Материалдар / Мамандығым-мақтанышым. Эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мамандығым-мақтанышым. Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық туралы эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2024
314
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«ХХІ ғасырдың заманауи педагогі»


Өмірде сан түрлі мамандық бар. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі ұшан-теңіз. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның келер күннен алар еншісі таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді.

Ұстаз - таудан сарқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдамайтын жан иесі.

Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары десек те болады. Ұстаз – ол жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.

2021 жылы осы қара шаңыраққа ұстаз болып келдім. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты.

«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп,

М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.

Күнделікті мектепке келгенде балалардың сыңғырлай күлген дауыстары, қуаныштары мені шын бақытқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек.

Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.

...Баяғыда мектепте (60-70 жылдары), білім алудың ең басты проблемасы – ақпараттың жетіспеушілігі еді. Ол кезде ақпарат аз және де ақпарат көздері де санаулы. Мектепте – мұғалім мен оқулықтар, сыныптас жолдастарың, ал үйде – ата-аналарың мен басқа ересектер, радио мен теледидар.

Ал бүгінде біз басқа уақытты бастан кешудеміз: бұл заманның ең басты ерекшелігі, керісінше, - ақпараттың тым көптігі. Қазір ақпараттың көптігі сондай – оны өңдеуге адам миының мүмкіншіліктері жетпейді.

Бүгінгі балалар ақпаратқа қол жеткізу тұрғысынан бұрынғыдай ересектерге тәуелді емес. Олар тіпті ересектерден де көп біледі. Алайда білім дегеніміз тек ақпарат емес екендігі бәрімізге аян. Демек, оқушыларға баяғыдай ақпарат тасымалдаумен айналыспай, үйретуде басқа идея мен ұстанымдарды, өзгеше амал мен құралдарды пайдалану қажеттілігі туындады бүгінде. Міне, енді әңгіме төркіні оқытудың мазмұны мен формасын өзгертуге бағытталған эдьютейнмент пен геймификация туралы болмақ.

Бүгінгі Z ұрпақ пен Альфа ұрпақ өзіне тән ерекшелігі бар оқушылар. Дәстүрлі білім олар үшін қызықсыз дүние. Бұл ұрпақ реформатор ұстаздарды қалайды. Мен де заманауи ұстаз ретінде олармен достық қарым-қатынаста болып, бүгінгі білім саласында трендке айналған геймификация әдісін әр сабағымда пайдаланып отырамын.

Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз, мұғалімдердің еншісінде.

Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды әрдайым мақтан тұтамын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!