Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мәңгілік ел- мемлекет тілі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МӘҢГІЛІК ЕЛ - МЕМЛЕКЕТ ТІЛІ
Автор. Зейнел Дәулет Қайратұлы
«Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ
Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қарасу селосы
Мәңгілік ел- мемлекет тілі
Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.
«Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл » болды.
қазақ тілін даудың тақырыбы емес,Ұлттың
ұйытқысы ете білген жөн.
Н.Ә.Назарбаев
Тіл-қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Ана тілін сүймеген адам, қырғыз ақыны Сарғонаев айтқандай, халқын сүйіп те жарытпайды. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. Өйткені, тілді жасаушы-халықтың өзі. Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті, ұлт әдебиеті жоқ. Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз. Ол халықтың, ұлттың кескін-келбеті деуге болады. Өйткені шынайы көркем шығарма халықтың тұтас тарихын, өткен-кеткен не қилы тағдырын суреттеп бере алады. Ал, тіл Ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуға тиіс.
Тілдің ең негізгі, яғни бірінші қызметі-адамдардың бір-бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі.Екінші қызметі-адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі.Үшінші қызметі- адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру, жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.
Менің ана тілім-қазақ тілі. Қазақ тілі әлемдегі 12 миллион қазақтың ұлттық тілі аталып келген болса, тәуелсіздік алғаннан кейін ана тіліміздің мәртебесі өсіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деп Ата заңымызбен бекітілді. Бұл сонау Желтоқсан оқиғаларынан кейін қабылданған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1989жылғы қаулысының нақты жалғасы еді.
Ана тіліміздің шұрайы мен шырайына сонау ерте замандардан-ақ шетел саяхатшылары, ғалымдары ерекше мән берген.
Ұлы Пушкин қазақ даласына келіп, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» сияқты жырларымызға тамсанса, әйгілі ғалым В.В. Радиов: «Қазақтар тамаша шешен сөйлеп, әңгіме айтуды ұнатады, аса бай поэзияға ие », - деп жазған.
Астанамызға көшірмесі әкелінген қажетті Күлтегін ескерткішін, Әл-Фараби еңбектері, Махмут Қашғари, Қожа Ахмет Яссауи сынды ғұламаларымызды тани отырып кейінгі жас ұрпақ, біздер, ана тіліміздің бастауы тым әріде екеніне көз жеткіземіз, мақтанамыз.
Батырлар жыры, аңыздар, әңгімелер, жұмбақ-жаңылтпаштар-ана тіліміздің бүгінге жеткен алтын қазынасы. Бұлар – біздің өткен тарихымыз. Ана тілін шексіз сүйетін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзін еске сала кетейін: «Тарих пен тіл тамырлас». Сол себепті, тарихымызбен тілімізді құрметтеуіміз қажет.
Сонымен қатар, біз тұтас қоғам болып, ұлтымызға қарамай, мемлекеттік тілді толық меңгермейінше, мықты мемлекет құра алмайтынымызды, мемлекеттік тіл-халықты біріктіруші фактор екенін Елбасымыз әр жылғы жолдауларында ұдайы тілге тиек етіп келеді. Биылғы «Қазақстандық жол- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын да Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі туралы өзінің өте кең көлемдегі ойын жеріне жеткізіп айтты. Ал, ел мен тіл-егіз ұғым. Мәңгілік сөзі балардан мирас болып келе жаткан мәңгі өлмейтін қазынамыздың бірі-ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Біздің мәңгілік, мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі. Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мен мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетті құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуі көздеген халықтың басты мақсатыда сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз-өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Әрине, осы орайда мемлекеттік тілді ата-бабасы күш-жігерімен қорғап қалған қазақ баласы да, сол кездегі солақай саясаттың зардабынан мәжбір болған өзге ұлт өкілдері де, жалпы жүрегі қазақ деп соққан әрбір патриот болуы тиіс. Себебі, ол өткенді білмесе, болашақты болжай алмайды.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жаппай қолданыс тіліне айналар күнде алыс емес. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы барша жастарымызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс.
Олай болса, Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігімізбен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін, көк туымыз желбіреп, айбынымыз асқақтай берсін!
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, қазақ тілінің тарихы әртүрлі кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Қазақ тілі тарихы – түркітанудағы күрделі мәселелердің бірі. Әдетте, тіл тарихы ұлт тарихымен сабақтас өріледі.
Қазақ жұртының Еуразия
кеңістігіндегі көне халықтардың бірі екені анық. «Қазақ» аталатын
бір тұтас халық ХV-ХVІ ғасырларда қалыптасса да «қазақ» этнонимі
ерте замандардан мәлім болған. ХІ ғасырда өмір сүрген ұлы шайыр
Фирдоуси шығармаларында «қазақ» сөзі этнос мағынасында қолданылған.
Тарихы осылай тереңге тартқан қазақ жұртының тілінің тарихы да
қатпарлы дүние. Қазақ тіл білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық
тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең; ә) ұлттық тіл білімі
қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі
қалыптасқанға дейінгі кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ
тілінің лексикографиялық жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами
бастады. Сондай-ақ, сол кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді.
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі: а)
қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912-29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі
кезең (1930-88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым
ретінде қалыптасып, дамуы А.Байтұрсыновтың есімімен тығыз
байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған «Тіл-құрал» атты
еңбегінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті
мәселелері сөз болады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ы.Алтынсарин
қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, ХХ
ғасырдың басында А.Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын
жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді.
Тіл тарихы және диалектология жеке ғылым ретінде қалыптаса қоймаса
да, жекелеген мақалаларда тіл тарихы, диалектология мәселелері сөз
болады. Мыс., Аймауытовтың «Тіл туралы» «Әдебиет тілі мен емле»,
Кемеңгеровтің «Қазақша-орысша тілмаш туралы түсінік», «Дұрыс па?
Бұрыс па?» \ т.б. мақалаларында жергілікті тіл ерекшеліктері,
кейбір сөздердің этимологиясы сөз болады. ХХ ғ. басында орта мектеп
пен педагогикалық училищелерге арналған грамматикалық ғылыми
еңбектер, сөздіктер басылып шықты. 1946 жылы Қазақстан ғылым
академиясының құрылуы, оның құрамында Тіл және әдебиет институтының
ұйымдастырылуы, 1961 жылдан Тіл білімі институтының бөлініп шығуы –
қазақ тіл білімінің көптеген мәселелерін шешуге, ғылыми зерттеу
жұмыстарының жан-жақты жүргізілуіне, мамандардың көптеп
даярлануына жағдай туғызды. 1920-30 жылдардағы әдеби тілдің
жай-күйі, өзіндік ерекшеліктері, жартастағы жазулар, эпиграфиялық
ескерткіштер қарастырылды. Осының негізінде «Қазақ тілі тарихы мен
диалектологиясы» атты 7 жинақ шықты. Диалектологиялық атластар
жасалды. Тіл мәдениеті және стилистика саласындағы іргелі
зерттеулер 1960 жылдан басталады. 1969 жылы Тіл білімі институтының
жанынан Тіл мәдениеті бөлімі құрылғаннан кейін зерттеулер жүйелене
түсті. Фольклор тілі, көркем әдебиет тілі 1970 жылдан бастап
зерттелді. 1991 жылдан кейінгі қазақ тіл білімінің негізгі
бағыттары: жалпыхалықтық тілдің, оның ішінде, әдеби тілдің тарихын
жасау, Қазақстан аумағындағы түрлі ұлт тілдерінің өзара әсерін,
қостілділік, көптілділік барысын зерттеу, жеке жазушылардың
сөздігін жасау, қазақ тілінің тарихи грамматикасын жазу,
диалектологиялық атлас жасау, тілдің дыбыстық жүйесін тәжірибелік
тұрғыда зерттеу, шет ел сөздерінің сөздігін жасау, әртүрлі ғылым
салаларына байланысты толық атаулық сөздіктер шығару, лексикография
теориясындағы мәселелерді шешу, көркем әдебиет, фольклор тілін, тіл
мәдениеті мен стилистика мәселелерін дамыту, қазақ тілінің дыбыс
жүйесін синхрония және диахрония тұрғысынан құрылымдық, математика,
лингвистиканы әдістер арқылы жан-жақты зерттеу болса, бүгінгі
таңда іске асып жатыр.
Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен қазақ
тілі – ежелгі таза қалпын сақтап келе жатқан тілдердің бірі.
Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз –
мейлінше жетілген ұлттық тіл. Ежелгі бабаларымыздың тарихы,
шежіресі және түрлі әдеби мұралары бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы
ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Өткен ғасырда қазақтың бас
бостандығы үшін күресіп, құрбандығы болған қайраткеріміз Жүсіпбек
Аймауытов: «Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен
дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп, сақтап отыратын қазына» – деген екен. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген
тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік
деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі
үшін белсенділік танытуда. Бүгінде елімізде ұлтты ұйыстыру мен
халықты біріктірудің басты факторына айналып отырған – мемлекеттік
тіл екендігі баршамызға белгілі. Ең бастысы, бүгінгі жаңа қоғам,
жаңа дәуірде қазақ тілінің қажеттілігі орныға бастады. Мемлекеттік
тілді білу, оны меңгеру уақыт талабына айналды.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, оны іске асыруда облыстық,
аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда. Бұл
бағдарламада мемлекеттік қызметте, қоғамдық-саяси және
әлеуметтік-кәсіпкерлік саласының барлық бағыттарында мемлекеттік
тілді батыл қолданысқа енгізу көзделген. Елбасымыз өзінің
«Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты халыққа арнаған Жолдауында тіл жөнінде: «Біз алдағы
уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды
жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл
өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын
әрдайым есте сақтаған жөн. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз.
Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып
дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының
тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін
қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін
әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан
мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып
келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөнінде кешенді шараларды
жүзеге асыруды жалғастыру керек» деген болатын. Бүгінгі жаһандану
заманда идея құнды, бірақ оны жүзеге асыру әрбір қазақ халқының
мәңгілік міндеті екені айқын. Бұл бүгінгі аға буын мен келер буынға
жүктелген жүк. Балаларымызға, немерелерімізге ата-бабаларымыздың
салт-дәстүрін, еліміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, тілін
қалдыру тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының берік қалануының
белгісі болмақ.
Ұрпақ тәрбиесінің маңызына қазақ зер салып, оған ерекше
мән берген. Елбасымыз әр жылғы Жолдауларында ұдайы тілге тиек етіп
келеді. «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Жолдауын да Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі туралы өзінің өте кең
көлемдегі ойын жеткізіп айтты. Ал, ел мен тіл – егіз ұғым. Мәңгілік
сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін қазынамыздың
бірі – ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің
онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт.
Біздің мәңгілік, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл
– мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық
салаларында қолданатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық
іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені,
өркениетті құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы
ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына
енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз – өз ана тілінде еркін сөйлей
алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше
сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын
мәніндегі мәдениетті адам бола алмайтыны рас. Қазіргі таңда
мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге
асыруда, тіл жаппай қолданыс тіліне айналар күн де алыс
емес.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елімізді бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа жұмылдыру үшін «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын жолдады. Ол жолдауда Н.Назарбаев « Біз үшін ортақ тағдыр– бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел– жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы»-деді.
Сол армандардың бірі– тіліміздің мәңгі болуы еді. Себебі тіл-қай ұлттың болмасын тарихы тағдыры, қатынас құралы. Тіл болмаса адамзаттың тірлігінде мән-мағына болмайды, сондықтан мәңгілік ел болу үшін тілдің өсіп-өркендеуі, жоғалмауы аса құнды болып есептеледі. Демек, Н.Назарбаев өз жолдауында мәңгілік ел болу үшін тілдің мәңгі болуы керек деген ойына бір ауыздан келісу қажет.
Осы орайда өзіміздің ана тіліміз туралы терең ойлану әрқайсымыздың міндетті парызымыз ғой. Қазіргі таңда жыл өткен сайын тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Себебі қазақ мектептері мен бала бақшаларда басқа ұлттардың ұл-қыздары қазақ тілін үйренуге ат салысуда, ата-аналары балаларын қазақ мектептеріне беріп жатыр.
Кезінде біздің ұлы азаматтарымыз, аталарымыз Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы тіліміздің мәңгі болуын армандамап па еді?!
Армандаған. Армандағанда да қатты армандап сол мақсатта қанша күресті десеңізші! Міне, тәуелсіздіктің арқасында қазір Н.Назарбаев осы мәселені ашық, еш бүкпесіз айтып отыр. Ол – үлкен жетістік.
Елбасымыз тіл тәуелсіздігі Мәңгілік елде Мәңгі болу үшін де осы мәселені анық айтып отыр. Ендеше, Елбасымыз Н.Назарбаев тіліміз мәңгілік болса, мемлекетіміз де мәңгі болатынына кәміл сенеді.Ал сенімнің лаулап жануына біз, оқушылар, патриоттық сезімімізді сөндірмей әрі қарай жалындатып жағуымыз керек,- деп түсінемін.Ол үшін терең білім алып талай асуларды бағындыруымыз қажет.
Осындай тас бұлақтың тұнығы да тілде, ана сүтінің жұғыны да тілде, батырлықтың айбындылығы да тілде екенін ұмытпасақ, әрі сол мақсатта оқып-білім алсақ, әрине Мәңгілік Елдің тілі Мәңгі болады деп есептеймін.
Ата-бабаларымыз сан мың жылдар армандаған елі Мәңгі болып, тіліміздің өсіп –өркендеуін арманға емес, ақиқатқа айналдыратын азаматтар болу үшін аянбай терең білім ала берейік!
Тіліміз де Мәңгі, Еліміз де Мәңгі бола берсін!
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Қазақ тілі. Энциклопедия.
Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық
сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998жыл,509бет.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010.
3. Әбілқасымов Б., Алғашқы қазақ газеттерінің тілі //Жинақ: Қазақ
тілі жөніндегі революциядан бұрынғы зерттеулер, 1993.
4.Құрышжанов Ә., «Кітаби тіл « материалдарынан//Жинақ: Қазақ тілі
тарихы мен диалектологиясы. 1960, 2 шығарма, 72-90
б.
«Мәңгілік ел-мемлекет тілі»
сырттай мақала байқауына қатысу өтінімі
№ |
Қатысушының аты-жөні,тегі |
Сыныбы |
Облыс,қала,аудан,ауыл,білім беру ұйымының атауы |
Жұмыстың атауы |
Жетекшінің аты-жөні,тегі Жұмыс орны мен қызметі |
Жетекшінің байланыс мәліметі |
1 |
Зейнел Дәулет Қайратұлы |
9 |
Қостанай облысы,Жангелдин ауданы,Қарасу селосы, «А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі»КММ |
«Мақала» |
Қалиева Жанат Жақсыбайқызы |
26-9-70 |