Топтық жұмыс. Қорытынды
бойынша саралау.
Балалар, барлығымыз қазір
мультфильм қараймыз. Әр топ мультфильм мазмұны бойынша қорытынды
шығарады.
І
топ: Магнит қандай денелерді
тартады?
ІІ
топ Магниттерді қалай ажыратуға
болады?
ІІІ
топ: Бірдей түсті магнитте қандай
әрекет болады?
Әр түсті магниттер қандай
әрекетте болады?
Мультфильм «Магнит» (үзінді
көрсету)
Қорытынды: Магниттер заттарды тарта
алады. Сонымен қатар олар бір-біріне
тартылады. Кейде магниттер бір-бірінен тебіледі. Оларды ажырату
үшін бір жағын көк түске, екінші жағын қызыл түске бояған. Бірдей
түстер бір-бірінен тебіледі, әр түсті жақтар бір-біріне
тартылады.
Қ.Б «От шашу» әдісі арқылы
топтар бірін-бірі
бағалайды.
–
Адам магнитті не үшін
пайдаланады?
- Сендердің үйлеріңде магнит
бар ма? Сыныпта ше?
Сендердің әрбіреуіңде әртүрлі
пішінді және көлемді магниттер бар. Оларды қолдарыңа алып, не
сезетіндеріңді айтыңдаршы?
-
Суық, қатты, темір,
ауыр
Топтық жұмыс. Тәжірибе
жасау. Дереккөз бойынша
саралау
Тапсырма. Магнит барлық денеге тартыла
ма? Қарапайым тәжірибе жасап, анықта. Магнитті әр затқа кезек-кезек
жақындатамыз. Әр бала өзіне ұнаған затты таңдап, оны магнитпен
тексереді. Магнитке тартылатын заттарды бір бөлек, тартылмайтын
заттарды бір бөлек жинаймыз және қорытындысын кестеге
түсіреміз. І
топқа: ойыншық, қарындаш,
шеге,
магнит.
ІІ
топқа: түйреуіш, пластмасса түймелер,
ойыншық, темір қасық.
ІІІ
топқа: темір сым, пластмасса
түймелер, қарындаш, ойыншық.
Кесте:
Ресурс
|
Тартылады
|
Тартылмайды
|
Ойыншық
|
|
-
|
Қарындаш
|
|
-
|
Шеге
|
+
|
|
Түйреуіш
|
+
|
|
Темір
қасық
|
+
|
|
Пластмасса
түймелер
|
|
-
|
Магнит
|
+
|
|
Қ.Б өзара бағалау «плюс,
минус». Топтар бірін-бірі бағалайды.
Ұжыммен бірге орындау.
Сергіту сәті.
Оқушыларды жұптастырып,
бір-біріне арқаларын тигізіп тұрғызу.
“Сендер тебілдіңдер ме
әлде тартылдыңдар ма?”
“Тебілеміз!”
Осыдан кейін оқушылар
бір-біріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін өздеріне
тартуға тырысады.
“Сендер тебілдіңдер ме әлде
тартылдыңдар ма?” “Тартыламыз!”
Топтық жұмыс. Тапсырма
арқылы саралау «Ақиқат және жалған»
әдісі.
Тапсырма: Оқушылар мәтінді оқиды. Мәтін
бойынша әр топқа берілген сөйлемдердің ақиқат немесе жалған екенін
растайды.
Ұсынылған
мәтін.
Магниттерді техника мен
тұрмыста қолданады. Магниттік құралдармен зауыттарда ауыр жүктерді
көтереді, магниттік құралдарды ауруханаларда емдеу мен диагностика
жасау үшін пайдаланады, жүректің соғысын көруге болады, магнит
терапия арқылы адамның бойындағы кейбір ауруды осы магниттің
көмегімен алады. Сонымен қатар балалардың мұрындарына, құлақтарына
кішкентай нәрсе кіріп кеткен кезде, оларды алу үшін магниттік
аппараттар пайдаланылады.
Магниттер адамдарға кеңістікті
бағдарлауға көмектеседі (компаста болады), магниттің көмегімен
телефон трубкасынан дауыс естіледі және теледидар, компьютер де
магниттің көмегімен жұмыс істейді, сонымен қатар пластик
карточкаларға магниттеу арқылы ақпараттар
жазылады.
І
топ: Магнитті техника мен тұрмыста
қолданады. (ақикат) Магниттік құралдармен зауыттарда жеңіл заттарды
көтереді. (жалған) Магниттік құралдармен зауыттарда ауыр заттарды
көтереді. (ақиқат)
ІІ
топ: Магнит терапия адамның
бойындағы ауруды көрсете алмайды. (жалған) Магниттік құралдарды
ауруханаларда емдеу мен диагностика жасау үшін пайдаланады.
(ақиқат) Жүректің соғысын магниттік терапияда көрінбейді.
(жалған).
ІІІ
топ: Магниттер адамдарға кеңістікті
бағдарлауға көмектеседі (ақиқат). Телефон, теледидар, компьютерде
ешқандай магнит жоқ. (жалған)
(С деңгейіндегі балалар
магнитті күнделікті өмірде қолдануын
әңгімелейді)
Қ.Б. топтар бір-бірін өзара
бағалау «Жұлдызша»
Қалыптастырушы бағалауға
арналған тапсырма.
Бағалау
критерийі Білім
алушы
Магниттік қасиеті бар
денелерді анықтайды.
Т
апсырма: Магнитке тартылатын және
тартылмайтын денелерді сәйкестендір:
Дескриптор Білім
алушы
- тартылатын денелерді (кілт,
скрепка,) «тартылады» сөзімен
сәйкестендіреді.
- тартылмайтын денелерді (доп,
пирамида, камаз ойыншықтары) «тартылмайды» сөзімен
сәйкестендіреді.
ҚБ
Өзара бағалау (тақтада дұрыс
жауабы көрсетіледі)
|