Материалдар / Мамандық таңдай білу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мамандық таңдай білу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым мақтанышым. Мамандықты дұрыс таңдай білу туралы өз ойымды жаздым. Ақын жазушылардың өз сөздерімен бастадым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2021
200
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ең қиын мамандық — адам боп қалу

Хосе Хулиан Марти

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. 

Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық. 

Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. 

Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұрақтың жауабында таптым. 

Осы сұрақтың жауабы ұстаздық сала еді. Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. 

Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. 

Осы бір биік тұлғаны көз алдыма елестете отырып ұзақ ойландым. Расында Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек. 

Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен. 

Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес. 

Яндекс.Директ

6+

Мені шабыттандырып ұстаздық саланы таңдаттырған осынау ұлылар мен мектепте сабақ берген ұстаздарым еді. Ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар мен ұстаздарымның алдында басымды иіп алғысымды білдіремін. 

Мен таңдаған мамандық –бастауыш пәні мұғалімі болу. Мектепте қазақ тілі сабағын сүйіп оқитынмын. Оқушыларға қызықты ойындармен сабақ түсіндіріп, әдеби әңгімелеуді қызығып армандайтын едім. Арманыма қол жеткізіп ұстаз атандым. Қазіргі уақытта осы ұстаздық саланы ту етіп, оқып жатқаныма үш жылболды. 

Мамандығым өзімме қатты ұнайды. 

Біріншіден — өз мамандығымды сүйем, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен қуаныш. 

Екіншіден – шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп, өз ерік-қалауымен білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы жүрегіне ұялаттым. 

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным — өз мамандығымды шексіз сүюден болар деп ойлаймын. 

Бүгінде осы мен таңдаған ұстаздық мамандығының тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде. 

Менің де осындай биіктерден көрініп және өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, мықты ұстаз болу үшін барлық күш–жігерімді сарп етуге әзірмін.

Мұғалімнің күнделікті сабаққа дайындалуы

Оқу жұмысының табысты болуы мұғалімнің күнделікті сабақ жоспарына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ жоспарлау кезінде мұғалімге көп еңбектенуге тура келеді, әрбір жеке сабақтың сол сыныптағы жалпы сабақтар жүйесіндегі білімін анықтап, басқа пәндермен байланысын ашады. Күнделікті сабақ жоспары тақырыптық жоспар негізінде жасалады. Тақырыптық жоспар пәндік бағдарлама талаптарына сәйкес түзіледі.

Күнделікті сабаққа даярланудың алғашқы сатысы сабақтың мақсатын анықтаудан басталады. Сабақтың мақсаты деп- сол сабақта оқытып-үйретуге және дамытуға байланысты мәселелердің шешілуін айтамыз.

Сабақта өтілетін материалдардың мазмұны мен мақсаты, оқушылардың дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшеліктері, мұғалімнің іс-тәжірибесі, оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды.

Берілетін білімнің көлемін анықтаған кезде, қандай материал оқушыларға дайын күйінде берілетінін, қайсысы оқушылардың өздігінен орындауына тапсырылатынын анықтаған жөн.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуына ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып, зерттеу көп пайдасын тигізеді. Сондықтан әр мұғалімнің жеке кітапханасы болғаны абзал. Қажетті әдебиеттерді студенттік шақтан бастап жинағаны орынды.

Өзінің сабаққа дайындалуын жеңілдету үшін, мұғалім ұдайы химиядан, оны оқыту әдістемесінен, баспасөз бетінде жарияланған қажетті материалдарды жинап, арнайы картотека жасағаны абзал.

Сонымен бірге мұғалімнің қолында дидактикалық және әдістемелік материалдар болғаны дұрыс. Бұлар қажетті мөлшерде дайындалған бақылау жұмысының нұсқаларын, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес әр сыныпқа арналған және әрбір тақырып бойынша дайындалған карточкалар жинағын, өздігінен жұмыс істеуге және білімді материалдарды, зертханалық және сарамандық жұмыстардың нұсқауларын, техникалық құралдарды пайдалануға арналған материалдар жиынтығын, көрнекі құралдарды және материалдарды қамтиды.

Мұғалімнің жұмыс жоспарлары

Оқу үрдісінің нәтижесі, сабақтың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі-бүкіл оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты.

Оқу үрдісін жоспарлаудың негізгі құжаттары мектепке арналған жылдық оқу жоспары-онда жеке сыныптар бойынша пәннің апталық сағат саны және химия пәнінің бағдарламасы көрсетіледі. Мектеп химиясының бағдарламасында әрбір сыныптарда оқылатын білім негіздері тарауларға біріктіріліп, сағаттармен шектелген.

Оқу үрдісінің бағдарламасы бойынша жасалатын күнтізбелік жоспарлы мерзіміне қарай жылдық, жарты жылдық және тоқсандық етіп құруға болады. Бұлай жасаудың өзіндік артықшылығы мен кемшіліктері бар. Күнтізбелік жоспарды мектеп басшысының талабына сай әр түрлі бөліктерге бөліп жасайды. Жоспарда тараулар тақырыптарға бөлінеді, ондағы зертханалық-сарамандық жұмыстарға, тәжірибе есептеріне, өзіндік жұмысқа, бақылау жұмысына, тарауды қайталауға сағаттар бөлінеді.

Бағдарлама бойынша әрбір сыныпта өтілетін тараулардың мақсаттары мен міндеттерін, өтілу мерзімдерін жете бақылауүшін, мұғалім күнтізбелік жоспарды үш түрлі: топтамалық, графиктік және тақырыптық нұсқада жасай алады. Күнтізбелік жоспар мұғалімнің қолындағы бағыт сілтеуші тұсбағдар іспеттес, мұғалім өзінің ыңғайына қарай осы нұсқалардың бәрін де жасауына болады. Пән бағдарламасына сәйкес, мұғалім әрбір сыныптағы химияға бөлінген тараулардың сағаттарының қай уақытта басталып, қай уақытта аяқталғанын алдын ала біліп отыратын топтамалық, графиктік жоспарлау өте тиімді.

Күнделік сабақ жоспары

Сабақтың күнделікті жоспарын мұғалімнің іс-әрекетіне бағыт сілтеуші шығармашылық ақыл-ойының зертханасы, педагогикалық шеберлігінің шығармашылығы деуге болады. Сабақ жоспарында негізінен мынадай үш мәселеге назар аударылады:

  • өткен сабақта үйге берілген тапсырмаға байланысты сыныпта орындалатын тексеру жұмыстарының сұрақтары, өзіндік жұмыстары;

  • жаңа материалды түсіндіруге, бекітуге, жаттықтыруға, өзіндік жұмыстарды орындауға байланысты жұмыстар;

  • Сыныпқа және жеке оқушыларға берілетін үй тапсырмаларын анықтау; Сыныпқа берілетін тапсырманы мұғалім үйден дайындап келеді де жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар сабақ өту барысында белгілі болады.

Күнделік сабақ жоспары әр түрлі үлгіде жазылады, барлық сабаққа ортақ үлгі әзірге жоқ. Өйткені сабақ кезеңдері сабақ типтеріне байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен, жас педогогтер мен үйренуші студенттерге аралас типті сабақтың үлгісін пайдалну әлдеқайда қолайлы.

Мұғалімнің күнделікті сабағын талдау

Мұғалім өзінің немесе әріптесінің сабақ берудегі әдістемесіне бақылау жасап, оның жұмысына пікір айту үшін сабақты талдай білуі керек.

Сабақты өтілу барысы бойынша талдауда мына мәселелерге көңіл аударылады:

  1. Сабақта кіріспе бөлімі қалай жүзеге асты? Онда сыныптың сабаққа дайындығы қандай, оқулықтары жеткілікті ме, дәптері мен жазу құралын тексеру.

  2. Үй тапсырмасын сұрау кезінде мынандай мәселелерге көңіл бөлінеді. Бүкіл сыныпты жұмыс істеуге қатыстыруды, қойылған сұрақтардың анықтығы, сұрау тәсілдері мен дағдыларды пайдалана білу, оқушылар жауабына қойылған бағалардың дұрыстығын талдау, жаңа материалдарды меңгеруге сай сұрақтардың сәйкестігі.

  3. Жаңа материалдарды түсіндірудің өткен материалдармен байланысы, жаңа материалдарды түсіндірудің әдістемелік тәсілдері, материалдың мазмұнына, мақсатына сәйкестілігі. Көрнекіліктерді пайдалануы, химиялық сынақтәжірибелердің түрлері, орындалуы, жаңа материалды түсіндірудің өмірмен, күнделікті тұрмыспен байланысы. Сабақтағы тәрбиелік мақсаттар, оқушылардың химиялық тілді меңгеруі, оқушылардың сабақтағы белсенділігі.

  4. Үй тапсырмасын талдауда мына мәселелер ескеріледі. Үй тапсырмасының көлемі, түсініктілігі, есептер мен жаттығулардың көлемі, сарамандық жұмыстардың мөлшері, сыныптан тыс оқулардың мәні, графикалық тапсырмалар, оларды орындау жөнінде нұсқаулар.

  5. Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі, мәдениеті, ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі.

  6. Сабақ жоспарының орындалуы. Таңдаған әдістемелік тәсілдерінің дұрыстығы.

  7. Сабақты бұдан да жақсартуға ұсыныстар, қорытындылар, тілектер. Сабақты талдауда басты назар аударатын негізгі мәселелер сабақтың мазмұны мен тәрбиелік, білімдік мәселелердің жүзеге асуы.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!