Тақырыбы: Мәңгілік Ел
болашағы –
білімді
жастар
Мақсаты:
Ел Президентінің Қазақстан
халқына Жолдауындағы белгілеп берген тарихи бекем тұстарымыз
арқылы, халқымыздың дүниежүзілік мұраға қосар үлесі мен орнын
зерттей отырып, оқушының дүние танымдылығын
дамыту;
Қол жеткен жетістіктерімізге
сын көзбен қарай отырып, оқушыларды Отанды сүю, бейбітшілік рухында
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:ҚР картасы, ҚР Конституциясы
Елбасы суреті, қанатты сөздер, еліміздің нышандары, интертақта
т.б.
Өтілу
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
Мұғалім
сөзі:
Оқушылар өздеріңіз
білесіздер 1997
жылдың қазан айында ел
Президентінің «Қазақстан
-2030» жылға дейінгі «Барлық
Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы» Жолдауы тарихи
құжат жарияланды.
Содан бері жылма-жыл елбасымыз
Жолдауын жариялап келеді.Ал 2012 жылдың желтоқсанында ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың кезекті жолдауы
«Қазақстан
-2050» стратегиясы –қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында
жарияланды.Елбасы «Қазақстан -2030» стратегиясының орындалғанын,
енді 2050 жылға дейінгі кезеңдегі ел алдында тұрған міндеттерді
саралады.
-Оқушылар ел Президентінің
биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауының тақырыбы қалай
аталады?
«Қазақстан жолы-2050:
бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
--
-Енді сіздер үшін
маңыздыларына тоқталамыз.
ІІ.Негізгі
бөлім
-
Қазақ Елінің Ұлттық идеясы
–«Мәңгілік Ел»
Оқушы: Жолдаудың басты
мақсаты-елімізді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу және
тәуелсіздікті сақтап, «Мәңгілік Ел» идеясын баянды ету.Елбасы жыл
сайынғы Жолдауында білім беру саласына айрықша көңіл бөліп
отыр.Жастарға сапалы білім мен инновациялық технологияларды
заманауи білім мен ғылыми тәжірибелерді зияткерлік мектептердегідей
барынша игерту, әлемдік білім мен ғылым кеңістігіне тереңдеп ену
міндеті қойылып отыр.Жолдауда туған еліміздің Мәңгілік Ел болу
идеясы ұсынылған.Бұл- Елбасы айтқандай сан ғасырғы ата-бабаларымыз,
даналарымыз бен батырларымыз аңсаған
нәрсе.
Оқушы:Ел Президентінің биылғы
дәстүрлі «Қазақстан -2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа
айқара жол ашық тұр.Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ
тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы айтылған.Тәуелсіз ұлт
болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні,
салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу.Латын әліпбиіне көшу
өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен
бәсекелесуге жаңа негіз қалайды.
Оқушы:Жолдаудың басты мақсаттарының
бірі-елімізді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу болып
отыр.Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы-біздің табысты
болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын
сақтау ісіне баса көңіл бөлініп отыр.Бала денсаулығын қамтамасыз
ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық
қызметтердің сапасын арттыру көзделген.
-
Білімді ұрпақ –жарқын
болашақ кепілі
/Оқушылардың құқықтық
білімдерін саралау/
-
Егемендік алғаннан кейін ҚР
Конституциясы қанша рет қабылданды?
-
Республикадағы заң шығарушы
орган?
-
«Қасым ханның қасқа жолы»
қанша бөлімнен тұрады?
-
ҚР өзін қандай мемлекет
ретінде орнықтырады?
-
ҚР азаматтары еңбек етуге
міндетті ме?
-
ҚР тәуелсіздігі туралы заң
қашан қабылданды?
-
Республика заңдары қай кезде
күшіне енеді?
-
ҚР ресми түрдде қолданылатын
тіл?
-
Азаматтық құқық қабілеттілік
қашан пайда болады?
-
Заңды тұлғалар
кімдер?
3.Коррупция дегеніміз
не?
Біз сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жолында үнемі жұмыс істеп, ахуалды жақсартып келеміз,
алайда бірқатар қаржы-өнеркәсіп топтарының ақша ағыстарының ашық
болмауы және олардың табысты жасыру, қарды мен мүлікті шетелдерге
шығару, салық төлеуден жалтару есебінен заңсыз баюы, сондай-ақ
көлеңкелі экономика біздің дамуымыздың елеулі шектелулеріне айналып
отыр.Нақ осы топтар өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жүргізуге шақырған ұрандары дүңкілдеп тұр.Сонымен бірге бюджеттің
негізгі ысырабы да нақ осында жатыр.Сөзден іске көшетін уақыт
жетті.
Елбасы
Жолдауынан
Коррупция-қоғам қайраткерлерінің ,
лауазымды қызметкерлердің парақорлығы және
сатылғыштығы.
Сыбайластық- кейбір лауазымдық тұлғаның
өз қызметін теріс пайдаланып, қылмыстық топ
құруы /сыбайластықтың кеңінен
тараған түрі/
Лауазым-қылмыстық топты басқаруға ,
оны алдын-ала мемлекет тарапынан болатын әр түрлі іс-шаралардан
қорғаштап отыруға таптырмайтын орынтақ.
Сыбайлас жемқорлыққа
тосқауыл бар ма?
/Сыбайлас жемқорлыққа
байланысты мысалдар келтіру/
Мұғалім
сөзі:
Халықаралық сарапшылардың
пікірінше , Қазақстан бұрынғы КСРО республикалары ішінде сыбайлас
жемқорлық дәрежесі бойынша алдыңғы орындардың біріне ие
көрінеді.Елімізде сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес күрес жүріп
жатыр.Соңғы жылдары Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі
дүниежүзілік рейтинг көрсеткішін жақсартып келеді.Бұл –ТМД елдері
арасындағы ең үздік нәтиже болып отыр.
ІІІ.Қорытынды.
Мұғалім
сөзі:
Сонымен оқушылар, Мәңгілік Ел
тағдыры –ел болашағы сіздердің қолдарыңызда. «Жастары жалын
жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік
болады» –деп жастарға үлкен сенім артылып отыр.Мәңгілік Елді
жасайтын – тәрбиелі білімді жастар.