Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Мәңгі ұмытылмас ерлік!»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Келісілді»________
ДТІЖО
Адильханова Г.Н
«Мәңгі ұмытылмас ерлік!»
Кездесу кешінің
сценарийі
Өткізу мерзімі:27 қараша
Уақыты:15.00
Орыны:Мектеп кітапханасы
Жауапты: Абетова Р.К
Шайкенова А.Е
Шаймарденов С.Б
Сынып: 9а-9ә,10а-10ә
Тақырыбы: «Мәңгі ұмытылмас ерлік!»
Мақсаты: Өз Отанына шексіз
берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін
үлгі ету; Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге,
есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
«Ауған соғысындағы батырлар» альбомы, интерактивті тақтада
көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар,
суреттер.
Шақырырылған
қонағымыз: Ауған соғыс ардагері-
Серикбаев Алмаз
Кабдрахманович, Жусупов Қалқаман
Айтбаевич
Шараның барысы:
1 -
Жүргізуші
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен
оқушылар!
2 - Жүргізуші
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан
жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс –
зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы,
нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
1 -
Жүргізуші
- Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен
қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан
алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған
кездесу кешімізді ашық деп
жариялаймыз!
2 -
Жүргізуші
- 29
жыл
бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар
періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған
Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды. Енді сіздерге
ауған соғысынан үзінді ұсынамыз.
Видео: «Ауған
соғысы»
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Оларды Елбасымыз Н.Назарбаев «Құрмет» орденімен марапаттады.
- Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.
- Ұлы Отан соғысында және Ауған соғысында қаза
тапқан батыр ағаларымыз бен апаларымызды орнымыздан тұрып, 1
минуттік үнсіздікпен еске алайық!
1 -
Жүргізуші
- Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай
түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын
әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды!
Еліміздің әр қаласында Ауған ардагерлеріне арнап ескерткіштер
орнатылған.
Оқушылар
жолдауы
1-
оқушы
Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
2 - оқушы
Тұлғаларың әрқашан биік
тұрар,
Батыр деген бір сөзге сиып тұрар.
Ізгіліктің,ерліктің, қайсарлықтың
Өсиетін шүмектеп құйып түрар.
3- оқушы
Қасіретін көзбен көрген жалғанның,
Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.
Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,
Соғысында қан кешкендер Ауғанның.
4 - оқушы
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Бейбіт күнде басталған.
5-оқушы
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер!
Ән;Арай Аружан
Ауған соғыс ардагері
Алмаз Кабдрахманұлы және Қалқаман Айтбайұлына сөз
беріледі.
2
жүргізуші
- Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл өтсе де, сол
кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс
жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің
көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер
жауынгерлерді қадірлеп - құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып,
келген қонағымызға алғысымызды
айтамыз.
Би:Диана Ақмаржан
Сөз кезегі мектеп директорына Солтаналинова Канымгүл Аяпбекқызына беріледі.
1
жүргізуші
- Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде
амандықпен кездесейік!
Қорытынды сөз::. Біздің парызымыз бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін
Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
«Мәңгі ұмытылмас ерлік!»
кездесу кешінің
сценарийі
Жауапты:Абетова Р.К
Шайенова А.Е
Шаймербенов С.Б
2018 оқу жылы
Такырыбы : «Мәңгілік тағзым»
(Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу-кеші)
Такырыбы : «Мәңгілік тағзым» 6»а» cынып жетекшісі Хусаинова К.А .
Мақсаты:Ұлтжандылыққа, отанын
сүюге тәрбиелеу.Оқушыларға
Ауған соғысы жайлы
толық мәлімет беру, ардагер
ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз
Отанына шексіз берілген, патриоттық
рухы жоғары, қайсар
жауынгер ағалардың ерлігін
үлгі ету; Ауған
соғысында опат болған
жауынгерлердің рухына тағзым
етуге, есімдерін
қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:, проектор, экран, компьютор,слайдтар,стенд «Мәнгілік тағзым»,көгершінің суреті,мәнгілік оттың суреты
Тақырыбы жазылған баннер, ерлік туралы мақалдар:
«Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», «Жаңбыр жауса - жер ырысы, батыр туса – ел ырысы»
Мұғалімнің сөзі
Жүргізуші 1: Армысыздар
құрметті қонақтар, қаһарман Ардагерлер, ұстаздар мен
оқушылар.
Жүргізуші
2: Бүгін Кеңес әскерлерінің
Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен
кездесу – кешіне қош келдіңіздер
Жүргізуші: Ақ
көңілді қонақтар, армысыздар,
Сағындырып жауатын қармысыздар!
Қыран құстың шоғыры секілденіп
Бәріңіз есен-сау бармысыздар
Қайырлы күн, қадірлі зиялы қауым!
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі.
Менің елім-Қазақстан Отаным
Болашағы бізбен бірге өседі.
Жұрттан озған ел боламыз,сеніңіз
Тәуелсіздік алған біздің еліміз.
Соғыс болмай жер бетінде барша адам
Бейбіт күнде тек бақытты көріңіз.
Жүргізуші 1: Қазақстан Республикасының гимні орындалады
Мемлекеттік Гимн орындалады.
Жүргізуші 2: Бүгінгі салтанатты кездесуімізге, біз ауданымыздағы «Ауған соғысының» ардагерлерін құрметтеп шақырғанбыз. Сол соғыста ел мүддесін қорғаған ардақты ағаларымызды таныстырып өтейік.
Шақырылған қонақтар: Ауған
соғыс ардагерлері
-Серикбаев Алмаз
Кабдрахманович
-Жусупов Қалқаман Айтбаевич
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар,оқушылар, ұстаздар!
Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жан қиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын тарихқа айналды.Сондықтан бүгінгі жиын Ауған соғысының аяқталғанына 29 жыл толуына арналады.
2-жүргізуші:Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр. Бірақ ешкім де, ештеңе де ұмытылмауы тиіс!Себебі, бұл-біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
2-жүргізуші: Хор: « Соғыс болмасын». қабыл алыңыздар.
( Слайд көрсетіледі)
1-жүргізуші:Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болғандықтан қысқаша тоқталып өтсек. 1945 жылы 8 мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап,қол қойды.1945 жыл мамырдың 9-ында бұрын-соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне,Жеңіс күні осылай келген еді.
2-жүргізуші:Мұндай жойқын апаттың көріп түрін,
Адамзат естімеген бұдан бұрын.
Талқандап фашистерді азат болған.
Атаймыз жыл сайынғы
Жеңіс күнін!
Халықтың атын самғаттық!
Жасасын Жеңіс!
Тәуелсіз болып болашағың жүре бер.
Болмасын соғыс. Болмасын!
Сүйінші,халқым,сүйінші!
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете
Жасашы той, мереке
Слайд « Ер есімі- ел есінде»
( Слайд)
2-жүргізуші: Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес.Солардың ішінде Ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау –өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті.
1-жүргізуші:1989 жылы ақпан айының 15 жұлдызында аналарды перзентінен айырған,мыңдаған жерлес-бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды.Жылдар өткенімен интернационалист-жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.Біз еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
2-жүргізуші:Бүгінгі біздің кездесуіміздің мақсаты-Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп-тану, мәлімет алу.Ержүрек ағаларымыздың ерліктерін болашақ ұрпаққа үлгі ету.
1-жүргізуші:Ауған соғысының аяқталғанына 2016 жылғы ақпанның 15-ші жұлдызында 27 жыл толды.Ауған жеріндегі шайқас ешқашан ұмытылмақ емес.Осы соғысқа қатысқан барша ержүрек жауынгерлердің көзсіз батырлығы ұрпақ санасында.
1-жүргізуші:Ауған соғысы-Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі.1979 жылдың 25-ші желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпаны, яғни 10 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.Бұл күнді бұрынғы Кеңес Одағына кіретін барлық туысқан Республикалардан әскер қатарына шақырылған жауынгерлер мен офицерлер-Ауғаныстан соғысының ардагерлері жыл сайын атап өтеді.
2-жүргізуші:Ауған соғысына қатысқандардың өздері келтірген статистикалық мәліметке жүгінсек, бұл соғысқа Қазақстаннан 22269 жауынгер барды. Олардың 924-і сұрапыл шайқастарда ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіттер елге мүгедек болып оралды.
1-оқушы Армысыздар, ағалар, от кешкендер!
Ақ тәндерін боршалап, оқ тескендер.
Армысыңдар, ағалар, ардагерлер!
Ар сыналған жылдарда от кескендер.
Сендер бізге қашанда үлгісіңдер,
Тым алысты көрсетер дүрбісіңдер.
Адамзатқа жақсылық әкелуде
Жапырақты,саялы, бүрлісіңдер.
2-оқушы:
Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,
Батыр деген бір сөзге сиып тұрар.
Ізгіліктің,ерліктің, қайсарлықтың
Өсиетін шүмектеп құйып түрар.
3-оқушы:
Тұрғанын байқамаймыз күн жаңарып,
Ұлыста ұл өседі тұлғаланып.
24 жыл өткенін жазды кеше,
Елге де жетті тез-ақ бұл жаңалық.
Биіксің талай-талай кеуделерден,
Мен сіздерді көп сыналар жерде көргем.
Халықтың ұлы болып туғандарға,
Табиғат жүрек берген, өң де берген.
4-оқушы:
Асықпай жылдар енді тұра тұрсын,
Асқақтап ән айтылсын,жыр оқылсын.
Бейбітшілік орнасын бар әлемде,
«Соғыс»деген мәңгілікке жойылсын!
5-оқушы:
Ардагерлер-ағаларым, ақылшы, даналарым!
Азаматтық борышты адал ақтап өттіңіздер,
Мойынға артқан әр істі абыроймен шештіңіздер.
Енді биік еңсеңіз, қадірлейді Еліңіз,
Арамызда аман боп, қамсыз жасай беріңіз!
6-оқушы:
Қасіретін көзбен көрген жалғанның,
Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.
Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,
Соғысында қан кешкендер Ауғанның.
7-оқушы:
Туған жердің әр тасы,
Маған ыстық қашаннан.
Бұйраланған аршасы,
Қорғайтын ер боламын.
8-оқушы:
Топталмайтын түнгі ізі,
Ұланы болам Отанның.
Жарқырап жанған жұлдызды,
Жалғаймын жолын ағаның!
9-оқушы Сақтады
олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге - майдангерге,
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
1 – жүргізуші: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.
2- Жүргізуші: Ардақты ағалар Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген сұрапыл соғысты ,сіздер өз көзіңізбен көрдіңіздер ,күә болдыңыздар .Сондықтан оқушылардың сіздерге қоятын сұрақтары көп шығар ,әр қайсыңыз өздеріңіз өз жайлы айтсаңыздар.
ІҮ. «Ардагермен
сұхбат»
Қазіргі бейбіт заман
сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп
жүрсіз?
- Өз тәжірибеңізден
қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп
ойлайсыз?
- «Ерлік,
батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған
дұрыс деп ойлайсыз?
Дәулет:Отанды сүю отбасынан басталады. Отбасын сүйген әрбір жас өркен мына үлкен Отанымызды қастерлейді,сақтай алады.Оған біз сенеміз.
Елім, жерім деп еміренген өршіл ақын Мағжан:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!-деп болашаққа, жастарға сенімін артқан.
Теміржан: Соғыстың қайсыбірі болсын-ол үлкен қайғы, үлкен қасірет. Ананы жалғыз ұлынан, отбасын-тірегінен айыратын, әйелді жесір қалдырып, баланы жетім атандыратын-осы зұлым соғыс.
Нұрсұлтан:Ерлік елдің –туы. Ер қуаты қару болса, ел қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары.
Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.
Отан үшін күрес- ерге тиген үлес. Халықтың осы даналығын қайда жүрсек те,санамызда сақтап, Отанымызды қорғау-азаматтық парызымыз екенін ұмытпайық. Ауған қаһармандарын қадірлеп,құрметтеп, Сіздерді Отан алдында борышын адал атқарған абзал азамат, өз елінің патриот жауынгерлері ретінде жоғары бағалаймыз.
Нұртас: Қан кешкен 10 жыл
Ерлікпен өткен «тозақтан»
Баласы елдің құтқарар әр кез азаптан,
Еліміз тыныш, батырларымыз аман боп,
Бірлік жасасын, атпасын енді азап таң.
2- жүргізуші:
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27
жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің
еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен
бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық
ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің
борышымыз.
1-жүргізуші: «Алға , қазақ
жігіттері!» әнін қабыл
алыңыздар.
БИ» Мы не хотим войны»
2-жүргізуші: V бөлім «Көк байрағын көтерген Қазақстан» (Слайд)
7-мамыр-Қазақстан Қарулы Күштерінің туған күні.Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар.Оны жас ұрпаққа ұғындыру күні ертең олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратыны, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін жете білуге көмектесу қажет.
1-жүргізуші: Ел қорғайтын ер ағалар-Ардағымыз, арымыз,
Ерлер тойын, елдің тойын,Қарсы аламыз бәріміз!
1-жүргізуші:Біздің еліміздің тәуелсіз, егемен мемлекет болғанына 27жыл болады.Ержүрек бабаларымыздан аманатқа қалған бейбітшілік, тыныштық, татулық пен бірлік деген мұраттарды аман сақтап қалғанда, осындай елдің ұрпағы Қазақстанның Қарулы Күштерінің атағы асқақтай берсін.
Ән « Қазағым»
VI. «Жауынгер және жасұлан»
сайысы
Темірлан:
Мен қазақпын, Ұланымын
елімнің,
Мен
қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке
көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның
әрқашан
Қайыспайтын қара нардай
көтерер.
10 сынып оқушысына Мұрат
Ильясқа ҚР Мемлекеттік тіркелу куәлігі
тапсырылады
2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар
келесі кезекте «Жауынгер және жасұлан» сайысын назарларыңызға
ұсынамыз. Ортаға жауынгер – интернационалист пен жасұландарды
шақырамыз.
Блиц сұрақтар
2 топқа 9 сұрақтан сұрақтар
қойылады.
1.
Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
14
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы
қашан қабылданды?
1995
жылы 30 тамыз
3. Қазақстан Республикасының азаматтары
мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен
жауынгерлік ерліктері үшін ордендермен марапатталады. ҚР - да
қандай ордендер беріледі.
«Отан» ордені, «Даңқ» ордені (2 дәрежелі),
«Айбын» ордені (3 дәрежелі),«Парасат» ордені «Достық» ордені (2
дәрежелі),«Құрмет» ордені,«Барыс» ордені (3
дәрежелі)
4.
Қазақстанның Қарулы күштері қай жылы
құрылды?
1991
жылы
5.
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер
күні
4
маусым
6.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
кім?--
Иманғали Тасмағамбетов
Венн ДИАГРАММА
Оқушылар мен ардагерлер Венн Диаграмманы
толтырады
Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысына қатысты
тарихи сөздер жазу
1-жүргізуші:Өздеріңді жырлап өтер
ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен
арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді,
замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген
ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық
жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері
ұмтылмақ емес.
2 - Жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған
сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда
еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып
келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық,
жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір
жасай берсін.
1-жүргізуші: Ардақты ағалар,Сіздерге деген ыстық лебізімізді және құрметіміздің белгісі ретінде 6 сынып оқушыларының естелік сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Ән» Туған жер» Серикқанов Нұртас
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жастарды Отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие берудің бір тармағы Ауған соғысы ардагерлерінің еншісіне өтіп жатыр.Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық,бақыт,жастарға патриоттық тәрбие берудегі игілікті істеріңізге табыс тілейміз!
Рефлексия. Стикерге өз ойларыңызды кері байланыс арқылы білдірейік
Сөз мектебіміздің директоры М З Мариповаға беріледі
2-жүргізуші:Құрметті ағалар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз, қош сау
болыңыздар!
Ән «Я, солай» Қасымбекова Аяулым
Такырыбы : «Мәңгілік тағзым»
Тақырыбы: Ауғанның асуында от кешкендер
Мақсаты:
-
Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында » және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау
-
Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау
-
Отанды ,елін сүю,еліне ,халқына қызмет етуге тәрбиелеу
-
Ұлттық сана ,ұлттық болмысымызды қалыптастыру,әсіресе ұлттық намыс,ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру ,дағдыландыру
Күтілетін нәтиже:
-
Ауған соғысы туралы толық мағлұматтар алады
-
Оқушылардың бойында Отанға деген патриоттық сезімдері қалыптасады
-
Ауғанстан жерінде Кеңес Одағы армиясының құрамында болған Қызылордалықтар туралы мәліметтер алады
Көрнекілігі: презентация, бейнеролик
Формасы: тақырыптық кездесу кеші
Жоспары:
І. Ерлік сабағының ашылуы
ІІ. Қонақтарды таныстыру
ІІІ. «Ауғанстан соғысы-жарияланбаған соғыс»
ІҮ. Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі
Ү. Ауған соғысындағы Қазақстандықтардың адам шығығына байланысты архивтік деректер
YІ.Ауғанстан жерінде Кенес Одағы армиясыының құрамында болған Қызылордалықтар
YІІ Ардагерлерге арнаулар
YІІІ Қорытынды
Барысы:
Тәрбиеші сөзі: Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен оқушылар! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» ерлік сабағымызға қош келдіңіздер! Елбасымыз 2015 жыл –ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізіді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп дариялады. Қазақ хандығының 550 жылдығын,Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конститутциямыздың 20 жылдығын,Ұлы Жеңістің 70 жылыдығын атап өтеміз.
Ауған соғысы туралы статистикалық мәліметтер
1976 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Тарих жылнамасының өзінің қаралы,нәубет жылдарымен орын алған зұламаттардың бірі-Ауған соғысы.
Қазақстандықтар саны-22 мың 269 жауынгер
Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды
Жар ұшып ,бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралды
Хабарсыз кеткендер-21
Кеңес Одағының батыры атағын алғандар-86
Қызылода облысынан 827 азамат аттанды
Қаза тапқандар-18
Бейбіт күн кешіп жүргендер-600
Соғыстың аяқталғанына 14 ақпанда 26 жыл толды
Әлем бесігі қай уақытта да болмасын,дүрбелеңде ,жер адамзаттың алтын бесігі, сонда да адам баласы дүниенің қай түкпірінде жүрмесін,қандай ұлт ,ұлыс болмасын,тыныштықты ,бейбітшілікті аңсайды.ауған жерінде саясат шытырманы шайқалтқан соғыс өртін басуға қатысқан ,қиямет атыс пен шабысты көзімен көріп,ерлік туын жықпай елге аман-есен оралып,жастарға патриоттық тәрбие беруде және батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық:
-
---------------------------------------------------
-
---------------------------------------------------
ІІІ. «Ауғанстан соғысы-жарияланбаған соғыс» Есет Гүлжайна
-
1979 жылдың 12 желтоқсанында Ауғанстанға Кеңес –Ауған шекарасына орналасқан Термезге келді және Түркістан әскери округі жұмысқа кірісті
-
1979 жылы 24 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңестік әскерді енгізу шешімі құжат арқылы қабылданды.Құжатта қабылданып жатқан шешімнің қысқаша түсініктемесі берілді. Онда : «Орталық шығыстағы әскери саяси жағдайға байланысты Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында ,сонымен қатар мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып,оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды.»
-
1979 жылы 25 желтоқсан күні 1500-де КСРО қорғаныс министрлігінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес Әскерлерін кіргізу басталды
-
1979 жылы 26 желтоқсанда Ауғанстан территориясына түсірілген дивизияның міндеттері анықталып,соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды.
Кеңес әскерінің Ауғаныстандағы қызметі Қалдыбай Нұрдаулет
-
1-кезең: 1979 жылғы желтоқсан -1980 жылғы ақпан аралығы .Бұл кезеңде Ауғанстанға енгізу , олады горнизондарға орналастыру ,жер-жерге орналастырылған бекеттер мен әр түрлі обьектілерді қорғауды ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады.
-
2- кезең:1980 жылы наурыз-1985 жылы көкек аралығы .Бұл кезеңде белсенді соғыс құрамаларымен бірлесе отырып АДР-дың Қарулы Күштерін нығайту және қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді
-
3-кезең: 1985 жылғы мамыр-1986 жылғы желтоқсан аралығы. Бұл кезеңде соғыс қимылдарынан ауған әскерлері әрекетіне кеңестік авиациямен ,артиллириямен және саперлік бөлімшерлермен көмек көрсету ауысу
-
4-кезең: 1987 жылғы қаңтар -1989 жылғы ақпан аралығы . Кеңес әскерлерінің Отанға оралуына дайындық және толық шығып кетуі іске асты
Ауған соғысындағы Қазақстандықтардың адам шығынына байланысты архивтік деректер. Нұрболова Аяжан
-
Алматы облысы-117 адам қаза болған ,1 адам іс-түссіз
-
Ақмола облысы тиісінше 62 адам және 2 адам
-
Ақтөбе облысы тиісінше 26 адам және 1 адам
-
Атырау облысы тиісінше 19 адам және 1 адам
-
Жамбыл облысы тиісінше 62 адам
-
Жезқазған облысы- тиісінше 32 адам және 2 адам
-
Көкшетау облысы- тиісінше 32 адам және 1 адам
-
Қарағанды облысы- тиісінше 70 адам және 2 адам
-
Қызылорда облысы- тиісінше 17 адам
-
Қостанай облысы- тиісінше 43 адам және 2 адам
-
Орал облысы- тиісінше 27 адам және 1 адам
-
Павлодар облысы- тиісінше 27 адам
-
Семей облысы- тиісінше 46 адам және 2 адам
-
Солтүстік Қазақстан облысы- тиісінше 27 адам
-
Талдықорған облысы- тиісінше 58 адам және 1 адам
-
Шымкент облысы- тиісінше 65 адам және 3 адам
-
Шығыс Қазастан облысы-42 адам және 1 адам
Ауғанстан жерінде Кенес Одағы армиясының құрамында болған Қызылордалықтар . Әбдіразақ Серік
-
Қатысқан саны-22 мың
-
Соғыс құрбаны-761 адам
-
Соғыс мүгедектері- 481
-
Іс-түссіз жоғалғандар-20
-
Жалпы шығыны -362 адам
-
Марапатталғаны-2265-і қазақ ұлты
-
Батыр атағын алғандар саны-29 соғыс құрбаны
Ауған соғысының құрбандары:
-
Қармақшы ауданы бойынша-3
-
Арал ауданы бойынша-2
-
Шиелі ауданы бойынша-1
-
Қазалы ауданы бойынша-2
-
Сырдария ауданы бойынша-1
-
Жаңақорған ауданы бойынша -1
Тәрбиеші сөзі: «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.
Сыр сұхбат
Диас: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
Ақмарал: Кешімізді әрі қарай жалғастырсақ! Бүгін біз сіздермен ашық сұхбат жүргізуді ұйғардық
1. Адам жүрегіне жара,санасына ауыр салмақ түсірген сұм соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз ба? (Диас)
2.Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз? (Ақмарал)
3.«Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз? (Диас)
4. Қазақ
жастары арасында әскерге шақырылған жігіттер Отан алдындағы борышын
өтеуден көбісі қашады. Себебі неде деп
ойлайсыз?(Ақмарал)
5. Сіздер Ауған
соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба , әлде Кеңес
Одағының тапсырмасы болды
ма?(Диас)
6.Бейбіт өмірде
сүріп жатқан адамдарға
тілегіңіз!?(Ақмарал)
7. Ауған соғысы ардегерлеріне қазіргі уақытта қандай көмек берілуде?
(Диас)
Тәрбиеші сөзі:Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағаларымызға арнаган арналарын ұсынамыз.
Оқушы арнаулары:
1- оқушы: (Ақгүлім)
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер?
Жырым бар жараланған жаңыңды емдер.
Өлгендердің жаннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.
Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,
Біз сәндікке кимейміз деп, - шалбар менен бөрікті.
Отан – ана алдындағы өтеймін деп, - борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
2-оқушы: (Бексұлтан)
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,
Әндететін кездеріңде ауылында төс керіп.
Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттіңмүлде жоқ болып.
Жау дейміз ау, қолдан жасап жауыңды,
Саясаттың сайқалдағы ай уаландарған тамырды.
3-оқушы: (Аружан Е)
Жетпесем де шегіне шын арманның,
Қырқылғанша қанатымнан самғармын.
Жалынжастан зарын тартқан Ауғанның,
Тар жол тайғақ кешіп өткен тарланмын.
Айтқан сөзін екі етпеген сардардың,
Дайын тұрар сайыпқыран сарбазбын.
Өмір үшін өлімге де, сан бардым,
Ал бармауға намыстандым, арландым.
Бұл күндері ортасында жанжалдың,
Ойым дал боп жауап қатпай сандалдым.
Отанымды от кешсемде қорғармын.
4-оқушы: (Асел)
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Қанармен хаттар тола хат келетін.
Тыншымай тыпыршыған тола солдат,
Хатты көрсе, топырлап тап беретін.
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Ауылдың ақ сәлемін ап келетін.
Күткенде жақсы хабар жолдасының,
Қуантып құлағынан шап беретін.
Аңсартып алты айда шақ келетін.
5-оқушы: (Нұрсұлтан)
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде әр ауылдан, әр қаладан.
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған.
6-оқушы: (Несібелі)
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерер,
Болашаққа, алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Қорытынды сөз::. Біздің парызымыз бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
№ 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернат
Ауғаныстан- журектегі жара
Сынып: 6 «А»
Тәрбие сағаты:
«Ауғаныстан- журектегі жара»
Мақсаты:
Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: еске алу сабағы
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.
Сабақ бағдарламасы:
1. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама
2. Майданда туған жыр
3. «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (көрініс)
4. Мақал-мәтелдер сайысы.
5. Қорытынды
Жүргізуші:
Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!
Әнұран.
Жүргізуші:
Соғыс жан алып – жан беру
Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 23жыл толуына байланысты
«Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Жүгізуші:
1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді??? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Сыныбымыздың оқушысы Cағадатова Риза Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.
КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғаныстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық-демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығусылар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
Жүргізуші:
Ауған жерінде интернационалдық парызын өтеу барысында қайтыс болған жерлесіміз : Сергей
Жүргізуші:
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.
Рахмет отырыңыздар!
Жүргізуші:
Ардагерлер
Айтса ертек көгендері
Тайбандары таймаған өрден кері
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,
Кеуде толы жарқырап ордендері.
Сөз кезегі «Интернацил» ағамыз Қайрат ағаға
Жүргізуші
Сыныбымыздың оқушылары соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді оқиды.
Жүргізуші
Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,
Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан.
Елестейсің көзіме қасірет боп
Қайғым да сен мәңгілік- Ауғаныстан!
Ендігі сөз кезегі мектебіміздің алғашкы әскери дайындық пәні мұғаліміАйдар Салимовичке беріледі
Жүргізуші
Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.
Ән: Жұлдыз
Жүргізуші
О, олардың көз жасының татымын
Татып көрсен ойланар ең пақырым
Халық болып ешқашанда оңбайды
Жылатқан ел ақыны мен батырын
Жүргізуші залда ойын өткізеді.
“Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ”
Сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.
Сабағымыздың соңында Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Айдар Салимовичке сөз беріледі.
Мұғалім сабақты қорытындылайды.
«Ауғанның от-жалыны»
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толуына
арналған дөңгелек стол
Мақсаты:
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер
ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін
қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ауған соғысындағы батырлар» альбомы , тақырыптық
көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі
кинофильм, плакаттар, суреттер.
Шақырырылған қонақтар: Ауған соғыс
ардагерлері:
Дөңгелек стол
1-Жүргізуші
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен
оқушылар!
2-Жүргізуші
– Добрый день, дорогие гости, уважаемые учителя, учащиеся!
1-Жүргізуші
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды.
Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің
қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған
соғысы.
1-Жүргізуші
Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен
қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан
алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған
дөңгелек стол пікір алмасуға қош келдіңіздер!
(Мемлекеттік Гимн орындау)
1. Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай
түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын
әкеліп , қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып
қалды.
Ауған соғысының тарихы туралы айтуға сөз берелік.
Ауған
соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989)
— КСРО Қарулы
күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы
салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы
1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген
“халықтық-демокр. үкіметті” қолдап, көршілес елдің соц. бағытпен
дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген
желеумен оның ішкі істеріне араласты.[1] Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен
кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату
саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес
Одағы Мемл. хауіпсіздік к-ті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай
астыртын қызмет атқарған халықтық-демокр. партия (ХДП) құрылып,
біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин,
ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 ж. мамырда Мәскеудің
нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта
түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде
оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер
көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда
ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден
социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу,
діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік
мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың
әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың
наразылығын тудырды. 1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар
басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және
ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа
сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың
ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП
басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз),
оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте
Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемл. басына Амин
отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады.
КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке
әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы
басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов,
Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы
шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері
Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін
соғыс қимылдарын жүргізді.
2-Жүргізуш
-Революционные события в Афганистане встретили ожесточенные
со-противления внешних врагов. Со стороны Пакистана, Ирака, Китая
была раз-вернута непрерывная подрывная деятельность. В свою
очередь, реакционные остатки старого режима развернули борьбу
против революционного строя. Все это создало угрозу ликвидации
того, что принесла афганскому народу ап-рельская революция. Новое
государство обратилось к правительству бывшего СССР с просьбой об
оказании политической и материальной помощи, включая военную
поддержку. И бывший Советский Союз оказал такую поддержку. 24
декабря 1979 года было принято решение о вводе войск в Афганистан.
Война в Афганистане длилась 9 лет и 10
месяцев.
1-Жүргізуші
-10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар
періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған
Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
-Жау дейміз-ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған
тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды,
дауылды заманы еді..
-Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды
шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен
қаһарман жерлестерімізді шақырған едік
2. Қайрат ағаға мынадай сауал Сіз қай жерлерде болдыңыз?
. 2-оқушы
-Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .
Өлгендерді жәннәтта болсын жаны ,
Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
3-оқушы
Время выбрало нас,
Закрутило в Афганской метели.
Нас позвали друзья в грозный час-
Мы особую форму надели.
И в огни горных трудных дорог,
Своей кровью крапили походы.
Не заметили в вихре тревог,
Как минуты прессуются в годы.
4-оқушы
-Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып
Отан үшін оққа тос кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.
Слайд
5 Авған соғысының статистикасы
-Афганская война длилась 3.341 день, а
завершением считается офици-альная дата окончания вывода
ограниченного контингента-15 февраля 1989 го-да. О мужестве и
героизме воинов 40 –й армии, то есть ограниченного контин-гента
советских войск в Афганистане, свидетельствует такой факт: за годы
службы в составе ограниченного контингента более 200 тысяч солдат,
пра-порщиков и офицеров награждены орденами и медалями, 72
военнослужащих удостоены высокого звания Героя Советского Союза, 25
солдат и офицеров по-лучили это звание посмертно.
Статистика
-Ауған жеріне 23.000 жерлестеріміз аттанып, борышын атқарды.
-761 жауынгеріміз қаза тауып, қазақ жеріне жерленді.
-26 жауынгер із –түссіз жоғалған.
-1000 адамнан астам инвалид мүгедекке шалынды.
-1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі
жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.
6 Жерлес ардагерлер туралы
-Осы ауған соғысында батырлық пен ерлік күйімен қаза болған
жерлесіміз Котельник Сергей 1962 жылы туылған.
Еске алып құрметтейміз,
Құрбандардың рухын.
Қабірлері нұрға толсын,
Суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке
Айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!
-Өтер жылдап, ауқыт тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар- деп ақын жырлағандай,өмір тоқтамады
, ерлік өлмеді , замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі
орта-мызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын
істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері , түрлі кәсіпті
игерудегі ерен еңбектері.
8 Сөз кезегін интернациалист Қайрат ағаға беріледі.
1.-Жүргізуші
«Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария.
Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін
оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман –сау
оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп,
бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау –біз үшін бір
ғанйбет. Құрметті ағалар, естен кетпес естеліктерден үзінді айта
отырсаңыздар.
9 Сен кімсің?
Мен қазақпын ,ұланымын елімнің ,
Мен қазақпын , тірегімін жерімнің .
Ұланымын туын көкке көтерген ,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әр-қашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
10 Сенің елің мен жерің!
Қазақ жері – қонақ жай төрдің жері ,
Қазақ елі- Қас сақтай ердің елі
Елі кедей болмаған – жері байтақ ,
Елі ердей ,Бабырдай шерлек елі .
Азат бүгін , байлыққа тұнған жерім
Азат бүгін , ел жоғын қуған ері.
Әділет пен билікке жанын қиып ,
Әділ өткен билердің туған жері.
(Хормен бірге барлық қатысушылар «Атамекен» әнін орындауда.)
1 жүргізуші:
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 23 жыл өтсе де, сол
кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс
жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің
көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер
жауынгерлерді қадірлеп-құрмет- теу – біздің боры-шымыз дей отырып,
келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.
Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде
амандықпен дидарласайық !
Тәрбие сағаты:«Ауғанстан- журектегі жара»
Мақсаты:
Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: еске алу сабағы
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.
Сабақ бағдарламасы:
1. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама
2. Майданда туған жыр
3. Мақал-мәтелдер сайысы.
4. Қорытынды
Жүргізуші:
Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!
Әнұран.
Жүргізуші:
Соғыс жан алып – жан беру
Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына байланысты. «Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Мұғалім: слайд
Жүгізуші:
1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Сыныбымыздың оқушысы Сәкен Арай Соғыстың тарихынан қысқаша баяндама жазып келіпті соны тыңдасаңыздар.
КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғаныстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық-демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығусылар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
Жүргізуші:
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.
Рахмет отырыңыздар!
Жүргізуші:
Ардагерлер
Айтса ертек көргендері
Табандары таймаған өрден кері
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,
Кеуде толы жарқырап ордендері.
Сөз кезегі «Ауған соғысының ардагерлеріне» беріледі.
Жүргізуші
Токтиева Арай соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді оқиды.
Жүргізуші
Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,
Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан.
Елестейсің көзіме қасірет боп
Қайғам да сен мәңгілік- Ауғаныстан!
Ендігі сөз кезегі мектебіміздің ------------------------беріледі
Жүргізуші
Соғыстан қайтқан ержүрек ағаларымызға сөз беріледі. Оқушылар сұрақ қояды
Жүргізуші
Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.
Нуржакипова Аружан «Қазақстаным алға!» әнін орындайды
Жүргізуші
О, олардың көз жасының татымын
Татып көрсен ойланар ең пақырым
Халық болып ешқашанда оңбайды
Жылатқан ел ақыны мен батырын
Би: 5- сынып оқушыларының
Жүргізуші залда ойын өткізеді.
“Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ”
3-топ
1. Отан
2. Ана
3. Батыр
Сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.
Сабағымыздың соңында мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Аббасова Ақмарал Жанболатовнаға сөз беріледі.
Мұғалім сабақты қорытындылайды