Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маңғыстау өлкесінің өсімдіктерінің зерттелуі және оны қорғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Маңғыстау өлкесінің өсімдіктерінің зерттелуі және оны қорғау туралы мәселелер жазылған. Оны оқушыларға насихаттау туралы келелі ойлар айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау ауданы Шетпе кентіндегі №7 мектеп лицейі

Мамаева Жантөре Жәкішқызы п.ғ.к.

Төлеп Ақдидар Ахметқызы биология

пәнінің мұғалімі


Маңғыстау өлкесінің өсімдіктерінің зерттелуі және оны қорғау

Жалпы Маңғыстау өлкесінің өсімдіктерінің ерекшеліктері мен алуан түрлілігі 1960 жылдардан бастап зерттеле басталды. Оған себеп өлкеде қазба байлықтарының молдығы, оның ішінде мұнайды игеру жұмыстарының жүргізілуі, осыған байланысты қалалардың қарқынды өсуі, тұрғындардың көбеюіне байланысты шөлді жерлердің қатты климатын жұмсарту үшін көғалдандыру мен фитомелиоративті жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Маңғыстау өлкесінің топырағы, климаты, жер бедері, су көздері зерттелді.

Сол кездегі орташа жылдық ауаның температурасы 9,6-11,5 градус, абсолютты минимум-34, максимум-47. Барлық түсетін ылғалдылық 107-181 мм. топырағы тұзды, сортаң, қара шірік мен ылғалы аз, борлы, тасты жабынды болып келеді. Табиғи жасыл массивтер жарты аралда жоқ. Таулы жердің бұлақтары мен шымырау құдықтардың суларыны ң мөлшері белгіленді. Осындай интродукция мен өсімдіктерді жерсіндірудің теориялық және практикалық міндеттерін жүзеге асыру үшін 1961 жылы Маңғыстау жарты аралына Қаз.ССР-ы Ғылым Академиясының Маңғыстау экспедициясы жұмыс жасады. Бірақ экспериментальдық және зерттеу жұмыстарының деңгейін көтеру үшін, сондай -ақ жасыл құрылысты практикаға ендіру үшін негізді ғылыми база қажет болды. 1965 жылы Академик Ф.Н.Русанов басқарып Маңғыстауға келген комиссия мүшелері- Москва, Ташкент, Баку және Алма-Аты ботаникалық бақтарының директорларының ойларына сәйкес, сондай-ақ Н.В.Цицынның инициативасы бойынша ұйымдастырылған база -ҚазССР ҒА-ң Шевченко қаласында экспериментальды ботаникалық бақ болуы керек деп шешіледі. Талапқа сәйкесті бірнеше құжаттар жинақталып 1972 жылы Маңғыстау экспериментальды ботаникалық бақ құрылады. 1964 жылға дейінгі ғалымдардың зерттеу нәтижесінде өлкенің аудандарымен ауылдарында ағаштар мен парктер орталық клумбыда дендропарк ұйымдастырыла бастайды.


Сурет-1. 1966жылғы дендропарктегі орталық клумба. Шілде,1966ж.

Қазіргі Ақтау қаласындағы 3-ші шағын ауданына 1966 жылы төмендегідей аморф бұтасымен ақ акация отырғызылып, жерсіндірілді. Олардан аллея жасалынды.

Сурет-2. 3-шағын ауданда аморф бұтасымен ақ акация өсірілген аллея. Шілде,1966ж. Шевченко қаласы.

Тұщыбек стационарының солтүстік батыс бөлігін шығысқа қарай жалпы көлемі 1,6 га, ені 76-80, ұзындығы 205 м-ге кеңейтіліп 1965 жылы пайдалануға берілген.

Әрбір аудан орталықтарында қөғалдандыру питомниктері жұмыс жасай бастады. Онда ағаштар мен бұталар, шөптесін өсімдіктер мен мәдени гүлдер, көк-өністер жерсіндіріліп өсірілді. Питомниктерге арнайы білімі бар қызметкерлер тартылды.

Сурет-3. Тұщыбектегі аморф бұтасы өсірілген питомник. Шілде, 1966ж

Сурет-4 Тұщыбектегі Аман бағындағы жеміс ағаштары. Шілде,1974


Солардың бірі- Москва қаласындағы (МГУ) жоғары оқу орнын бітірген жас маман- Косерева Ольга Николаевна. Ол Тұщыбектегі стационарда алма ағашын жерсіндірумен шұғылданды.Осы жұмысының қорытындысы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Қазіргі таңда сол Маңғыстау облыстық экспериментальды ботаникалық бақта ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды (Сурет-6).Алма ағаштарын жерсіндірген.

Сурет-6. Косарева Ольга Николаевна өзі өсірген алма бағында.

Тұщыбек селосы, шілде 1974ж.


Маңғыстау экспериментальдық ботаникалық бақтың ғылыми қызметкерлері жұмыстарының нәтижесінде өсімдіктердің жаңа түрлері жарық көрді, коллекциялар молықты, жерсіндірілген ағаштарды елді мекендер алып өсірді. Гүлді өсімдіктермен, жабайы жеміс ағаштары, қылқанды жапырақты ағаштар мен талдарды көбейтіп өсіріп, жұртшылықпен таныстыру жұмыстары жақсы жолға қойылған.

Елді мекенді көғалдандыру жұмыстары қолға алынады. Мектеп оқушылары мектеп ішін көғалдандырумен қатар ағаштарды өсіріп баптаумен шұғылданды. Бұндай жұмыстар оқушыларға эстетикалық тәрбие берілумен қатар оларға еңбек тәрбиесін беру жұмыстары қатар жүргізіліп отырды. Осындай игі жұмыстарға орта мектептердің оқушылары мен оқытушылары әлі күнге дейін араласып келеді.



Пайдаланған әдебиеттер

1.Қондыбаев С.Маңғыстау географиясы.Алматы,2000ж.

2. МОҰМ. Фонд 474,опись-1,іс-29

3. МОҰМ. Фонд 474,опись-1-1,іс-4

4- МОҰМ. Фонд 474,опись-1-1,іс-8





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
810
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12