Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы хандар бейнесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кожагали Асель Нурдаулеткызы, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқытушысы
Мағжан Жұмабаев позиясындағы хандар бейнесі
Тарихқа құштарлық бар жерде тарихи туындыларға деген ынта –ықылас та үздіксіз артады. «Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сахна болған, себебі – бұл даладағы әрбір жұмыр басты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын, түсініп- білуге әрбір адамның басындағы сезім түйсікпен астасып отырған» - дейді Н.Назарбаев.
Бағзы дәуірлерден дәстүр алған батырлықтың, қаһармандықтың өміршең өнегесін паш ету, оны ұрпақтар бойына дарытып, сана –сезіміне сіңіру – тарихи тақырыпты меңгерген қаламгердің басты міндеті. Осы негізде « ерлік пен серіліктің» жоғарғы үлгісі болған Мағжан Жұмабаев ұлттық-тарихи сахнаны оятып, халқымызға тарихшылдық жадыны қайта жаңғыруда ерекше рөл атқарады.
Осындай тақырыпты көтерген поэмаларының бірі – «Батыр Баян» поэмасы. Бұл поэма Мағжанның ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының рухы, көркемдік шоқтығы биік поэмаларының бірі. ХХ ғасырының басындағы қазан төңкерісінің Алаш арыстарының, Кеңес үкіметі басшыларынан ел тәуелсіздігін алу үміті өшкен, «жаны күйіп», рухани жұтаған кезде ақын елдің еңсесін көтерер тақырып деп ұлтымыздың өткен тарихынан демеу іздеген сәтте, осы поэманың туғаны байқалады. Поэма 1923 жылы «Шолпан» журналында жарияланған. Шығарманың тууына Шоқанның «ХҮІІІ ғасыр батырлары жөніндегі тарихи аңыздар» зерттеуіндегі Абылай мен Баянға байланысты келтірілген әңгімелердің көбісінің поэмадан орын алғаны айтылады.
Арқаға аяқ салып түскен барып,
Екі оттың орыс, қытай арасына.
Күндерде сонау қара, тапсырған ел,
Тағдырын Абылайдай данасына.
Сол күнде ел қорғаған Абылайдың
Қылсаң да аз қанша тәуәп моласына, – деп хан Абылайдың даналығын, даралығын атап өтеді. Поэма сюжеті екі арнада дамиды. Бірі- Абылай хан, оның айналасындағы белгілі батырлар, олардың қалмақ шапқыншылығына қарсы бүкіл халықтық күреске қатысуы, Шоқан Уәлиханов жазатын әйгілі оқиға. Бұл бағыт ақындық шолу қалпында, суретті жөргем түрінде беріледі. Екінші арна, әділіне келгенде, шығарманың күре тамыры – батыр Баянның қалмақ елін шауып, Бөбек қызды қолға түсіруі, оған ғашық болу хикаяты. Екі тараудан тұратын туындының Абылай хан туралы көріністер екеуінде де бар. Шындығында кеңестік заманның жиырмасыншы жылдарының «саналыға» - алаш азаматтарына, көзі ашық, көкірегі ояу, сол кез жағдайын түсінетін азаматтарға нағыз «абақты» болғаны белгілі. «Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі» болғандықтан ақынның бар қолынан келері «сұм өмірдің» - заманның қыспағына «Әдемі ертегідей баяғының» елдің ерлік тарихын қарсы қою еді. Қазақтың елдік, ерлік тарихынан ақын үш жүздің басын біріктіріп, алып империялар арасында мемлекеттігін сақтап, жерін жоңғарлардан тазартқан Абылай билеген тарихи кезеңді әдейі таңдағаны байқалады.
Екінші тараудың Абылайға қатысты тұсы Баянның ордаға келіп, ханға кешіккеніне күнәлі екенін, бірақ, мәнін сұрамауын өтінуден басталады. Абылайдың Баянмен кездесу эпизодынан хан мінезінің кеңдігі, сабырлығы, хан басымен ештеңе деместен батырдың кешігуіне және сырын айтпауына кешіріммен қарайды; екіншіден, сардарларымен сыйластығы, жас батырын кешіріп қана қоймайды, жанынан орын беріп, отырғызып, аса үлкен құрмет көрсетеді.
Хан Абылай түнімен қалмақ ұсынысын қайта ойланып, әлгінде қабылданған шешімге, өз сөзінің ықпал еткенің түсініп, соңында ерлерін қайта жиып, кеңес қылады. Бірақ қай заманда да ханның айтқаның жерге тастамайтын әдетпен, топ ішінен Қанай би шығып, Қытай шекарасы жақын, қалмаққа шапсақ қазақ мерт болу мүмкіндігін айтып, Абылайға таң ата «Қайту!» – деген шешімін айтуға итермелейді. Абылай да өз шешіміне «көңілі қаяу» болып жатады. Ханның түнімен осылай ой арпалысы, бойындағы психолгиялық тартыс үстінде таңды атыруы – Абылай хан бейнесінің осы шығармадағы ең биік көрінісі. Поэманың соңы қызуқанды Баянның өзін өлімге қиып, жауға шабуы, бірақ, көп күшке шамасы келмей, батырдың мерт болғаны, мұны көрген Абылайдың Баянға көмекке қалмақтарға қайта шабуымен, ал қалмақтар «Абылайдан сескенген соң, жөнелді ертеңіне қытайға ауып» - деген жолдармен аяқталады.
Мағжанның біздің мәселемізге келетін екінші өлеңі әйгілі «Түкістан» туындысы. Ақынның 1989 жылғы жинағында жарық көріп, Түркістан республикасының астанасы Ташкентке келгеннен кейін жазылған. Біздіңше қазақ хандары тарихын, Әл-Фараби, Әбу Әли Ибн-Сина, Ұлықбек сияқты ұлы ғұламалары бар түркі мәдениеті тарихын әріден бастауының себебі қазақ жерінің бір бөлігі кірген билігінің басында біраз қазақ зиялылары болған Түркістан республикасын ұлықтап, одан түркі халықтарының басын біріктірген өткен Ұлы Тұран үлгісіндегі болашақ Үлкен Түркістанды көргісі келген сияқты. Шығарманың соңғы алты шумағында әлгі айтылған Ұлы Тұранның бөлшектеніп, кейін, «Көп түрік енші алып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалып», сол шаңырақ иесі қазақтың құрған хандығы туралы айтылады. Мағжанның қазақтың төл атымен аталған алғашқы хандығының көсемдерін атамай, «Қазақтың қасқа жолды Қасым ханын» атауының себебі осы хан тұсында қазақ мемлекеті айналасына танылып, сол өңірдегі қуатты елдер қатарына қосылды. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінде Қасым хан: «Дешті Қыпшақ даласын толық биледі. Оның әскер саны мың-мыңдаған адам еді. Жошы ханнан кейін ол жұртта одан ұлы хан болған емес»- деп, жазған болатын. Қазақ хандары ішіндегі әділдіктің үлгісі ретінде тағы да, «Әділ хан аз болады Назардайын», -деп, Хақназарды атайды. Қазақ хандығын нығайтуға ерекше еңбегімен танылғандар қатарында бұл өлеңде де «Алашқа Есім ханның жолы дайын» -деп, «Есім ханның ескі жолын» еске алады. Қазақ хандығының келесі бір көтерілген биігі бұл Тәуке хан тұсы. Ақын бұл Әз- Тәке ханның кезіндегі елде «Жеті Жарғы» негізінде, «Билер кеңесі» институты ықпалымен халық пен билік арасында түсіністік, тәртіп орнауын, үш жүздің басын қосып Күлтөбенің басында жиындарда (Құрылтайда) ел бірлігі көкейкесті мәселелерін талқылауы, соғыссыз өткен жиырма шақты жыл «Тәукедей ханның данышпандығы» арқасы деп түсіндіреді. Мағжан қазақ хандығының соңғы абыройлы биігі Абылай ханды бұл өлеңінде де айналып өте алмайды. Ақын оны «Алаштың арыстаны Абылай ер» деп бағалайды. Бұл ұлы ханның қазақ мемлекеттігінің ең ауыр кезеңдегі терістіктен Ресей империясы, шығыстан Цин империясының қысымында, осы екеуінің қаруландырып, қолдауымен сол кезеңді қуатты мемлекеттердің бірі Жоңғар хандығының жорықтарына төтеп берген айбатын көру еді.
Сонымен ақын бұл өлеңінде Қазақ хандығының әр кезде де абыройын асқақтатқан Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке, және Абылай сияқты хандардың кейбір басты қасиетін ғана алып, бейнесін, жалпы нобайын ғана белгілейді. 1917 жылғы Ресейдегі ақпан, қазан төңкерістерін пайдаланып, алаш қайраткерлерінің «Алаш автономиясын» құруға талпынысы кезінде қазақтарды солардың идеясын қолдауға «Арқаның ардагері – қалың алаш» - деп атап, туған жері, ата қонысы Тұранда орыстан мүмкіндігінше тәуелсіз ел ретінде көруге әйгілі бес ханның рухымен жігерлендіреді.
Мағжанның «Ертегі» поэмасы әпсаналық сюжетке құрылса да, бүкіл рухымен аңсайтыны – ұлтым қайтсе бұрынғы, айбынды тарихынан өркениеттік алдаспаның қолға алады деген ой. Поэмадағы негізгі кейіпкері хан Кененің артында қалған тұяғы, жас арыстан – Сыздық. Ол халқын тәуелсіздік жолындағы тәуекел күреске шығыра алмайды, қу мекен далада жалғыз жортып жүрген бөрі іспетті. Автор кейіпкеріне іш тартады. Дала төсінің еркесі де ,серкесі де сен қазақ емес пе ең, неге бұқпалайсың, жас арыстанға неге ермейсің?! деген астарлы пікір білдіргендей. Сыздық кешегі жорықты кезеңіміздің жалғасы, поэма шегініс жасап, қаһарманның тегін еске түсіреді.
«Орыс елі арқаға қол салған соң,
Жас Кененің жүрегінде қалың шер», - деп Кененің атқа қонған мақсатын, Абылайдың ала туын қолға алған себебін жыр етеді, өстіп, ертегі сарынына жаңа реалистік ағыс кіреді.
«Оқжетпестің қиясында» поэмасының бас кейіпкері- Кенесары. Міне, осы поэмада да ақын сюжет материалдары етіп тағы бір хикаятты алады. Ертегі енді бірде романтика сарындарын пайдалана отырып, поэма Кенесары қозғалысын реалистік тұрғыдан бағалап, жырлайды. Кенесары мақсаты –
«Арқада Бурабайға жер жетпесе,
Алашта Кенекеме ер жетпейді» - деп, ақын ханның атын дәріптейді.
«Құдай-ау, мәңгілікке қарғамасаң,
Кенедей енді неге ер тумайды.
Кене жоқ, ізін басар інің де жоқ,
Дариға жүрегімді дерт улайды» - деген жолдардан ақынның ұлы тебіренісің, басты арманың байқауға болады. Яғни, Мағжанның басты арманы Кенесарыдай ұл туып, халқын бостандыққа жеткізер уақыт болса дейді.
Өз Отанының өткенің ғана емес, әр дәуірде өмір сүрген тарихи қайраткерлерін танып-білу де- бүгінгі және келешек ұрпаққа аса қажет. Бабалар даналығын үйреніп, ұлы қасиеттерін ұғынып, асыл істерінен өнеге алып, қателіктерін ойға тоқып өскен әрбір ұлт өрені келешекке кемел көз тастайды, елдік дәстүр-салтты, ерлік даңқын қастерлеп, құрметтейді.
Мағжанның өз сөзімен айтсақ:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ел жауын зерттеп, өрт боп тынбай жортқан
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас! – деп, жырлаған да, жырланған да ерлерді ұмытпайық,
Қоланған әдебиеттер тізімі:
-
Жұмабаева М. Өткен күн (өлең) \\ Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 1989,65-67бб.; Шығармалар. Бірінші том. Алматы, «Білім», 1995, 84-85, 186-189бб.
-
Жұмабаев М. «Ертегі», «Оқпеспестің қиясында», «Батыр Баян», «Жүсіп хан» \\ Үш томдық шығармалар жинағы. Екінші топ. Поэмалар. Алматы, «Білім» , 1996, 15-23, 23-26, 29-50, 50-64 бб.
-
Базарбаев М. Мағжан Жұмабаев (Поэмалары). Алғы сөз.\\ Таңдамалы. Алматы, «Ғылым», 19992, 22-24бб.
-
Тәжібаев Ә. Мағжан Жұмабаев. \\ Мағжан Жұмабаев. Үш томдық шығармалар жинағы. ІІ том. Ақын туралы жазылғандардан. Алматы, «Ғылым», 1992, 464-479бб.
-
Нұрғалиев Р. Мөлдір сезім, биік парасат. \\ Мағжан Жұмабаев. Үш томдық шығармалар жинағы. Екінші том.Ақын туралы жазғандардан. Алматы, «Ғылым», 1992, 491-502бб.