400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Махамбет Өтемісұлы-өр рухты ақын

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбет Өтемісұлының өр рухты ақындығы тарихтағы орны және ақын шығармаларының тәрбиелік мәні мен болашақ ұрпаққа ықпалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Махамбет Өтемісұлы - өр рухты ақын

Махамбет Өтемісұлының есімі бізге жақсы таныс. Неге? Себебі, ол - халықтың азаттығын көксеген батыр, күрескер, өр рухты ақын. Махамбет қалың жұртшылықты тек қана от тілді, орақ ауызды сөз шебері ретінде өзіне қаратқан жоқ, сонымен қатар өзінің даналығы мен дарындылығының арқасында даңққа бөленді.

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Ішкі Бөкей Ордасы, Бекетай аймағында, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жерінде дүниеге келді. Жастайынан ақындық өнерге құмартып өскен. Асқан ақындығына қалың жұртшылық бас иген.

Хан мен сұлтан, төре мен төлеңгіттер Еділ мен Жайық арасындағы халықтардың «оза шауып, егін егіп әзер тауып отырған шаруаларға алым-салық көбейтіліп, халықтың хал-ахуалы нашарлады. Сөйтіп, ел «ереуіл атқа ер салды». «Азулы елдің ашуын» Исатай мен Махамбет басқарды. Айбарлы қос батыр «Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермедік» деп ұран тастап, төңірегіне мол күш жұмылдырды. Міне, осының салдарынан көтеріліске шықты.

Махамбет поэязиясы – Исатай бастаған халық көтерілісінің шежіресі. . Исатай – Махамбеттің көп өлеңінен орын алған қаһарман.

Махамбет халық арасындағы келеңсіз құбылыстарды, келелі істерді өлеңіне арқау еткен. Оның шындықты бүкпей жырлаған батыл ақын екені бәрімізге белгілі. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» атты өлеңдерінде халық зарын сөзбен өрнектеп үстем-тап өкілдерін, шенеуніктердің «дұрыс бағытын» өлеңмен түземекші болған.


Мұнар да мұнар, мұнар күн,


Бұлттан шыққан шұбар күн,


Буыршын мұзға тайған күн,


Бура атанға шөккен күн,


Бұлықсып жүрген ерлерден


Бұрынғы бақыт тайған күн, - деген жырында да халық азабын ашына айтқан. Жалпы бір сөзбен айтқанда Махамбет бірдің емес, бүкіл ел мұңын жырлаушы. 

Махамбеттің әр өлеңінен-ақ оның өмірін аңғаруға болады. Мысалы, «Соғыс» өлеңінде Махамбет көтерілістің әрбір кезеңдердегі тарихи оқиғаны өзіне сәйкес суреттейді. Ол барша болмыс қасиеттерімен көшпенділер арасындағы көсем тұлғалардың бірі болды. 

Қамбар батыр, Ер Тарғын, Асан Қайғы, Сыпыра жырау, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз сияқты өзі туған өңірдің біртуар тұлғаларының өлмес мұрасын көкірегіне тоқып өсті.

Бәріміз білетін , Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі науза қолға алмай,- деп басталатын өлеңі, қойған мақсатты орындап шығу үшін,қандай қиыншылық болса да шыдап,өзіңді жігерлендіріп, әрбір күресте табанды болуға шақырады.

Батылдыққа,ерлікке шақырып,ел мен жерді сүюге баулыған,өз заманындағы халық бұқарасының мүддесін қорғауға арналған Махамбет Өтемісұлы өлеңдері халқын сүйген әр азаматқа күш-жігер беретін рухы биік шығармалар болып қала береді.Біз жас ұрпақ – ақын атамыздың өлеңдерін насихаттап,өлеңдеріндегі адамгершілік қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, халқымыз рухын биікке көтеріп,нағыз патриот болар едік.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
09.02.2022
2170
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі