Материалдар / Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН» атты әдеби кештің сценариі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН» атты әдеби кештің сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби кеш өткізуге көмегін тигізеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2018
11105
65 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған

«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН»

атты әдеби кештің сценариі

«Тұран» мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы

Алматы қаласы




Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Косенко Валера

Жүсіпбек Аймауытов

Мағжан - алашын жан тәнімен сүйген, азаттықты аңсаған ұлтжанды ақын.

Арайлым - Мұхтар Әуезов

Мағжан – поэмалар жазудың желісін қаққан адамның біреуі.

Алтынай - Сәбит Мұқанов

Мағжан – қобыз үнді ақын.

Антропов- Рымғали Нұрғалиев

М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір.

Ақылбеков- Ғалымжан Ибрагимов


Мағжан – қазақ поэзиясының жарық күні.
Халидис- Ілияс Омаров


«Ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің ролі қандай болса, қазақ халқы үшін Мағжанның ролі сондай».

Тен В-Әлкей Марғұлан

Күй ойнап тұрады, экранда М. Жұмабаев туралы қысқаша видео көрсетіледі.


1-Қойылым: Бала Мағжан

Сыныптың іші. Бір топ балалар сыныпқа кіреді. Шеңбер құрып тұра қалады. Орталарында-бала Мағжан.

Бірінші бала (Аужанов Тимур):

  • Мағжан, кеше жазған өлеңіңді оқып берші!

Балалар (Аужанов Тимур, Гюноглу Алихан, Кусекбаев Тимур):

  • Иә, иә, оқып берші.

Мағжан (Касымов Диар) :

  • Жарайды, оқысам оқып берейін.

Мағжан өлеңін оқиды.

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,                                                             

Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. 

Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде 

Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер. 

 

Балақ түріп, қозы қуып, жарысып,                                                          

Батпағында тең құрбымен алысып. 

Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндіз 

Үйретем деп асау тайға жабысып. 



Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,   

Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес. 

Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы, 

Жазу болып адамзатқа ержетпес!.. 

 

Екінші бала (Гюноглу Алихан):

  • Мағжан, бұл өлеңді өзің жаздың ба?

Мағжан (Касымов Диар):

  • Иә, түнде жаздым. Ауылды сағынып жүрмін.

Үшінші бала (Кусекбаев Тимур):

  • Мен де ата-анамды сағынып жүрмін. Ауылдағы күндер қандай қызық еді, иә?

Мағжан (Касымов Диар):

  • Иә, ауылымның көлін сағындым, шөбін сағындым.

Бірінші бала (Аужанов Тимур)

  • Туған жерден артық жер жоқ екен...

Балалар:

  • Иә, дұрыс айтасың, дұрыс, дұрыс!

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі кешімізді күллі қазақ еліне танымал азамат, белгілі педагог, әйгілі ақын – Мағжан Жұмабаевқа арнаймыз.

2 - жүргізуші:  Олай болса, Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған « Мен жастарға сенемін» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!


Видео «Мен жастарға сенемін


1-жүргізуші: Ақынның кітаптары тыйым салу салдарынан сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып жатты.

2-жүргізуші: Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық-зомбылық дәуірінің құрбаны болған ақын тағдыры аянышты...

Мағжан Жұмабаев кім, қандай ақын?

Өлең «Мен кім?»

Ақылбеков Д. 8а

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? 
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? 
Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген, 
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар? 
Көкте - Күнмін, көпке нұрым шашамын, 
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын. 
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
Ерігемін - толқып, шалқып, тасамын. 
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, 
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. 
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ, 
Көз қырымен күліп қана қарармын. 
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді, 
Надан адам өлім жоғын білмейді. 
Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би, 
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді? 
Мейірленсем - сегіз жұмақ қолымда, 
Қаһарлансам - тамұқ даяр жолымда. 
Жоқ жақыным, Жасағандай жалғызбын! 
Мен бе иілер әлсіз адам ұлына?! 
Өзім - тәңірі, табынамын өзіме, 
Сөзім - құран, бағынамын сөзіме! 
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін, 
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!

АЛАШТЫҢ АРЫСЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ 15 ДЕРЕК

Отбасы, оқуы

Оқушылар оқиды. Слайд

1.    Әкесі Бекен дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Атасы Жұмабай қажы Мағжанды бала кезден-ақ «Мағжанның бетінен қақпаңдар. Түбінде жігіт болып шығады. Елге қадірін білдіреді. Оқытыңдар. Біздің әулетіміздің атын шығаратын осы бала», - деп үміт күткен.

2.      1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) мешіт жанында медреседе оқыды. Медреседе Фирдоуси, Хафиз, Сағди, Омар Хайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

3.      1913 жылдары Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алады. Онда белгілі қайраткерлер М. Дулатов, С. Сейфуллин, Ә. Бөкейханов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, А. Байтұрсынов сынды қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерімен таныс болады, қатынасады.

4.      Ақынынның 1912 жылы, небәрі 19 жасында Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы басылып шықты.

5.      1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

Кейін Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтын тәмамдады

2-Педагогика



1.      М. Жұмабайұлы 1927-1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.

2.М. Жұабаев мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жазды.



3.Түрмеден босап шыққан соң, туған жері Қызылжарда қазақ мұғалімдеріне арналған арнайы курс аштыы.

4.       Халық ағарту комиссары Анатолий Луначарскийдің шақыртуымен Мәскеудегі университетте шығыс тілдері бойынша сабақ берді.

5. Ақын өзі армандаған «Алқа» деп аталатын Одақ құрды. Бірақ осы арман-мұраты ақынның түбіне жетті. Сол үшін Мәскеудегі түрмеге қамалып, 10 жыл айдауға кесілді.

5 дерек- Мағжанның оралуы

1.  Түрмеден кейін небары бір жылдан кейін «Халық жауы» деп қайта сотталып, 1938 жылы наурыз айында Жұмабаев ату жазасына кесілді.

2.  Шығармалары дүкендер мен кітапханалардан алынып, жойылды. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы шығармаларын оқуға тыйым салынды.

3.  М. Жұмабайұлы есімін ақтау ісі 1958 жылы қолға алынғанмен, ақын шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады.

4.  Ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 1993 жылы Мағжан Жұмабайұлының мемориалдық мұражайы ашылды.

5. Қазақтың Пушкины атанған Мағжанды ЮНЕСКО тарапынан 2018 жылы «Мағжан Жұмабаев жылы» деп атау бастамасы сөз болды.


2-Қойылым «Мағжанның көктемі»


Злиха сахнаға ақырын қадамдап шығады. (музыка)

Злиха- Котова Элизабет 10а

Мағжан – Насимов А.9б

В.Брюсов – Амангелді Саян 8а

С.Есенин – Аскаров Инсар 8б

М.Горький – Нургалиев Абиль 8а

Д.Бедный – Вязьмин Э.

Қыздар: Белова М., Ильинская А.,Тохтарова Д., Алшипанова С.

Злиха: - Мағжан Мәскеудегі жаңа ашылған Валерий Брюсовтың жоғарғы әдебиет институтына оқуға түсті. Біз, Қазақстан өкілдігі берген отбасылық жатақханада тұрып жаттық. Бұл кезең Мағжанның .... бір жарқын сәті еді. Ол өзі рухани дос тапты, өзгелерге өз талантын мойындата білді. Есте қалатын сондай бір сәттер, институт бітірушілерге диплом тапсырылатын күн еді. Кештің құрметті қонағы боп Максим Горький, Демьян Бедный, Сергей Есенин де шықырылды.

Мағжанның дауысы: -Злиха! Злиха! (музыка, 4 жұп биге шығады)

Валерий Брюсов: - Жолдастар, жолдастар! Барлықтарыңыз институт бітірушілеріне диплом тапсыру рәсіміне қош келдіңіздер! (жұптар жапалақтайды). Бірінші құттықтау сөз , жас ақын Сергей Есенинге беріледі.

Сергей Есенин: -Қадірлі жолдастар, өмірде досың жоқ болғанша, өмір сүрмеген жақсы, дүние артта қалар, ал досың бар болса, сен мәңгі өмір сүресің. Мен өзімнің досым Мағжанның қуанышын бөлісуге келдім. Айта берсем тілек мол. Сіздерге, достарым тек ақ жол. Мен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын.Тілегім шексіз дос десе ... .

Максим Горький : Осы жігіт өткенде бір жиында, поэзия жайлы сөйлегенде «Русская поэзия имеет привкус сладкого сока горькой травы» дегенде , жұрттың бәрі маған қарап күле берді. Ал мен не істеймін!? Орнымнан тұрып, басымды идім. Ал жұрт ду қол жапалақ соқты.

Демьян Бедный: - Өйткені Сіз - Максим Горькийсіз! Ал Сізге бәрі жарасымды.

Максим Горький : - Ал сіз Демьян Бедныйсыз! Екеуміздің де фамилиямыз оңып тұрған жоқ!

Валерий Брюсов: Жарайды жолдастар! Сәл сабыр етулеріңізді сұраймын. Келесі өлең оқу кезегі, менің сүйікті шәкіртім, Гейне, Гете, Лермонтов, Александр Блоктың және де арамызда отырған Алексей Максимович Горькийдің бірнеше шығармаларын қазақ тіліне аударған, таланты мен алғырлығына қарап, өзін, қазақтан шыққан Пушкин деп атап кеткен Мағжан Жұмабаевқа беріледі.

Мағжан Жұмабаев : - Мен сіздерге Генрих Гейнеден аударған өлеңімді оқып берейін.

ЕКІ БЕТІҢ, СҰЛУ ҚЫЗ...     (Гейнеден)  


Екі бетің, сұлу қыз,

Розадай ойнап, жанып тұр.

Жас жүрегің бірақ мұз,

Жүрегімді қарып тұр.  

Мұның бәрі өзгерер,

Көрерсің әлі-ақ, сұлу қыз,

Жүрегіңе жаз келер,

Екі бетте орнар қыс.    


Сергей Есенин: - Қандай ғажап өнер! Магия, магия! Ал сен «магсын». Александр Блок сені бекер «маг» деп атаған емес. Тіпті сенің атыңды да, әке-шешең тауып қойған екен «маг – жан». Мағжан – маг!

Валерий Брюсов: - Жолдастар, жолдастар!Осымен институт бітірушілеріне диплоп тапсыру рәсімі аяқталды. Барлықтарыңызды төрге қарай өтулеріңізді өтінемін.

(музыка әуенімен жұптасып кетеді)


1-жүргізуші: Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды.

2-жүргізуші: Ал адам бақыты — біріншіден, анаға деген сүйіспеншіліктен басталып, адамға, елге, жерге деген сүйіспеншілікпен жалғасады.

Ана

Ибрагимова Т., 6б, Зурдинова М.,6а

Үйдің іші ұйқыда,

Түн ортасы шамасы.

Көзін алмай бесіктен,

Бөбек жатыр албырап.

Бесікте бөбек ауру,

Тербетіп отыр анасы.

Үнсіз, меңіреу ұзын түн,

Жел азынап тұр есіктен.

Шөкиіп ана отыр,

Жүрегіне біреу біз Сұғып алып кеткендей.

Үнсіз, меңіреу ұзын түн

Шөккен қара бір нардай. Сарғайып, ана сарылып,

Демігіп, қызып, қысылып,

Ауық-ауық, селк етед,

Әлденеден шошьшып.

Селк етсе бөбек, ананың

Өзіне ажал жеткендей.

Шөкиіп отыр дем алмай...

Таң алдында қара бұлт

Күңіреніп көкті жабады.

Бөбегінің бетіне

Ананың жасы тамады.

1 - жүргізуші: Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын.

2- жүргізуші: Өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді.

Сүйемін- Назарчук М., 5б,

Күлдей күңгірт шашы бар,

Тоқсан бесте жасы бар,

Көз дегенің – сұп-сұр көр.

Тасбиқ санап бүгіліп,

Жерге қарап үңіліп,

Көрше ауыр күрсінер,

Менің бір қарт анам бар,

Неге екенін білмеймін – Сол анамды сүйемін!

Көзінде көк нұры жоқ,

Аузында жұмақ жыры жоқ,

Жалынсыз, усыз құшағы,

Иірілмейді жыландай,

Сөзі де жоқ құрандай,

Білгені – қазан-ошағы.

Жабайы ғана жарым бар,

Неге екенін білмеймін

Сол жарымды сүйемін!


Тохтарова Ә., 5а

Ұйқы басқан қабағын,

Бастыра киген тымағын,

Жалқаулықты жар көрген.

Жүрген ескі заңымен,

Алдындағы малымен,

Бірге жусап, бірге өрген,

Алаш деген елім бар,

Неге екенін білмеймін – Сол елімді сүйемін!

Сағымы сайран құрады,

Бораны ұлып тұрады,

Қыс – ақ кебін, жаз – сары.

Орманы жоқ, шуы жоқ,

Тауы да жоқ, суы жоқ,

Мәңгі өлік сахарасы.

Сарыарқа деген жерім бар,

Неге екенін білмеймін

Сол Арқамды сүйемін


Ән «Сен сұлу»


1 - жүргізуші: Түркістан – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған.

2 - жүргізуші: Түркістан -жойылып бара жатқан тәуелсіз елдің елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен.


«Түркістан өлеңі» Лукаш С.9б (Түркістан туралы видео көрсетіліп тұрады)


Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.

Тұранның егі-шексіз шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса, шөлді басқан селі қандай!

Кляхина Н.-9а

Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,
Жаралып таудан аққан салқын жастан.

Шөлдер бар, жел де жүрмес, сап-сары құм,
Моладай ешбір үн жоқ мәңгі тып-тын.
Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,
Сары құмда салар ойнақ пері мен жын.

Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,
Шалқыған егі-шетсіз Теңіз, Арал.
Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
Бауырында дүние көрген түрік көкжал

1 - жүргізуші: «Мағжан мәдениеті зор ақын. … Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп Мұхтар Әуезов жоғары баға берді.

2 - жүргізуші: Иә, Жүсіпбек Аймауытов сөзімен айтсақ, “Мағжан “әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде жылатады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді”.

Би -1 Бұлбұл


1 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев –эпик ақын. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады.

2 - жүргізуші Абылайды, Кеңесарыны жырға қосты.

Халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады. Бұл тұрғыдан келгенде, "Батыр Баян" поэмасының маңызы ерекше.


Қойылым-3 Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша

1-көрініс. Мағжан Жұмабаев поэманы жазу үстінде

Мағжан: Насимов Аман,9б

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,

Сондықтан жаным күйіп жанады да.

Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,

Толғанып қарауым сол баяғыға.

...Әдемі өткенді ойлап айнымасам,

Сұм өмір күшті уын аяды ма?


2-көрініс. Бурабайда (декорация)


(Дәулеткерейдің «Жігер» күйі ойнап тұрады)

Жыршы: Камалов А.9а

Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.
Бурабай – Арқа аралы, жер еркесі, 
Ертеде қоныс болған Абылайға.

(«Елім-ай» әнінің әуені естіледі)

(Аттың дүбірі)

Жиылды оңшең ноян, ығай-сығай,

Байжігіт, Тасболат би мен Толыбай,

Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай.

Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай,


3-көрініс: Хан ордасында


Қанай би: Искаков А.9а

- Хан ием! Жүрелік.

Жау басынар! Отырғанымыз бұ қалай?

Абылай: Косенко В.10а

- Баян қайда?...

Қанайым, ойың удай, тілің шаян,

Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.

Көп жаудың албастысы, ел еркесі

Баянның батырлығы алашқа аян.

Би Қанай!

Аттанбайды хан Абылай,

Келмесе қандыбалақ батыр Баян!

Қанжығалы Бөгенбай :Касенов Р.10а

«Жау!» десе жатпайтұғын батыр Баян,

Апырым-ай, келмеуінің мәні қалай?


4-көрініс: Баян батыр ауылында


Ауыл ақсақалы:-Мұсабаев Димаш

Баян-айым, бір масқара іс болды.

Ноянжан қалмақ қыздың арбауына түсті.


Баян батыр:Куанышбаев Н.9б

Жарайды... Бар, ақсақал. Ойланармыз.


Жыршы: Камалов А.9а

Боз үйде жалғыз қалды Баян енді,

Жаралы жолбарыстай күңіренді.

Ақыры ашу ерді билеп кетті.

«Ақсақ құлан» күйі орындалады

(Баян батыр көйлекшең, садағын ғана алып аттанады).


Түс ауа Жолдыөзекке жетіп қалды,

Алыстан екі қараны көзі шалды.

(Алыста екі жастың бейнесі көрінеді)

Садағын қалды тартып батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Оқ тиіп жүрегінен құлап түсті

Атынан бүктетіліп бөбек Ноян.

Садағын сол секундте тартты тағы

Түсірді тағы ұшырып қызды Баян.

(Баян садағын тартып, оларға атады)

Қайғылы күй орындалады.

Бірталай талғандай боп жансыз жатып,

Ер Баян есін жиып, екі жасқа

Бір қарап, қара тастай қалды қатып.


Баян батыр (қатты қайғырған, түңілген): Куанышбаев Н.9б

Күй, жүрек! Көл бол, жасым! Өртен, ішім!

Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.

Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым!

Қайтейін арымадың, арда күшім!

Жоқ, әлде, жоқ, жоқ... Әлде... Өлтірдім бе,

Інімді алты алаштың намысы үшін?!

... Ел беті енді маған болсын арам,

Алашым, аттанамын, жауыңда өлем!


(Батыр Баян дулығасын киіп, қару-жарағын алады).
(Күй үні қаттырақ шығып, аяқталады

Жыршы:

Бірін айт та, бәрін айт – Батыр Баян

Туғаннан «Алашым!» деп еңіреп еді.

Көкжалдың осы жолы кешіккені,

Осындай тұлпар орға кез кеп еді.


 1 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс.


2 - жүргізуші: «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген суреткер ақын.


«Туған жер» әні -хор

1 - жүргізуші: «Мағжан өз тегін де, өз тілін де, өз жерін де ардақтаумен өткен ұлы тұлға.

2 – жүргізуші Өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған» сыршыл ақын.

«Қазақ тілі» өлеңі

-Арютов В., 9а

Күш кемiдi, айбынды ту құлады,

Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.

Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде

Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құсты қос қанаты қырқылды,

Күндей күштi күркiреген ел тынды.

Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!

Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...

Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,

Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!


1 - жүргізуші: Ақын табиғат жайлы былай толғанады: “Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз - шетсіз қара - көк теңіз....
2 - жүргізуші: Міне, осылай жаратылыстың сұлу да тылсым құбылыстарын шебер суреттей білген.


«Толқын» өлеңі Перетятько А.,11а

Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады,

Толқынмен толқын жарысад.

Күңіренісіп кеңеспен,

Бітпейтің бір егеспен,

Жарысып жарға барысад.

Ерке бала былдырлап,

Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,

Толқынды толқын қуады.

Күміс кәусәр суымен,

Суының алтын буымен,

Жарының бетін жуады.

Мөлдіретіп көз жасын,

Жасымен жуып жартасын,

Сүйіп сылқ-сылқ күледі.

Күлгені оның-өлгені,

Жылай, күле өледі.

Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,

Бірінің сырын бірі ұрлап,

Толқынды толқын қуады.

Жарына бал береді,

Береді де өледі,

Өледі толқын, тынады.


1 - жүргізуші: Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты.


2 - жүргізуші: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеуі, пайда келтіріп, зиян келтірмеу- әрбір адамның қасиетті борышы» -деп санайды

Би – «Сүйем сені»


1 - жүргізуші: Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Ол өз халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді.

2 - жүргізуші Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – "Сағындым". Өлең абақтыда отырған ақынның еліне, жеріне деген сағынышынан туады.

«Сағындым» өлеңі Войткевич Я., 11а

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Алтын Күнді, қара жерді сағындым,
Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым.
Асау тайдай еркелетіп өсірген,
Ағайынды, туған елді сағындым.

Бостандықта өткен күнді сағындым,
Желдей зулап кеткен күнді сағындым.
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,
Ойдағыны еткен күнді сағындым.


Григорьева Д. 9а
Ойыны бір құрдастарды сағындым,
Тілегі бір жолдастарды сағындым.
Келешекке бірге жоспар құрысқан
Сырласатын жан достарды сағындым.

Уға толды жас жүрегім, жабықтым,
Таныс дауыс ести алмай зарықтым.
Не дегенін, не істегенін біле алмай,
Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың!

Жүрегіме жақын жанды сағындым,
Жібек мінез, ақық жарды сағындым.
Айрыларда күншығыстан ағарып,
Ақ жібектей шапақ таңды сағындым.

Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!
Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін!

Сулейменова Ж.10а

Қалың елім, қалың қара ағашым,
Қайраты мол айбынды ер, Алашым!
Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл,
Ақымақтар байқамаған шамасын.

Қазағымды, қалың елді сағындым,
Сарыарқамды – сайран жерді сағындым.
Балдай бұлақ, мөлдір күміс көбікті,
Арқадағы айдын көлді сағындым.

Қуанышта: "Әй сені ме!" - дегендер,
Күйініште мен үшін уайым жегендер,
Құтылу қиын, басқан адым аңдулы,
Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер.

Тәңірі ие, өзің алшы панаңа,
Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?!
Баласынан тұтқын болып сарғайған
Кім жеткізер сәлемімді анама?

Абақтыда айды, күнді жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даланы сағындым.
"Қарашығым, құлыным!" - деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым



1 - жүргізуші: Рымғали Нұрғалидың сөзімен айтсақ: «Мағжан поэзиясы мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу - маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, жұп - жұмыр жауһар дүние»

2 - жүргізуші:  Мағжанның таза махаббат тақырыбына арналған лирикасы — аса көркем мұра.


«Махаббат не?» өлеңі –

Сағындыков Марсель,9б

Тамшылап одан қан ағар.

Тез жазылмақ бұл жара,
Бал тілімен сүйсе жар.
Сүймесе жүрек, дариға,

Махаббат – бір тікенек,
Жүрекке барып қадалар.

Бақытсыз ғой бұл жүрек,

Өлер жүрек, қансырар.
Махаббат – бір тәтті у,
Ішер жүрек болар мас.
Дүниедегі у мен шу,
Мас жүректі оятпас.
Махаббат –бір тәтті у,
Ішер жүрек, төгер жас!

1 - жүргізуші: Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясында жарқын жырларымен от шашып, өшпес із қалдырған тұлға.

2 - жүргізуші: Ұлы тұлғаның айбынды алаш еліне арнаған өлеңін қабыл алыңыздар!

Біздің елдің жігіттері -фон

«Мен жастарға сенемін» өлеңі -


Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты Сағындыков М., 9б

Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!


Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар, Арютов В.,9а
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!


Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан. Боднар Д, 10а
Мен жастарға сенемiн!


Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер. Искаков А.,9а
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!


Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер, Куанышбаев Н., 9Б
Мен жастарға сенемiн!


Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда, Акылбеков Д., 8А
Мен жастарға сенемiн!...


Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны, Аскаров Инсар, 8Б
Мен жастарға сенемiн!


Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда, Насимов А., 9Б
Мен жастарға сенемiн!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!