Материалдар / Мәңгілік Ел - Тұңғыш Президент - Мәңгілік тарих сыныптан тыс шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мәңгілік Ел - Тұңғыш Президент - Мәңгілік тарих сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ұрпаққа Мәңгілік Ел – Қазақ елінің тарихын таныту арқылы Тұңғыш Президенттің сан қырлы талант иесі , құдіретті тұлға екенін таныту. Елбасының өмірін, еңбек жолын, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру. Ел тарихын құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге, елі сүйген және елін сүйген Елбасынан үлгі алып, Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2021
355
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы

Орал политехникалық колледжінің

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы,

Электр және электр механикалық жабдықтар

мамандығының топ жетекшісі

Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік Ел – Тұңғыш Президент – Мәңгілік тарих

Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпаққа Мәңгілік Ел – Қазақ елінің тарихын таныту арқылы Тұңғыш Президенттің сан қырлы талант иесі , құдіретті тұлға екенін таныту.

2. Елбасының өмірін, еңбек жолын, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.

3. Ел тарихын құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге, елі сүйген және елін сүйген Елбасынан үлгі алып, Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бейнефильмдер, Н.Ә.Назарбаевқа арналған жинақ папкасы

Түрі: сахналық қойылым

Сабақтың барысы:

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Мәңгілік ел – Тұңғыш Президент – Мәңгілік тарих»» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Осы жылдар ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерін аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан да айтып өтеміз. Желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күні, Тәуелсіздік күні қатар келеді.
2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.Ендеше, бүгінгі кешімізде Мәңгілік ел тарихына және Тұңғыш Президент өміріне бір шолу жасаймыз.

2-жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Сахна сыртынан жүргізушінің сөзі:

Қазақ хандығы да - ұлы дала шежіресінің жарқын беттері. Біз мыңжылдықтар тоғысында жаңа мемлекет құрдық. Батыр бабалардың арманын ақиқатқа айналдырдық. Тарихымыздың қай кезеңіне көз салсақ та, ол бірліктің жылнамасы. Қазақ әлсіресе алауыздықтан әлсіреген, күшейсе бірліктен күшейген. Бірлігі бар қазақты ешкім жеңе алмаған.

(Сахнаға жай басып Бала шығады.)
Бала: Түнектеп жапқан түндей емес

Тілекпен атқан күнді көрем

Елімнің еңіреп жүргендерін емес

Бұғаудан босап күлгендерін көрем

Өркендеп өсіп толғанын

Мәңгілік ел болғанын көрем

Билер:1.Небір қилы кезеңдерді бастан кештік, елдің ертеңі, келешегі қалай болар екен. Шығысыңнан қара Қытай, оң қалтада жоңғар келеді ентелеп. Ал қазақ жері ру-руға бөлініп бір бірікпейді-ау бастары.

2. Би:Иә, солтүстігінде аюдай ақырып ақ патшаның орыстары небір сылтаулармен қазақ жеріне еніп жатыр. Ол-ол ма? Оңтүстігінде қоқан хандығы мал-мүлікті тонап әйел бала-шағаны құлдықтап жатыр.

1. Мүмкін емес, қазақ жерінде батырлардың сарқылып, ел басқарар хандығыңның қалмауы, мүмкін емес ел бірлігі болмауы. Сол байырғы алауыздық бірін- бірі көреалмаушылық, сен тимесең мен тиме. Сенің атың тұра тұрсын менің атым жүре тұрсын.Жоқ, бұдан әрі оған жол бермеу керек.

2. Дұрыс айтасың. Тәуелсіз болу үшін барлық қазақ атаулыға жұмыла еңбек ету керек. Төрт құбыламызды түгендеп, еліміз үшін жеріміз үшін аянбай қанымызды, маңдай терімізді де төгеміз.

1. Бейбіт елде сән болар.

Бөлінген елде дау болар.

Даудың түбі жау болар.

Жаудың түбі дау болар.

Шаңдата жүріп айқассақ.

Айта жүрер күн болар қазақ-ау

3.Би: атадан жақсы ұл туса, еліңнің оң болғаны,

атадан жаман ұл туса, көшінің соңы болғаны.

1. Сонда қазақта жақсы ұлдар аз демегің бе?! Олай емес, тәуелсіздік түспейді ғой аспаннан. Рас, талай батыр құтқарамын деп өз елін қара жер жастанған.

2. Иәә. Тәуелсіздік бізге оңай келмейді

Асау аттай өз тізгінін бермейді

Қазағымның алтын басын иітіп

Талай-талай дұшпан төрімізге төрледі.

Қазақтың кең далаға бытырай қашқаны, өз ұлтының болашағы қамы үшін

3. Бір тудың астына бірігіп, бір ханның қол астында болып. Сол туды құлатпай жаумен күресіп, ен даладан қазақпын дегенді жиып, азаттық үшін жауға қарсы шығайық.

Би киімінде Адам 4. Уа, халқым! Ел болмас елдің төбесінде күн қалықтамас. Төрінде төс тұрақтамас деген. Намыс, ерлік ұранымыз болсын. Менің арманым үш жүздің басын қосу. (үш қазақ шығады , қолдарында найза. Найзаның бастарын қосып байлайды.)Елдермен бітімгершілік татулық келісім орнату, сендер жан –жаққа шашырап кетпей бірің жең, бірің жаға, бірің іні, бірің аға болып өзара бірлікте, бірлік арқылы елдікке елдік арқылы өзгелермен кеңдікке жетейік ,ағайын.(сахнадан шығады)

Бала. Уа, ағайын,тарыдай шашылған халқым бірікті,

Еңсесі кеңіген тағдырыңды жаңғыртар күн туды.

Найзасына үкі тағатын, атқа мінетін

Намысын қамшылайтын кез жетті. (Қара киімділер шығады. Баланың қолын байлап кетеді.)

Бала: Елімнің аспанын тағы да қара бұлт торлады,

Әйтеуір халқым оңбады.

Жанарсың, қайта сөнерсің, басыңа түскенді көрерсің.

Мың өліп, мың тірілген Елім-ай!

1-Жүргізуші: Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу - әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміз. Біздің тарихымыз - бірігудің тарихы. Ұлы Отан соғысында да әр ұлттың өкілі бірігіп, жауды жеңген. Ендеше, бірлігі бар елде береке бар.

(Солдаттар шығады)

Солдат: Түзел!Тік тұр! Тараңдар! Ей, жігіттер,қараңдаршы, қандай тыныштық.

Иа, құдты бір бейбіт өмір сияқты. Атыс басталды.

Жігіттер,жаудың 20 танкісі келеді.

20 танкі деген не ол?! Басымызға бір-бірден де жетпейді.

Шегінерге жол жоқ, артымызда Москва. Алға! (Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар» Әр түрлі ескерткіштерді сомдап тұру.)

Бала: -70 жыл бейбіт көктем таңы атқалы,

70 жыл шуақты күн таратты әнін.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Бұл соғыс білімге ынтық зейінімді алды,

Сұм соғыс.асылдай киемді алды,

Сұм соғыс әкемдей анамдай адамды алды,

Бұл соғыс балалық шақ арманымды алды.

2-Жүргізуші сөзі:Құлазыған сенің құба төстерің,

Не білмеген, не көрмеген біз керім.

Жазылмаған тарихыңның жолдарын.

Ауызекі аңызыңнан іздедім.

Бабалардың ізін көрем аңсаған,

Бас имеген қалды ма екен жан саған.

Ашаршылық. Соғыс . зұлмат жылдарын

Өткізгенсің небір сұмдық самсаған.

Бабаларым, рахмет, рахмет, сендерге,

Жан бітірдің жасыл жайлау көлдерге,

Көз жетпейтін ұлан байтақ жер бердің.

Кең дүниеге төл ұрпағың енгенде.

Бабаларым рахмет сендерге.

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік ел бақыты ертеңі,

О,Халайық, құтты болсын қуаныш!

(Би.Ән. « Бабалардың ізін көрем»)

( «Елім менің аңсаған» әні орындалып тұрады.)

Үш би: Алатаулар қартайса, шөп бітпес,

Арналы өзендер қартайса,су келмес.

Биелер қартайса құлын бермес.

Отарлықтан қартайса,туған елің,

дүниеге қорғайтын ұлың келмес.

Қазақ киіміндегі бала: -Арашашы біз тірескеннің тізесін,

Үзескеннің үзеңгісін үзеңгісін үзген елміз.

Қан майдан ашса,жалаң қол соғысқа шапқан елміз,

Қазақ сарбаздары атына отырып тебініп тұр.

Тәуелсіздік ақ таңы көрініп тұр.

Үш би: -қазақтық жетіскенмен, азаттық жетіспейді,

Тірлігі тарлан болған,бірлігі арман болған.

Таңда атқан шолпандай,

Тәуелсіздік таңы да атар.

Үш би: -Қараңғы түнекте сәулесі аспандай қазағымның көзі ашылды-ау.

Баласы қымбат,қадірі құнды,Тәуелсіздіктің де ауылы алыс емес.

Үш би: -Елі үшін туған ерлердің,

Алды-арты кем болар.

Бірлігі кетсе халықтың,

Әркімге бір жем болар.

Артынша туған адамзат,

Халыққа үлкен бел болар.

Солдат: -Ердің туы намыс,

Қазақ болу үшін «Ер ел үшін

Жігіт жұрт үшін тууға тиіс»

Ел бақыты ер қолында,

Ер бақыты ел қолында.

Еліміз бақытты болуға тиіс.(сахнадан шығады.)

Бала: Елім менің аңсаған,(Қолындағы байлаған жібін шешеді.)

Тас бұғаудан босаған.

Қол жетті ,міне, аңсаған күнге,

Жасай бер, жайна, қазағым менің.

1-жүргізуші:

Құс ұшса қанаты,

Тұлпар шапса тұяғы талатын осынау кең байтақ жер- Қазақ жері.

Шығыстан шыққан күн батысына кең даламды қимай-қимай батады.

Сондай әсем жер, әскерлердің соғысы, қуғындардың қонысы, жұт пен қаттың мекені қорқыныштың секемі болғалы қашан. Енді алашыма ақ намысын үкілейтін, Мықтылардан үркімейтін күн туады. Себебі, дүниеге сән құрып, тілді қалыптастыратын , Мәңгілік Елді қалыптастыратын шекесі торсықтай ұл келді.

(Сахнада «Балалық шағымның аспаны» кино филімінен  үзінді  көрініс. Әсем безендірілген киіз үй, Үшқоңыр әні баяу ойнап тұрады ,Киіз төрінде төрінде бала Нұрсұлтан, Әлжан әже, Әбіш ата отырады.)

(Сахна сыртынан дауыс )

Анасы түсінде буырқанып дөңбекшіп жатқан теңізді көреді. Теңізге түссе түбінен қару тауып алады.  Иығына мылтықты асып алып, еш тұншықпастан, қиналмастан жағаға шығады. Анасы ағайындарына түсін жорытқанда: Алла  жар болсын, түсің жақсы екен, дүниеге шекесі торсықтай ұл келеді деген екен. Міне, бұл 1940 жылдың 6 шілдесінде шыр етіп дүние есігін ашқан Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев еді.

Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туды. Шығыс күнтізбесі бойынша Нұрсұлтан аға Ұлу жылы дүниеге келген екен. Тағдыры күнмен тығыз байланысты. Бұл жылы туған ксілердің ерекше қуатқа ие екендігі олардың арасынан ерекше іскер мемлекет басшылары шығатыны айтылған. Енді президенттің туған күні 6 санына тоқталар болсақ тағы да бір қызық жағдайға кенелеміз  6 саны шындықты, ашықтықты және сенімділікті бейнелейді. Бұл күні дүниеге келген адамдар бейбітшілік пен тыныштықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартуға күш-жігерін жұмсайды екен.

1-жүргізуші:

Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.

2-жүргізуші:

Нұрсұлтан аға орта бойлы, жазық маңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттай момақан көрінгенімен көзінің оты бар ұстамды байсалды еді. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімі қайратты, күшті, қағлез, сергек бала болатын. Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілет байқалып қалатын. Балаларды үйіріп, артынан ертіп жүретін.

Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

Сахналық қойылым .

Әже: бізді  жаратқан бабамыз адам жаратушы жұмақ бағынан, қуып жібергенде тыңдады балам.

Нұрсұлтан: Әже, содан кейін не болды?

Әже: содан кейін балам, жаратушы ием адам баласын жер бетіне жаратты.

Нұрсұлтан: Әже біз қалай пайда болдық?

Әже: Барлық адамдар адамнан пайда болды. Бірақ олар әр түрлі жерде тұрады. (Нұрсұлтан  дермен тартады)

Әже: О о о  менің балам жігіт болып қалыпты – ғой, қазақтың  әр бір баласы өзінің жеті атасын білуі керек. Әбіш сен өзің Сұлтанға түсіндірсеңші.

Әбіш:  Сұлтан зер салып тыңда балам, сенің жетінші атаңды Айдар деп атаған.

Нұрсұлтан: Айдар (Саусағын бүгіп)

Әбіш:  Айдардан кейін Мырзатай

Нұрсұлтан: Мырзатай

Әбіш: Одан кейінгі атаң, Кең баба

Нұрсұлтан: Кең баба

Әбіш : Кең бабадан соң, Еділ

Нұрсұлтан: Еділ

Әбіш: Еділден кейін Сапақбай

Нұрсұлтан: Сапақбай

Әбіш: Сапақбайдан кейін Назарбай

Нұрсұлтан : Назарбай

Әбіш: Назарбайдан......

Нұрсұлтан: Назарбайдан Әбіш

Әбіш: дұрыс айтасың балам.

Әже: Ия, Әбіштен тәңірім маған сені сыйлады. (Кенеттін самалет гүрілі естіледі) Нұрсұлтан аспанға қарап, орнынан тұрады.

Әже: Сұлтан қайда барасың? (Әжесі қоса тұрып), астапыралла, астапыралла бұл не шу, бұл не дыбыс?

Нұрсұлтан: Әләқай,Әләқай  Самалет. Нұрсұлтан жүгіре жөнеледі. Әбіш пен Әлжан соңынан жүріп сағынадан шығып кетеді.

Ұл бала: -елім менің, аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Қол жетті, міне , аңсаған күнге.

Жасай бер, жайна, қазағым менің.( Би. Ұлттар биі)

1-жүргізуші: -Қайырлы күн Алаш ұлты, қайырлы күн қазақ жұрты.

2-ж. Көптеген елдер ертегі елі деп санайтын қазақ елі Әлем назарында.

Экономикасы қарыштап,

Әлеуметтік жағдайы қарыстап дамып келе жатқан еліміз бүгінде 50 елдің қатарында. Бұл жасалған игі істер Еңбек пен Ерліктің сарабдал саясаткер, көреген көшбасшы Елбасымыздың арқасы.

1-жүргізуші. 2011 ж. 10 . 12 күні ҚР-ның Парламенті Қазақстан Республикасындағы мейрамдар тізбесіне жаңа мемлекеттік мерекемен толықтыру туралы бұйрыққа қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. 1 желтоқсанд

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!