Материалдар / Мәңгілік ел - мәңгілік тарих
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәңгілік ел - мәңгілік тарих

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлем елдері арасында көрегенділігімен оқ бойы озық тұратын Елбасымыз бен оның сарабдал саясатының арқасында біздей оқу мен білімге жаны құмар, тәні сау, қабілеті қарымды, ойлау қабілеті зерделі ұрпақтың нұсқалған жолдан тайып, қателесуі мүмкін емес! Ешкімді өмір бойы жатсынбай, бір үзім нанын бөліп берген ардақты халқымның ертеңі болар біздей жастардың арманы мол, асуы зор! Жас ұрпаққа берер өнегесі мол мағыналы да мазмұнды мақала.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
564
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мәңгілік ел- мәңгілік тарихБаяндамашы: Жансүгір Данагүл Серікқызы.«№3 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі.



Мәңгілік Ел болу- біздің өз қолымызда.Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек…

                                                                                        Н.Ә.Назарбаев

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» - деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.«Мәңгілік Ел» деген ұғым ,менің ойымша, мәңгі өшпейтін дүние, мәңгілік ғұмыр, мәңгілік мұрат, мәңгілік атамекен, яғни сан ғасыр өтсе де тарих сахнасының бір қалтарысында қалып қоймайтын, « Мәңгі мемлекет» дегенді білдіретін сияқты. Сияқты емес- ау, дәл солай. Бір сәт, өткен күндердің сары ала парағына көз тастар болсақ, кең даланы мәңгі қонысым деп, еркін жайлаған ұлы түркі бабаларымыз «Мәңгілік Ел» идеясын үш тұғырда, үш негізде қарастырған. Бірінші, көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік» немесе «Ел» сөзінің бірлік мағынасында қолданылып отыруы. Екінші, ұлы ойшыл, дана ұстаз Әл- Фарабидің шығармаларында «Мәңгілік» сөзінің мазмұндық тұрғыда анық талдануы. Үшінші, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында мемлекетшілдік мәселесі арқылы мәңгі бірлік идеясының насихатталуы. Демек, бұл үш негізді сонау бағзы замандағы ғұлама, ойшылдардың айтып кеткен пікірлерімен бүгінгі таңдағы жасампаз ұрпақтың мазмұндық сабақтастығы деп айтуға толық дәлелдеме  бар. «Мәңгілік Елміз» деп бүгінгі таңда бөркімізді аспанға атқанмен сол  «Елдік» деген атауға қалай жеттік десеңізші? Қиыны мен нәубеті мол қазақ тарихының толқынында «бірлік» деп жырлап бір жерге қайырлай алмай кеткен ұлыларымыздың тағдырын оқысақ, ащы өксік көмейіңе тығылары сөзсіз. Ақ киізге көтеріліп,елдің бейбіт өмір сүруін аңсап,күрескен, ақылына ерлігі сай хандар мен сары даланың сайын төсінде қазақтай  ұлы халық бар екендігін сазды сөздің сиқыр –күшімен паш еткен  Абайдай даналардың, жайбарақаттықтан оянатын, жасампаз ұлт болу үшін алға ұмтылатын, білім мен ғылымның терезесін басқа ұлттармен тең ұстайтын кезің келді деп шырылдап, шарқ ұрған Мағжан, Сәкен, Ахметтей зиялылардың жанымен, қанымен келді- бұл ұғым. «Бір сөзге тұрған, бір ақ сөз шешкен қазақтың қилы тағдырын» деп бағзы замандағы ғұламаларымыз айтып кеткендей, дуалы ауыздан шыққан киесі мол сөздердің шебер иелері ел бірлігі мен тыныштықты сақтап отырды. Олай дейтінім, «Абылайлап» жыр төгіп, ұлы Абылай ханның тұсында өмір сүрген Бұхар бабамыздың жырлаған жырларына назар салсақ елдік ұғымы, бірлік , татулық ұстанымы туралы айтқан ақыл, нақыл сөздерін көре аласыз. Шешен, шебер сөздің майталмандары  қарапайым халықтың бейбіт өмір сүруіне, баласының өзге елдің құлы, қойнындағы жарының күң болмауына жан ұшыра араласып, ел мен елдің ынтымағын сақтау үшін дипломатиялық негізде қызмет атқарған десем де болады. Елімізді хандар мен билер, болыстар мен старшындар басқарған заманда да, ұлы Отан соғысы жылдарында да, Желтоқсан оқиғасында да елін шын сүйетін, халқын құрметтейтін талай батырлар мен оқыған зиялылар, қыршын жастар мерт болғанын бәріміз білеміз. Бұл оқиғалардың болу себебін тарих сахнасы ешқашан өшіре алмайды. Бұл біздің – өткеніміз. Сондықтан да біз өткенге қарап, ой түзейміз. Мәнді өмір сүру үшін жақсылықтарға талпынамыз.Мен мектеп табалдырығында әлі де жас маман болсам да, ауызбіршілік дегеннің не екенін жақсы сезінем. Егемендікке қиындықты тықсыра отырып жеткен қазақ халқының «Мәңгі Ел» атануына толық мүмкіндігі бар деп есептеймін. Олай дейтінім, әлем елдері арасында көрегенділігімен  оқ бойы озық тұратын Елбасымыз бен оның сарабдал саясатының арқасында біздей оқу мен білімге жаны құмар, тәні сау, қабілеті қарымды, ойлау қабілеті зерделі ұрпақтың нұсқалған жолдан тайып, қателесуі мүмкін емес! Ешкімді өмір бойы жатсынбай, бір үзім нанын бөліп берген ардақты халқымның ертеңі болар біздей жастардың арманы мол, асуы зор!Иә, алда алар асуымыз бен шығар биігіміз мол!Тек « Ел мен Жер» деген  астарлас ұғымның мән- мағынасына тереңірек зер сала отырып, жалқаулық пен бойкүйездік деген адам бойына жат бәледен аулақ ұстанып, тек алға ұмтыла беруіміз керек деп ойлаймын. Бір орында тұрып қалған судың да бұзылатыны белгілі болғандықтан, қамшының сабындай қысқа өмірде әрбір қазақ деп соғатын кеудесінде жұдырықтай жүрегі бар адамзат көрінген шыңның шынар биігіне қарай ұмтылуы тиіс қой. Сондықтан да, дүниежүзінде қазақтай халықтың , тегеуріні мықты мемлекетіміздің мәңгі жасауына және ұрпақтан- ұрпаққа өшпестей із қалдыруына  Мен өз үлесімді қосамын! Өйткені, Мен- елімнің нағыз патриотымын! Бұл- шынайы шындық!Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси өмірге тең құқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, өзгелермен терезесі тең тұлға ретінде бой көрсете алады. Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің көтеріле түсетіні сөзсіз» — деп түрік бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады. Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! Мен өз сөзімді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді. «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек».
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!