Ақын бұл ғылыми-публицистикалық оқулығында педагогиканың қандай пән екеніне тоқталып, онымен тығыз байланысты

жәрдемші пәндерді «дене туралы пәндер» және «жан туралы пәндер» етіп

жіктейді. Екіншілердің қатарына логика, этика және психологияны жатқызады. Ақын аса тапқырлықпен психология: «Адамның жанының жайын, жан тұрмысын, жан көріністерін, жан күштерін, ақыл, қайрат, көңілдің жайын баяндайтын фән» - деген пікір білдіреді. Сонымен бірге ағартушы-педагог жалпы педагогиканы дене тәрбиесі мен жан тәрбиесі деп екі топқа бөледі. Психологияны ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оның педагогика саласындағы тәрбиелік рөліне талдау жасаған психолог-педагог

М. Жұмабаев психологияны ақыл көріністері, көңіл көріністері және қайрат көріністері деп үш топқа жіктейді.

Мағжан Жұмабаев педагогикаға жәрдемші пәннің бірі – психологияның ескі пәндер қатарынан екендігін ескертіп, бұл пәннің атасы грек ойшылы Аристотель екендігін де сырт қалдырмайды.

М.Жұмабаев бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, аталған еңбегінде тәрбиенің қазақ ой-өрісімен, халық педагогикасымен байланыста өрістеуіне баса назар аударады. Тәрбие туралы, оның түрлері мен мақсаты жайында кітап авторы:«Тәрбия төрт түрлі: дене тәрбиясы, ақыл тәрбиясы, сұлулық тәрбиясы, һәм құлық тәрбиясы. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиясы түгел болғаны…» . Адамды бұзатын да, түзейтін де тәрбие екеніне «Педагогика» оқулығында көптеген мысал-деректер келтіреді [4].

Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында ұлттық құндылықтардың маңызы зор. Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу ұлттық идеяның негізгі бағыты болып табылады.Осыдан тәрбие тәжірбиесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу-тәрбие мекемелерін ұйымдастырып жастарды өмірге дайындау арқылы өз Отанын сүйетін патриот, ұлтын сүйетін ұлтжанды, ұлттық рухы биік парасатты, рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр.

Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі, баланы бағып-қағып, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Алаш ардақтысы, ұлттық педагогикамыздың негізін қалаушылардың бірі Мағжан арман еткен жаңашылдық пен ұлттық тәрбие мәселелері мектептерде білім беру мен тәрбие жұмыстарында өз жалғасын табуда. Бүгінгі күнге дейін құнын жоғалтпаған Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының болашақ ұлтың ұрпағы үшін алатын орны ерекше.

Мағжанның жоғарыда аталған « Педагогика» атты ғылыми еңбегі он бес бөлімнен тұрады. Мағжан өзінің осы педагогикасын он төрт ірі бөлімнен құрып, әр бөлімінде педагогика ғылымын жан – жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін беруде таптырмас көмекші құрал ретінде қалдырған.

Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты:

1. Ақыл тәрбиесі.

2.Құлық тәрбиесі.

3. Сұлулық тәрбиесі.

4. Дене тәрбиесі.

Ағартушы еңбегі төрт бағытта жүргізілді. Оқу, жазуға үйрету, емлеге дағдыландыру, жазбаша сөзді өркендету, баланың ұғымына лайық ауызша және жазбаша әдебиет түрлерімен таныстыру, ұғып дағдыландыру.Автор осы тәрбиенің төрт түрін тәпіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгіл болғаны.Бала берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін , дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп,жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы … Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…»,-деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап берген [5].


«Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі міндеті әрбір білім алушыға өзінің адами және кәсіби мұратын жаңаша түрде ұғынуына мүмкіндік туғызу десек, бұл пәннің адамгершілік-рухани құндылықтарын қалыптастырудың маңызды құралы екендігі айқындала түседі. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адамның ешқашан сол қалпында қала алмайтынын әйгілі Томас Манн айтып кеткен болатын.

Рухани-адамгершілік білім беру мынадай жалпы мақсаттарға негізделеді:


әрбір жастың жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету;


өзінің өмірлік позициясын анықтау;


әртүрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;


өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау.


Рухани-адамгершілікті тұлға бойында дамытуда күтілетін нәтижелер- өзін-өзі тануға, өзгелерді тануға, әлемді тануға, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға қабілетті болу.

Бұл нәтижелердің көп деңгейлік жүйесі бір жағынан, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу-тәрбие мақсаттары түрінде бағдарланса, екінші жағынан, білімгерлердің рухани-адамгершілік даму көрсеткіштері және рухани-адамгершілік құндылықтардың көрсеткіші болып табылады.

Еліміздегі білім беру үдерісінде жастардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жоғары деңгейде көрініс тапқан.

Рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту, педагогикалық кадрларды даярлау және ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру сынды негізгі бағыттардың жолға қойылуы – қоғамның негізгі даму басымдықтарын айқындайтын білім беру саясатының үлкен жетістігі. Яғни, еліміздің туын асқақтатар білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – біздің алдымыздағы ең басты міндет. Ал ұрпақ тәрбиесінде рухани-адамгершілік тәрбиесінің маңызы қай қоғамда, қай кезеңде болмасын күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Бірінші ұстаз Аристотельдің «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек» — деген сөзі жасалған қадамдарымыздың дұрыстығын дәлелдей түседі.

Алаштың ардақты перзенті Мағжан Жұмабаев «Кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі дейміз» деп айтқандай, рухани-адамгершілік құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып, әлеуметтік ортадағы мейірімділік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу, жастардың өмірге оң көзқарастарын қалыптастыру бүгінгі нақтылықтың негізгі мәселесіне айналды [2.2].

Мағжан Жұмабаев: «Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жек жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан нақты жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті».Ата-бабаларымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына зер салсақ, олар адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты, сүйіспеншілікті, жауапкершілікті дәріптейді. Халқымыз баланы бесігінен рухани-адамгершілікке баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген ұлағатты сөздердің астарында үлкен мән жатыр.

Адамгершілігі мол, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіре білу – бүгінгі күннің маңызды бөлшегі. Баланың бойына жастайынан ізгі қасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік іргетасын қалағанымыз. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Себебі адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталатыны хақ.


Мен жастарға сенемін

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

Көздерiнде от ойнар,

Сөздерiнде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемiн!

Жас қырандар – балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегенi көк аспан.

Мен жастарға сенемiн!

Жұмсақ мiнез жiбектер.

Сүттей таза жүректер.

Қасиеттi тiлектер –

Мен жастарға сенемiн!

Тау суындай гүрiлдер,

Айбынды алаш елiм дер,

Алтын Арқа жерiм дер,

Мен жастарға сенемiн!

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға,

Иман күштi оларда,

Мен жастарға сенемiн!...

Алаш айбынды ұраны,

Қасиеттi құраны,

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемiн!

Мен сенемiн жастарға.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!