Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕР
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мамандарды дайындаудағы заманауи тәсілдер
Каркынбаева Гульмира
Ошакбаевна
Бақанас аграрлы–индустриалдық колледжі МКҚК
Директордың ОІЖ орынбасары
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар даярлау үшін негіз қалайды. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынымен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктелеліп отырғаны белгілі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді.
Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту үрдісін тереңдетуге дуальды жүйені енгізу үлкен мүмкіндіктер берді. Оқу үрдісінің барлық деңгейлерінде сапалы, тиімді әлеуметтік дайындықтар жоғарылатылды. Осы арқылы жаһандық білім бәсекелестігіндегі кәсіби маман даярлауда кәсіби шеберлікке, іскерлікке қол жеткізуге болады. Сапасы жоғары білімі бар ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет болатыны анық.
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі облыс бойынша арнаулы білім беру ордасының бірі болып табылады. Құрылғанына 40 жылға жуықтап келе жатқан білім ошағынан түлеп ұшқан түлектер қоғам өмірінің барлық саласында жемісті еңбек етуде. Колледж бүгінде уақыт талабына сай еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау үстінде. Біздің оқу орнымыз облыс бойынша дуалды оқыту жүйесі экспериментін оқу процесіне енгізді. Дуалдық оқыту жүйесін енгізу – халықаралық білім беру стандарттарына сай жас мамандардың жұмысқа тұруы.
Оның ерекшелігі сол, кәсіптік оқыту үрдісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорында өтеді. Мысалы, осы тәсілдерді қолдану барысында біздің колледжде «Ферма шаруашылығы» мамандығы бойынша топ шебері Малыбаев Шархан «Өтес» агрофирмасымен жұмыс жасап, студенттеріміз көктемгі машықтануды толығымен егін даласында дән себу кезеңінде өткізді. Ал күзгі машықтануда егін жинау кезінде де біздің студенттеріміз ауылшаруашылық машиналарына өздері отырып, оларды толықтай басқаруды игерді.
Білім алушы сабақты, дәрісті тыңдағанда дәрістің – 10% есінде қалады. Көргенде -40% мәліметті сақтайды да артынша қайталап айтса 70% есінде қалады. Егерде көргенін не естігенін өзі жасаса мәліметтің 90%-ын қабылдайды екен. Бұдан туатын қорытынды білім беру оқыту үрдісі үнемі көрнекі құралмен практикалық іс-әрекетпен ұштасып отырылуы қажет деген ұғым туады.
Әлеуметтік серіктестік аясында Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі негізінен ауыл шаруашылық саласына білікті жас кадрларды даярлау үшін 10 – нан астам өндірістік мекемелермен келісім шартқа отырды. Соның ішінде «Аспазшы» мамандығы бойынша «Іле» мейрамханасы, «Айтуар» мейрамханасы, “Ботагөз” кафесі, “Шапагат” ЖК негізгі әлеуметтік серіктестер болып табылады. «Ферма шаруашлығы» бойынша колледж бен жұмыс берушілер арасында тұрақты әріптестік орнату мақсатында «Өтес БиоАзия» ЖШС, «Динара» ЖШС, «Алинұр» ЖК, «Шалқыбекова» ЖК, мекемелерімен Меморандум жасалды.
Қазіргі таңда «Аспаз» мамандығы бойынша дуалды оқыту жүйелі түрде іске асырылуда. Оқу-жұмыс бағдарламасы бойынша І курстың ІІ семестрінде оқушылар өндірісте тәжірибе сағаттарын өтеді. Семестр бойынша бұл тәжірибе 120 сағатқа жетеді. ІІ курста аптасына 2 күннен, жалпы 396 сағат өндірісте болады. Сонымен қатар, ІІ курста 4 апталық оқу тәжірибесі де өндірісте өткізіліп, ал 2 апталық оқу тәжірибесін колледж базасында өткізу жоспарланып отыр. ІІІ курста аптасына 3 күн – 504 сағат және жұмысшы мамандығын алу тәжірибесі 360 сағат (10 апта) өндірісте өтпек, теориялық сабақтары колледжде өтіліп, қалған уақытта оқушылар толығымен өндірісте болады деп жоспарланған.
Ынтымақтастық төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын қолдану арқылы оқушылардың тәжірибелік оқуын ұйымдастыру (құралдар мен арнайы жабдықтарды қолдану мүмкіндігі беріледі).
2. Ары қарай жұмысқа орналасумен өндірістік тәжірибеден өтуге үшжақты шарттар жасау.
3. Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын бірлесе әзірлеу.
4. Бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу.
5. Оқу бітірушілердің қорытынды аттестациясы кезеңінде кәсіпорын өкілдерінің мамандар даярлау сапасын бағалауы. Кәсіпорын өкілдері мемлекеттік біліктілік комиссиясына басшылық етеді, диплом жобаларының жетекшілері болып табылады.
6. Кәсіпорындарда арнайы пәндер оқытушыларының сынақ өтулерін ұйымдастыру.
Колледж түлектерін дайындауда білімді тәуелсіз бағалау сапасы үрдісінде жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер белсенді түрде қатысып отырады.
Жұмыс беруші мекеме өкілдері жыл сайын колледж бітірушілерін қорытынды аттестаттау жұмыстарына қатысып, біліктілік, білімділік деңгейлерін сарапқа салады, бағалайды.
Қ амқоршылар кеңесі құрамынан да табылған жергілікті мекемелер өндіріс талаптарын ескере отырып, колледжге материалдық-техникалық базасын пайдалануға рұқсат етіп, көмектесіп келеді, сондай-ақ оқытушылар мен білім алушылардың өндіріс орындарында теориялық білім мен практиканы ұштастыруларына да жағдай жасауда. Ал өз кезегінде тағылымдамалар оқытушылардың оқу үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыруына мүмкіндік береді және білім беру мен өндірістік үдерістерді барынша жақындатуға көмектеседі.
Мысалы, «Аспазшы» мамандығы бойынша өндірістік оқыту жоспарға сай 216 сағат, яғни бұл оқу өндірістік күні әр аптаның сенбі күніне бекітілген. «Іле» мейрамханасы, «Айтуар» мейрамханасының базасына студенттер барып, шебердің нұсқауы және бас аспазшының бұйрығы бойынша, мейрамхананың банкеттік шараларына қатысты тағамдарды даярлауға көмектеседі. Бұл қарым-қатынас 2016 жылдан бастап жолға қойылған.
Күні бүгінге дейін осы әріптестігіміз жалғасын табуда.
С
О
сонымен қатар бүгінгі заман талабы – жан-жақты дамыған, өзіндік "мені" қалыптасқан "тұлға" тәрбиелеу. Студент "тұлға" болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзіреттіліктері қалыптасуы қажет.
Соның бір айғағы ретінде ауылшаруашылық өндірісін дамыту мақсатында колледж оқытушылары ғылыми жұмыстармен де айналысуда. Атап айтатын болсақ, биология пәнінің оқытушысы Дауренбекова Айгерім Алтынбеқызының жетекшілігімен «Сексекуілді жасанды жолмен өсіру» тақырыбы бойнша 3 курс студенті Абдикадирова Камила Қазақстан Республикасының Кіші ғылым Академиясының Облыстық 26-шы ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысып 1-орын жүлдегері, Қазақстан Республикасының Кіші ғылым Академиясының 43-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының 2 дәрежелі диплом иегері атанды.
Дуальды оқыту жүйесі жөнінде Елбасы Н.Назарбаетың «Мәңгілік ел» болуды мұрат еткен «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» саяси маңызы зор тарихи Жолдауында таяудағы 2-3 жылда дуальдық, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керектігі және келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшуді қарастыру қажеттілігі нақты айтылып өтті
Дуальдық жүйе бойынша оқыту студенттердің кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз. Еңбек нарығы шарттарының өзгеруін ескере отырып білікті мамандар дайындау жүйесін құрудағы әлеуметтік серіктестіктердің құрылымын белсенді пайдалану қажет. Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктің байланысы арқылы студенттердің таңдаған мамандық туралы түсініктерін қалыптасады, оқу поцесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдетеді, өндірістік жағдайда шешім қабылдау іскерлігі қалыптасады.
Дуальдық жүйе бойынша оқу орнындары мен жұмыс берушілердің арасындағы келісім шарттардың құрамы мынадай болады:
- өндірістік
тәжірибеден өту;
- оқу орындағы материалдық-техникалық базаны бекіту;
- түлектерді жұмыспен қамту.
Сонымен қатар дуальды жүйемен оқытудың көптеген жетістігі бар:
Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған студент жұмыс берушінің барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.
Екіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі жұмыстарға бейімделеді.
Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, студент теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.
Төртіншіден, жұмыс берушінің студентке берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған студент, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.
Бесінші, оқытушы тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.
Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан студент оны күнделікті көріп, игереді.
Дуальды оқыту үдерісінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланудың маңызы зор. Сыни тұрғыдан ойлау- оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Студенттің оқытушымен, қатарластарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, қиындықты жеңуге баулитын тәсіл болып табылады.
Қорыта айтқанда, кадр мәселесін шешуде, маман тапшылығын жоюда дуалды жүйенің пайдасы зор. Бұл жүйе жұмыссыздықты азайтып, халықтың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл, шын мәнінде, заман талабынан туындаған оңтайлы шешім. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында дуальды оқытуға көшу шәкірттеріміздің білімді және білікті маман болуының негізгі қозғаушы күші болып табылады.