Материалдар / Макала: Логикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Макала: Логикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
633
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Логикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту.

Абильдинова Сауле Мажитовна

«Ақбота» бөбекжайы»

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,

оның шығармашылыққабілетін дамытады,

ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»

В.А. Сухомлинский

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда: «Балбөбек», «Қарлығаш», «Зерек бала» (3-5 жас) және т.б. мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламалары әзірленді және бекітілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты 2012 жылы халыққа жолдаған жолдауында білім мен кәсіби машық - заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарларын, оның ішінде білім беру әдістемелерін жаңғырту мен инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын құру туралы айтылды.

Қазіргі таңда балабақшада жүргізілетін білім беру жұмысындағы басты мәселелердің бірі-мемлекеттік тілді меңгерту. Сондықтан алға қойылып отырған жауапты жұмыс он екі жылдық білім беру жағдайында тілді оқыту мәселесін де бірлесе шешу қажеттілігі туындайды. Осы бағытта тәрбиеші, ата-ана, бүкіл қоғам болып қазақ тілін оқып – білуге көмек көрсетуі қажет.

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, жетілдіруге және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілген.

Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Ойын – бұл мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуына жан – жақты үлес қосатын іс – ірекет.

Баланың шығармашылық қабілеті ойын арқылы байқалады.Ұжымдық ойындар баланың тілінің дамуына көп әсерін тигізеді.Ойын тілді дамытса,ал тіл ойынды ұйымдастырады.Ойын арқылы бала құрбылырымен жақсы қарым-қатынасқа түседі,үлкендерге еліктейді, мәдениеттілікке үйренеді және бойларында

адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Ойын үрдісінде бала қоршаған ортаны тани бастайды,өзін және өмірдегі өз орнын табуға үйренеді,білімін толықтырып,қарым-қатынасқа түседі.

Мектеп жасындағы балалардың тілінің толық қалыптасуы оның болашақта мектепке толық дайындығын көрсетеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады. 
Логикалық ойлау – адамның интелликтуалдық қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.
Баланың жас ерекшелігін ескере отырып іс-әрекеттер барысында түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру. 
«Логикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді. 
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да педагог балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. 
Баланың логикалық ойлауы арқылы тілін дамыту үшін , педагогқа оның ториясын терең білу міндеті жүктеледі. 
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да педагог балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. 
Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, баланың дарындылығын тану үшін іс-әрекет барысында логикалық тапсырмаларға баса назар аударылады. 
Берілген тапсырмаларды орындауда балалар өз беттерімен ізденеді, баланың ой- өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығы қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Баланың өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады. 
«Логикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Мектепке дейінгі балалардың тіл өнерін меңгертудің алғашқы баспалдағы ретінде баланың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу машықтары мен дамыту бағытындағы жұмыстарға негізделеді. 

Қазақ даналығында «Тіл – ұлттың жан дүниесі, ойдың жанды көрінісі» деп тегін айтпаса керек. Қашанда тіл өнерінің құнын халқымыз өте биік бағалап келеді. Еліміз егеменді мемлекет болып танылғаннан бері күн тәртібінен түспеген негізгі мәселердің бірі – мемлекеттік тіл екені анық.

Елдігіміздің мәні, тәуелсіздігіміздің мұраты – мемлекеттік тілді тұғырына қондыру. Ал ананың әлдиінен басталған тілге деген қызығушылық, сөйлеу үлгілерінің іргетасы осы балалық шақтан қаланатының бәріміз білеміз. ”Тәрбие басы – отбасы”, - деп айтылып келе жатқан сөзге аса мән берсек, ана тілінің терең тамыр жайуы, белгілі адам тұлғасынан ажырамастай боп сіңуі де осы жанұядағы қарым – қатынас тәрбие төркінінен басталады. Ана тіліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі тілінен бал таматын бүлдіршіндеріміз. Осы бүлдіршіндеріміздің тілге деген сүйіспеншіліктерін балабақшадан бастап қалыптастырудың, ой - өрісін кеңейтуде білімдік – тәрбиелік жағынан маңызы зор.

Тәрбие балабақшадан бастап беріледі, ал баланың біз жан жақты дамыту үшін әрі жеңіл, әрі қызықты, тез қабылдайтын тәжірибе жолын пайдалануымыз керек, ол – ойын. Ал ойын – тәрбие берудің ең тиімді тәсілдерінің бірі.

Бала шырын, бала гүл, бала ізгілік,

О, адамдар қойыңдар, мұны біліп

Баланы күт, аяла баланы өсір.

Ол шығатын күнің ғой, ертең күліп, -дей келе еліміз егемендігін алып, мемлекет болып отырғанда, болашақ ұрпақты жан-жақты дамыған азамат ретінде тәрбиелеу біздің міндетіміз.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!