Материалдар / "Махамбет ауданының мал шаруашылығының өркендеі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Махамбет ауданының мал шаруашылығының өркендеі"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқушы үшінде мұғалім үшінде пайдаға асады деген ойдамын,Материалда Америа құрама штаттарынан келген сиырлар туралы болмақ.Сонымен қатар сиырлардың кұтімі жөнінде,қахарлы қыс уакытында қалай аман шығуы туралы болмақ,Шет елден келген ала сиырлардың жерсіндірілуі,олардың күтімі және қандай дәрумендер қолданады олар кайдан әкелінедң?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
638
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Атырау облысы

Махамбет ауданы

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы





Нұрланұлы Орынбек

9 -сынып оқушысы

Махамбет ауданының мал шаруашылығының өркендеуі

Бағыты: Ғылыми- техникалық прогресс-экономикалық өсудің негізгі буыны

Секциясы:Экономика



Жетекшісі: география пәні

мұғалімі Кисина Айгерім













Махамбет 2014 жыл







Мазмұны



I Кіріспе............................................................................................... 3


II Зерттеу бөлімі.................................................................................4


  1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы Жолдауындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тапсырмасының ауданда орындалу барысы”

  2. Махамбет ауданында мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарындағы атқарылып жатқан жұмыстар

3. Малды азықтандыру жолдары


III Қорытынды.................................................................................20

IV Пайдаланған әдебиеттер ...........................................................21


























Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Ақжігітова Ақбөбектің «Махамбет ауданының экологиялық проблемалары» атты іздену жұмысына



Пікір


«Өлкетану » секциясына ұсынылып отырған Ақжігітова Ақбөбектің баяндамасы алдына қойған мақсатын толығымен орындаған. Табиғи қоршаған орта- адамның өмір сүру іс- әрекетіне және оның қажеттілігін қанағаттандыратын, тірі және өлі табиғат объектілерінің, өзін қоршаған ортасының бөліктері. Экология табиғат туралы кешенді ұғымға жатады.Осы ұғымдарды аша білген.

Жұмыс жүйелі жазылып ,ғылыми жоба жүмыстарының талаптарына сай орындалған.Зерттеу нәтижесін баяндауда жүйелік сақталған.Жұмысты оқушылардың ғылыми жобаларда қорғауына ұсынуға болады.





Мектеп-гимназия директоры: М.Есенғалиев


Пікір жазған: География пәнінің мұғалімі Кисина А
















Кірісп

Махамбет – негізінен ауыл шаруашылығы саласы кең өрістеген аудан. Мұнда өзге ау­дандардағы секілді мұнай-газ кеніштері жоқ. Соған қара­мастан, бұл аудан мал және егін шаруашылықтарын дамы­ту арқылы да көштен қалмай­ты­нын дәлелдеп отыр. Өйт­кені, Махамбет ауданының же­рі шұрайлы, яғни, төрт тү­лік­ті өз төлі есебінен көбей­туге де, сонымен қатар, көк­өніс және бақша дақылдарын өсіруге де қолайлы. Соңғы жыл­дары ауданның ауыл ша­руа­шылығы саласында жұмыс жасайтын 2 өндірістік коопе­ра­тив, 3 серіктестік және 615 шаруа қожалығындағы төрт түлік саны артып келеді. Де­рек­ке сүйенер болсақ, ауыл ша­руашылығы құрылымда­рында 19063 мүйізді ірі қара,56103қой-ешкі, 3610 жылқы, 3321 түйе бағылуда. Әлемдік қауымдастыққа бет бұрған еліміздің әр өңі­рінде, әр ауданында азық-тү­лік қауіпсіздігіне баса мән бе­ріліп отыр. Соған орай, ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін ау­данда тиісті қадамдар жа­сау­дамыз. Сол сияқты мал азығын дайындаудың қиындығына байланысты көлтабандарды игеру, көпжылдық малазықтық екпе шөптер егуді ұйымдастыру мақсатында шаруашылық құрылымдары басшыларымен 18 наурыз күні мәжіліс өткізілді. Нәтижесінде 70 гектар жерге көпжылдық малазықтық екпелі шөптер егіліп, 150 гектар көлтабан игерілді.

Бұлардан басқа сәуір айында несиелеу мәселесі жөнінде мәжіліс өткізілсе, 25 мамырда облыс әкімінің орынбасары С.Айдарбековтің ауданға келуіне байланысты шаруашылық басшыларының, кәсіпкерлердің атысымен жиналыс ұйымдастырылып, 9 маусым күні облыстық ауылшаруашылығы мен «Атыраусушар» РМК-ның мамандырының қатысымен суармалы жерге су беруді субсидиялауға өзгеріс болуына байланысты мәжіліс өтті.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес ауылшаруашылығы бойынша жобаларды анықтау мақсатында шаруашылық құрылымдары басшыларымен, селолық округ әкімдерімен бірнеше ет кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде күні бүгінге 5, 14 шағын ауыл шаруашылығы жобалары анықталып отыр. Бұл жұмыс одан әрі жалғастырылады.

Есепті мерзімде ауданда 1 өндірістік кооператив («Мұра»), 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («АКС Мұнайгрупп», «Самал», «Первомайский»), 615 шаруа қожалықтары есепте болды. Жылдан-жылға мал басы, егістік көлемі өсіп келеді.

Өткен жылы шаруа қожалықтарының жерді пайдалануы жөнінде түгендеу жүргізеді. Нәтижесінде 327 шаруа қожалығының 40012 гектар жерді пайдаланбай отырғандары анықталып, оларды мемлекет иелігіне қайтару шарасы алынуда.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 19063 басқа, қой-ешкі 56103 басқа, жылқы 3610 басқа, түйе 3321 басқа

жетіп, барлығы 4 пайызға өсті. Сонымен қатар мал өнімдерін өндіру көлемі артып 4994 тн ет, 7952 тн сүт өндіріліп, өнім көлемі 3,7 пайызға артты.

Биылғы жылы егістік көлемі 1300,0 гектарға жетіп, 4500 тонна картоп, 5269 тонна бақша, 10955 тонна көкөніс өнімдері өндірілді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда көкөніс 1422 тн, бақша 2675 тн артық өндірілді.

Соңғы жылдары Үкімет тарапынан ауылшаруашылығы өнімдеріне субсидия, тыңайтқыш, жанар-жағармай алуға жеңілдіктер берілуде. Өткен жылы да бұл жеңілдіктер беру жалғасын тауып, 19 шаруашылыққа 696 тонна 50 пайыз жеңілдетілген бағамен (19,3 млн теңге) минералды тыңайтқыштарға, сұраныс беріліп, тауар жеткізушілермен келісім-шарт жасалып, түгел жеткізілді. Сонымен қатар «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорына шағын несие алуға 45 тұрғыннан 37 миллион теңгеге сұраныстар беріліп, 67 тұрғынға 39,1 млн теңге несие берілді. Шаруашылықтардың өтініштеріне сай аудан әкімінің шешімімен құрылған ведомствоаралық комиссиямен егіс алқаптарындағы жеміс ағаштары алаңдарындағы, нақты егілген егіс көлемі анықталып, шаруашылықтардың егілген егіс өнімдеріне қажетті құжаттары жасақталды. Суармалы суды пайдаланған 37 шаруашылыққа 83,6 млн теңге, жеміс ағаштарын еккен 3 шаруашылықтарға 6,6 млн теңге субсидия төленсе, егін салған 35 шаруашылыққа 12,9 млн теңге субсидия төленді.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға баса назар аударылып, шикізатты қайта өңдеуді арттыру, жаңа технологияларды өндіріске енгізу міндеттелген.

Қазіргі кезде «1 Мамыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, сүт өңдеу, оны тетропакеттерге құю, «Аймира» шаруа қожалығының түшпара шығару цехтары жұмыс жасайды.

Соңғы жылдары Жайық өзеніндегі су мөлшерінің азайып, су тапшылығына байланысты суды үнемдеу күн тәртібіне қойылып отырған жағдайда егістікке, жылыжайларға, жеміс ағаштарын өсіруге тамшылатып суару технологиясын енгізуге бетбұрыс жасалуда.

Осы озық технологиямен «Райхан» шаруа қожалығы 75 гектар егістігі мен 400 шаршы метр жылыжайы, 5 гектар жеміс ағаштары, «Атырауагроөнімдері» 114 гектар жеміс ағаштарымен, 15 гектар жүзім барлығы 124 гектар егістігі суландырылады.

Шаруагерлердің өндірген егіс өнімдерінің бұзылмай мезгілінде өткізулері үшін Атырау қаласы әкімшілігімен келісіліп Атырау қаласындағы Дина, Көктем базарларынан және қаланың халық көп жиналатын Авангард, Балықшы, Вокзал маңы мөлтек аудандарындағы алаңдарда автокөлікпен апарып сатты.

2011 жылы 79 рет жәрмеңке өткізіліп, 44,2 млн теңгенің өнімдері тиімді бағамен сатылды. Аудан тұрғындарын жыл бойы тұрақты сапалы ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өнім сақтайтын қоймалардың маңызы зор.

Осы мақсатта аудан бойынша барлық сиымдылығы 3650 тонналық 6 қойма жұмыс жасайды. Бұл қоймаларда осы жылдың қысында 1500 тоннадай көкөніс, картоп дақылдары сақталып, қыс, көктем айларында сату ұйымдастырылады.

Сонымен қатар ауданда «1 Мамыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Райхан, Раушан, Дастан, Кеніш, Атырауагроөнімдері шаруа қожалықтарының жылыжайлары маусымдық жұмыс жасайды.

Ауданда соңғы жылдарғы құрғақшылық салдарынан мал азығын дайындау үлкен қиындықпен жүзеге асырылып келеді. Бірақ өткен жылы 71294,0 тонна мал азығы дайындалды.

Мал азығын дайындауға өткен жылы Батыс Қазақстан облысының «Жаңақала» ауданынан «Байгожин», «Дастан», «Гилимов» ШҚ Қызылқоға ауданынан пішен бригадасы жаз,күз айларында сол жақтан мал азыын дайындап аудан тұрғындарына әкеліп сатты.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласы бойынша өткен жылы барлық көрсеткіштері бойынша өсім болып, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,6 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы жылға қарағанда 34,7 пайызға артты. Осының нәтижесінде жыл қортындысымен әлеуметтік-экономикалық даму серпіні бойынша рейтингілік көрсеткіштегі «Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісінің нақты көлемінің индексі» бойынша аудан бірінші орынды иеленді.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі ҚР Президентінің «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыруда жоспарлы жұмысты жүзеге асырып, ауыл шаруашылығы жобаларын нақтылап, іс жүзіне асуына ықпал етуді жоспарлап отыр :

1. «АтырауАгроөнімдері» ШҚ құс, шошқа фермаларн қабылдап, жұмысқа қосу;

2. «Райхан» ШҚ 500 бастық ірі қара малын бордақылау алаңын салып бітіру;

3. «СарытоғайАгроЛТД» ЖШС 2 га жылыжайы құрылысын бітіріп, іске қосу.

4. «Махамбет» СТК шағын сүт өңдеу цехын іске қосу.

5. «Ким» ШҚ жылыжайын өсіріп 1 гектарға жеткізу.

6. Дилманов Жұмабайға Сарытоғайдан жер алып беріп, жылыжай салуына ықпал ету.

7. «Бақсай» селолық округі көлемінен «Феликс» шаруа қожалығы 70 га жерді тамшылатып суару әдісімен егін егуіне ықпал ету.

Жалпы алдағы уақытта да, аудан, облыс халқын сапалы ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында мал өнімдерін өсірумен қатар, егістіктің көлемін ұлғайтып, одан алынатын өнімді арттыру, өндіріске жаңа технологиялар енгізу, мал тұқымын асылдандыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының тұрақты болуы үнемі назарда ұсталып келеді.

2012 жылы аудан көлемінде азық-түлік тауарлары мен ауылшаруашылығы өнімдерінің бағаларын негізсіз өсірмеу мақсатында 67 кәсіпкерлермен меморандумға қол қойылды. Оның ішінде 57 азық-түлік дүкенімен, 6 наубайхана басшыларымен және 3 ет сататын дүкендер.

Осы жылдың ішінде аудан орталығында 25 рет жәрмеңке ұйымдастырылып, 7,8 млн теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері тиімді бағамен сатылды. Атап айтқанда «Нарын» базарында сенбі күндері үлкен жәрмеңке ұйымдастырылуы әдетке айналды. Сонымен қатар Махамбет селосының орталығында күнде «Нарын» базарының ішінде «Сиджанов Мүбин» шаруа қожалығы өзінің егіс өнімдерін және «Жантөре» дүкенінде «Амантұрлы» шаруа қожалығы егіс өнімдерін жәрмеңке бағасымен сатуда.

Аудан халқын азық-түлікпен қамтамасыз етуде қазіргі уақытта 92 азық-түлік дүкені, 6 наубайхана және 3 ет дүкені жұмысын жасайды. Азық-түлік тауарларының бағаларына күнде мониторинг жүргізіліп, олардың негізсіз өсуіне жол бермеу қатаң бақылауда.

Аудан тұрғындарын тұрақты және арзан бағалы ауылшаруашылығы өнімдерімен жыл бойына қамтамасыз ету үшін белгіленген нормативке сәйкес азық-түлік тауарларының қажетті көлемі, соның ішінде нақты аптаға, 1 айға, жылға қажетті мөлшері есептелініп шығарылды. Айына бір рет сауда орындарындағы азық-түлік тауарларының қорлары алынады.

Аудан азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға тауарларды арзан бағамен қамтамасыз ететін «Агросервис» ЖШС-нан азық-түлікті тасымалдаушы операторлар болып жеке кәсіпкерлер белгіленіп жұмыстарын бастап жатыр. Жайық өзенінің қос жаға­лауына қоныс тепкен бұл ау­данда шаруа қожалықтарының бірігіп несие серіктестіктерін құруға жасаған талпынысы қуантарлық. Былтыр осындай 18 шаруа қожалығы “Фин­АгриКо” несие серіктестігінің құрылуына құрылтайшылық етіпті. Аудандағы жаңа несие серіктестігі арқылы 4 шаруа қожалығына жеңілдетілген өсім­мен 5,3 миллион теңге несие берілген. Ал биыл 10 шаруа қожалығы және бір жаңа құрылымның еңсе тіктеуіне бастамашы болыпты. Оның атауы алғашқысынан өзгеше – “Махамбет” ауыл­дық тұтынушылар кооперативі деп аталады. Мұның бастапқы қадамы өнім өңдеумен бай­ланысты болатыны байқалуда. Олай дейтініміз, ауылдық тұ­ты­нушылар кооперативі 25 миллион теңгенесиеге “Қор­ған” шаруа қожалығының не­гізінде сүт өңдеу цехын іске қосуды көздепті.Рас, бұл ауданда көкөніс дақылдарын егуге ынта қойып отырғандар көп. Жермен тал­май жұмыс жасаудың баста­уын­да алдымен, тәуелсіздік алған жылдары Марат Рахатов деген іскер басшы тұрғанын махамбеттіктер ұмытпайды. Ша­руаның, жер өңдеу техно­логиясының жай-жапсарын жақсы білетін ол “Раушан” шаруа қожалығын құрып, тек ауданда емес, өңірде көкөніс өнімдерін жылыжайда тамшы­латып суару әдісімен өсіруге алғаш бет бұрған еді. Қазір оның осындай жаңашыл қа­дамын “1 Мамыр” серіктестігі, “Дастан”, “Салтанат”, “Қор­ған” шаруа қожалықтары сәтті жалғастыруда. Тамшылата суа­ратын жаңашыл технология­мен көкөніс түрлерін өсіруге қадам жасағандар қатарына және бір шаруа қожалығы қосылды. Ақтоғай ауылында іскер әйелдердің бірі Райхан Бөлекованың жетекшілігімен құрылған “Райхан” шаруа қожалығында да ол өз жемісін бере бастады. Негізінде шаруа қожалығы 2005 жылы құры­лып, оған “НефтеСтрой­Сер­вис” серіктестігі құрыл­тайшы ретінде 108 миллион теңгеден астам инвестиция салыпты. Бұл қаржыға қожалық жетек­шілері түрлі ауылшаруашылық техникаларына қоса көкөніс өсіретін алқапқа агротехни­ка­лық шаралар жүргізген. Бұған қоса 39 миллион теңге несиеге израильдік тамшылатып суару технологиясын орнатқан.Қазір қожалықта 25 адам тұрақты жұмыспен қамты­лып­ты. Алайда, көктемгі және күз­гі науқандық жұмыстар ке­зінде бұлардың қатары ауыл адамдарымен әлдеқайда арта­ды. Тұрақты жұмыс жасаушы­ларға айына 50-60 мың тең­геден, ал маусымдық кезеңде уақытша еңбекке тартылған­дар­ға күніне 800 теңгеден жа­лақы төленеді. Былтыр 50 гек­тарға көкөніс егілсе, биыл егін­дік алқаптың аумағы 60 гектарға жетті. Шаруагер әйел Райхан Бөлекованың айтуын­ша, аталған аумаққа маңдай термен егілген көкөніс, бақша, картоп өнімдерінің шығымды­лығы арта бастаған. Мәселен, биыл 5 гектар аумақтан 240 тон­на қарбыз, 1 гектарға егіл­ген баклажаннан 62 тонна, 4 гектарда өсірілген қызылша­дан 162 тонна өнім жиналғаны осыған дәлел. Мұның сыртын­да 200 тонна жуа да жиналған. Өнімнің дені, мәселен, күніне 15-20 тоннасы “Теңізшев­ройл” бірлескен кәсіпорны­ның асханасына тапсырылады. Бұдан өзге өңір орталығында “Дина” базары арқылы тұр­ғындарға қолайлы бағамен сатылып келеді.Шындығын айту керек, өңір орталығындағы тұтыну­шы­ларды сапалы көкөніс, бақ­ша дақылдарымен қамтуда Махамбет ауданының үлесі молая түсуде. Мұны Атырау қа­ласындағы “Көктем”, “Ди­на”, “Мұрагер” сауда орта­лықтарында апта сайын өтетін ауыл шаруашылығы өнімдері­нің жәрмеңкесінен байқап жүр­міз. Махамбеттік шаруа­гер­лер өңір орталығындағы жәрмеңкеге өз тауарларын қыс айларында да ұсына алады. Демек, Махамбет ауданында өн­дірілетін ауыл шаруашы­лы­ғы өнімдері Атырау қаласы­ның азық-түлік белдеуін құ­руға негіз қалайды дей аламыз.Батыр бабамыз есімімен аталатын біздің аудан облыс орталығына жақын Жайық бойын жағалай орналасқан. Ауданымызда 1 өндірістік кооператив, 3 ЖШС, 615 шаруа қожалығы бар. Биылғы жылдың он айында ауданда 19989 бас мүйізді ірі қара, 64436 бас қой ешкі, 3920 бас жылқы, 3342 бас түйе, 8234 бас құс өсіріліп отыр. Осы жылдың басынан бері 3744 тонна ет, 7483 тонна сүт, 191100 дана жұмыртқа, 49 тонна жүн өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал басы 4 пайызға өсіп, мал өнімдері 3 пайызға артты. Биыл 1300 гектар жерге егін егіліп, егін жинау сәтті аяқталды. 4500 тн картоп, 5200 тн бақша, 10500 тн көкөніс өндірілді.Күні кеше біз Астанадағы Форумнан келдік. Елбасы Ауыл шаруашылығына үлкен мән берілетінін айтып, бізді жаңа табыстарға жігерлендірді, ауыл шаруашылығына, фермерлерге агроинновацияны кеңінен енгізуге жол ашу керектігін, жаңа өнімді технологияларды енгізу, сол арқылы саланы дамытуға және отандық өнімдердің сапасы мен өнімділігін арттыруға шақырды. Біз де осы тапсырмаларды орындауға күш салудамыз. Ауданымыздағы «1-Мамыр» ЖШС сүтті өңдеп, тетрапакеттерге құйып, «Аймира» ШҚ тұшпара өнімдерін дайындау цехтары қалыпты жұмыс жасап, қазір аудан халқын, жабық мекемелерді қамтамасыз етіп келеді.Өндіріске жаңа технологияларды енгізуде де игі істеріміз бар. Қазіргі кезде «Райхан», «Атырауагроөнімдері» шаруа қожалықтары егістіктер мен жеміс ағаштарын, жылыжайларын тамшылатып суару технологиясы бойынша өсіруде. Ауданда 3650 тонналық 6 қойма жұмыс жасайды. Олар қыс, көктем кезінде аудан және қала халқын сапалы өніммен қамтитын болады.Биылғы жылы картоп, көкөніс, бақша дақылдары, жеміс-жидектерді мол өсіру бағытында оларға да егіс көлемі ұлғайтылуда, соның ішінде тамшылатып суару әдісі бойынша егін егу көлемі де жылдан жылға артып келеді. Қазір бұл әдісті «Райхан», «Атырауагроөнімдері», «Жұмағалиев», «Дастан», басқа да көптеген шаруа қожалықтары пайдаланып, одан мол өнім алуды қамтамасыз етіп келеді. Жалпы, облыс бойынша қазірде 270-тің шамасында егін шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтар бар екен.Облыстың ауыл шаруашылығы бойынша осал жері–жемшөп дайындау. Осы мәселені біраз көлемде тиянақтау мақсатында биыл жоңышқа егуді жоспарлап отырған шаруашылықтар бар және аталған бағытта шаруашылықтарға субсидия төлеу де жергілікті бюджет арқылы ұйымдастырылып отыр. Осы жылы егілетін көпжылдық мал азықтық бұршақ тұқымдас шөптерге (жоңышқа) гектарына 45 мың теңге субсидия беріледі. Бұл қомақты қолдау екені көрініп тұр. Жоңышқаны бір маусымда бірнеше рет орып алуға болатындықтан мамандар тарапынан ол жемшөп қорын жасақтауға септігін тигізеді деген болжам жасалынып отыр.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің минералдық тыңайтқыштар түрлеріне де сұраныстар нақтыланып, өндіруші, жеткізуші мекемелерден арнайы бюджеттік бағдарлама аясында 50% жеңілдікпен сатып алуға шарттар жасақталуда. Соған сәйкес облысқа барлығы 985 тонна минералдық тыңайтқыштардың 10 түрі жеңілдікпен сатып алынатын болады. Оның ішінде аммиак селитрасы, аммофос, хлорлы калий, калий сульфаты, нитрат кальцийі, т.б. бар. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 26 млн. теңге бөлініп, облыстық мәслихат шешімімен бекітіліп отыр. Ал, бұл субсидияға сұраныс бергендері–Атырау қаласы, Жылыой, Индер, Махамбет аудандары.Әрине, жоғарыда айтып өткеніміздей, көктемгі егіс жұмыстарына дайындықтың бір парасы ол–тұқым әзірлеу. Жанкелді Нұржанұлының айтуынша, облыста негізгі шаруашылықтар көкөніс-бақша дақылдары тұқымдарымен толықтай қамтамасыз етіліп отыр, бұл орайда біздің аймаққа қолайлы тұқымдар сатып алуда Ресей мемлекетінің көршілес Астрахан облысы шаруашылықтарымен көпжылдық тығыз байланыстар орнаған. Сонымен қатар, «дәнді дақылдар (арпа), майлы дақылдар (мақсары) тұқымдары толық сатылып алынды. Жалпы тұқыммен қамтылуда қиыншылықтар болмайды» дейді басқарма басшысы.

Көктемгі дала жұмыстарын атқару барысында қажетті техника мен ауыл шаруашылығы машиналарының дайындығы бүгінгі күнде 91% көрсеткішті құрап отыр, бұл жұмыстарға облыс бойынша барлығы 450-дей техника жұмылдырылмақ. Сондай-ақ, шаруашылықтарды жеңілдікпен жанар-жағармаймен қамтамасыз ету де ескеріліп отыр. Жеңілдікпен дизель отынын жеткізуші оператор болып танылған «Алдияров» ЖК ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дизель отынының әр литрін 82 теңгеден шаруашылықтарға өзінің көліктерімен арнайы жеткізіп беруді қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстарға да жергілікті бюджеттен Атырау қаласы мен облыстың алты ауданына 58 млн. 470 мың теңге қаралып отыр.

Субсидия нормативтеріне сәйкес, әр гектарына картопқа (дәстүрлі технология бойынша) 20 мың, тамшылатып суару бойынша 24 мың теңге, көкөніс және бақша дақылдарына дәстүрлі технология бойынша 15 мың, ал тамшылатып суару бойынша 24 мың теңге беріледі. Тамшылатып суарудың шығыны көп болғандықтан, оларға берілетін субсидия көлемі де басқаларынан көбірек. Ал, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар нормативіне сәйкес жеміс ағаштарына, соның ішінде алма ағашына егіс көлеміне қарай берілмек. Мемлекет тарапынан субсидияға берілген жеңілдіктер шаруашылықтардың азық-түлік молшылығын жасақтауына жәрдем болары сөзсіз. Сол себепті, шаруагерлердің білікті де білімді болғаны жөн-ақ, әйтпесе тегін келген екен деп бос ысырап қылуға тағы болмайды. Мемлекет қолына кетпен-күрегін ұстаған диқанға жағдай жасап, шаруасын әртараптандыру арқылы өнімін ұлғайтуға көмек қолын созуда.

Бір айта кетерлігі, биыл қыс қатты болып, қар көлемі жылдағы мөлшерден көп болды, салқындық әлі де бар. Егістік жерлерді аралап қайтқан басқарма мамандарының айтуынша, кей жерлерде қар суы әлі де кеппеген. Соған байланысты қазір арнайы бөлмелерде тұқым өсірумен айналысып отырған шаруагерлер, сәуірдің ортасына таман дала төсіне шығып, жаппай жер жырту, тұқым себу ісіне кіріспек.

«Дастан» шаруа қожалығының өнімі сатылымда
Қазір егіннің қызған шағы, соған орай, дала төсінде тынымсыз еңбек майданы жүріп жатыр. Бақша өнімдері, жеміс-жидектер базарларға шығарылып, сатылуда. Соның ішінде қарбыз да бар. Бірақ, «оңтүстіктің қарбыздары», «сырттан әкелінген ғой» деп жүргенімізде, «Атыраудың да қарбыздары пісіп қалыпты» деген хабар «дүңк» ете түсті. Негізінде, жергілікті қарбыздар шілденің аяғы, тамыздың басында пісетін еді, бұл қалай ерте піскен екен деген ойға қалғанымыз рас. Осыны білу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласып, қожалықтың мекен-жайын сұрап білдік. Махамбеттік «Дастан» шаруа қожалығының өнімі екен. Қожалық басшысына телефон арқылы хабарласып, егін басын көргіміз келетінін жеткіздік. Ерманов Қоныс деген азамат екен, тілегімізді құп көріп, көлігімен апарып-келуге құлықты екенін танытты.
Жолшыбай қожалық басшысымен әңгімелесіп, «жол қысқартып» келеміз.
- Қонеке, шыны керек, сенер-сенбесімізді білмей келе жатырмыз, Атырауда қарбызды ауызға салатын кез тамыздың басы еді, — дейміз күмәндана қарап.
- Бұрын солай болғаны рас, бүгінде басқаша ғой. Қазір өздеріңіз оған көз жеткізесіздер, — дейді ол жымия күліп.
«Дастан» шаруа қожалығы 2002 жылы құрылған екен, ілкіде картоп егуден бастап, бірте-бірте басқа да бақша дақылдарын өсіруге машықтана бастапты. Қожалық жерінің жалпы көлемі–1476 гектар. Биылғы егілген егін көлемі 30 гектар шамасында, онда қауын-қарбыз, қияр, қызанақ, сәбіз, бұршақ, т.б. дақылдар бар. Мың жарымдай түп әртүрлі жеміс ағаштарын: алманың бірнеше сорты, алмұрт, шие, өрік, т.б. отырғызыпты. Келесі жылы олар жеміс бере бастайды екен.
- Біз басынан қай дақылдың да ерте пісетін түрін қолға алуды ойладық. Тұқымдарды Волгоградтан аламыз, олардың климаты бізге ұқсас екенін де айта кеткен жөн. Сонан соң қарбыздың тұқымын ақпанның 26-да жылыжайда отырғызып, оны сәуірдің орта шеніне қарай далаға егіске шығарамыз. Біздің қолданатынымыз — «пленка әдісі». Яғни, тұқымды отырғызғаннан кейін, оның бетін пленкамен жабамыз, тек тамырының түбін ғана тесеміз. Сонда ол әрі жылылықты бойында ұстап тұрады, әрі ылғалдылығын сақтайды және арамшөп өсірмейді. Біз үшін ауа райын күнделікті бақылап отыру өте маңызды. Күнтізбе бойынша әр күнде не еккенімізді, ауа райының қалай болғанын қағазға жазып, тексеріп отырамыз. Әр түптің түбін қопарып отыру, оған су жіберіп, топырақ мөлшерін, ауаның жетімділігін, күннің түсуін қадағалап отыру үлкен қажырлылықты, шыдамдылықты талап етеді. Онсыз егінің бітік шықпайды ғой. Міне, сол сәуірде отырғызған түптеріміз әбден бой алып кеткенше күн сайын баптап отырамыз. Екі айдан аса уақытта қарбыздарымыз толықтай пісіп жетіледі. «Ерте отырғызу» (ранняя посадка) дегеннің нәтижесі сол, шілденің екісінде алғашқы өнімдерімізді жинадық. Бір қызығы, базарға апарсақ, тұтынушылар жергілікті қарбыз дегенге сенбейді. «Шымкенттікі ғой, біздің қарбыздар әлі піскен жоқ, неге алдап сатасыңдар» деген де әңгіме айтқандары болды. Өздеріңіз көріп отырсыздар ғой, піскен қарбыздарды, міне, жинап жатырмыз. Айдың басында қала-аудандағы сауда нүктелерімізге, соның ішінде «Көктем», «Дина» базарларына 10 тоннадай қарбыз жөнелттік, — дейді Қоныс аға. Дәмін де татып көрдік. Тұрқы сопақша келген екен. Күн астында жатқандықтан жылымықтау демесең, дәмі тамаша. Қарбыздың «Леди», «Крисби» деген сорттарының әбден піскендігіне көзіміз жетті. Тұқымдар негізінен Голландиядан әкелінеді екен.
Өнімдерді тасымалдаудың да қиындығын көрдік. Жайықтың Азия бетінің жолы жаман, сондықтанда Еуропа бетпен жүру үшін, қарбыз, қауын, қырыққабат, басқа да тонналаған өнімдер Камазбен жағаға әкелінеді. Одан арғы бетке қайыққа тиеліп тасылады, сонан соң тағы да көлікке тиеледі. Өнімді бүлдірмей тасымалдау үшін қожалық иелері барлық қиындыққа төтеп беріп отыр.
Шаруашылықта 0,6 гектар көлемде жылыжай бар екен, тұқымдар сонда өсіріліп, жетіледі. Өткен жылы облыс әкімі Б.Рысқалиевтың қатысуымен «Райхан» шаруа қожалығында ауыл шаруашылығы құрылымдарының семинары өткен-ді. Сонда аталған шаруашылықтың тамшылатып суару әдісі насихатталып, оның тиімділігі айтылған болатын. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Сырым Рысқалиев «Дастан» шаруа қожалығына осы әдіспен жұмыс жасап көруді ұсыныпты.
- Басқарма басшысы осы саланың маманы да ғой, сондықтан да оның ұсынысын құп алып, биылдан бастап екі гектар жерге тамшылатып суару әдісін қолданып көруді ойладық. Әуелі аздан бастап көрейік, пайдасы қандай болады, қиын тұстары бола ма деген оймен. Бірақ, әзірге жаман емес, алға қарай тұтастай осы әдіске көшу жоспарымыз бар. Негізі бұрын егінді арық арқылы су жіберіп, суарып келдік. Онда су көп кетеді, әрі арамшөп мол шығады, оны уақтылы жұлып отыру керек. Ал, мына әдістің тиімділігі сол, су 16 есеге аз шығындалады, арамшөп деген болмайды,- дейді Қоныс Ерманов.
Қожалық егіннен бөлек, мал шаруашылығымен де айналысады, мыңнан аса қой, екі жүздей сиыр, жылқы, түйесі бар, құс та өсіріледі, Тіпті, «бесінші түлік» аталып кеткен шошқа да бар.
«Мың рет естігенше, бір рет көрген артық» дегендей, Махамбет ауданының Ақжайық селолық округіндегі (халық мұны 8-ші ауыл деп те атайды) шаруа қожалығына сапарымыздың барысы осылай болды. Атырауда да шілденің басында қарбыз пісетінін енді біліп жүретін болдық. Бір айта кетерлігі, мұндай тәуекелге барған тек осы шаруашылық екен.
Әзірге, қарбыздың шығымы жақсы. Енді бір айдан кейін «Продюссер» деп аталатын домалақ қарбыздар да піседі. Олардың дәмі бұдан да тәтті болады екен. Бұйыртса, атыраулықтардың дастарханына «Дастан» шаруа қожалығының бұл қарбыздары да жеткізілмек.

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады. Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі — ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледіШошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған

Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады. Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.[1]

Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км2-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.[1]

Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.

Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтарын Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, Оңтүстік Африка.Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді.19 ғасырдың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек Торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос қой тұқымдарын ала келді. 1913 жылы қазіргі Қазақстан жерінде 19,6 миллион уақ мал болды. Азамат соғысы жылдары өзге түліктермен бірге қой саны да барынша азайып (1920 жылы – 8,8 миллион), елдегі мал шаруашылығына үлкен нұқсан келтірілді. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928 жылға дейін дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Сол жылғы үкімет қаулысынан кейін елдегі ірі байларды жаппай кәмпескелеудің соңы мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын да қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 – 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді. 1936 жылы республикада небәрі 4,3 миллион қой қалды.

Күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығының қарқынды дамуына тежеу салынып, 1928 – 85 жылға дейінгі аралықта қой шаруашылығының кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды. Қой тұқымдарының санымен қатар сапасын да көтеру шараларының нәтижесінде 1960 жылы республикадағы барлық койдың 84,6%-ы, 1974 жылы 99,99%-ы, 1980 жылы 100%-ы асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 – 70 жылы уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен – 471,3 мың тонна, 1981 – 83 жылы – 493,3 мың тоннға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары – қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, тағыда басқа шығарылды. 1984 жылдың басында Қазақстанда 36567,8 мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды.
Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қой шаруашылығы, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой тұқымдары мен шетелдік тұқымдар: австралия мериносы, австралия корриделі, линкольн қойы, ромни-марш қойлары, тағыда басқа пайдаланылды.

Қазақстанда қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биологиялық ерекшеліктері, тағыда басқа байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңтүстік таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңтүстік және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылығытары болды.

Алайда экономиканың өзге салалары секілді қой шаруашылығы да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 миллионға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып-тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру,тағыда басқа мәселелер кенже қалды.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен қой шаруашылығындағы кейбір сәтсіз реформалар нәтижесінде қой шаруашылығыелеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 миллион уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Республикада қой шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеулер жұмыстарымен Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, тағыда басқа айналысады.

Қой қолтұқымдары

Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті- майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір табиғи аймақтарын бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген. Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға - еділбай, баданалы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында өсірілген. Денесі ірі және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты қоңыр қой өсірілді. Әрбір аймақтық табиғи жағдайына бейімделген қолтұқымдарын халық ғасырлар бойы іріктеп, сақтап отырған. Монғолиядағы Баян-Өлгей аймағында VI ғасырдан әйгілі болған қолтұқым - қазақы қызылқой. Басқа мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап, өсіріп келеді.

Бір қора қой.Қазақстан жерінің жусанды жайылымды «қара отты» жерлері түйе мен қой өсіруге өте қолайлы. Еліміздің қой шаруашылығы саласында ерен еңбегімен құрметке бөленген, Еңбек Ері атағын екі рет алған Жазылбек Қуанышбаевты мақтан етеміз.Қазақстандағы қой шаруашылығы әрбір аймақтық табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 4 бағытта жүргізіліп келеді. Биязы жүнді қолтұқымдар жүні өте сапалы әрі жіңішке салалы биязы жүнді. Осы бағытта сегіз қой тұқымы өсіріледі. Әлемдік сұрыптау жетістіктердің бірі - Қазақстанда шығарылған арқар-меринос қойы. Ол 1934-1950 жылдары арқардың құлжасы (қошқары) мен жергілікті саулық қойларды жұптастыру арқылы алынды. Бұл - қазақстандық ғалымдар И. С. Бутарин, Ө. Есенжолов, А. Жандеркин, т.б. ұзақ жылғы ғылыми еңбектерінің жемісі.Арқар, меринос қолтұқымы таулы аймақтың табиғатына төзімді. Қазіргі кезде Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан аймақтарында өсіріледі. Қазақтың биязы жүнді қойы - 1934-1946 жылдар аралығында қазақстандық белгілі ғалым В. А. Бальмонттың жетекшілігімен шығарылды. Қолтұқым Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Оңтүстік қазақ меринос қойы - Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүнді-етті бағыттағы қолтұқым. Солтүстік қазақ меринос қойы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстанда өсіруге бейімделген. Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар.Қазақстанда бұл бағытта дегерес, қазақтың етті-жүнді, гемпшир және кроссбред қолтұқымдары өсіріледі. Дегерес қойы - етті-жүнді, әрі етті-майлы (құйрықты) бағытта шөл-шөлейтті жердің табиғатына бейімделген. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстан өңіріндеЖартылай биязы жүнді қолтұқымдарҚазақстанда бұл бағытта дегерес, қазақтың етті-жүнді, гемпшир және кроссбред қолтұқымдары өсіріледі. Дегерес қойы - етті-жүнді, әрі етті-майлы (құйрықты) бағытта шөл-шөлейтті жердің табиғатына бейімделген. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстан өңірінде де өсірілуде.Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдарҚазақстанда бұл бағытта қарғалы және саралжын қолтұқымдары өсіріледі. Қарғалы қойы қазақтың қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегерес қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Ол әрі етті, әрі жүнді мол береді. Қарағанды өңірінде өсіріледі. Саралжын қойы ертеде Түрікменстанда халықтық сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған. Жүнінің түсі ақ, жібек тәрізді талшықтары біркелкі, кілем тоқуға өте ыңғайлы. Ақтөбе алқабындағы шөлейтті жерлерде өсіріледі

Жоғарыда аталған мал шаруашылығының кең тараған басты салаларынан басқа табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне сәйкес Африка мен Азияның шөлді аудандарында түйе мен ешкі өсіру, Орталық Азияның таулы аудандарында қодас өсіру, солтүстіктегі тундра зонасында бұғы өсіру сияқты шаруашылықтар да кездеседі. Сонымен қатар омарта шаруашылығы, жібек құртын өсіру, аңдардың кейбір түрлерін (әсіресе терісі бағалы аңдар: түлкі, сусар, бұлғын және т.б.), крокодил мен түйеқұс (страус) өсіру сияқты арнаулы шаруашылықтар да бар.Мал шаруашылыры барынша дамыған аудандарда экологиялық проблемалардың туындайтыны белгілі жайт. Мал тұяғының әсерінен топырақ эрозиясы жүруде, жайылымдардағы өсімдік жамылғысы жұтандануда, тіпті жойылуға жақындауда. Ал ірі интенсивті мал шаруашылығы жинақталған жерлерде (ірі қара, шошқа бордақылау және құс семірту) топырақ, су және ауа да ластануға ұшырауда.Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз байланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасыррдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді. Салыстырмалы түрде күтімді және құнарлы азықтарды көп қажет ететін сиырдың кеңінен таралуы, сондай-ақ, қазақ халқы төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің қолға алынуы 19 — 20 ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударып келе бастауымен тығыз байланысты. Сол кездерде Орталық Қазақстан аймағындағы мал шаруашылығы ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті.

Қазақстанда 19 ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар: Жер аумағының 70%-ға жуығын (182 млн. га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты; айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп-өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн, теріден киім-кешек, көшпелі баспана киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы мал шаруашылығының дамуы мен түлік түрлерінің үлес салмағына нақты аудандардың жер, су, ауа-райы ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру әуелден-ақ топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шөл және шөлейіт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80%-дан аса) уақ малдар (қой, ешкі) құрады.Қазақстанда 1916 жылы 18,4 млн. бас қой мен ешкі, 4,3 млн. жылқы, 733 мың түйе, 5,0 млн. бас сиыр өсірілді. 1918 — 21 жылы Азамат соғысы мен бірнеше рет қайталанған жұт нәтижесінде мал саны 1916 жылмен салыстырғанда 3 еседен аса төмендеді. 1923 — 29 жыды аралығында ауыл шаруашылығын игеруге бағытталған жан-жақты шаралар барысында мал саны қайтадан 1916 жылғы деңгейге жеткізілді. Алайда, 1930 — 33 жылы ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқанында жіберілген өрескел қателіктер салдарынан мал басы 10 еседен аса қысқарды. Республика мал шаруашылығын қалпына келтіруде 1932 жылы Орталық комитет қабылдаған “Қазақстан мал шаруашылығы туралы” шешімінің маңызы зор болды. Әрбір отбасыға 100-ге дейін қой-ешкі, 8 — 10 сиыр, 3 — 5 түйе мен 8 — 10 жылқы ұстауға рұқсат берілді.

Малды азықтаңдыру, емізу, жемдеу

Малды азықтаңдыру, емізу, жемдеу - малдың мөлшерлеп қоректенуін ұйымдастыру. Малды азықтаңдыру шаруашылықтағы мал басының көбеюіне, өсіп-жетілуіне және жоғары өнімділігіне ең күшті ықпал ететін сыртқы ортаның факторы болып табылады. Және де бұл фактордың әсері жаңа туылған төлді емізуден ерте - жатырдағы эмбрионалдық даму кезеңінен басталады. Сондықтан жетілген, ірі, өміршең төл алу үшін шағылыстырылатын малдың қоңды да күйлі болып, буаздық кезінде жеткілікті деңгейде азықтандырылуына жете көңіл бөледі. Өйткені буаздық кезеңінде эмбрионалдық дамуына ақау келген төлде сол ақау салдары эмбрионализм түрінде кейінде сақталып, өнімділігін кемітеді. Өз ретінде туғаннан кейінгі кезендегі де азықтандырудағы кемшіліктер малдың өсіп-жетілуі мен өнімділігін кемітетін инфантилизм түріндегі ақау қалдырады. Демек, малды ұрық боп байланғанынан бастап тіршілігіндегі бүкіл даму барысында (онтогенезде) дұрыс, жеткілікті азықтандырудың маңызы зор. Жаңа туылған төлді азықтандыруды ене сүтін емізіп уызына қаңдырудан бастайды. Уызда жаңа туған төлдің қорытуына жеңіл альбумин мен глобулиндер жеткізілуімен қатар гамма-глобулиндарымен оларға енесінен иммундық, яғни ауруға қарсы тұрушылық қасиеттер беріледі. Жас төлдің бірден-бір құнарлы қорегі енесінің сүті болғандықтан, ене сүтін еміп өскен төл өміршең болып, тез арада өсіп-жетіледі. Өсіп-жетілуі мен салмақ қосымын жеделдетіп, қоңдылығын көтеру үшін бордақылаудағы малды үстемелеп жемдейді

Малды байламай бағу - ірі қара малды қорада байламай ұстау. Қораны малдың жыныстық-жастық және өндірістік топтарына бөліп ұстайтындай етіп бөледі де өсіру технологиясына сәйкес соларда байламай ұстайды.[ Малды азықтандыру мөлшері, азықтандыру нормасы - мал түрі, жасы, жынысы, тұқымы мен өнімдік бағыты, тірілей салмағы мен өнімділігіне қарай өзгеретін организмінің мұқтаждығының көрсеткіштері. Азықтандыру нормасы мал тіршілігін сақтап, өнім өндіруге (жұмыс атқаруға) қажет энергия мен қоректік заттардың организм мұқтаждығына сәйкес қажеттігін белгілейді. Азықтандыру нормасы негізгі көрсеткіштеріне азық өлшемі, қорытылатын протеин, ас тұзы, кальций, фосфор, каротин жатады. Толықтырылып, тетіктелінген азықтандыру нормасы көрсеткіштері бұған қоса жалпы протеин мен ауыспайтын аминқышқылдары, макро-және микроэлементтер мен негізгі витаминдер (А, Д, Е) қажеттілігімен толықтырылып, мал мен құс организмінің мұқтаждық көрсеткіштерін қамтиды

Малдың тұқымдылығы - малда белгілі бір немесе бірнеше тұқымға тән тәсілдік қасиеттердін болу дәрежесі.

Малдың тұқымдылығы

шежіресі арқылыанықтайды. Мал шежіресінде тек белгілі бір тұқымның өкілдері ғана жазылса, ондай мал таза тұқымды деп аталады. Егер мал шежіресінде жазылған ата-ене, бабаларында әр түрлі тұқымның өкілдері болса, ондай мал будан деп аталады және онын тұқымдық құжаттарында (куәлігінде) оны алуға қатысқан әр түрлі мал тұқымдарының қан үлесі (нәсілдік қасиет үлесі) жазылады. Таза тұқымды малды нәсілдік түрғысынан таза қанды мал деп те атайды. Ондай малдың қан үлесі бүтін 1-ге тең деп есептеледі. Будан малдағы әр түрлі тұқымның қан үлесін бөлшек санмен (бүтіннің бөлшегімен немесе ондық бөлшекпен) береді. Нақтылы бір ата-тектің нәсілдік қасиеті (қан үлесі) әр келесі ұрпақ сайын 2 есе кеміп отырады. Іс жүзінде малдың тұқымдылығын анықтауды әр түрлі мал түлігі бойынша қабылданған ереже-нұсқау бойынша жүргізеді

Малдың шығу тегі - малдың пайда болуы жөніңдегі зоотехнияның бір саласы. Малдың шығу тегі жөніңдегі ғылым қолда өсірілетін малдың зоологиялық жіктеуде алатын орны, қолға үйрету кезінде пайда болған өзгерістері және олардың дамып жетілуі, қолға үйретілген алғашқы мекені мен уақыты, оның таралуы, белгілі бір мал түлігінің нақтылы жабайы тегін анықтау мәселелерін шешеді. Қазіргі уақыта қолда өсіретін малдың барлық түрлерінің арғы тегі жабайы хайуанаттар болғаны белгілі болды. Оларды қолға үйрету — күрделі де ұзақ үрдіс. Жабайы және үй малдарының дене құрылысын салыстыру, будандастыру, палентологиялық және археологиялық зерттеу деректері негізінде үй малының барлық түрлерінің арғы тегі толық анықталған. Мысалы, мүйізді ірі қара малдың арғы тегі - жабайы тур, қойдың арғы тегі – арқар мен муфлон, жылқының арғы тегі - тарпан мен құлан, тауықтың арғы тегі - банкив тауығы, үйрек тұқымдарынікі - барқырауық жабайы үйрек, үй қазыныкі - жабайы сұр қаз екені көрсетілген. Малдың шығу тегін және пайда болу жолын зерттеу арқылы, олардың үйретілген жүздеген ғасырлар бойында пайда болған пайдалы өзгерістердің сырын ашып, қазіргі кездегі малдың өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жетілдірудің нақтылы тәсілдерін білуге мүмкіншілік туғызады

Мүйізді ірі қара мал шаруашылығы - дүние жүзінде ең кең тараған мал шаруашылығының саласы. Сүт, ет, былғарылық тері өңдірудің негізгі көзі. Сүт тағамдарының 90% сиыр сүтінен, тұтынатын еттің 40-44% сиыр етінен өңдіріледі. Қазақстаңда мүйізді ірі қара мал өсірумен ежелден айналысқан. Қазіргі уақытта да елімізде жетік дамыған мал шаруашылығының саласы.Мүйізді ірі қара мал шаруашылығы сүтті және етті бағыттарға бөлінеді. Сүтті бағыты суармалы дала мен тау бөктерлерінде, ірі қалалар мен өндіріс орталықтарының төңірегінде шоғырланса, етті бағыты - табиғи жайылымы мол шөлейтті дала, шөлді аймақтарда дамыған. Екі бағытта да жергілікті жер жағдайына жақсы бейімделген отандық тұқымдар шығарылған, сонымен қатар басқа елдерден көптеген ірі қара тұқымдары әкелініп жерсіндірілген (қ. Симментал с., Қырдың қызыл с., Латвияның қоңыр с., Қалмақ с., Санта-Гертруда с., т.б.)
























Қорытынды.




Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Малды қолдан ұрықтандыру ісінің талапқа сай дұрыс жүргізілуі көптеген жағдайларда ұрықтандырушы техникке байланысты болып келеді. Алайда, ұрықтандырушының қызмет ақысының жеке қосалқы шаруашылықтағы мал иелері тарапынан аз төленуіне, азотты, құрал­дарды сатып алу мен көлік шығындардың қымбат болуына байланысты ұрықтанды­ру­шы қызметінің нарығы тұтастай алған­да тартымсыз болып тұр. Ал бұл өз кезегінде мал тұқымын асылдандыру мен селекциялық жұмыстардың жүруіне кері әсерін тигізуде.Сол себепті ауыл шаруашылығының алдында әлі де оңтайлы шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ең бастысы — халықты сапалы, құнарлы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету; айналадағы ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын пайдалануды, жетілдіру


« Мал баққан адамның еңбегінің жемісі-мал басының өсімі.Адамзаттық қоғамды бағып,бағыттап,басқарып отырған адамның еңбегінің жемісі-адам санының өсімі,ал,адам саны өспейтін болса еңбек жоқ екенін ұмытпау парыз.»


Қажымұхан Есқалиев

















Пайдаланылған әдебиеттер

1 « Егемен Қазақстан»газеті

2. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.Е.Ахметова,Н.Кәрменова,Ш.Кәрібаева,Б.Асубаев. Мектеп.2005ж

3. Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010

4. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006

5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002

6.Ә. Бірмағанбетов; К. Мамырова; Географиялық сөздік. «Рауан», 1992ж

7.К.С. Лазаревич. Физическая география (Пособие по географии для учащихся и поступающих в ВУЗ- ы) Москва; «Московский лицей». 1996 г

8.География. Справочные материалы, под. Ред. Максаковского В. П. Москва: «Просвещения», 1988.

9.Н. Тұяқбаев, К. Арыстанов. Жер қойнауына саяхат, Алматы, Мектеп, 1989.

10.Мир географии. Москва, Мысль, 1984.

11.С. Р. Ердавлетов, О.О. Рутковский. Занимательная география Казахстана, Алматы, Мектеп,1973.

12.«Биология, география және химия» журналдары.

13.«Қазақстан мектебі» журналдары






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!