Материалдар / Мал сүйектерінен кәделік бұйымдар жасау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мал сүйектерінен кәделік бұйымдар жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: • Оқушылардың ақ-құс, мал сүйектерінен кәделік сыйлық бұйымдар жасауға үйрету • Ата кәсіп ұлттық болмысыздағы өнердің бірі сүйек өңдеу, қолданбалы сәндік өнердегі орнын анықтау. • Ісмерлік, шеберлік, іс-әрекеттерін дамытуға тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: Қолданбалы сәндік өнеріне шолу, сұрақ-жауап, тапсырма. Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Мал сүйектері жинағы, резак пышағы ,егеу, өңдеу қағазы, түрлі түсті тушь, лак түрлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Технология

Сыныбы: 6

Тақырыбы: Мал сүйектерінен кәделік бұйымдар жасау

Мақсаты:

  • Оқушылардың ақ-құс, мал сүйектерінен кәделік сыйлық бұйымдар жасауға үйрету

  • Ата кәсіп ұлттық болмысыздағы өнердің бірі сүйек өңдеу, қолданбалы сәндік өнердегі орнын анықтау.

  • Ісмерлік, шеберлік, іс-әрекеттерін дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Қолданбалы сәндік өнеріне шолу, сұрақ-жауап, тапсырма.

Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Мал сүйектері жинағы, резак пышағы ,егеу, өңдеу қағазы, түрлі түсті тушь, лак түрлері

Көрнекілігі:

1. Ұлттық қол өнер жинағы, сүйектен жасалған бұйымдар. Д.Шоқпарұлы қол өнер жинағы

2. Мал сүйектері, тушь түрлері, резак пышағы

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу, тәртіпке шақыру, психологиялық әзірлік

2. Өткен сабақты еске түсіріп, сұрақ-жауап алу

3. Тері өңдеудің кең тараған түрі

4.Техникалық сақтық шаралары, аспаптармен дұрыс жұмыс жасау

ІІ. Кіріспе нұсқама ( түсінік беру)

Қазақ халқы және заманнан қол өнерге өте шебер халық. Кез келген асыл тастар, ағаш түрлері, зергерлік бұйымдар, тері өңдеу және де басқа, табиғи материалдардан күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды аса шеберлікпен жасаған. Соның ішінде аң-құс, мал сүйектерін кеңінен (бесікке, қыз келіншектер әшекейіне, үй жихазындарына т.б) керектігіне жаратқан.

Аң,құс мал сүйектерінің ерекшелігін және өңдеу жолдарын қарастырып көрейік.

Түсініктеме: Сүйек дымқылдық ретінде қарастырсақ майлы, өңдеуге қолайлы, кесуге, тесуге, бедерлеуге бейімді және түрлі түске бояуғада келеді. Төзілімдігі жағынан сынбайды, карозияға берілмейды. (оқушыларға қой жілігі көрсетіліп түсінік беріледі)

Қазақ халқы аң, мал сүйектерін күнделікті тұтыну бұйымдарында ерекше кездесетіні, бұйымның ою-өрнегі және әшекейінің үлестік орны ерекше. Мысалы: Мына суреттерден қарастырып көрейік.

  1. Сандық, асадал, пышақ сабы т№б Бұйымдардағы әшекей ою-өрнек элементеріндегі орны.

  2. Ұлттық киімдердегі оны: Саптама етік, белдік, қыз-келіншек әшекей бұйымдары.

  3. Ыдыс аяқтағы әшекей ою орны. (тегене, сырлы тостаған, ожау т.б)

  4. Құрал ретінде (өруге ысқыш, тоқыма түрінде біз ретінде пайдаланса, қазақ ырым ретінде де, тіптен келгенде ұлттық ойындарға да , кәделік бұйымдарға да, мал аң сүйектерін орынды қолдана білген. Сұрақ? Қане қандай ойындарды білеміз? (асық, ақсүйек, тобық т.б)

Ұлтымыздың салт дәстүрі, өзіндік мәдениетіміз, ата кәсібімізді атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп келеді. Қазіргі таңда ұлтымыздың төл өнерін әлем деңгейіне таныс етіп жүрген Шебер, Зергер, Ұсталарымыз жеткілікті.

ІІІ.Талдау. Ұлтымыздың мақтанышына айналған, шебер Дәркенбай Шоқпарұлының қолөнер бұйымдарымен таныстырып, талдау жұмыстарын жүргізу.

Сұрақ жауап.

  1. Шебер деп кімді айтамыз?

  2. Зергер бұйымдарға нелер жатады?

  3. Мал сүйектері атауын ата?

  4. Мал сүйектерін зерттеген көрдіңдер ме?

  5. Бейнеге ұқсастығын байқадыңдар ма?

  6. Маған қояр сұрақтарың бар ма?

Ондай болатын болса алдарыңдағы берілген мал сүйектерінен кәделік бұйымдар жасап көрейік. Техникалық қауіпсіздік іс-шарасы ескеріледі! Сарамандық жұмыс ретінде тапсырма беріледі.

ІҮ Тапсырма. Технникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, алдарыңдағы берілген сүйектерге мұқият қарап, сүйек қандай бейнеге ұқсастығы бар екенін реттеп көріп шығайық. Ұқсастығын анықтап, өңдеу, әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс барысында жекелей көмек көрсетіледі.

Ү. Білімді бекіту. Бірнеше оқушы өздері жасаған бұйымдарына қысқаша талдау жқмысы жүргізіледі. Сұрақ жауап, мақал-мәтелдер

1. Сүйекті өңдеуге келе ме?

2. Сүйек ою-өрнегін көркемдігі неде?(бедер ретінде)

3. Аң мүйізінен не жасауға келеді?

4. Қазіргі замандағы әшекейлік қоланысы (ілгек, сабы)

Мақал –мәтелдер жарысы

Ата көрген оқ жанар

Ана көрген тон пішер.

Қиюға пысық қол керек.

Қыз еркем кестесімен көркем,

Ұл ерке өнерімен көркем

Жігітке жеті өнерде аз

Нәтижеге жету (оқу шығармашылығынан)

Shape1 Shape2

Shape3

ҮІ. Бағалау: Оқушы жасаған бұйымдарға талдау және белсенділігін ескере отырып бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Сүйектен біз жасап келу.

Дарынды баланы қанағаттандыру –ұстаз парызы.

Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін

және жетістікке жетуге мүмкіндігі мол баға

Н.С.Лайтис.

Қазіргі кезде білім берусаласында әлемдік білім беру жүйесі жаңаша көзқараспен, іскерлікпен, ақпараттарды қабылдау мен өңдеу қабілеттілігін арттыруды қажет етеді. Жеке тұлғаны имандылыққа, елжандылыққа, білімділікке және бойындағы ерекше қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде. Осы орайда түрлі педагогикалық жүйелерімен оқыту технологияларын салыстырмалы түрде, таңдау арқылы басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамытуға бағытталған дамыта оқыту, жүйелерінің әсері мол. Міне, осы аталған жаңа технологияларды сызу, бейнелеу өнері және технология пәндеріне кеңінен пайдалансақ оңды нәтиже жетеріміз сөзсіз.

«Жеке бағдарлы дамыта оқыту» бағдарламасы бойынша жеке пәндік факультатив, үйірме сабақтарында (И.С.Якиманская, И.П.Волков, И.П.Иванов, Г.С.Альтшуллер т№б) технологиясы өте пайдалы, әрі ұстазға да оқушыға да тиімді жолдың бірі. Жекелеп оқыту технологиясы бойынша Инге Унт, А.С.Границкая, В.Д.Шадриков мақсаттары, бағыттары бір-бірімен үйлесімді . Саралап оқыту , жеке ықпал, білім алуға оқушының нақты деңгейдегі өз бетінше дербес жұмыс жасауына ықпал жасау керек.

Нәтижесі дарынды тұлға дайындауға қолайлы жолдың бірі.

Дарынды оқушы бойындағы ерекше қасиеттерді бақылаушы болашағына дұрыс бағыт беруші, үйретуші- ол ұстаз. Жас ұрпақты заманауи жаңа қоғамдқ өмірге мектеп қабырғасынан бейімдесек, ертең ел болашағына бір кірпіш болып қалануына үлкен себепкер боларымыз анық. Қорыта келгенде өз іс-тәжірибемде дарынды оқушымен жұмыс жүргізуші барысында, жоғарыда аталғандай жаңа педтехнологиялардың нәтижесі және оқушы дүние танымдылығын зерттеп, зерделей отырып, аталған мектептің 10- шы сынып оқушысы Амангелдіұлы Абзалдың бойындағы ерекше қабілеті жайлы сөз етсем.

Абзал өзінің сүрет салуға, қол өнерге деген қызығушылығы шексіз екенін төменгі бастауыш сыныптардан таныта білді. Оның әр салған сүреті өзінің туған өлкесі, ауылы, туған жер табиғатымен үндес келетін, бойындағы ерекше қасиеттерімен көріне бастады. Түрлі тақырыптарға шығарған өлең жолдары, домбыра аспабында шебер ойнауы, шебер қолдар үйірмесіне қатыса жүріп түрлі аудандық, облыстық көрмелерде жүлделі марапаттарға ие болды. Қазіргі таңда ел болашағы, ел экономикасын көтеруге үлес қосу мақсатында ауыл маңында орналасқан «Ғасыр құрылысы-Мойнақ су электрстанциясы» жанындағы жасанды көл маңынан болашақта кешенді демалыс орнын ашу жобасымен айналысуда. Ел болашағы үшін ертеңінен ел игілігіне керекті табыс көзіне айналатын үлкен кешенді демалыс орнымен бірге Шарын шатқалынан ашық аң-құс қорығы жобасына макет жасауда, жобаланған нысан маңына ғылыми- зерттеу жүргізуде. Зерттеу барысында байқалған оқушы тек макет жасаумен ғана шектелмей , өзге де пәндерді терең игеруге жол ашты. Өзі жобалаған нысан орнының климаттық жағдайы, экологиясы, географиялық тұрғысы, экономикалық кіріс жіне шығынды жобалай білуді үйренді. Шығармашылықпен дербес жұмыс істеуге алдында міндет қоя білуге қол жеткізеді. Абзалдың бойындағы туған жерге деген сүйіспеншілігі, Отанын сүюі, туған табиғатының ертеңіне жанашырлық танытуы қуантарлық.

Қазақ «бұлақ көрсең көзін аш» демекші , әр ұстаз қабілеті асқан оқушыға демеу көрсетіп дұрыс бағыт-бағдар бере білсек,ертеңінен үлкен үміт күтуге болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!