Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мамандығым– болашағым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы,
Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер
шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогі,
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Құнанова Қалампыр Қуанышқалиқызы
Сабақтың тақырыбы: «Мамандығым-болашағым»
( Тамақ және жеңіл өнеркәсібіндегі кәсіби қызмет түрлері)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, өздерінің өмірлік жоспарларын анықтау мен іс-әрекеттер алгоритмін құруға көмектесу, мінезді қалыптастыру тәсілдеріне талдау жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің мамандықтарымен және киімнің шығарылатын жолымен оқушыларды таныстыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды таңдаған мамандықтарына қызықтыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өзін-өзі тану, мақсат қоя білу және жоспарлау бойынша дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды мамандыққа баулу және өнерге қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ ( рольдік, жағдаяттық ойындар, өзбетімен ізденіс сабақ, шығармашылық сабақ)
Сабақта қолданылатын әдістер: әңгіме, түсіндіру, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап, ойын, тренинг, бақылау, сайыс, слайд-шоу.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі сән журналдары, «Қазақстан әйелдері» журналынан сән үлгілері, қағаздан жасалынған сиқырлы гүл, слайд-шоу, сандықша, альбомдар, ательеге қажетті бұйымдар, мыс: түрлі киім үлгілері, лекалолар, жобалар, маталар, тігінші құралдары, аспаздық жабдықтар т.б
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, бейнелеу өнері, материалтану, машинатану, әдебиет
Қолданылған әдебиеттер: 9 сыныптың Технология оқулығы, әдістемелік нұсқау, «Мектептегі технология» журналдары, «Еңбекке үйрету» журналдары
Сабақтың барысы: Жоспар
І. Ұйымдастыру бөлімі
( амандасу, жоқ оқушыларды анықтау, тақырыптың мақсатымен таныстыру.)
-
Құттықтау «Жағымды қасиетін және есімін ата» ойыны
-
Мінезге байланысты тапсырмалар ( топтық және жеке тапсырмалар)
ІІ.Негізгі бөлім
( Сыныпты екі топқа бөлу, турнир өткізу)
-
Бірінші тур: Бой жазу «Кәсіпті тап»
-
Екінші тур: 1-тапсырма: «Білімдарлыққа тапсырмалар»
2-тапсырма: «Сәйкестендір»
-
Үшінші тур: Шығармашылық конкурс
-
Көрініс ( жеңіл және тамақ өнеркәсібінің мамандығының қызметтерін көрсететіндей) «Силуэт» ательесі, «Бутерброд» дәмханасы
-
Кәсіпкерлер сайысы ( аспазшыларға, суретші модельерлерге түрлі тапсырмалар)
-
ІІІ. Қорытынды бөлім
-
Бекіту сұрақтары
-
Оқушыларға «Кәсіпкерлердің білгірлері» клубының мүшесі деген сертификаттар тарату, бағалау.
Үйге тапсырма: Мамандармен кездесуге сұрақтар дайындау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздерме, балалар! Сыныпта түгелміз ба? Біз балалар, өткен сабақта жаңа тарау бастаған болатынбыз «Мамандық таңдау» деген, енді бүгін де сол тақырыбымызды жалғастырамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мамандығым-болашағым» деп аталады. Жалпы бүгінгі сабақта жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қатысты мамандықтар туралы өтетін боламыз.
- Құттықтау. «Жағымды қасиетін және есімін ата» ойыны.( Топ шеңберлене тұрады. Тізбек бойынша, сол жақтағы көршісіне қарап тұрып, оның есімін және жағымды қасиеттерін айтады. Мысалы: Рысгүл, сен кішіпейілсің, тапқырсың. Рахмет!)
- Бүгін, «мінез» түсінігімен танысамыз. Қандай да бір мінездің ерекшеліктерін өзімізде қалыптастыруға болатынын ойланамыз, кәсіптермен танысуды жалғастырамыз. Сендердің әрқайсыларыңның қайталанбайтын, сондай-ақ соңына дейін танылмайтын тіршілік иесісіңдер, өйткені табиғат адамнан күрделірек еш нәрсе жаратқан жоқ. Өзің жайында жаңа бір нәрсені білу, жанындағы адамдар, достарың арқылы жүзеге асады. Іс жүзінде, бір жағынан, өмір адамның мінезін қалыптасытырып, шыңдайды, ал екінші жағынан, мінез адамның барлық қылықтарына, ойлары мен сезімдеріне өз ісін қалдырады. Мінез туралы айта отырып, біз адамның жеке қасиеттеріне тән жиі қайталанатын, өзіндік қылықтары мен іс-әрекеттерін, оның қандай да бір өмірлік жағдаяттардағы үйреншікті формаларын еске аламыз. Әрине, қорқақ адамның батылдылық жасауы, ал сыпайы адамның дөрекілік көрсетуі мүмкін. Бірақ біз бәрібір «батыл» немесе «дөрекі адам» деп осы мінез түрі тән адамды ғана атаймыз.
- Мінез ерекшеліктерінің мыңнан астам түрін атап шығуға болады. Олардың кейбіреуі иесіне көмектессе, енді біреуі өзіне ғана емес, оның айналасындағы адамдарға да зиянын тигізеді.
1- тапсырма: ( топтағы жұмыс). Мінез-құлықтың жағымды және жағымсыз белгілерін бөліп жазу.
Ұқыптылық, тұйықтылық, жауапсыздық, сараңдық, жылышырайлылық, қызғаншақтық, жарқындық, көпшілдік, байсалдылық, еңбексүйгіштік, атқарушылық, сыпайылылық, батылдық, сергектік, немқұрайлылық, жауапкершілік, қаскүнемдік, дархандық.
Әңгімелесу:
-
Қандай қасиеттер көбірек берілген? ( Жағымды)
-
Қалай ойлайсыңдар, неліктен? ( Біздің бәріміз жағымды қасиеттердің көбірек болғанын қалаймыз.)
2- тапсырма: Мына берілген қасиеттердің қайсысы қай мамандықта басым болуы керек? ( жеке тапсырма)
Мамандықтар: Мұғалім, Жүргізуші, Дәрігер, Аспаз, Әнші, Инженер, Тренер, Бағдарламашы, Бухгалтер, Фермер, Дизайнер
Қасиеттер: Көру, Есте сақтау, Иіс сезу, Төзімділік, Шыдамдылық, Жылдамдылық, Талапшылдық, Әдептілік, Табандылық, Шығармашылық, Есту қабілеті
ІІ. Негізгі бөлім
Балалар, сіздер барлықтарыңызда «Кәсіптердің білгірлері клубының» мүшелері болып табыласыңдар. Біз екі топқа бөлінген болатынбыз. Қызылдар мен көктер деп бөлінеміз. Енді біз «Кәсіптердің білгірлері клубының» мүшесі екендіктеріңді растайтын сертификаттарды алу үшін ең әуелі мынадай турлардан өтулеріңіз керек.
Бірінші тур: Бой жазу
- Сендерге тапсырмада айтылатын кәсіпті атау керек. Талқылауға 30 секунд уақыт беріледі. Қай команда бірінші табады, сол командаға ұпай беріледі.
«Кәсіпті тап»
1. Бұл кәсіп өнермен тығыз байланысты. Әрқашан қиялындағы бір туындының қыр-сырын ойлап, ешкімнің ойына келмейтін шығармашылық идеяларды табады. Және суретші кәсібімен тығыз байланысты. Бұл қандай кәсіп? ( Дизайнер)
2. Компьютерлендіру ғасырында немесе интернеттің дамуымен қандай мамандықтар пайда болды? ( Бағдарламалаушы)
3. Өмірде болып жатырған қызықты сәттер, енді қайтып айналып келмейтін сәттер, ең әдемі жерлер, әдемі кештер бұл адамның назарынан тыс қалмайды. ( Фотограф)
4. Әдемі даусымен, сымбатты да сұлу келбетімен ерекшеленетін, үнемі елдің назарында жүретін адам. Қасиетті орны-сахна. ( Әнші)
5. Бұл жәшікте музыканттың, болат балқытушының дәрігердің жұмысында пайдаланылатын еңбек құралы жатыр. Жәшікте не бар? ( қасық, музыкант-қасықшалары; дәрігер үй жағдайында науқастың тамағын кәдуілгі қасықпен тексереді, болат балқытушылар болат сынамасын арнаулы қасықпен алады.)
Екінші тур:
-
тапсырма: «Білімдарлыққа тапсырмалар»
Қазір сендерге қандай да бір әріп ұсынылады. Сендердің міндеттерің – осы әріптен басталатын кәсіпті атау, яғни кәсіптер әлемін қаншалықты жақсы білетіндіктеріңді көрсету.
«М» Маркетолог,Массажшы,Машинист,Медбике,Менеджер,Мерчендайзер,Метеоролог, Мозайкашы, Мал дәрігер, Монтаждаушы
«А»
Агроном, Актер, Архитектор, Аспаз,Ақын, Ассистент, Администратор, Акушер, Альпинист, Археолог, Аңшы т,б
-
тапсырма: «Сәйкестендір»
Алдарыңызда кәсіптің атаулары тұр, осыны кәсіптің 5 типіне сәйкестендіресіздер.
Мамандық түрлері: Агроном, жүргізуші, фермер, токарь, дәрігер, шахтер, биолог, сатушы, бағбан, мұғалім, жолсерік, бағдарламашы( программист), суретші, кассир, дизайнер, инженер, шаштараз-стилист, банкир, есепші, ғалым, жазушы, фотограф.
-
Адам-табиғат
Агроном, фермер, биолог, бағбан
-
Адам-техника
Токарь, шахтер, жүргізуші, инженер
-
Адам-адам
Дәрігер, сатушы, жолсерік, мұғалім
-
Адам-белгілі бір жүйелер
Банкир, есепші, кассир, ғалым
-
Адам-өнер
Фотограф, жазушы, суретші, шаштараз-стилист, дизайнер
Үшінші тур: Шығармашылық конкурс
-
Көрініс ( Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің мамандықтарының жұмыстарын көрсететіндей болуы керек)
«Силуэт» ательесі
Журналист:
-
Сәлеметсіздерме! Мен осы сіздің ательеңіздің алдынан күнде өтемін, мені қызықтырғаны мына ательенің аты-«Силуэт». Сол жайлы білейін деп едім және бұл жерде қандай киім тігеді екен.
Қабылдаушы: - Әлбетте, мен сіздерге суретші-модельерді шақырайын, ол өзі сіздерге бәрін түсіндіреді. ( Қабылдаушы телефон арқылы суретші-модельерді шақырады)
Суретші-модельер: - Біздің ательеде сіздер кез-келген бұйымға тапсырыс бере аласыз. Сіздердің алдарыңызда біздің модельдеріміздің сурет жинағы. Осы жерде әр түрлі сән үлгілерінің болғанымен ( үй киімінен сырт киімге дейін), олардың барлығы бір үлгі негізімен жасалған. Осы жерде мен ательенің аты туралы айтып өтсем деп тұрмын, Силуэтке дәлірек анықтама берсек, оны геометриялық фигуралармен салыстырамыз: трапеция, үшбұрыш, сопақша, қарындаш, қызғалдақ. Яғни, қазіргі киімдерді қарапайым геометриялық фигураларға ұқсатуға болады. Сондықтан да «Силуэт» ательесі деп аталады. Осы жерден өзіңізге ұнаған үлгіні таңдаңыз. ( Тапсырыс беруші өзіне ұнаған бұйым үлгісін таңдайды).
Қабылдаушы конструктор – модельерді шақырып алады. Ол өз кезегімен таңдалған модельге қандай мата, қаншалықты көлемде және матаны қалай дайындап әкелу қажетін түсіндіреді.
Журналист: - Рахмет сіздерге, сау болыңыздар.
( Арада бір жеті өтті)
Журналист: - Сәлеметсізбе, мен мата алып келдім, тапсырысымды қабылдаңызшы.
Қабылдаушы конструктор –модельерді шақырады. Ол өлшемін алып, керек фурнитура жайлы кеңесін береді. Қабылдаушы тапсырманы қабылдайды.
Журналист:
-
Маған сіздердің қызмет көрсетулеріңіз ұнады, сіздердің ательеңіз туралы газетке мақала жазайын деп шештім. Сондықтан жұмыстарыңызбен жақынырақ таныссам бола ма?
Қабылдаушы:
-
Әрине, қуана келісеміз. Шеберханаға жүріңіз. Дәл қазір біздің шеберханада қызу жұмыс жүріп жатыр.( Қабылдаушы әріптестерін журналистпен таныстырып шығады)
Журналист:
-
Қызметтеріңізге көп рахмет! Келесіде жолыққанша, мақалам шыққан бойда сіздерге алып келемін. Сау болыңыздар!
«Бутерброд» дәмханасы
( Дәмханадағы қызу тірліктің көрінісі көрсетіледі. Ортадағы үстелге екі студент келіп отырады, олардан қабылдаушы келіп, тапсырыс алады. Арғы бөлмеде аспаздар тамақ дайындап жатады.)
-
Сәлеметсіздерме, «Бутерброд» дәмханасына қош келдіңіздер! Қандай бутербродқа тапсырыс бересіздер, қызмет етуге дайынбыз. (Жазып алады) Сізден 10 теңге, рахмет!
-
Аспаз мына бутербродыты дайындай қойыңыз. (Тапсырысты әкеліп, үстелге қойып береді. Келесі тапсырыс алу үшін, комиссияларға барып, тапсырыстарын қабылдайды.Тағамдарын апарып береді.
( Екі студент орындарынан тұрып, аспаздарға рахметтерін айтып, бутербродтарыңыздың дәмді екендіктерін айтып, ертең тағы келетінін білдіріп, дәмханадан шығып кетеді).
-
Кәсіпкерлер сайысы ( аспазшыларға , және суретші-модельерге тапсырмалар беріледі. Топпен орындап шығады)
Аспазшыларға:
«Математикалық ойын», тағамға байланысты мақал шығару:
«Ас –адамның арқауы» 2/2+4/3—ас, 57+48+83+64+96+35+59—адамның, 86+25+26+38+88+53—арқауы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
2 |
а |
|
|
р |
|
|
|
|
3 |
|
|
с |
|
|
ы |
|
|
4 |
|
|
|
|
м |
|
д |
|
5 |
|
ы |
|
|
|
|
|
|
6 |
қ |
|
|
|
|
|
а |
н |
7 |
|
|
|
а |
|
|
|
|
8 |
|
а |
|
|
а |
|
у |
|
9 |
|
|
|
ң |
|
|
|
|
Суретші – модельерлерге:
Сөзжұмбақ
-
Сән жасаумен айналысатын адамды кім дейді? ( Сәнгер)
-
Көйлектік мата түрі қалай аталады? ( Сәтен)
-
Эскиз, фотосурет арқылы, техникалық сәндеумен айналысатын адамды, маманды кім дейді? ( Инженер-конструктор)
-
Көркемдік, әшекей, сәндік деп.... нені айтамыз? ( Тігіс)
-
Сөмке, қолғап, баскиім, сәнді толықтырып тұратын заттар қалай аталады? ( аксессуар)
-
Сәннің бір түрі қалай аталады? ( Көркемдік)
ІІІ.Қорытынды бөлім
-
Бүгін біз қандай кәсіптің түрлерімен таныс болдық.( Суретші-дизайнер, конструктор-модельер, тігінші, инженер, аспаз, қабылдаушы т.б)
-
Оқушыларға «Кәсіптердің білгірлері» деген сертификаттар ұсыну, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап кету.
Үйге тапсырма: Мамандармен кездесуге сұрақтар дайындау.