Сабақ
жоспары
Мамандық таңдау – болашақты
таңдау.
Көптік мәнді зат есімдер.
Көптік жалғау.
(сабақтың тақырыбы)
Модуль/пән
атауы:Қазақ тілі мен
әдебиет
Орындалғантамақ
беруші: Жангакова
Г.Ж.
02 қыркүйек, 2022
жыл
1. Жалпы
ақпарат
Курс, топ:
бірінші СКД-22, ДСМ-22 ,Б-22
Сабақтың түрі:
Кіріспе сабақ
түрі
2.
Мақсаттар, міндеттер: 10.4.1.1
публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік
ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала
жазу; Барлығы:глоссарийді орынды
қолданады.
Көпшілігі: мақаланы талапқа сай
жазады.
Кейбірі:құрылымды сақтап,
көркемдік тәсілдерді тиімді пайдаланады.
3. Күтілетін
нәтижелер: 1) оқу-кәсіби,
қоғамдық-саяси, әлеусеттік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған
сөздер мен термин сөздердің мағынасын
түсіндіру;
2) публицистикалық және ғылыми-көпшілік
мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау;
3) мәтіндердің құрылымы мен рәсімделуін
білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау;
4)Стильдер ерекшеліктеріне сай тілдік
құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу;
5)тәуелдік жалғауды (оңаша
және ортақ тәуелдеу) дұрыс қолдану;
4. Қажетті
ресурстар: Ғаламтор ресурстарын
қолдану ,плакаттар ,карточкалар,
дидактикалық тапсырмалар, тест
5. Сабақтың барысы.
5.1 Ұйымдастыру кезеңі:
- сәлемдесу
-журналға
келмегендерді белгілеу
-оқу
құралдарының болуын тексеру
-
Оқушылардың зейінін шоғырландырып, ОМ таныстыру;
- Сабақта күтілетін нәтижені
ескеру;
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ.
«Мылқау айна» әдісі
арқылы сынып студентерді 2 қатарға бір-біріне қарап, тақырып туралы
білетіндерін ортаға салады. Екінші қатардың оқушылары үнсіз айна
болып тыңдап тұрады. Студенттер орындарын ауыстырып,
кезектеседі.
5.2. Жаңа материалды
меңгерту:
Мағынаны тану» кезеңі.
Оқылымалды тапсырмасы.
«Еңбек» тақырыбына қатысты нақыл сөздерді
ұсынады, олардың мән-мағынасын талдайды.
Оқылым
тапсырмасы. Топтық жұмыс.
Балғабек Қыдырбекұлы«Теміржолшы» әңгімесінен
үзінді
«Шойыннан жол салынғалы жатыр, ол жолдың көрінісі
домбыраның екі ішегі сияқты болады екен, онымен поезд деген отпен
жүретін арба келеді екен» деген қауесет Балқаштың бергі жағасына
жуық жатқан Күрті еліне тез тарап кетті.
— Қара
бұқасы болады дейді.
— Оның
жаны бар ма?
— Тұяғы қалай шойыннан тайып
кетпейді?
— Шойыннан істелген арба дейді, от күшімен көп жүк
сүйрейді екен,— десті кешке жақын ауыл ортасындағы төбе басында
отырғандар.
— Ол
қайда барады екен?
— Мына
Қопаны басып өтеді дейді жұрт.
Бетінде қорасан дағы бар шетте отырған, жасы
жиырмалар шамасындағы қара ЖІІІІ жаңағы әңгімені айтқандардан
жолдың жайын қайтадан сұрап еді. «Біз қайдан білейік, біздің
білетініміз де сенің естігенің ғой» деп олар ештемені ашып айта
алмады. Сұрауына жауап таппаған жігіт ел аузына біраз қарап тұрды
да, орнынан тұрып кетті.
Ол
үйіне келгенде алауланған тезек оты бықси жанып, үй іші ала
көлеңкеленіп тұр екен.
— Апа,— деді үйіне келіп жігіт, отты үрлеп жатқан
шешесіне,— мен шойын жолға жұмысқа тұрсам
қайтеді.
— Жассың ғой әлі, қалқам.
— Ой
апа, жиырмаға келген адам жас болушы ма еді.
— Анығын білдің бе? Жұмысшы ала ма
екен?
— Әзірше менің естігенімнің бәрі
тұспал.
— Ендеше біреуден әбден анығын білсеңші, шырағым,
бару жағын сонан соң қарастырарсың.
Сөз
басыла бергенде, киіз үйдің есігі көтерілді де, сәлем беріп мосқал
тартқан бет сүйегі шығыңқы, аласа бойлы, қара сақалды кісі үйге
кіріп келді. Бұл Тосқанбай деген өздерінің бір туысқаны еді.
Бағанағы төбе басындағылар «Тосқанбай Қопа бойына жұмыс іздей
кетіпті» дегенді де айтқан. Тосқанбайды көріп қуанған жігіт, бар
іздегенін осы туысқаны алып келгендей болды.
— Тосекеңбісіз? Төрге шығыңыз.
— Жоқ
асығыспын,— деді от басына бір тізерлеп отыра берген
Тосқанбай.
— Әлгі
Нұрқасым «барып келіңізші» деп мазалап болмаған соң Қопа жаққа
барып едім. Қопаны бастыра шойын жол жасап келеді екен. Соны біліп
қайттым. Сенде жұмыс іздеп жүр дегенді естіп, айта кетейін деп
едім. Мен қазір барып дем аламын да, таңсәріден көшемін. Үлкен
балам екеумізге де жұмыс беретін болды.
— Сапарыңыз оң болсын! Мен де көшемін,— деді үй
несі.
— Бірге болсын!— деп Тосекең шығып
кетті.
Топтық жұмыс. «Пікір»
әдісі. Оқушылар әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық
мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үнін
талдайды.
Әдеби
шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе
|
Мәселе
арқылы көрініс тапқан кейіпкер үні
|
Ұсынылған мәселенің қазіргі кездегі жайын
салыстырад
|
Мұны
қалай өзгертуге болады? Ұсыныстар
|
|
|
|
|
.
Оқылымнан кейінгі
тапсырма.
Автор
мәтін арқылы қандай идеяны көздейді? Оның идеясын өлең жолдарын
толықтыру арқылы жеткізіңіз.
Оқушылар «Буриме»
әдісі бойынша ұйқасқа өлең
шығарады.
____________________________________кінәлы?
____________________________________сұрағы
___________________________________айтып,
-
__________________________________соғады.
6.
Оқыған материалдың нәтижесі бойынша практикалық тапсырманы
орындау.
ҚБ. «Қолдау көрсету» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды
бағалайды. 4-тапсырма. Топтық жұмыс. «Шабадан,
еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі арқылы төмендегі кластерді
толықтырыңыздар. Мәтінге сүйеніп және кластерді пайдаланып, шағын
монолог дайындаңыздар жұмыс күші біліктілік Дискрептор: - Кластерді
толықтырады - Мәтінге сүйеніп монолог жазады
7. Рефлексия:
Кері байланыс: Ойтаразы – Бүгінгі сабақтан не
үйрендіңіздер? – Қандай термин сөздердің мағынасын білдіріңіздер? –
Қандай тапсырма қиындық келтірді?
Неліктен?
8. Сабақты қорытындылау:
Тыңдалым
соңы:
Бағалау дескрипторы:
1.
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені
талдайды;
2.
Мәселе арқылы көрініс тапқан кейіпкер үнін
ұсынады;
3.
Ұсынылған мәселенің қазіргі кездегі жайын
салыстырады;
4.
Мәcелеге қатысты өз ұсыныстарын білдіреді
9. Үй тапсырмасын түсіндіру
және беру.
Сөздіктерді жаттау
8-тапсырма. Оқылым
мәтінінен көптік мағынаны білдіріп тұрған зат есімдерді тауып,
кестені толтырыңыз. Өзіңіздің толтырған кестеңізді парталас
досыңыздың жазғанымен салыстырыңыз.
10. Сабақты
қорытындылау. Кері байланыс. Екі
жұлдыз, бір ұсыныс.