Материалдар / Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы Қазақ әдебиеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы Қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
1655
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспар

Пәні: Қазақ әдебиеті


Сыныбы:8«А» сынып


Сабақтың тақырыбы

Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы


Жалпы мақсаты

Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру, толғауларының тақырыптық,идеялық мазмұнын айқындау,толғау жанрында жазылған өлеңге сипаттама , өлеңнің мәнін ашу, ерекшелігін түсінуге ықпал ету:өз ой-пікірлерін ашық айта алу дағдысын қалыптастыру;

Шығарманы оқыта отырып, адамгершілікті үлгі ету, өмірде талаптанып білім алуға, адал еңбек етуге,адамгершілікке,ұлтжандылық қасиеттерге баулу;ұлтжандылыққатәрбиелеу


Сабақтың түрі

Аралас,танымдық талдау сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі

СТО элементтері, ой салу, ойланту, іздендіру, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап,постер қорғау,топтық жұмыс,кері байланыс


Сабақтың көрнекілігі

«Бес ғасыр жырлайды» кітабы ІІ том, Ә.Оспанұлы «Қаратау атырабының ақындары», «Зар заман мен нар заман ақындары»; «Ай,заман-ай,заманай» жыр жинақтары,Х.Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері»,бүктемелерғсуреттер,слайдтар, интернет материалдары

Пәнаралық байланыс

Тарих,география,музыка өнерімен

Күтілетін нәтиже


-Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармашылығмен танысады;

- Жақсы мен жаманды айырып, саналы білім алуға, еңбек етуге талпыныс жасайды;

- Өз беттерімен ізденуге, сұраққа жауап іздеу арқылы жан-жақты болуға үйренеді;

- Шығармашылық жұмыспен айналысуға төселеді;


Сабақтың барысы




Мұғалімнің іс-әрекеті






Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологилық тренинг «Менің жарық жұлдызым»


Ой шақыру

-Мәңгілік ел -тұғырлы болуы үшін,қазақ халқының,қазақ ұлтының ұлт болып қалуы үшін қандай қасиеттер керек?

- Береке . Бірлік. Достық


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі

АКТ

Тапсырмалар


Ізденіс –білім негізі

Үй тапсырмасы бойынша таныстырылым

1.Өршілдік пен өжеттілік рухы...

2 . Шортанбай – зар заман ақыны.

3.Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.



«Жыр-терме ұшқыны» әуенмен орындау


Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы


Түйінді сөз:


«Білім,еңбек-бақыттың жібермейтін азығы,

Білімсіз бақ әлдекімнің азығы» М.О.Әуезов


Сұрақ: Балалар, өлең не жайында деп ойлайсыздар?

Мағынаны ажырату

1.Өмірі,шығармаларына , ақпараттық деректерге шолу;

2.Майлықожаның «Ілімге толса көкірек» атты толғауында ақын «ілімге көңіл қойсаң, санаң ашылады» деп білімді, «өнер алды-қызыл тіл» деп, сөз өнерін айрықша ардақтап әспеттейді. «Өзбекте өткен Науаи- тілдің кәусар гүлі (яғни шебері) еді, ал парсыда өткен Фирдоуси заманында дүр (атақты ,танымал) еді» деп, бұның себебі оладың өнерінде жатқанын көпшілікке өнеге етеді. Ақын, сондай-ақ жақсы мен жаманды салыстыра мінездеп, жақсылықты үлгі ететін философиялық ой түйеді.







а )Толғауды мәнерлеп оқу

ә) Сөздікпен жұмыс


Нақлиқат-нақыл , ғибрат деген мағынада

Көмескі-1. бұлыңғыр, күңгірт, буылдыр

Анық, ашық емес, түсініксіз

Гаусар(кәусар)-суы сүттен аппақ, қардан таза, қанттан тәтті, табаны толған інжу, мыс деп саналатын аңыздағы жұмақ суының аты

Гауһар- алуан түске еніп, құбылып тұратын бағалы асыл тас.



Ресурстар№1

Сыни тұрғыдан ойлау модулі

АКТ

Кешенді талдау-кемел білім


Сатылай кешенді талдау жасау(интербелсенді тақта)



Ресурстар№3


Сыни тұрғыдан ойлау модулі


Майлықожа – адамгершілік туын көтерген ақын


Толғаудан жақсы мен жаманның әрекетін іздеп тауып, цитаталар арқылы микро-мінездеме жасайды


Жаманның әрекеті

Жақсының әрекеті


цитаталар

Микро-мінездеме

Цитаталар


Микро- мінездеме



Тапсырма№3



Топтас.Ойлан.Талқыла

Постер қорғау


Білім,еңбек,талап туралы пікірлерін үндестік тұрғыда топтастыру,маңыздылығын дәлелдеу;



Ой таным

Бағамдау-бағалау


Майлықожа Сұлтанқожаұлы көтерген әлі күнге 5 мәселені жазу;


Ұтымды пікір-ұтқыр ой


Қорытынды


«Жаралған сөзі асылдан»

«Майлықожа,Құлыншақ,

Пірім еді сыйынған,

Айтқандары нұсқа еді,

Жаралған сөзі асылдан. Жамбыл

Ой түйін

Талап,білім,еңбексіз,

Қалайша тірлік жеңбексіз,

өмір-тіршіліктің мәні талаппен,біліммен,еңбекпен көрікті.


Тапсырма:

1.Афоризм сөздерді,мақал-мәтел,нақыл сөздерді табу;

2. «Менің адамгершілік туралы көзқарасым...»

ой толғау .

Бағалау


Терме-даналықтың қайнар көзі



(Бейнеролик.Майлықожа термелерін тыңдау)




















Сабақ жоспары


Пәні: Қазақ әдебиеті


Сыныбы:11«А» сынып


Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі


Жалпы мақсаты

Ақынның мол мұрасына сипаттама беру,әдебиеттегі ерекше елеулі үлестеріне мән беру; ғылымның жан-жақты қырына талдау жасау,мәнін ашу, ерекшелігін түсінуге ықпал ету:өз ой-пікірлерін ашық айта алу дағдысын қалыптастыру;

Шығарманы оқыта отырып, адамгершілікті үлгі ету, өмірде талаптанып білім алуға, адал еңбек етуге, адамгершілікке, ұлтжандылық қасиеттерге баулу;ұлтжандылыққатәрбиелеу


Сабақтың түрі

Аралас,танымдық талдау сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі

СТО элементтері, ой салу, ойланту, іздендіру, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап,жұптық жұмыс,кері байланыс


Сабақтың көрнекілігі


Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих,орыс тілі,музыка өнерімен

Күтілетін нәтиже



Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологилық тренинг «Менің жарық жұлдызым»


Ой шақыру

-Мәңгілік ел -тұғырлы болуы үшін,қазақ халқының,қазақ ұлтының ұлт болып қалуы үшін қандай қасиеттер керек?

- Береке . Бірлік. Достық

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі

АКТ

Тапсырмалар


Ізденіс –білім негізі

Үй тапсырмасы бойынша таныстырылым



«








Ресурстар№1

Сыни тұрғыдан ойлау модулі


Кешенді талдау-кемел білім




Ресурстар№3


Сыни тұрғыдан ойлау модулі






Жаманның әрекеті

Жақсының әрекеті


цитаталар

Микро-мінездеме

Цитаталар


Микро- мінездеме



Тапсырма№3



Топтас.Ойлан.Талқыла

Жұптық қорғау


Білім,еңбек,талап туралы пікірлерін үндестік тұрғыда топтастыру,маңыздылығын дәлелдеу;



Ой таным

Бағамдау-бағалау


Ақынның шығармаларына арқау болған немесе әлі күнге көтерілген 5 мәселені жазу;


Ұтымды пікір-ұтқыр ой


Қорытынды


Ой түйін

Талап,білім,еңбексіз,

Қалайша тірлік жеңбексіз,

өмір-тіршіліктің мәні талаппен,біліммен,еңбекпен көрікті.


Тапсырма:

1.


































Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

М.Сұлтанқожаұлының шығармашылығымен таныстыру, өлеңнің мәнін ашу, ерекшелігін түсінуге ықпал ету

Тәрбиелік:

Шығарманы оқыта отырып, адамгершілікті үлгі ету, өмірде талаптанып білім алуға, адал еңбек етуге тәрбиелеу

Дамытушылық:

, өлеңнің мәнін ашу, ерекшелігін түсінуге ықпал ету

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс- тәсілі: СТО элементтері, ой салу, ойланту, іздендіру, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: «Бес ғасыр жырлайды» кітабы ІІ том, Ә.Оспанұлы «Қаратау атырабының ақындары», интернет материалдары

Пәнаралық байланыс: тарих, әдеп әліппесі

Күтілетін нәтиже:

-Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармашылығмен танысады

- Жақсы мен жаманды айырып, саналы білім алуға, еңбек етуге талпыныс жасайды

- Өз беттерімен ізденуге, сұраққа жауап іздеу арқылы жан-жақты болуға үйренеді.

- Шығармашылық жұмыспен айналысуға төселеді

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

  1. Махамбет қашан, қай жерде дүниеге келді?

  2. Махамбет неше ағайынды еді?

  3. Махамбет өлеңдері қазақ тарихындағы қандай оқиғаға арналған?

  4. Ақынның эллегиялық сарындағы туындысы қалай аталады? «Мұнар күн»

  5. Исатай батыр туралы не білесіңдер?

Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту

1-тапсырма

Рефлексия оқу

Топқа бөлу( оқушыларды ойын арқылы топқа бөлу) (2мин)

Жеке тұлға- бір оқушы, достық-екі оқушы, төркүл дүние-4 оқушы, жеті қазына-7 оқушы тобын құрайды.

2 . Сергіту сәті

Майлықожа Сұлтанқожаұлы жайында не білеміз?



1-топ:өмірі

Майлықожа Сұлтанқожаұлы Сыр бойында, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол кішкентайынан өмірдің тауқыметін көп тартады. Жастайынан туған өлкедегі ақын, шешен, билердің өрнекті сөздеріне қызығып, оларды жаттап өскен ол өнерге қатты құмартып, өзі де ақындықтың аулына ат басын бұрады.

2-топ

Айтыстары: қырғыз ақыны Жанас, Жамбылдың ұстазы-Сүйінбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике

3-топ

Шығармаларының тақырыптары:

Ғибрат, нақылдар:«Ілімге толса көкірек», «Жақсы болса жұбайың», «Ұрлықтың түбі-қорлық-ты», «Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»

Арнау өлеңдер: «Ахмет төреге», «Тұрлыбекке» т.б.

Дастан-мысалдар: «Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»

Бүгінгі өтетін толғауы: «Ілімге толса көкірек»

Сұрақ: Балалар, өлең не жайында деп ойлайсыздар? (оқушылар жауабы)

Мағынаны ажырату

Өлеңді мәнерлеп оқу (мұғалім бастайды) , оқушылар жатқа жалғастырады

Өлең ұнады ма? Неліктен? Қалай әсер етті?

3. Рөльдерге бөлу

1-топ 1. Баяндауышы (толғаудың қысқаша мазмұнын өз сөзімен баяндап айтады, сатылай кешенді талдау жасайды)

  1. Майлықожаның «Ілімге толса көкірек» атты толғауында ақын «ілімге көңіл қойсаң, санаң ашылады» деп білімді, «өнер алды-қызыл тіл» деп, сөз өнерін айрықша ардақтап әспеттейді. «Өзбекте өткен Науаи- тілдің кәусар гүлі (яғни шебері) еді, ал парсыда өткен Фирдоуси заманында дүр (атақты ,танымал) еді» деп, бұның себебі оладың өнерінде жатқанын көпшілікке өнеге етеді. Ақын, сондай-ақ жақсы мен жаманды салыстыра мінездеп, жақсылықты үлгі ететін философиялық ой түйеді.

  2. Сатылай кешенді талдау жасау

Авторы

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Тақырып

Ілімге толса көкірек

Жанр түрі

Толғау-ғибрат, нақыл түріндегі жыраулар поэзиясында жиі кездесетін жанр

Идеясы

Өмір-тіршіліктің мәнін талаппен, біліммен, еңбекпен байланыстыра ұғындыру

Шумағы

20 шумақты өлең

Тармағы

3-5 тармақты

Бунағы

2 бунақты

Буын саны

7-8 буынды өлең

Ұйқас түрі

Ерікті ұйқас

Әдеби-теориялық ұғымдар

1.Көрейін мен толғанып,

Келгенінше шаманың (аллитерация)

2.Жігіттің көркі-өнері ( метафора)

3.Етпекке кеңес келелі (инверсия)

4.Өңкей жақсы қосылса,

Бітіреді кеңесті

5.Адам бар ма оларды

Есіткенде күймеген? (риторикалық сұрау)

6.Талап, білім, еңбексіз-

Қалайша тірлік жеңбексіз?

7.Жақсының жолы-жарық күн

Жаманның жолы –көмескі (антитеза)

Сөздікпен жұмыс

Нақлиқат-нақыл , ғибрат деген мағынада

Көмескі-1. бұлыңғыр, күңгірт, буылдыр 2. Анық, ашық емес, түсініксіз

Гаусар(кәусар)-суы сүттен аппақ, қардан таза, қанттан тәтті, табаны толған інжу, мыс деп саналатын аңыздағы жұмақ суының аты

Гауһар- алуан түске еніп, құбылып тұратын бағалы асыл тас.

Өлеңнің тәрбиелік мәні

Жастарды талаптанып саналы білім алуға, адал еңбекпен халыққа қызмет етуге, өзіне- өзіне сенімді, жігерлі болуға, жаман әркеттерден сақтанып, жақсы істерге ұйытқы болуға шақырады.


2-топ Ізденуші (толғаудан жақсы мен жаманның әрекетін іздеп тауып, цитаталар арқылы микро-мінездеме жасайды)

Жаманның әрекеті

Жақсының әрекеті


цитаталар

Микро-мінездеме

Цитаталар


Микро- мінездеме

  1. Өңкей жаман қосылса, шығарады егесті

Ерегісшіл, шу шығарғыш

Жақсылардан шыққан сөз

Алтынды- гауһар бедерлі

Өнегелі сөз айтады

  1. Жаманның жолы-көмескі

Үлгі алар өнегесі жоқ

2.Өңкей жақсы қосылса

Бітіреді кеңесті

Бірлесіп дұрыс шешім қабылдайды

Жаман сөйлер лепіріп,

Орамалын желпініп, Соза сөйлеп өңешті

пайымы аз, кем есті

Тентек бір-ақ аттайды

Белес пенен дөңесті

Жаман сөйлер халықтан

Бастағы мінін жасырып

Мақтаншақ, көп сөйлегіш, өмірден алған сабағы аз, ақылы аз, өз мінін түземейді

3. Жақсының жолы-жарық күн

Ісі өнегелі

Таласты жер кез келсе,

Сөйле деп енді сөз берсе

Жалт-жал қарап тұрады Берекесін қашырып

Жалтақ, өзіне сенімсіз

4. Жақсы сөйлер халыққа, қызметін асырып

Ел абыройына еңбек етеді

Мен істедім бәрін деп

Өзгеден артық өлім деп,

Ие боп тентек жүреді


  1. Бағы қалың жігіттер Ешкімге бармас бас ұрып

Ешкімге жалтақтамайды, жағынбайды,халыққа адал қызмет жасайды


3-топ Сөз тапқыш ( толғау ішінен мақал- мәтел не афоризм сөздерді табады) Сөздікпен жұмыс

  1. Жігіттің көркі- өнері

  2. Бақ пен дәулет тең келсе,

Адамның толар кемелі

  1. Өнер алды- тіл

  2. Жақсының жолы- жарық күн

Жаманның жолы-көмескі

  1. Жақсы сөйлер халықтан

Бастағы мінін жасырып.

Жақсы сөйлер халыққа

Қызметін асырып.

  1. Сабыр-ақыл серігі

4- тапсырма. Абайдың «бес асыл ісін» (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) еске түсіру

Толғауда көтерілген мәселелерді бүгінгі өмірмен байланыстырып талқылайды. 1-топ. Білім туралы, 2-топ. Талап туралы, 3-топ. Еңбек туралы қазіргі жастардың ойларын ортаға салады.

Ой қорыту

5-тапсырма. Шығармашылық жұмыс

(Тақырып түрлері интерактивті тақтада көрсетіліп, әр топ таңдау жасайды да жұмыстарын оқиды)

1.Ойтолғау

3. Өлең шығарып оқу

4. бағдарлама жасау

5. Ант қабылдау

Қорытынды

Оқушыларды бағалау:

Үй тапсырмасы: «Ілімге толса көкірек» өлеңінен үзінді жаттау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!