Материалдар / Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдік ерекшелігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдік ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу жұмысы 10-11 сынып оқушылары мен филология мамандығы бойынша студенттерге арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2019
4377
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы қаласы,Бостандық ауданы, №81мектеп- гимназия










«Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдік ерекшеліктері»



Берденова Канзада Абдуманапқызы,№81мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.




















Алматы қаласы















МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ.................................................................................3


АННОТАЦИЯ.......................................................................5


І бөлім ҰЛЫ МҰРАТТЫ ҰЛЫ СУРЕТКЕР........................8

    1. Мағжан – суреткер ақын.................................................8

    2. Мағжан ақынның дүниетаным әлемі.............................16


ІІ бөлім МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЖАУҺАРЛАРЫ........28

2.1 Мағжан поэзиясының жанрлық-стильдік ерекшелігі......28

2.2 Мағжан поэзиясының көркемдік ерекшеліктері............38


ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................48


ҚОСЫМШАЛАР..................................................................51


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................56
















КІРІСПЕ


Зерттеу, іздену жұмысының мақсаты:


1. Мағжан Жұмабаевтың қазақ әдебиетіндегі орны бөлек айтулы ақын, ерен талант, құдіретті сөз өнерінің майталманы екендігіне оқырман назарын аудару, Мағжанның поэзияға, ақындыққа қойған талаптарының нағыз иегері болғандығын таныту. Өмір құбылысы мен жекелеген суреттердің, образдардың көркемдік сипатын ашудағы ерекшеліктерін көрсете отырып, суреткерлік шеберлігінің, ақындық мәдениетінің өз кезінде теңдессіз озық болғандығын таныту.


2.Шығармаларындағы көркемдегіш құралдар: теңеу мен эпитеттердің, троп пен фигура түрлерінің көркем бейне, образ жасауда қолданылуынан нақты мысалдар келтіре отырып, ана тіліміздің сөздік қорының мол байлығын, бейнелілік, нақыштылық сипатын көрсету.


3.Мемлекеттік деңгейде толық қолдауға ие болмай, көп жағдайларда өз қандастарымыздың тарапынан кедергіге ұшырап, еңсесі көтерілмей жатқан ана тіліміздің күші мен қуаты туралы, лексикалық сөз байлығының молдығы, көркемдік қасиетінің жоғарылығына өз көзқарасымды осы жұмысым арқылы нақты мысалдармен дәлелдеу.


4.Ақын шығармаларын оқу, оларға тақырыптық, идеялық және әдебиеттану ғылымы (оның ішінде әдебиет теориясы) тұрғысынан талдау жасау арқылы қазақ әдебиеті пәнінен алған білімімді жүйелеу, одан әрі жетілдіру.


Мақсатқа жету жолдары:

1.М.Жұмабаевтың шығармалар жинағымен толықтай танысу,

қажетті материалдарды сұрыптау, ақын шығармаларынан

тақырыптық мысалдар жинақтау.


2.Ақын шығармашылығы жайлы жазылған басқа да қосымша

ғылыми еңбектерді, баспасөз материалдарын оқу, қажетті

материалдарды жинақтау және жүйелеу.


3.Ғылыми жетекшімен тақырып жөнінде пікір алмасу, қосымша

деректер көздерін іздестіру, күнделік жүргізу арқылы әркездердегі

ойларымды жүйелеп жазып отыру.







АННОТАЦИЯ





Белгіленген жұмыс өз алдына мынадай мақсат қояды: Қандай ел болмасын, мейлі ол отырықшы, әлде көшпелі болсын сол елдің ғасырлар бойы тарихи жағынан қалыптасқан өмір тұрмысы, салт-дәстүрі өзін қоршаған табиғи ортаны қабылдаудағы түйсік-сезімі мен ойлау жүйесіне орай лайықты жасалған туған тілі,әдебиеті, төл мәдениеті болмақ. Мәдениеті мен өнеріне қарай ел өмірі мен оның рухани тұлғасы, бет-бейнесі мен бедел-белі де айқындалып танылмақ.

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы бар әдеби қазынасының терең бір арнасы – ақындық өнері. Бұл өнер заманалардың қатал сын-дауылдарынан мүдірместен өтіп, өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен сақталынып, көшпелілердің биік руханияты мен мәдениетінің сарқылмас бұлағына айналды. Қазақ өлеңдері о баста ауызекі түрде шығып, тарап, өз тыңдаушыларының жүрегіне биік орнығып, әр заманда сұрыпталып, сан түрлі реңі-бояуларымен, міне XXI ғасырға да жетіп отыр. Осы орайда М.Жұмабаев поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін арнайы әдебиет теориясы бойынша талдап, өлең құрылысы бойынша жіктеп бөлу.

Зерттеу жұмысы мынадай жолдармен жүргізілді (Зерттеу аппараты):


1.Мағжан поэзиясы туралы мектеп бағдарламасында қысқа нұсқа берілгендіктен біз мағжантанушы ғалымдардың еңбегін басты назарға алып, ақынның ерекшелігін қарастырдық, бұл –іздену әректі;

2. Ақын шығармашылығы, оның шығармашылығының негізгі кезеңдерін жіктеп, арнайы қарау-практикалық жұмыс нәтижесі;

3 Мағжан жайлы айтылған пікірлерді жинау- сұрыптау, саралау әдіс-тәсіліне жатады.


Жұмыс нәтижесі: Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, тіл құдіретінің образ жасаудағы икемділігі мен қолданылу ерекшеліктері қызықтырады. Өлеңдерінің тақырыптық және идеялық мәні, образ жасаудағы ізденістері мен ақындық мәдениетінің тереңдігі мен кеңдігі туралы келтірген дәлелдері жеткілікті. Жұмысты жүйелі түрде, өзіндік танымы тұрғысында ақын шығармаларын, көркемдік қасиеті, шеберлігін нақты мысалдармен орынды талдай алған. Жасаған талдаулары мен қорытындылары орнықты және дәлелділігімен ерекшеленеді.





Жұмыс жаңалығы: Бұрын-соңды мектеп оқушыларына ақын поэзиясының ерекшелігі кешенді түрде талданып, қаралған емес. Біз барлық мағжантанушы ғалымдардың еңбегін қарастырып, арнайы қорытынды жасадық.М.Жұмабаев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, тіл құдіретінің образ жасаудағы икемділігі мен қолданылу ерекшеліктері қызықтырады. Өлеңдерінің тақырыптық және идеялық мәні, образ жасаудағы ізденістері мен ақындық мәдениетінің тереңдігі мен кеңдігі туралы келтірген дәлелдері жеткілікті. Жұмысты жүйелі түрде, өзіндік танымы тұрғысында ақын шығармаларын, көркемдік қасиеті, шеберлігін нақты мысалдармен орынды талдай алған. Жасаған талдаулары мен қорытындылары орнықты және дәлелділігімен ерекшеленеді.

Жұмыстың теориялық және практикалық мәні:

Жұмысты қазақ тілі мен әдебиеті, арнайы Мағжантану курсында қолданып, оның поэзиясы мен ақындық ерекшелігін жас оқырмандар мен мектеп оқушыларына кеңінен насихаттауды көздейді.


Бұл тақырыпты алудағы мақсатым неде:


Ақындық қасиет екі адамның бірінде кездеспейтін ғажайып асыл таланттылық. Ақындар өздері өмір сүрген ортаның тірі пішінді бейнесі әрі шежіресі. Олардың жазып қалдырған туындыларынан өз халқымыздың сол дәуірдегі өмірінің көрінісін, адами мұраттардың қалай қалыптасқандығын, жалпы тарихи-әлеуметтік жағдайдың қалай өрбігендігін, халықтың мәдени, рухани өсуінің, сөз өнерінің даму өресін көруімізге болады.

Суреткерлік шеберлік өмір айдынының әр алуан толқынын ойлы сөзбен өріп, образдар арқылы бере білумен қатар адам жанының эстетикалық (әсемдікке баулушы) тәрбиешісі.

М.Жұмабаев поэзиясы- қазақ поэзиясындағы ерен құбылыс. Ұлы Абайдың ақындыққа, сөз өнеріне қойған талаптарының биігіне шығып, толық жауап бере білген ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі айтулы ақындарымыздың бірі. Бүгінде оның поэзиясы жан-жақты зерттелуде, алайда оның ақындық ерекшелігі, қазақ поэзиясына қосқан үлесі толық ашыла қойды деуге болмайды.

Ана тіліміздің керемет сөз байлығын мейлінше еркін пайдаланған ақынның ақындық мәдениеті, суреткерлік шеберлігі әлі талайды тамсандырары сөзсіз.

Егер де ана тіліміздің белсенділік деңгейін көтереміз десек, тілдік шеберлігі мол, көркемдігі күшті туындылар мен олардың авторларының шығармалары, өмір жолы кең көлемде талданып, шығармаларының тақырыптық, идеялық, көркемдік ерекшеліктері туралы үнемі зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы жұртқа жарияланып, қажетті жағдайда шет ел тілдеріне де аударылып отырылуы тиіс.

М.Жұмабаев поэзиясы шет ел тілдеріне өз мәнінде аударылса, өзінің көркемдігімен талайды таң қалдырары сөзсіз. Бұл болашақтың жұмысы болып қалар да.

Біз өзіміздің осы жұмысымызда өз қандастарымызбен ой бөлісумен шектеліп отырмыз.

Адам жанының өсіп толығуы, қанығып тоғысуының қайнары-көркем әдебиет. Ендеше, адам тәрбиешісі - көркем туындыны дүниеге келтіруші қаламгер кім болуы керек?

Ол - қиялы жүйрік, ойы - ұшқыр, қаламы – жүрдек ғажайып қасиет иесі, ол - өз халқының ана тілінің мол байлығын қапысыз меңгерген ғажайып суреткер!

Суреткер - өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір сүріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болса да енжар, бейтарап қарамайды, оны бәрі тебірентеді. Ол осының бәрін өз жүрегінің елегінен өткізеді. Көргені мен білгенін әділетті жүректің сынына салады. Жүректің сөзін сөйлейді. Ұлы Абай айтқан: “Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің ” дегенімен жүреді. Адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлай жүріп, адамның ақыл-ой, парасатының тәрбиешісі де бола алады. Себебі “естіліердің сөзін ескеріп жүрген адамның өзі де естілердің қатарында жүреді”. (Абай)

Кей кездерде “жазушы”,“ақын”,“қаламгер” деген сөздердің орнына кейде “суреткер”, сөзін балама ретінде қолданып жатамыз. “Суреткерлік биік” деген ұғым да бар тілімізде.

Мағжан - суреткер ақын.

Осы суреткерлік биікке қалай жетті?

Ең бірінші мақсатым - осыған көз жеткізу.

Екінші, Мағжанның сырлы да сұлу поэзиясы- қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар көркем арна. Бұл – біздің ұлттық мақтанышымыз.

Үшінші, суреткерлік шеберлік - мәдениет сарайының жарқын айнасы. Мәдениеттің - айнасы суреткерлік туралы біраз ой бөліскім келеді.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз – бабам тілі сен қалдың!-деп, жайдақ ақыл, жалаң үгіт, жалаңаш идеяның талантты тұсап, қанатты қайырып тұрған кезеңінде ана тілімізді қорғап,үн көтерген, оның мол байлығын еркін меңгерген зергер ақынның шығармашылығы туған халқымыздың көркем сөз өнерінің асыл мұрасы, ал Мағжанның айтулы тұлға екедігін өз шамамша дәлелдеу.

Қашанда әдебиет - ардың ісі. Көркем әдебиет - адам жанының ұлы тәрбиешісі екенін жоғарыда айтып өттік.

Адамға ой салып, жақсылық пен жамандықты таразыға салғызар, көзін ашып, көкірегін оятар көркем туынды жазу үшін ақын я жазушы болсын көп ізденіп, тер төгеді.

Әдебиет сарайы көлденең келген салт атты, сабау қамшылыға

есігін айқара ашқан емес. Сондықтан әдебиет жолы - қиын да ауыр азапты жол. Осы жолда әдебиет жаршысының көп қиындықпен, ізденістің ащы терімен халық құрметінің, махаббатының шыңына шыққан,“өлмейтұғын артына сөз қалдырған” талант иесінің халқының тарихы беттерінен, ақыл-ой- парасатының санасынан ешқашан өшпейтіндігін айту- соңғы мақсатым.



І бөлім


ҰЛЫ МҰРАТТЫ ҰЛЫ СУРЕТКЕР


1.1 Мағжан - суреткер ақын

Халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдыз, әдебиетіміздің алып тұлғасы, Абай поэзиясынан - “ақындықтың әбілхаят суын” (М.Әуезов) қана ішіп, қазақ поэзиясына жарқын да нәзік, сыршыл да сұлу әуезе әкелген сезімтал да сыршыл ақын - М.Жұмабаевтың бар туындысы халқына арналған.

Алдыңғы толқын ағалар - Ахмет, Міржақып секілді Мағжанға да замана желі жайлы тимеді. Сол кездегі озбыр саясаттың тақпаған кінәсі болмады. Бірақ, мұның бәрі ақынның елім, жерім, қазағым деп соққан жүрегіне, асау арманына тұсау бола алмады.

Жүрегін жалын атқызған әрбір құбылысқа, селт еткізген нәзік сезімге Мағжан сұлу да сырлы сөздерін арнады. Мағжанның асыл қазынасын, рухани байлығын танып білу, оны талдай отырып, келешек ұрпаққа сол қалпы нәзіктігімен, сыршылдығымен жеткізу біздің міндетіміз.

Өмірдің қанша теперішін басынан өткеріп, сан қилы соқпағына түссе де бар білгенін, бар түсінгенін сол жолдың қилы кезеңін ақырғы досы - жырымен өрнектеген суреткер. Бұған ақын шығармашылығымен тереңірек танысқан сайын көз жеткізіп, ақындық талантын еріксіз мойындайсың. Оның өмір ағыны, заман қабағы, халық тағдыры жайлы сан алуан ойлары, толғанысы мен тебіреністері жырларының өне бойынан айқын көрінеді.

Ақынның нағыз өзіндік бағыт – бағдары мен айырым қырлары поэзиясынан көрініс береді.

“Поэзия дегеніміз негізінен алғанда - өмір, өмірдің мәні, өмірдің мөп –мөлдір сәулесі, шып – шымыр құймасы, қоп - қою тұнбасы...” – дейді Белинский. осы пікірге Мағжан поэзиясы қалай жауап қайырады. Бұл үшін Мағжан өлеңдеріне кезек берейік. “Қысқы жолда” өлеңінде:

...Ызғарлы жел долданып,

Екі иінінен дем алып.

Іштен тартып осқырып,

Кейде қатты ысқырып.

Аңдай ұлып бір мезгіл

Біресе сақ - сақ күледі...- дейді.

Табиғат бүкіл әлем құбылысы ақынның жан- дүниесімен үндесіп, сырлы сұлу, кейде тіпті ақылға сыймас қиял ғажайып ертегілерінде суреттелген ерекше бейнелер санаңда тіріліп, еріксіз көз алдыңа келеді.

Аяздың ызғарлы болуы да, желдің аңдай ұлып, біресе ішін тартып осқырып, ысқыруы да Мағжан жаңалығы емес, бұрыннан бар нәрсе. Ал, оған жоғарыдағыдай мінездеме беріп кейіптеу, тірі жандай етіп, бүкіл әлемді жандандыра суреттеу, міне сол арқылы табиғаттың жұмбақ сырын көз алдына келтіру ақынның суреткерлік шеберлігінің дәлелі.

Ақын талантының құдіретті шабытымен кестеленген өлең жолдарының мағынасы сурет болып, санаңа еніп, сезіміңді еркіңе қоймай билеп алып, сүттей сапырып, айрандай ұйытады.


... Дала, дала. Сар дала!

Жапан түзде бір қара...

Шілде.Оттай ыстық күн

Дала-өлік. Жоқ бір үн.

Жер де жатыр тұншығып.

(“Жазғы жолда”,153-б.)

Ақынның бұл өлеңінде де табиғат адам жанымен ұштасып жатыр. Табиғат аясында жалғыз қалған жолаушының жан-дүниесі астаң-кестең. Белгісіз бір сергелдеңге түскен, тек қана:

...Аңсап есін жия алмай,

Көзіңнің жасын тия алмай,

Өлсем екен тұншығып!...- деп, өлім іздейді.

Адам баласы өмірдің қызығына тойып болдым деп, өлімді аңсаушы ма еді? Әрине, жоқ. Ал, Мағжан өлеңінің кейіпкері өлімді аңсайды. Себебі: тек біреу ғана, ол өмірді бар теперішін басынан өткізеді, торығуды өткізді, жалғыздықтан жалықты. Мұндай адамға “ көк күл болып”, “ жем жемірілсе де” әсер етпейді. Ал, осындай әбден торыққан адам бейнесін берудегі Мағжан суреткерлігін қараңыз! Ол өз кейіпкерінің өмір жолын теріп, істеген әрбір ісі мен көрген азап - қорлығын тізбелеп жатпайды. Тек “ сақ - сақ неге күлмейді?”- дей келіп, “ өлсем екен тұншығып!”- деген сөздерді өз аузынан айтқызып, азап пен қорлыққа түскен адам бейнесін береді.

Бұл кездегі табиғат көрінісі қандай? Лүп еткен жел де жоқ, аспанда іліп алар бұлт та жоқ, тек оттай ыстық қана күн ғана бар әлемді күйдіріп бара жатыр. Жер де, адам да тұншығады.

Қарапайым ғана көріністер мол сырға ие болып, жол, дала, аспан, бұлт бәрі – бәріне жан бітіп, адам жанымен тілдескендей әсер қалдырады.

Адам мен табиғат арасы ақын өлеңінде ажырамас бірлікте, тоғысқан күйде, яғни, айнала өмір, ол осы өмірді ақынның қабылдауы сырлы сөз күшімен әсерлі сурет береді.

Ақын елдің елдігін, дарқан даланың кеңдігін жырласын, ақша қардың ақтығын, махаббаттың пәктігін жырласын, ең бірінші өз дүние түсінігі, ішкі жан күйі тұрады, сонысымен әлемді, бүкіл дүниені толғандырып, бірге тебірентеді.

Мағжан өлеңдеріне тереңнен көз жіберсек, оның аса қалап, сүйіп жырлаған тақырыбы адам, адамның ойы, ішкі көңіл – күйі, арпалысқан сезімдері екенін білеміз.

Мағжан махаббат лирикасын жан – тәнімен беріле жырлады. Өз көңіліндегі қас - қағым сәтті қағып алып, өлең жолдарына бөлейді. Өлең тек сырт оқиғаны шертуге құрылмай, ішкі дүние әлемінің тылсым қайнауларын паш еткен:

...Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!

Жылы, тәтті у тарады қаныма.

Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін,

Патша тағы бүкіл дүние малына...

Бұл өлең - лирикалық қаһарманның жан дауысы. Қос ғашықтың жан мен сезім сұлулығының ғажайып бір үйлесім тапқан сәтін қимаудағы ақтарылып айтқан ақтық сөзі, ішкі назы, күйдіріп, жандырған махаббатының сазы. Лирикалық қаһарман сүйген жанының таң нұрындай мөлдір, таза сұлулығын тамсана тамашалайды да, өз жүрегінің тереңінен:

...Шашың - қара, денең - ақ бұлт, жүзің - Ай,

Тісің - меруерт, көзің сәулем құралай,-

деген жыр жолдарын төгеді. Қол жетпес асыл арманын сүйгендегі ләззат, бақыт сезімдеріне тіл бітіреді. Дүниенің бар байлығын жарымен өткізген уақытының әр сәтіне айырбас жасамайтын тұрақтылығына сендіре, махаббаттың биік қасиеттерін келістіре жырлайды. Бірақ, бәрінен кереметі – сүйгенінің жан сұлулығы мен жан тазалығын суреттей отырып, өз жүрегінің дүрсілімен үн қатуы. Лирикалық қаһарманның осындай алапат сезімді сәтін беруде М.Жұмабаев керемет бейне, көркем сурет жасай білген.

“Лирикалық шығармадан оқырман бірауық өз басының жай – күйін көреді. Оның қайғысымен қайғырып, қуанышымен, шаттығымен, үмітімен тыныстайды, оның көзімен көріп, құлағымен естіп, тілімен сөйлейді”,- деп В.Белинский айтқандай, сыршыл Мағжан өзінің терең ойын, сезімтал жанын жалпы жұртқа бұрын беймәлім түкпірін кенет жарқырата ашып, бір түрлі бір нәзік дірілмен, назды сырға, сырды жырға айналдырады да, өзінің осы күйіне оқырманды ортақтастырады.

Ақынның осы күйі кең даланы тербетіп, әсем үнге бөлейді.

Ақын өлеңіндегі отты сезім, жалын атқан көңіл оқырманның өне бойына қан жүгіртіп, жүрегін тербейді. Оқырман енді ақынға айналады. Туысы бөлек екі адам сезім тілімен туысады, екі адам бір адамға айналады.

Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталады”,- деп ақиық ақын – Мұқағали айтпақшы, Мағжан поэзиясында махаббат лирикасының құдіреттілігін халық мойындап, тілге тиек етіп жүр.

Лириканың жан біткенді тұтқындап әкетер сезім күші осындай. Мысалы үшін:

...Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,

Сүйші сәулем, тұншығып мен өлейін.

Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей

Жұлдыз – жүзік, айды- алқа ғып берейін...

Өлеңнен өз сүйгеніне заңғар көктегі жұлдызға дейін, айға дейін әперуге даяр адамның, мөлдір махаббат иесінің аңқылдаған кіршіксіз таза көңілінің самалы еседі. Ақын жырлауындағы шын махаббатт - азап жолы. Оның қайғысы мен қуанышы да бірге жүреді. “ ”

...Махаббат – бір тікенек

Жүрекке барып қадалар.

Бақытсыз ғой бұл жүрек,

Тамшылап одан қан ағар.

Махаббат – бір тәтті у

Ішер жүрек, төгер жас.

Махаббат – адам сезімінің тереңнен көз тастар ең биік шыңы. Егер осы ең ұлы сезім“махаббат пен ғадауат майдандасқан”(Абай) жұдырықтай ғана жүрекке тікенек боп қадалса не болмақ?

Ақын поэтикалық өрнек, ерекше бейне жасауда үнемі ізденіс үстінде. Ол үнемі өз көргені мен сезгенін жырлауда образбен ойлайды. Айнала, күллі дүние суретке айналып кетеді. Мағжан бір-бірін шынайы сүйген жүректердің сағыныш жасын махаббаттың тәтті уына теңейді. Бұл образ Мағжанға дейін ешбір ақынның туындысында кездеспеген, қазақ әдебиетіндегі соны, тың бейнелеу, тың образ.

Ал, у дегеннің өзі денеге тисе, өртеп жан дүниеңді аласұртып, адам өмірін қас - қағым сәтте қиятын, өліммен табыстыратын ажалдың от қамшысы емес пе? Ал, ақын осы уға да соны мағына, соны көзқарас береді. Бұл қолданыста ол бізге бұрынғыдай соншалық қорқынышты, үрейлі емес, бір түрлі жағымды естілетіндей.

Мағжан өлеңдерінде теңеуді болсын, айқындауларды болсын әйтеуір өлең көркі болсын деп, оңды – солды қолданбайды. Оның алдына қойған мақсаты – “тілге жеңіл, жүрекке жылы”(Абай), нысанаға дөп тиетін, көркем де бейнелі қолдану. Ал, таланты кем, өресі қысқа “шала шекспир”,“танылмаған толстойлар” (М.Әуезов) үшін бұндай сөздерді қолдану үйілген мая арасынан сынған инені іздегендей қиындық әкеледі. Мағжанды осы қасиетіне, ерекшелігіне қарап ізденіс ақыны десек те, оның тапқырлығы да жетіп жатыр.

Жігер, шіркін, желінді,

Болат жеген қайрақтай.

Мешеу болды жүйрік ой

Кететін орғып айдатпай...- деген жолдардан көз алдыңа сол мезетте- ақ, арып-ашқан, құр сүлдері қалған тұтқын бейнесі келеді. Адамды әдейі қинап, жан дүниесін азаптап, ит өліммен өлтіруге арналған сол кездегі зобалаңнан шын кейпін беру үшін, бұдан артық қандай сурет керек ?

Сол кездегі жайдақ ақыл, жалаң үгіт, көпірме сөз, жалғандық иелері ақыннның талантын тұсап, қанатын қайырмақ болды.

Жеңе алмас бірақ еш пенде

Асау еркін көңілді”,- деп Сәкен айтпақшы, Мағжанның сырлы да сұлу поэзиясы заман желөкпелерінің құрығына тұтылып, талқыға түсіп, елден жырақтатылғанымен біржола жоғалып та кетпеді.

Орнын тапқан екі сөз қатар тұрса, біріне – бірінің сәулесі түседі. Сөз сәулесі түскен жерде сурет пайда болады. Ал, сөз суретке айналған жерден образ басталады...” деген М.Әуезов пікірі дәл Мағжан поэзиясының көркемдігіне байланысты айтылған.

Себебі, М.Әуезов өзінің Мағжан туралы бір пікірінде «...Мен қазақ ақындарының ішінде әуелі Абайды сүйемін, сонан соң Мағжанды сүйемін, жарқырауығы, әшекейі үшін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін»-деген еді.

Ақынның ақындық талантының дәл осындай суреткерлік қырын айқындайтын өлеңі – “Шолпы”. “Шолпы” биік махаббат сезімінің мөлдір тамшысы екені анық. Шолпы сылдыры өмірдің тәтті шарабына мас қылғандай. Күннің жібектей үлбіреген сәулесі астында тоқылған о

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!