Сабақ
мақсаты: «Өркениет» ұғымы туралы
түсініктерін кеңейту; ұлттық мәдениет пен өркениет құндылықтары
туралы түсінік беру.
Міндеттері:
-өркениеттің ұлттық мәдениетті
дамытуы, байытуы қажеттілік арқылы жүзеге асып, талабы мен талғамы
басқа жаңа адамдар қалыптастырып, өмірлік күш-қуатқа ие екенін
білдіру;
- қарым-қатынас негізінде
өркениеттілік қанат жайып, өріс алуымен адам құндылығының жаңа
сапаға көтерілуі кезінде өзін-өзі дамытудың, тәрбиелеудің жетіле
түсетінін ұғындыру.
-Ұлттық мәдениетті
дамытып, құрметтеудің тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар,
мәлiметтер)
|
Сабақ
барысы: Ұйымдастыру
кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін-
өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары
үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5
затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
Тыныштық
сәті
Нұрға
бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры
сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің
орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу
ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға
бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және
баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,
тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана
айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз
бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек
жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және
шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле
шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп
жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға
толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық
адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен
Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және
Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет. Үй тапсырмасын
тексеру Мәтінмен
жұмыс
|
Сабақ барысын
талдау
|
Әңгiмелеу (мұғалімнің
сыйы)
Елдік
негіздері (Үзінді)
Ұлттық
мәдениет дегеніміз не? Өркениет дегеніміз
не?
Қазіргі таңда Энциклопедиялық
сөздіктер мен Түсіндірме сөздіктерде нақты ғылыми анықтамасы
беріліп, ара жігі ашып көрсетілгеніне қарамастан, мәдениеттанушылар
мен қоғамтанушылар арасында жиі қолданылатын осы сөздерді, яғни
мәдениет пен өркениет атауларын жалпы жұртшылық бір-бірінен
ерекшелеп жатпай, екеуін бір ұғымда қолдана береді. Мұның олай
болуы, шамасы, осы екі ұғымның төркіндестік ортақтылығына негіз
болатын «мәдениет» сөзінің өзіне берілер анықтама мен түсініктің
ғылыми тұрғыдан әлі нақтыланбағанынан ба деген ой келеді. Дегенмен,
әр адамның не нәрсені болсын өзінің патша көңілінің талғам
таразысына салып, ұнағанын ғана жанына жақын тартатыны белгілі.
Оған түйсігіңмен үндесіп, ұғынуыңа жеңіл келетіндігінен болса
керек. Мысалы, ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, Түркияның халықшыл
ғалымы Зия Көкалыптың: «Мәдениет дегеніміз бір ғана ұлттың дін,
мораль, құқық, ақыл-ой, эстетика, экономика және
тұрмыс-тіршілігінің үйлесімді жиынтығы» деген тұжырымын осындай
анықтама ретінде қабылдаймыз. Мұнда ғылыми анықтамалардағыдай
түсінікке салмақ салар күрделілік жоқ, соған қарамастан танымға
жақын, қарапайым да ұғынықты. Қарап отырсаңыз, мәдениет деген
жекелеген адамдардың тер төгіп, ізденумен, болмаса ақыл-айласымен,
немесе оқып-тоқуымен келетін қасиет емес, белгілі бір ұлт халқының
тұрмыс-тіршілігі қажеттілігінің талабына сай өмір бойы саналықпен
қалыптастырған наным-сенімінің, ұстанған моралінің, қолданған
заңының, ақыл-парасатының, талғам талабының, күнкөріс көзінің өзара
үйлесімі екен. Бұдан кейін мәдениеттің өзін тудырған ұлтпен бірге
ұлтқа тән болып, «ұлттық мәдениет»деп аталатын да пайымдау онша
қиындыққа түспейді. Ал өркениет деген бір ұлттың мәдениетімен
шектелмей, дамудың ортақ деңгейінде тұрған бірнеше ұлттың қоғамдық
өмірінің жиынтығын, басқаша ерік жігері, ақыл-ойы арқылы жүзеге
асатын құндылықтардың жиынтығын қамтиды екен. Мұны Зия Көкалып
былайша түсіндіреді: «Діни мәліметтер мен ғылым адамның ерік-жігері
арқылы пайда болатыны сияқты мораль, құқық, көркемөнер, экономика,
ақыл, тіл және жаратылыстану ғылымдарына қатысты мәліметтер мен
теориялардың бәрі адамның еркімен және әдіс-тәсілімен дүниеге
келген.Осыдан барып дамудың ортақ деңгейіндегі бұл ұғымдардың,
мәліметтердің және ғылымдардың жиынтығы «өркениет» деген нәрсені
болса, түрлі әдіс-тәсілмен, адамдардың қалауымен қалыптаспаған,
яғни жасанды емес. Өсімдіктердің, жануарлардың органикалық өмірі
қалай өздігінен және табиғи түрде дамитын болса, ұлттық мәдениетке
кіретін нәрселердің қалыптасуы мен дамуы да дәл осындай. Осылай
болғанымен, ұлттық мәдениет пен өркениеттің арасын байланыстыратын
нәрселер де бар.Қоғамдық өмір: мораль, құқық, ақыл-ой, эстетика,
экономика, тіл және күнделікті тұрмыс-тіршілік секілді салалардан
құралса және оны бір сөзбен, жоғарыда айтқанымыздай, «мәдениет»
десек, мұны өркениеттен де бөліп тастай алмаймыз, сондықтан бұларды
да өркениет жемісі деп қабылдауға болады.Өйткені, өркениеттің
әуелде ұлттық мәдениеттің негізінде пайда болып, кейін басқа
ұлттардың өркениетіне тән кейбір ерекшеліктерді қабылдайтыны
белгілі. Бұл айтылғандардан: өркениет дегеннің әдіс- тәсіл арқылы
жасалған және еліктеу, іздену жолымен бір ұлттан екінші ұлтқа
ауысқан ұғымдар мен техниканың жиынтығы, ал ұлттық мәдениет болса,
әдіс-тәсіл арқылы жасалынбайтын және еліктеу, іздену жолымен бір
ұлттан екінші ұлтқа ауысқан ұғымдар мен техниканың жиынтығы екені
көрінеді. Сондай-ақ мәдениеттің тек бір ұлтқа ғана тән, ал
өркениеттің бірнеше ұлттарға ортақ екені де анық аңғарылады, яғни
өркениеттің ауқымында бір-біріне қатысы жоқ бірнеше ұлттық мәдениет
бір-біне қатысы жоқ бірнеше ұлттық мәдениет қатар өмір сүре береді.
Мысалы, Еуропа мен Америка өркениеті негізінде құралған Батыс
өркениетінің аясында бір-бірінен бөлек-бөлек ағылшын, француз,
неміс және т.б. ұлт мәдениеттерінің қатар өмір сүріп жатқаны осының
дәлелі. Осы орайда көне тарих деректеріне жүгінсек, кейбір ұлттық
мәдениеті күшті, бірақ өркениеті әлсіз елдің ұлттық мәдениеті
бұзылған, бірақ өркениеті жағары басқа елмен соғысқанда мәдениеті
күшті, бірақ өркениеті әлсіз елдің жеңіске жетіп отыратынын
көрсетеді.
|
|
Топпен ән
айту.
Арман
жолдар
Сөзі:А.Дүйсенбінікі
Әні:Ұ.Жолдасовтікі.
Жол-жетелейді арман мен
мұраттарға
Жол-жауап жоқ алатын
сұрақтарға.
Сен адастырма,арманым,жол
бастаған,
Үйреттің өмір сырын алғаш
маған.
Сен-қиял құсым сапарға алып
ұшқан.
Сен-арман ару,жаралған
сағыныштан.
Сен-жас дәуренім,жүзіндей ақ
алмастан.
Мөп-мөлдір кәусарыңа қана
алмаспын
Сен-арман-қиял,жетелеп жас
күнімді
Сен-ұрлап алып кетпеші
жастығымды.
Сен-қол жетпейтін тұратын
сағымнансың
Жолдарда жүріп өткен әнім
қалсын.
|
|