Материалдар / Мәндес сөздер.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәндес сөздер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мына кестедегі сөздерге назар аударайықшы: тамақ,, ас, тағам дәм деген сөздер мына сөйлемдерде нені білдіріп тұр? - Адамның ішетін тамағы дегенді білдіреді. - Бұлар қандай сөздер? - Мағынасы жақын сөздер. - Дұрыс, балалар. Тілімізде мағыналары бір - біріне жақын, мәндес сөздер де болады. Ал өздерің қандай мәндес сөздерді білесіңдер? - Адам, кісі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1297
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

30.11.2017ж

Қазақ тілі пәні. 

4 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер 
Сабақтың жабдығы Үлестірмелі парақшалар, 
Жалпы мақсаттар 1. Мағынасы қарама – қарсы сөздер туралы оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. 
2. Оларға қазақ тіліндегі мағыналары бір - біріне жақын сөздер туралы алғашқы түсінік беру.
3. Оқушылардың сөздік қорын байытып, сөздерді мағыналарына қарай орнымен қолдануға үйрету. 
Оқыту нәтижесі 
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді. 
Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті 
Ынтымақтастық атмосферасы 1. Белі бүкір, алысқа түкір.(Мылтық) 

2. Шұқшитқан кеп әуелі, 
Сені әрбір әріпке. 
Суреттері әдемі, 
Бұл қай кітап? (Әліппе) 
3. Жарқ етсе сабау қамшы, көрсетіп жауар тамшы. 
(Найзағай) 
4. Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де, 
Тебеміз сәті түссе аяқпен де. 
Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын, 
Басынан сипамайды аяп пенде.(Доп) 
5. Ти десем тимейді, 
Тиме десем тиеді.(Ерін) 
6. Сырт - сырт соғады, 
Уақыт озады. (Сағат) 
Жұмбақтардың шешуіндегі алғашқы әріптерді біріктіріп мәндес деген сөзді шығарады. 
Үй тапсырмасын сұрау 
Үй жұмысы дәптерлерін тексеру 
Қызығушылықты ояту Мәндес сөздер 
♦ Сөйлемдер 
1. Апам жолға тамақ әзірледі. 
2. Апам ас пісірді. 
3. Апам тағамдарды дорбаға салды. 
4. Апам қонақтарға дәм ауыз тигізді. тамақ 
♦ Мағынасы ұқсас сөздер 
ас 
тағам 
дәм 
Мағынаны тану 
Жаңа сабақ - Мына кестедегі сөздерге назар аударайықшы: тамақ,, ас, тағам дәм деген сөздер мына сөйлемдерде нені білдіріп тұр? 
- Адамның ішетін тамағы дегенді білдіреді. 
- Бұлар қандай сөздер? 
- Мағынасы жақын сөздер. 
- Дұрыс, балалар. Тілімізде мағыналары бір - біріне жақын, мәндес сөздер де болады. Ал өздерің қандай мәндес сөздерді білесіңдер? 
- Адам, кісі. 
Оқулықпен,дәптермен жұмыс. 
Сергіту сәті «Қаражорға» биі Оқушылар билейді 
Ой толғаныс Ойынның шарты: тақтаға бір сөйлем жазылады. 
Мысалы: Айгүл - әдемі қыз. Сөйлемдегі әдемі сөзіне оқушылар баламаларын ойлап табады. Ең көп ұпай жинаған бала жеңімпаз болып есептеледі.(әдемі, сұлу, әсем, көркем). 
Берілген «Қанат» сөзінің әр әрпіне мәндес сөздер ойлап тауып жазыңдар. 
Қ - қайратты, қажарлы, т. б. 
А - ақкөңіл, ақжарқын, адал, т. б. 
Н - намысшыл, намысқой 
А - ақылды, анғарымпаз 
Т - тапқыр, талантты 
Үй тапсырмасы 5-ж,106-бет Күнделіктеріне жазады  сайтынан Мәндес сөздер Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!