Материалдар / Мағжан Жұмабаев шығармашылығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мағжан Жұмабаев шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
ел ардақтысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
753
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы:М.Жұмабаев шығармашылығы
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат- міндеттері:Ақпараттық құзыреттілік Коммуникативтік құзыреттілік Проблеманы шешу құзыреттілігістуденттерді Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу;оқушылардың танымдық деңгейін көтеру; ойлау белсенділігін, ой — өрісін арттыру; сөздік қорын молайту; мәнерлеп сауатты оқи білуге баулу; оқыған мәтінді түсінуге, оны өз сөзімен айта білуге үйрету;Оқушыларды еңбекке, төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу, ақын — жазушыларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;Білім, білік, дағдыларды жедел меңгеру көзделеді: оның жеке тұлғаға бағытталуы басым жүреді, оқу әрекеттері басқа оқушыларға қарағанда күрделендіріліп, қайталау, жаттау жұмыстары артады;
Сабақтың типі:Жаңа материалды меңгерту Жеделдетіп оқыту технологиясы.
Сабақтың әдісі:сөйлеу (оқу, жазу, айту, сөйлеу,тыңдау), коммуникативтік қарым — қатынас тілін меңгерту, іздеу, табу, анықтау, салыстыру, қорыту, жаттау, әңгімелеу;
Сабаққа қолд көрнекілік: М.Жұмабаевтың суреті, кітап көрмесі, Мағжан туралы пікірлер, үлестірме қағаздар, бейнетаспа.
Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:Оқытушының қызметі: Оқушының қызметі:Күтілетін нәтиже:
Ұйымдастыру бөлімі:

Үй тапсырмасын тексеру
1. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, оқу жағдайын туғызу;2. Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, басшы тағайындау;3. Жаңа сабақты деректі фильммен ұштастыру;4. Орындалатын тапсырмалардың барысын түсіндіру;5. Топтық тапсырмалар беру арқылы оқушы ойына ой салу, пікір айтуға жетелеу;6. Қабылданған жаңа білімді саралай, талдай білуге бағыттау.1. Өткен тақырыпты шолуда алған білімдерін көрсету;2. Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы фильм көру;3. Негізгі мәселені, жаңа білімнің түйінді дәндерін бөліп ала білу, білімді шығармашылық жолмен тәжірибеде қолдану;4. Топта бірлесіп жұмыс жасау, түсінісу, бір - бірлерімен ақылдасу, ой бөлісу;5. Өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізу, ізденіске дағдылану, жаңалық ашуға талпыну, ойын дәлелдеу;6. Оқығанды түсіну немесе оқығанын өз ойымен әрі қарай өрбіту;Студент пен оқытушы арасында түсіністік қалыптасты.
IIІ. Жаңа материалды түсіндіруді ұйымдастыру. Ой қозғау.Студенттердің қызығушылығын ояту.











































«Стоп кадр» әдісі

























Қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі- М.Жұмабаев Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.Ақынның лирикалық кейіпкері- аса батыл, нені болса да кесіп айтатын өткір жан.Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?Көкте-бұлт, жерде желмен гулеген,Жер еркесі-желдің жөнін кім сұрар?-деп басталатын «Мен кім?» атты өлеңінде Мағжан өзінің лирикалық кейіпкерінің дәл осындай айбатты да қайратты, адал да қайсар бейнесін ашып береді. Ақынның мені өзін көктегі күшке, түпсіз теңізге, қызуы мол жалынға, жүйрік тұлпарға теңейді. Патшадай қаһарлы, қазыдай әділ, бидей шешен де өзі. Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес, айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» қылып та көргісі келді.Мағжан Жұмабаевтың «Бәрінен де сен сұлу» өлеңін тыңдату- Орындалған ән сіздерге таныспа?- Тақырыбын атаңыздар?- Сөзімен әнінің авторы кім?Ендеше, студенттер бүгінгі сабағымыз қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, сыршыл да лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналады. Ендігі кезекті өздеріңізде, алдарыңызда дайын мәтіндер жатыр, сол мәтіндерді пайдаланып, өздеріңе керекті сөйлемдерді түртіп жазып алып, М.Жұмабаев және оның шығармалары туралы өздеріңіз айтып берулеріңіз қажет. Әр топ өз атауларына сай жауап дайындайды.Студент қиялына, фантазиясына ерік беру тәсілі.Мағжан  Жұмабаев өзінін «Педагогика» атты еңбегінде «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды, гүлді, көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін – сол фантазия» деген болатын. Олай болса, оқушының шығармашылығымен ұштастырайық.







1. «Жарық жұлдыз» тобы – Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы сыр шертеді. Хронологиялық кесте жасайды.2. «Талантты дарын» тобы – Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, яғни өлеңдері туралы олардың тәрбиелік мәні мен идеясы туралы айтады, өлеңдерін құрылысына қарай талдайды.сөз қозғайды.3. «Қайталанбас тұлға» тобы – Мағжан Жұмабаевтың артына қалдырған молмұралары – поэмалары туралы сыр шертеді.І топ. « Мағжан атаға» хат жазадыІІ топ. «Тәуелсіз ел» өлең шығару.

Мен сүйемін жерімді, ер-елімді,---------------------------жүрегімді,---------------------------------------,--------------------------- берерімді.

ІІІ топ. Ана жайлы, туған жер,ел жайлы жазған ұлы тұлғалардың өлеңдерін оқу








Студенттер сабақты мұқият тыңдап, белсене қатысып отырады.





Табиғат, махаббат лирикасын өлеңдерін тыңдау, талдау арқылы біледі.Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік пен метафоралық қолданыстарды табуға үйренеді.   



Студенттің жаңа тақырып бойынша дайындалып келгені үлкен жетістік болды.

Өздерін еркін ұстайды. Сөйлеу шеберліктері шыңдалды.






















Шығармашылық шыңдалу»













«Білімді тиянақтау»

























IV. Қорытынды бөлім.



















































Бағалау. Үй тапсырмасы
- «Сағындым» өлеңіне сатылай кешенді талдау. ( Тақтаға шығып орындату)- Көркемдегіш құралдарын табу.( теңеу, эпитет, метафора)«Сағындым» өлеңіне сатылай кешенді талдау элементтерін енгізу.Бірінші топ RAFT стратегиясы арқылы Мағжанның образына еніп, бірінші жақта анасына сағыныш тақырыбында шағын хат жолдауын жазады.Екінші топ осы әдіспен достарына сағыныш тақырыбында шағын хат жолдауын жазады.Sinkuein стратегиясы Мағжанға бес жолды өлең арнау. «Шығармашылық шыңдалу»Бес жол өлең әдісі бойынша өлең құрастыру1. «Жарық жұлдыз» тобына1. Зат есім 1 сөз - АҚЫН2. Сын есім 2 сөз – ДАРЫНДЫ, ТАЛАНТТЫ3. Етістік 3 сөз – ЖАЗАДЫ, ЖЫРЛАЙДЫ4. Синоним 1 сөз – СУЫРЫП САЛМА5. Сөз тіркесі – АҚЫН СӨЗ БАСТАРБАТЫР ҚОЛ БАСТАР.«Білімді тиянақтау»- Енді әр топ студенттеріне 10 сұрақтан тест сұрақтары беріледі. 5 минут уақыт ішінде белгілеп, қарсы топқа береміз сол тест жауабы арқылы білімдеріңіз бағаланады.1. Мағжан Жұмабаевтың өлеңін тапА. «Гүлсімге» В. «Адамдық борышың» С. «Анама хат»2. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның бауырыА. Жәнібек В. Ноян С. Абылай3. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағын атаА. «Шолпан» В. «Маса» С. «Оян, қазақ!»4. Мағжан Жұмабаевтың поэмасын көрсетА. «Ескендір» В. «Қорқыт» С.»Күйші»5. Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы қай қалада басылды?А. Қазан В. Уфа С. ОрынборСабақты қорытындылау- Бүгінгі «Мағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының Хантәңірі» тақырыбында біздер Мағжанның өмірі, өлеңдері және поэмаларын тағы да қайталап, сан алуан сұрақтарға жауап таптық.Ірі лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз - ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдістеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М. Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдерді ойлап тауып, тiлiмiзге енгізген. Ол тәрбие саласын дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп - құлық тәрбиесi деп төртке бөледі. Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата - ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…” Баланы келешек заманына лайық қылып шығару” – деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап береді. Ендеше бәріміз де тәрбиелі де білімді азамат болайық деп сабағымызды аяқтаймыз.БағалауҚойылған бағалардың сапасына қарай топтарға орын беру«Әдебиеті шыңындағы шынар» тақырыбында шығарма жазу

Тақырыбы: еліне, жеріне, анасына деген сағыныш.Идеясы: Шындық өмір көріністерін суреттей еркіндікті, бостандықты бағалау.Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 6 шумақты өлең.Тармақ – өлеңнің әр жолы. 4 тармақты.Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақтыҰйқас. Қара өлең ұйқасы. а - а - б - аӘдеби теориялық ұғымдар. Теңеулер бар.Түсіндірме сөздік. Абақты – түрме, ауыр иіс – жаман иіс, жүйрік жел – қатты жел.Өлеңнің негізгі түйіні. Туған жерге, туған табиғатқа, туысқан - бауырға деген махаббат.Әдебиет теориясы: Адамның көңіл - күйін, жүрек сезімін, күйінгенін, сүйінгенін, ішкі жан сырын жырлайтын өлең – лирикалық өлең деп аталады. Лириканың бас кейіпкері – ақынның өзі.Лириканың бір үлгісі – Мағжанның өлеңдері. “Мағжан өлеңдері өкіндіреді, мұңайтады, жылатады, аятқызады, есіркетеді, жігер береді”2. «Талантты дарын» тобына1. Зат есім 1 сөз – СУРЕТКЕР2. Сын есім 2 сөз – ТАЛАНТТЫ, ШЕБЕР3. Етістік - САЛАДЫ, БЕЙНЕЛЕЙДІ4. Синоним 1 сөз – ҚИЯЛШЫЛ5. Сөз тіркесі – МАҒЖАН - СӨЗДЕН БЕЙНЕ ЖАСАУШЫ ШЕБЕР СУРЕТКЕР3. «Қайталанбас тұлға» тобына1. Зат есім 1 сөз – БАТЫР2. Сын есім 2 сөз – ҚАЙСАР, НАМЫСТЫ3. Етістік 3 сөз – ҚОРҒАЙДЫ, ҚАМҚОРЛАЙДЫ4. Синоним 1 сөз – ЕРЖҮРЕК5. Сөз тіркесі – ҚОЯНДЫ ҚАМЫС ӨЛТІРЕДІ,ЕРДІ НАМЫС ӨЛТІРЕДІ.

6. Мағжанның «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес» өлеңі кім туралы?А. Абай Құнанбаев В. Шоқан Уәлиханов С. Ыбырай Алтынсарин7. Үзінді кімнің, қай шығармасынан алынған?«Тұранның тарихы бар отты желдей,Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей»...А. М. Жұмабаев «Түркістан»В. Ж. Жабаев «Сұраншы батыр» С. Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек»8. «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай жерде болған?А. Жетісу В. Баянауыл С. Бурабай9. «Алаш деген елім бар,Неге екенін білмеймін,Сол елімді сүйемін»,- өлеңнің тақырыбын тапА. «Сүйемін» В. «Жас келін» С. «Тұтқын»10. М. Жұмабаев «Тұтқын» өлеңін қай ақыннан аударған?А. Лермонтов В. Горький С. Пушкин

Тест жауаптары:1. А2. В3. А4. В5. А6. А7. А8. С9. А10. А
Студенттер сабаққа қатысу деңгейін бақылауға мүмкіндік алады.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!