Сабақтың
тақырыбы:
Мамандығым –
мақтанышым.
Сабақтың
мақсаты:
1.Оқушылардың болашақ
мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдету,мамандықты дұрыс таңдау
керектігін түсіндіру.
2.Ойлау қабілеттерін
дамыту,қызығушылықтарын арттыру.
3.Оқушылардың бойына жақсы
қасиеттерді сіңіру,мамандық таңдай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
суреттер.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Қазақстан Республикасының
Гимнін орындау.
Психологиялық
жаттығу.
«Менің
көңіл-күйім»
Ісім оңсын
десеңіз
Сол істің маманы
болыңыз
Даңқым шықсын
десеңіз
Көпшіліктің адамы
болыңыз.
«Әл-Фараби»
ІІ.Негізгі
бөлім.
1.Кіріспе.
- Балалар,бүгін біз мамандық
туралы әңгімелесеміз.
Айтыңдаршы,маман дегеніміз
не?
Белгілі бір мамандық иесі болу
үшін не істеу керек?
Сен қандай мамандық иесі
болуды армандайсың?
Мамандық дегеніміз – адамның
еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан
басталады.Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз
ойымызды айтамыз.
Әсемпаз болма
әрнеге
Өнерпаз болсаң
арқалан
Сен де бір кірпіш
дүниеге
Кетігін тап та бар
қалан,
деп өмірден өз орнын
тауып,елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің
арманымыз.
Біздің таңдауымыз да
әртүрлі.Ертең біреуің ақын,екіншің инженер,үшіншің құрылысшы
боласың .Ғалым Жүсіпбек Аймауытов ағамыз «Мамандықтың жаманы
жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту,тамақ
асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін
нәрсе» деген.Әрине біз ол үшін көп оқу керекпіз.
2.Ойланайык,пікірлесейік.
Мамандық
деген:
Кәсіп,сүйікті іс,еңбек
көзі,қызығушылық ,шығармашылық.
3.Суретпен
жұмыс.
4.Дәйексөз.
Егер мамандықты таңдап алуда
сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін
болсаңыз,онда сіздің бақытты болғаныңыз.
К.Д.Ушинский.
5.Ойын: «Қай мамандық
иесі?»
- Тарағы бар
қолында,
Кімді айттым ойымда?
(шаштараз)
-Қалағы бар
қолында,
Кімді айттым ойымда?
(құрылысшы)
-Ожауы бар
қолында,
Кімді айттым ойымда?
(аспаз)
-Күрегі бар
қолында,
Кімді айттым ойымда?
(диқан)
6.Сергіту
сәті...
7.Дәптермен
жұмыс.
(Мамандыққа иелерінің еңбегі
туралы мақал-мәтелдер жазу)
ІІІ.Қорытынды.
Әбунасыр Әл-Фараби «...адам
кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік
және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады.Қандай
әрекет,қандай іс істесек те,содан рахмет табу,соның рахатын көру
біздің мақсатымыз болып табылады» деген.
Абай атамыз айтқандай «
болмасаң да ұқсап бақ,бір ғалымды сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып
арманымызға жетіп,мамандық иесі болайық.