Материалдар / Махамбет оқулары

Махамбет оқулары

Материал туралы қысқаша түсінік
әдебиетші мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1124
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы, Индер ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
Досанова Гулзар
Тақырыбы: Атадан туған аруақты ер
Мақсаты: Махамбет Өтемісұлының батырлығын дәріптеу, шығармашылығын насихаттау.

Барысы:
Кіріспе: Қазақ тарихында бүкіл өмірін ел азаттығына арнап, осы қасиетті мақсат жолында жалын боп жанып өткен біртуар тұлғалары-мыздың бірі, 1836-38 жылдары Бөкей ордасында болған ұлт-азаттық көтерілістің жаршысы сол қаһарлы күрес күндерінің шындығын жырларына арқау еткен еркін ойдың иесі ақиқаттың ақ алмасы боп жарқыраған ердің бірі – Махамбет Өтемісұлы.
Сонымен қатар батыста ғана емес, бүкіл Қазақстан тарихы мен әдебиеті, мәдениеті тарихында ойып тұрып орын алатын, қасиетті Дендер топырағын мәңгілік мекен еткен қайталанбас өр тұлға, ақберен батыр, ақиық ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 210 жыл толып отыр.
Бүгінгі күні дауылпаз ақын, Махамбет бабамызды тану және таныту - ұрпақтар парызы әрі мәңгілік жалғасатын дәстүр. Олай болса, құрметті оқушылар және ұстаздар, Махамбет Өтемісұлының батырлығын дәріптеу, шығармашылығын насихаттау мақсатындағы мектепішілік Атадан туған аруақты ер атты жас дарындар байқауына қош келдіңіздер!

Уа, бабам, екі ғасыр жастан өттің,
Өмірден,-деп өкінді ел, - жастай кеттің
Халқыңның тарихында дара тұлға
Даңқыңды жас кетсең де асқақ еттің!

Елестеп ерлігің мен сөзің егіз,
Дем берген аруағыңды сезінеміз!
Нұсқасын тірлігіңнің оймен шолып,
Боламыз кездескендей өзіңе біз.

Десек те, жыр дестесін ағыталық,
Не үлгі сізден алдық таныталық?!
Ой менен өнегеңді жорамалдап,
Көңілге жүрсек дейміз шабыт алып, - дей келе бүгінгі жас дарындар байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!

Алдымен байқаудың жүрісімен, шарттарымен танытырып өтелік:
І тур Махамбет өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту, жыр айтысқа қатысу;
ІІ тур Махамбет ақынға арнау өлең, яғни оқушылардың өз шығармашылығы;
ІІІ тур ақын күйлерін орындау.

Байқауға қатынасушы жас дарындардың шығармашылығын бағалап, жүлдегерлерді анықтау мақсатында құрылған төмендегі құрамда бағалау, сараптау алқасымен таныс болыңыздар:
Абилова Г.Р. – ұйымдастыру алқасының төрағасы, оқу ісінің меңгерушісі;
Мәкіжан Р.Ж. – мүшесі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Утепкеалиева Г.З. – мүшесі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Сағынбаев Е.Ж. – мүшесі, ІІІ Республикалық Махамбет оқуларының жүлдегері.
Қайратов Зұлқарнай – мүшесі, ХІІІ облыстық Махамбет оқуларының жүлдегері.

1. Махамбеттің жас кезінен жыраулар мектебінен сусындауы, батырлар жырын, дастандарын жаттап өсуі оның озық ойлы батыр да ділмар болып қалыптасуының бірден-бір себебі екені талас тудырмаса керек. Оның шешендігі мен батырлығы әр өлеңінде атой салып көрініп тұрады. Туған халқына рух берген осынау жырлармен сусындап өскен жас ұрпақ әр сөзі алмастай жарқыраған ақын өлеңдерін мәңгі ұмытпасы анық. Олай болса, байқаудың І турына кезек берелік. Ортаға 5 А сыныбының оқушысы
Қалқаман Дәулетті шақырамыз
Жұмакелді Данияр 5 А
Сүйінғалиев Алпамыс 5 А
Абылайхан Шәкәрім 5 А
Жақау Таңат 5 Б
Серікқалиев Әлібек 5 В
Зинелғабиденов Нұрхан 6 А
Жолдасов Аманбек 6 Б
Бақыт Қорқыт 6 В
Жолдасқалиев Жанасат 7 А
Асқаров Ербатыр 7 В
Қабдығалиев Елдос 8 В
Аманжолов Мақсат 9В

Әділ қазылар қалауымен жаттаған өлең саны көп оқушылар жыр айтысқа түседі.

2. Батыр баба рухын өзіне бойтұмар етіп, жүрекжарды жырларын арнаған жерлесіміз Фариза Оңғарсынова:
- Махамбет! Махамбет...
Білмеймін, жел ме, сел ме,
Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме...
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме... – деп жырлаған. Ақынның жебедей ұшқыр жалынды жырлары бүгінгі ұрпақтың ойына ой қосып, жігерлендіріп, азаматтық рухқа тәрбиелейтіндігіне ешкім шек келтірмес. Олай болса Махамбет поэзиясынан шабыттанған жас дарындардың жыр жолдарымен таныс болалық.

ІІ тур бойынша тақырыпқа сай өзінің шығармашылығымен 8 А сыныбының оқушысы Ишанова Гүлнәзікті шақырамыз. Есімі ұран ер бабам
сыныбының оқушысы Махамбетке арнау
сыныбының оқушысы

3. Махамбет – асыл сөздің кені, көркем тілдің ұстасы, ерлікке үндеген жалынды үгітші, дауылпаз ақын, ерен батыр болумен қатар күйші де болған. Осындай бірнеше қасиетті бойына жинаған нар тұлғаны өздеріне үлгі еткен жас дарындарымызды ортаға шақырамыз.
9 орыс сынып оқушысы Кеңесова Дананың орындауында Махамбеттің күйі Жұмыр қылыш

Мектепішілік Атадан туған аруақты ер атты жас дарындар байқауының қорытындысын хабарлау үшін сөз әділ қазылар алқасының төрағасы Абилова Гүлнар Рухоллақызына беріледі.

Қорытынды:Махамбет поэзиясы – қайталанбас құдіретті поэзия. Сондықтан да батыр баба өлеңдері ұрпақтан-ұрпаққа ұран болып, өз жалғасын таба береді.
Өмір сахнасына шыққан, өнерді сүйген әр буын, жаңа ұрпақ халық тарихы мен сөз өнерінде өшпес өнеге қалдырған ұлы тұлға жайлы өз танымын айтты, айтады, айта бермек!
Аруағыңнан алып жаңа күш елің
Жатқанына мадақтана түсемін.
Мәңгілік от – Махамбет боп маздаған
Жер қорыған сен де қызғыш құс едің.

Нұр тұлғаңа назары ауды ғаламның,
Ескерткіштер орнатылар саған мың.
Ақын баба, батыр баба – Махамбет,
Дауылпазы болып тұрсың даланың! – деп бүгінгі байқаудың жеңімпаздарын тағы бір мәрте құттықтап, барша қатынасушыларға шығармашылықтарына шалқар шабыт тілей отырып, байқауды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп рақмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ