Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мамандық таңдау " тренинг
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:»Мамандық таңдау-келешекке
бастау»
Мақсаты:
”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді
кеңейту.
Мамандық
таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің
бойындағы қасиетін тануи білуге
үйрету.
Көрнекілігі:
слайд, қанатты сөздер,интербелсенді тақта.
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты
Сабақтың
әдісі: әңгімелеу, пікірталас, топтық
жұмыс,
Сынып
жетекшінің сөзі: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар,
оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандық таңдау-келешекке
бастау» атты ашық тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер!
Профессия –
латын сөзінен шыққан, “professio”, - анықталған іс, мамандық
дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып
табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап
ететін еңбек қызметінің маңызды
бөлігі.
- Атақты ғұлама
Әл – Фараби айтқандай,
Ісім оңсын
десеңіз,
Сол істің
маманы болыңыз.
Даңқым шықсын
десеңіз,
Көпшіліктің
адамы болыңыз.
Әлемде 40 мыңға
жуық мамандық бар екен . Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай
таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық
таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? Өскенде кім болғың
келеді?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап
бере алмайды. Неліктен? Шындығына келгенде, мамандық таңдау
мәселесі, әсіресе, біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп
отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі кешімізде біз осындай
маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын
бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты
жобалау туралы, мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға
тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз. Сөз кезегін
Досаева Гүлханға ұсынамын.
Жүргізуші:Түбінде баянды еңбек егін
салған,
Жасынан оқу
оқып, білім алған.
Би болған,
болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан
өзге бәрі жалған.
Көк жүзіне
алаулы,
Міндет емес ай
болу.
Ең бастысы
қалаулы,
Кәсібіңе сай
болу! демекші,- Құрметті қонақтар, бүгінгі кешімізге қош
келдіңіздер! Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын
оның өзіндік талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге
икемділік қажет, бұл жай күнелту немесе тамақ асырау емес, үлкен
өнерді, жақсы шеберлікті қажет ететін нәрсе. Біздіңше, жақсы маман
болу үшін ең алдымен, өзің таңдаған мамандықты сүюің керек, сол
мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеруің керек. Сондай - ақ
мамандықты таңдаған кезде, өзіңнің ыңғайыңа қарай өз жолыңмен
қызмет етсең өз басыңа да, елге де үлкен пайдаң тиері сөзсіз.
Өзінің бейімділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы
да өнімді, берекелі де болмақ. Ж. Аймауытов айтқандай, өмірде өз
мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай
білейік.!
Бұл ретте бүгін
бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға
шақырулы қонақтарымыз келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып
өтейін.
1. Ауыл
әкімінің міндетін атқарушы- Б. Дүйсембиев 2. Ауылдың мәдениет
үйінің директоры-Ж. Сыздықов 3.Ауыл дәрігері- М.Әмірбекова
4.Тігінші-Айсалқын апай 5.Мектеп аяжаны:
А.Сәдібекова
Енді сөз
кезегін осы тақырып аясында мағлұмат беру үшін мектебіміздің кәсіби
бағдарлы оқыту ісінің орынбасары Абуова Ақмарал апайға
береміз.
Ән көңілдің
ажары демекші, Тұрысбек Таңсамалдың орындауында «Жан әке» әнін
қабыл алыңыздар!
Мамандық
дегеніміз – адамның еңбек қызметінің
түрі.
Мамандық таңдау
да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған
мамандық туралы өз ойымызды
айтамыз.
Әсмепаз болма
әрнеге,
Өнерпаз болсаң
арқалан.
Сен де бір
кірпіш дүниеге
Кетігін тапта
бар қалан,
деп өмірден өз
орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің
арманымыз.
Біздің
таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді
біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың
бәрі жақсы.
Сонымен
құрметті менің сыныптастарым! Сіздерге сұрақ қояйын. 1.Мамандық
дегенді қалай түсінесіздер?
2. Жәнеде
қандай мамандық иесі болғыларыңыз келеді?( жеке-жеке сұрап
шығу)
Оқушылардың
пікірлері сұралады
Біздің
болашағымыз – біздің
мамандығымызда;
Адамның
болашаққа апаратын жолы;
Адамның алдағы
уақытқа қойған мақсатының
бірі;
Белгілі бір
кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске
асыру;
Адам жаны
қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен
айналысады.
Енді сіздердің
пікірлеріңізді тыңдай отырып, келген қонақтарымызбен бірге, «Мен
мамандық әлеміндемін» тақырыбында постер
жұмысы.
Сыныптастар өз
жұмыстарын жасап болғанша, біз 11-сыныпты бітіргелі отырған
аға-әпкелеріміздің пікірін тыңдасақ. Сұрақтар: 1. Сіз болашақ
мамандығыңызды таңдадыңыз ба?
2. Таңдаған
мамандығың жөнінде не
білесіз?
3. Таңдаған
мамандығыңыз заман талабына сай
ма?
Мамандық
таңдауда ата-анамен , отбасы мүшелерімен, ортамызбен ақылдасу
арқылы да пікірлесеміз.
«Өмірмен байланыс» бөлімі. Сынып оқушыларына
сұрақ:
Өздерің өмір
сүретін Бесарық ауылына қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар? Ауыл
экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар
қажет деп ойлайсыңдар?
Қонақтарға
сұрақ:
1. Қандай
мамандық таңдауға кеңес берер
едіңіз?
2. Бүгінгі
таңда жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер,
банкир, экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның
себебі неде деп ойлайсыз?
3. Сіз қандай
маман болуды армандадыңыз?
4. 4.Қазіргі
заманның табысты мамандары кімдер? Мамандық таңдауда мынадай бір
формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ
КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ
КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ
– бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың
кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН –
қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың
кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК –
еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік -
экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму
тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш
дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы
таңдалады.
Абай атамыз
айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай
болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып
арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. Құлақтан кіріп, бойды
алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең
менше сүй деп, Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекте сері
жігіттеріміз Әділбек пен Бақдәулеттің орындауында «Шофер әні»
Постер қорғау.
Араларыңызда
кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай
бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де
өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз.
Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді,
таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік
бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі
шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай
жүрген оқушыларға маңызды болып
табылады.
Оқушылар
слайдтарға тоқталады. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі
жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан
кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға
көптеген мамандықтар қажет.
Ата-анаға сұрақ:.Мамандық таңдауда ата -
ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп
ойлайсыздар?
Мамандық
таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың
қоғамдағы беделі ме?
Келесі кезекте Ән «Анаға ақ тілек» орындайтын
Досаева Гүлхан
Ұстазға сұрақ: Ұстаз болу сіздің бала күнгі
арманыңыз ба еді?
Бүгінгі таңда
жастардың көбі ұстаз болуды қаламайды, керісінше заңгер, банкир,
экономист т. б мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде
деп ойлайсыз?
Ұйықтап жатқан жүректі ән
оятар
Әннің сәні
болмаса мәні оятар, – деп ағартушы ақын Абай атамыз айтқандай,
кезекті әнге берейік.
Ән:*Ұстазым*
орындайтын Жандабаева Балауса
Саған не
тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығуы ( оқушылар бір-біріне
тілек айту)
Қорытынды: Мамандық таңдаудың 7
қадамы.
Еңбек етсем,
ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма
жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен
қасты да - жеңеріме сенемін.
Ақыл, сана
білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ
көңіл - адалдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ
ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел
болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам
болайық!
Барлығы бірге: «Елдің ертеңі біздің
қолымызда»
Сценарийді дайындаған: Қ.
Нұртазаева Тәрбие.орг сайтынан Мамандық таңдау-келешекке
бастау Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында
қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org
сайтының әкімшілігі жауапты емес
Сұранысқа ие мамандықтар
Бүгінгі күнде жақын уақытта өзекті мамандықтардың
атауларын білу өте маңызды. Сондықтан да халықаралық дамуға еңбек
нарығындағы жағдай екпіндей ауысады. Сондықтан да қазіргі заманғы
экономикалық нарықтың ерекшеліктерін ескеру қажет. Қазақстан
Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасына сай, Қазақстандағы білім беру
реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесін жаңа
әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Тез
өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық, өнімді жұмыс
күшін құру үшін адам капиталына инвестициялар өте қажет. Білімге,
дағдыға және тұрғындардың қабілеттеріне инвестициялайтындар
болашақтың табысты экономикасы болады. Білімді жай ғана әлеуметтік
қажеттіліктерге шығын деп емес, экономикалық инвестициялар деп
түсіну қажет. Жоғары оқу орны білімінен кейінгі Бағдарлама бойынша
негізгі міндеттердің бірі елдің индустриалды-инновациялық дамуының
қажеттіліктеріне сәйкес келетін жоғары және жоғарыдан оқу орны
білімінен кейінгі кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардан қазір ғана емес, болашақта да қажет
етілетін мамандықтарды ескеріп, талдау қажеттігі туралы қорытынды
шығаруға болады. Инженерлік мамандықтар Мамандардың болжамы бойынша
озық ұстанымдарға өндірістік шығарылыммен байланысты инженерлік
мамандықтар жатады. Бүгінгі күнде ең қажет етілгендер құрылысшылар,
технологиялық машиналар мен техникаларды, сонымен қатар машина
жасаушылар болып табылады. Олардан кейін металлургтар,
энергетиктер, мұнай және газ саласының, есептеу техникасының,
радиотехника, электроника және телекоммуникация жұмысшылары тұрады,
сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен
құрастыру. Және содан кейін тау-кен ісі, автоматтандыру және
басқару, прибор жасау және жылу энергетикасы саласының мамандары
тұрады. Қазіргі сәтте өнеркәсіпте кәсіби инженерлердің, орта топтың
техникалық мамандары мен жетекшілерінің қатты жетіспеушілігі
туындайды. Әсіресе техникалық және экономикалық немесе заңдық
білімнің үйлесімдігі, ағылшын немесе кез келген еуропалық тілдік
білу бағаланатын болады. Барлық өнеркәсіп салаласында
инженер-маркетологтардың және менеджерлердің қажеттілігі артуда. АТ
және компьютерлік аппараттық қамтамасыз етуді жасаушылар Бағдарлама
жасаушы - бағдарламалық жасақтаманы құратын және мінететін және
оның жұмысқа қабілеттілігін қолдаушы маман. Қазіргі әлемде фирманың
имиджі біршама үлкен мәнге ие және сайт - ұйымның деңгейі мен
сенімділігінің көрсеткіші болып табылады. Тиісінше, веб-әрлеуші -
ең жоғары ақылы «компьтерлік» мамандықтардың бірі.
Нанотехнологиялар Бұдан кейінгі жақын болашақтың біршама талап
етілетін мамандықтары нанотехнологиялармен байланысты.
Нанотехнология - бұл молекулалармен және атомдармен жұмысқа
негізделген технология, бұл біршама заттардың жасырын және бағалы
қасиеттерін пайдаланатын технология. Нанотехнология - бұл үлкен
сала, оны үш бөлікке бөлуше болады: микросұлбаларды жасау,
наноөлшемдегі роботтарды жасау, сонымен қатар атомдық деңгейдегі
инженерия. Нанотехнология барлық ғылым салаларымен байланыста
болады. Биотехнология - биологиялық жүйелер мен олардың
элементтерін пайдаланатын технологиялар. Қазіргі уақытта
биотехнология ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады, онда гендік
инженерия мен микробиология әдістерінің көмегімен гендік
модификацияланған өнімдер алады. Биотехнология молекулярлық
медицинада, биофармацевтикалық өндірістерде және басқа салаларда
қолданылады. Элеткроника мен биотехнологияның түйіскен жеріндегі
мамандықтар маманнан электроникада да, биоинженерияда да терең
білімді талап етеді. Сервиспен байланысты мамандықтар Тұрғындардың
табысы артуда, орта санаттың саны да өсуде. Бұл үрдістің
көрсетішінің бірі - күн өткен сайын сапалы сервиске қажеттілік.
Логистика Логистика саласы кәсіпорынның қызмет етуінде бірінші
кезекті маңыздылыққа ие. Логист мамандығы қатаң шеңберде жұмыстан
шаршаған, шаблондар мен берілген шектеулерді жақсы көрмейтіндер
үшін оңтайлы. Жемісті мансапты жасау үшін, логистке аналитикалық
ақыл мен жүйелі ойлау, интуиция, қиын жағдайлардан тез шыға білу,
адамдармен қарым-қатынас жасау дағдысы, тіл тапқыштық қажет.
Тәжірибелік тәжірибесіз , сонымен қатар математиканы, техниканы,
қолданыстағы заңнаманы терең білмей және әрине бизнес процесстерін
түсінбей мүмкін емес. Табиғатынан ойыншы, тауарлар мен жүктерді
шахмат тақтасындағы фигуралар сияқты жылжыта алатын дарынға ие адам
ғана жақсы логист бола алатына көптеген кәсіпкерлер көз жеткізген.
Экология «Экология» термині бұрын 1866 жылы пайда болған. Және
бұдан әрі де қоршаған ортаны сақтау мәселелері үлкен орынға ие
болады. Атмосфераға зиянды қалдықтардың өсуі болашақ жаһандық
әлемде бірінші орындардың бірінде экология мәселесін қояды. Бір
жағынан, кәсіби экологтарға сұраныс арта бастайды, ал екінші
жағынан - табиғат қорғаушылардың талаптарының спектрі кеңиді.
Медициналық мамандықтар Медицина бүгінле енді ғана құрылып,
зерттеліп келе жатқан, ал 10 жылдан кейін тәжірибеге еніп,
медицинада үйреншікті іс болатын, электроника, битоехнология
саласының жетістіктерін жемісті пайдаланады. Химия Химия саласының
мамандары энергетика саласында ерекше қажет болады. Энергияның
баламалы көздері аса қажет болады. Химия - инновация мен болашақтың
ғылымы. Тағамдық өнеркәсіп Агроном және фермер мамандықтарын
сарапшылардың басым бөлігі жойылып бара жатқан мамандықтар қатарына
жатқызады: Әлемнің дамыған елдерінде кішігірім фермерлік
шаруашылықтар 15 жылдан артық уақыт тұрақты түрде кедейшілік
шегінде тепе-теңдік ұстап келеді, негізінен мемлекеттік дотация
есебінен күн көреді. Болашақ тағамы болжамдардың көпшілігі бойынша
– бұл табиғи емес, «нағыз» тағам, ал қоспалардың артып келе жатқан
үлесі бар тағам немесе біз үшін қалыпты емес көздерден алынған
қоспалары бар тағам. Инженерия және биологиядағы білімдерге ие
тағам өнеркәсібі мамандары көптеген елдердің тұрғындары үшін
негізгі өндірушілер болады. Қала құрылысы Жер ауылдар емес, қалалар
планетасы болып барады. БҰҰ ақпараты бойынша, 2009 жылы қалалықтар
саны ауыл тұрғындарынан асып түсті. 2025 жылы қала халқының үлесі
77% дейін артады. PricewaterhouseCooper’s деректері бойынша, 2005
жылы дүниежүзінің 100 ірі қаласы дүниежүзілік ЖІӨ 25% өндірді, 2008
жылы 30%. 2025 жылға қарай ең үлкен мегаполистердің 30 27% артады.
Жаңа, тез өсіп келе жатқан мегаполистерді жоспарлау, құру және
қызмет көрсетуді қолайлы қалалық ортаны құра алатын мамандар класы
жасайтын болады. Мемлекет және деке құрылыс компаниялары аумақтарды
кешенді дамыту бойынша мамандарға үлкен сұранысты қалыптастыратын
болады (көлік, әлеуметтік орта, инвестицияларды тарту және т.б.),
әсіресе қалалық жерлерде.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/jogargyi_syinyip/49905
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме
міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты
сақтаңыз
Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба? Тест Алдымен
туған күніңізге байланысты жеке кодыңызды анықтаңыз. Түрлі
мамандық тобы белгілі бір санмен байланысты. Мәселен, туған
күніңіз: 25.12.1983 Күні: 25=2+5=7 Айы: 12=1+2=3
Жылы: 1983=1+9+8+3=21=2+1=3
25.12.1983=(2+5)+(1+2)+(1+9+8+3)=7+3+3=13=1+3=4 4 саны –
сіздің жеке кодыңыз Егер сізде екі таңбалы сан шықса, онда
оларды өзара қосып, бір сан алу керек. Мәселен: 23=2+3=5 Нәтижені
жеке код бойынша қараңыз 1. Қызмет саласы: Түрлі дәрежедегі
бастықтар. Шығармашыл жандар. Ұйымдастырушылар. Жауапкершілік
танытып, нәтижеге қол жеткізе алатын белсенді, қызу жұмыстар.
Мамандықтар: Банк қызметкері, менеджер, хатшы, дәрігер, мемлекеттік
қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші. Мақсат:
Өзіне сай келетін істі табу. 2. Қызмет саласы: Өзгелерге
қамқорлық көрсетіп, көмек беруге байланысты мамандықтар. Қоғамдық
қызмет көрсету саласы. Мамандықтар: Дәрігер, қоғамдық
қызметші, өнер қайраткері, саяхатшы, ойшыл, үй ханымы, фермер,
актер. Мақсат: Сезім мен қиялды дамыту. Сүйікті және танымал
болу тілегі. 3. Қызмет саласы: Медицина, техникалық мамандық,
өздігімен жұмыс істеу қабілеті. Ойлау жүйесі белсенді түрде жұмыс
істейтін кез келген сала сәйкес келеді. Мамандықтар: Менеджер,
әскери қызметші, кеден қызметшісі, хирург, спортшы, кәсіпкер,
журналист, администратор. Мақсат: Күш пен қуатты түгелімен
жұмыс жолына арнау. 4. Қызмет саласы: Майда бөлшектерге аса
назар аудару қажет кез келген жұмыс, өндіріс, бақылау мен қорғауға
байланысты жұмыстар. Мамандықтар: Аналитик, журналист,
мұғалім, администратор, сатушы, емші, ақпараттық қызмет, дәрігер,
құрылысшы. Мақсат: Ақпаратты жинақтау, саралау, тапсыру,
үнемі ізденісте болу. 5. Қызмет саласы: Халықаралық
ақпарат алмасумен байланысы бар жұмыс. Өзінің ұйымдастырушылық
қабілетін көрсету орны. Мамандықтар: Заңгер, жарнама агенті,
қаржыгер, мемлекеттік шенеунік, психолог, жазушы, аудармашы, ғалым,
мұғалім, кәсіпкер, менеджер. Мақсат: Ақиқатқа, жоғары білімге
ұмтылыс. 6. Қызмет саласы: Адамдармен араласуды қажет
ететін өнер мен қызмет салалары. Оқу орындарындағы, қоғамдық
ұйымдардағы жұмыс, медицина. Мамандықтар: Косметолог,
дизайнер, елші, адвокат, дәрігер, ресторатор, фотограф, банк
қызметкері, музыкант, суретші, жазушы, әртіс, зергер. Мақсат:
Бұл әлемге сұлулық пен үйлесім әкелу. 7. Қызмет
саласы: Қоғамдық ортадағы жауапты қызметтер. Шыдамдылықты
қажет ететін жұмыс. Мамандықтар: Кеңесші, стилист, риэлтор,
құрылысшы, заңгер, психолог, сатушы, банк қызметкері, фермер,
шахтер, администратор, құқық қорғау қызметкері, дәрігер, тарихшы,
шенеунік, дизайнер. Мақсат: Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін
өзін дамыту. 8. Қызмет саласы: Шығармашылық жұмыспен
байланысты іс. Басқару қабілеті көрінетін жұмыс. Мамандықтар:
Маркетолог, қаржыгер, өнертапқыш, атомдық энергетика маманы,
қоғамдық қызметкер, механик, инженер, мұғалім, биші, дәрігер.
Мақсат: Демократия, адамның еркіндігі мен құқықтарын қорғау.
9. Қызмет саласы: Қиял мен түйсікті қажет ететін кез келген
қызмет. Өзіңді жақы көрсетуге мүмкіндік беретін сала.
Мамандықтар: Фармацевт, химик, ғалым, сазгер, ақын, актер, емші,
мұнай саласының қызметкері, теңізші, жеке детектив, қоғамдық
қызметкер, психолог, заңгер. Мақсат: Шынайы руханилыққа қол
жеткізу.
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/37780
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме
міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты
сақтаңыз