Материалдар / «Мағжан шығармаларындағы мистикалық образдар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мағжан шығармаларындағы мистикалық образдар»

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қаңтар 2018
765
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аннотация

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, астасып жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп, сұлу, сырлы, тіпті, кейде ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық суреттер көз алдыңа келеді. Сол тылсым күш осынау қазақ елінің жастарын рухани құндылықтарға, сарқылмас жан азығына жетелер болашақтың бағдаршамына айналғаны жайында.



Тақырыптың өзектілігі:

Суретшілдік көрегендігінің арқасында осындай қым-қиғаш, қарама-қайшылығы мол дәуір жайын М.Жұмабаев өз өлеңдерінде шебер қолдануы.Зерттеу жұмысы осы бір тың да, күрделі мәселеге бағытталған.

Аннотация

Основные характеристики исследовательской работы:

В произведениях поэта в основном описывается душевнные отношения человечества с природой вместе взятое. Перед глазами проходят всемирные явления с фантастическими картинками, иногда невыносимые красочные явления связанные умственным и отношениями. Вот эта сила передала молодежью казахского народа неисчерпаемое богатство в будущее.

Суть темы:

В стихотворениях М.Жумабаева мастерски показоны противопоставление и процветание в будущее. Исследовательская работа посвящана самой популярной и главной тематике произведении М.Жумабаева.

Annotation

General information of the research wov. The environment is associated with the human spirit in the poems of Magzhan Zhumabaev. When you listen to the poems of poetry you can imagine incredible, fantastic pictures of global phenomena. It gives strengthness and spiritual value to Kazakh youth.

\



Зерттеудің болжамы:

«Пайғамбар», «От», «Жел», «Адастым», «Ертегі», «Айда атыңды, Сәрсембай» өлеңдері атүсті оқып, жаба салатын өлеңдер емес, ондағы жансызға жан бітірген тылсым дүниелер, мистикалық образдар жүйесін ашу.

Зерттеу жұмысының мақсат, міндеттері:

Мағжан шығармаларында кездесетін еуропалық сарынның қазақилығын, қарапайым қазақ түсінігіне сай образда келтіруін, жан-жақты талқылып, мистикалық образдарды жүйелей отырып көрсету. Осы мақсатқа сай міндеттер:

  • Ақын өлеңдеріндегі мистикалық образдарды саралау;

  • «Жел», «От», «Пайғамбар», «Адастым», «Ертегі», «Айда атыңды, Сәрсембай» өлеңдеріндегі азаматтық үн мен ұлттық болмысты қара күш иелерімен ұштастыру;



Жұмыстың негізгі нысанасы: М.Жұмабаевтің көп томдық шығармалар жинағы, Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабайұлының «Әдептану», Қазақ тілі мен әдебиеті журналы 3/2009, 6/2010

Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері:

Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау,жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Жұмыстың жаңалығы:

Ақын жын, пері сияқты образдарды бір жағынан кертартпа заманның надан адамдарын жеріне жеткізе көрсету үшін, екінші жағынан ұлттық сана – сезімде қалыптасқан кейіпкерлерді қолданған.Халықтық ұғымдар болғандықтан олардың мәңгілік образдар боларына сенгендігін жеткізу

Зерттеудің нәтижелері мен қорытындысы:

  • М.Жұмабаев өлеңдеріндегі мистикалық образдар осы күні де ашылмаған тылсым күштердің бар екендігімен астасып жатуы және өміршеңдігі;

  • Ақын өлеңдеріндегі образдар жүйесінің жасампаздығы;



Мазмұны:

І. Кіріспе

1.1 Мистика ұғымы

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Мағжан мистикасындағы еуропалық сарын

2.2. Ақын өлеңдерінде мистикалық образдардың қазақилануы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе

1.1 Мистика ұғымы



Мистика (грек.mystikos-құпиялы)- дүниеге діни – идеалистік көзқарас.Оның негізінде табиғаттан тыс күштерге сенім жатыр. Мистика- ең алдымен, рухани әлемді жеке психологиялық тәжірибе арқылы тануға ұмтылу, осыдан туындайтын амал-әрекеттер. Нәтижесінде адамға даналық, ғажайып қабілеттер дариды.

Мистика ежелгі дәуірден бастау алады. Ежелгі Грециядағы Мистиканы Пифагор, Платон секілді философтар айқын бейнеледі. Кейін бертін келе жаңа заманда ғылым күшейіп, дін, әсіресе Мистика кертартпа ағым деп айтылып, оған қарсы күрес басталды. Мистика- адам мен табиғаттан тыс дүние.

2.1. Мағжан мистикасындағы еуропалық сарын

Мағжан орыс және басқа да еуропалық ақын- жазушылар шығармаларын көп оқып, олармен жақын танысқан, шығармаларын сондай әлемдік дәрежеде жазуға талпынған.

Мағжан еуропалық ақындардан немістің әйгілі ақыны Гетені тереңірек оқыған. Гетенің шығармашылығында мистикалық кейіпкерлер негізгі орынды алады.

Қазақ жазба әдебиетінде мистика ұғымы Мағжан шығармаларынан бастап, Бернияз Күлеевтің поэзиясында жалғасын тапқан.

Мағжанның фольклордағы қара күш иелерін өлеңдерінде пайдалануда өзіндік әдісі бар. Мағжан шығармашылығандағы қара күш иелері қазақ ұғымына жақын, қазақ топырағына лайық пері, сайтан, жын образдарында алынады. Бұлардың қай-қайсысы болмасын халық сенімінде иен далада, елсіз мекендерде жүреді. Мағжанның кейбір өлеңдерінде осы халықтық түсініктің қаймағын бұзбайды.

Декадент ақын Д.Мережковскийдің «Дети ночи» деген өлеңіне қарама – қарсы Мағжан «Пайғамбар» атты өлеңін жазған. «Дети ночи» өлеңінің басты шумағын эпиграф етіп алған.

Күн батысты қараңғылық қаптаған,

Күні батып жаңа таңы атпаған.

Түнеріп жүр түннен туған перілер,

Тәңірісін табанына таптаған,- деп , өз ойларын еуропалықтарға қарсы қояды. Күн батысты, ондағы болып жатқан оқиғаларды саяси тілмен емес өз еліне ұғынықты, ұлт бояуына қанық сөздермен таныстырады. Өзі Шығыс өкілі ретінде Шығысты пір тұтады. Соғыс, жан мен тәннің азғындауы тәрізді, ажалдың қара бұлты боп, қара түтін жүзген Батыс кесапатынан сақтандырады.Алайда, М.Жұмабаев Шығыс пен Батыс туралы біраз екпінді,қуатты өлеңдерінен кейін, ішкі жайға, қазақ, яғни өз халқының тағдырына қарай ауысады. Ақын бостандық Шығыстан келеді деп сендіреді.



2.2. Ақын өлеңдерінде мистикалық образдардың қазақилануы



Бірқатар шығармаларынан, оның ішінде «От» өлеңінде

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын.

Күнге ғана бағынам.

Өзім- күнмін, өзім-от,

Сөзім, қысық көзім де –от.

Өзіме-өзім табынам.

Жерде жалғыз тәңірі-от,

Оттан басқа тәңірі жоқ.

Құбылыстың мәнін кең көлемде,жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақынның ең алдымен ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады,әлде таланттан ба, әлде тәңір жазғандықтан ба, өзіне тәуелсіз, тек қана жер үсті тіршілігінің,табиғаттың ғана заңына бағынатын құбылыстың құпия ішкі астарына барғысы келеді. Мағжанның өзі айтып, өзі тұжырымдағандай, ақын өзі болжап біле бермейтін жолға сапар шеккен пері, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан. Сонан да «Қиял құлы-мен бір ақын» деуінен ұғуға болады. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.

Бодандықтан жуық арада шыға алмайтындығына Мағжанның көзі жетеді де, «Адастым» атты өлеңін жазады. Мағжан мұнда бүкіл алты Алаштың атынан сөйлеп, «адастым» деп, дәлірек айтқанда «адастың» деп аттан салады.

Шегір көзді, сары шаш,

Бәрі тырдай жалаңаш,

Жан-жағымды жын басты.

Ақынның «шегір көзді, сары шаш» деп отырғаны орыстың отарлаушылары,олардан ақын тітіркеніп, жиреніп «жынға» балайды.

Артымда елім бар еді,

Алдымда жолым бар еді.

Ел де жоқ,қазір жол да жоқ...-деп күңіреніп алып...

Табылар жолың,тарылма,

Жылама, жынға жалынба,

Таң атқанша күн де жоқ – деп артынан халқын жұбатып, жарық таңның атуын тосады. Жұртынан сабыр тілейді.

Терезеден үйге кірмек болады,

Аманатты қолдан бермек болады.

Жол бермеген қатты қара темірді,

Ызаланып, зулап кеп ұрады.

Бұл жерде ақын сырт қарағанда еркін даладағы гулеп соққан желді айта отырып, бір аласапыран оқиғаның болатынын осы гулеп соққан желді ұнатпай, терезеден үйге кірмек болған «жын», «перілердің» кейпінде көргендей, қара темірді ызалана соғуымен бейнелейді. Тағатсыздана мазаланып, болар іс тезірек болса екен деп, «періге» балаған бүлікшілерді тосады. Бұл гуілдің жай гуіл емес екенін білдіріп, оқушысын да қоса тағатсыздандырып жібергендей болады.

Мағжанның кейбір өлеңдері мен поэмаларында осы халықтық түсініктің қаймағын бұзбайды. Бірқатар шығармаларынан, соның ішінде «Ертегі» поэмасынан айқын көре аламыз.

Сыздық елден кетіп шөл далада от жағып, түнегелі отырғанда оған перінің қызы «Сұлу келіншек» келіп арбамақ болады. Ол келген «сұлудың» кім екендігін поэмада былай түсіндіреді:

Сұлу келіншек – жезтырнақ қой қанышер.

Тырнағымды көрсе біліп қалад деп,

Жеңнен қолын шығармаған мәні сол.

Жезтырнақтың тырнағы бар өткір жез,

Алып, күшті, жүгіріп кетсе желден тез.

Пері менен диюдың ойнас баласы...

Бола алады: аң да, құс та, шал да, қыз.

Осы жолдардан біз жезтырнақтың қандай болатындығын, оның қайдан шыққанын білдіретін ұлттық ұғымды көреміз. Ақын бұл жерде жезтырнақты оқушысына таныстырғандай болады. Ал екінші жағынан қарасақ: бүкіл алаштың жауын жезтыраққа теңегендей болады. Сонда ақынның көрсетпегі – алып күш, тылсым иесі, қанышер жезтырнақты жеңген Сыздық батыр, өзіндей адам, яғни ет пен сүйектен жаралған жауларын да жеңе алады деген ой тастайды.

Мағжан мистикалық образдарды өлеңдерінде сәтті пайдаланған. Мысалы: «Айда атыңды, Сәрсембай» өлеңінде

Қарашы кейін бұрылып,

Таудай болып созылып,

Қала- бір жатқан дәу пері.

Айналасы- тұман, түн,

Дем алысы- от, түтін,

Жарқ- жұрқ етер көздері,- деп қолқаны ата көк түтінге оранған қала тірлігінің ауылдың жұпарлы ауасымен салыстырғанда жан төзгісіз екендігін ауыл халқына түсіндіру үшін «қала – бір жатқан дәу пері» деп халық ұғымына жақындатады. Ұлттық ұғымда дәу перілер адамдарға тек жамандық жасаушы, қара күш иелері. Бұдан Мағжан Қазақстан жерінде қалалардың салынуына мүлде қарсы шықты деген ой тумаса керек. Өйткені «Жаздың күні қалада» деген өлеңінде қаланың мәдениет ошағы екендігін мойындай отырып, тек өзінің туып өскен ауылын сағынғандығын айтады.

Ақын жын, пері, қара күш сияқты образдарды бір жағынан кертартпа надан адамдарын жеріне жеткізе көрсету үшін, екінші жағынан ұлттық сана – сезімде қалыптасқан, қазақтың ертегі, аңыздарында жүретін халық сеніміндегі осы кейіпкерлерді тарихта келер ұрпаққа қалдыру үшін қолданған.

Қорытынды

Өткен тарихымыздың асыл қазыналары жадымызға,қаперімізге қайта орала бастаған сәтте, талант иелері жайында тебіренбей, толғанбай айту қиын. Бір кездері нахақтан күйген есім аталып қайта оралса, оған тек қуану қажет. Кешелері дүлей қара күш ақыл-парасатты ауыздықтап, шідерлегенін, ата- баба жолын ұмыттырып,тексіздікке сүйрегенін білеміз.Бұл күндері, өткен күндегі орасан қателерді жөндеп, рухани байлықты халықтың өз игілігіне қайтаруға мүмкіндік туғаны қуантады. Ақындарымыздың өлеңдерін зерттеп, Мағжандай қайталанбас тұлғаның, теңіздей толқып, буырқанып жатқан өлеңдерін зерттеуде тамшыдай болса да үлес қосқаныма қуанамын.



Ұсыныс



Халқына азаттық тілеген, өмірін ел мүддесіне арнаған ақын Мағжан Жұмабаев біртуар тұлға екені хақ. Жалпы халыққа ақынның өлеңдерін насихаттау үшін мынадай ұсыныстарым бар:

  • Мағжан шығармаларын қазіргі заман талабына сай электронды кітаптарға ендірілсе;

  • Әлеуметтік желілерде Мағжанның жеке парағын ашу;



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. М. Жұмабевтың көп томды шығармалар жинағы, Алматы: «Жазушы» 2002 жыл;

  2. М. Жұмабаевтың шығармалары, Алматы: «Жазушы» 1989 жыл;

  3. «Әдептану» Ұ. Асылов, Ж. Нұсқабайұлы, «Рауан» 1998 жыл

  4. Ш.Р.Елеукенов «Мағжан Жұмабаев», Алматы: «Білім» 1990 жыл.

5. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы 3/2009, 6/2010









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!