Материалдар / МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қасиетті деп табылған орындардың мәліметтер мен оларға барар маршруттарды, ондағы басқа да қажетті ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде геоақпараттық жүйелердің қолдану аясы кеңеюде.Бұл жұмыста қаралатын геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) Маңғыстаудың тарихи мәдени орындары туралы геоақпараттық жүйе құру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2024
125
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ

Надирова Асылзат Кудратиллаевна

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы "Жас ұлан" әскери колледжі

География ғылымдарының магистрі, педагог модератор

Шымкент, Қазақстан


Аңдатпа: Дүние жүзіне Маңғыстаудағы және оның төңірегіндегі орналасқан тарихи-рухани орындарға арналған кесенелерді және туристік бағыттарды таныстыру үшін геоақпараттық жүйе құрылған. Маңғыстау облысының тарихи-мәдени орындары туралы геоақпараттық жүйе құрылды.

Кілт сөздер: ГАЖ, технология, картография.

Abstract: A geo-information system has been created to present to the world mausoleums and tourist destinations for historical and spiritual places located in Mangystau and its surroundings. A geo-information system about historical and cultural places of Mangistau region was created.

Key words: GIS, technology, cartography.


Қасиетті деп табылған орындардың мәліметтер мен оларға барар маршруттарды, ондағы басқа да қажетті ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде геоақпараттық жүйелердің қолдану аясы кеңеюде.Бұл жұмыста қаралатын геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) Маңғыстаудың тарихи мәдени орындары туралы геоақпараттық жүйе құру. Геоақпараттық жүйесінің бағдарламалары маңызды құралға айналды. Бұл түркі тілдес халықтарының туризм саласына қолайлы ерекшеленетін жалпы жұмыс принциптері мен бірыңғай интерфейсі бар бағдарламалар тобын ұсынатын негізгі өнім болып табылады. Сондықтан қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым. Көптеген туристік мекемелер жаңа геоақпараттық технологияларды кеңінен қолдана алмайды. Бұл құрылған жүйе барлық мүмкіндіктеріне қоса көптеген геоөңдеу құралдары, сонымен қатар жоғары сапалы карталар мен олардың көркемдік безендіруіне арналған барлық функциялар қосылды. Құрылған геоақпараттық жүйе тек Маңғыстаудағы ғана емес бүкіл түркі әлеміне тиеселі қасиетті деп табылған орындардың мәліметтер мен оларға барар маршруттарды, ондағы басқа да мүмкіндіктермен танысуға мүмкіндік береді. ГАЖ ортасында құрылған карталар, мәліметтер, белгілеу, қабаттар, үлгілер, өз интерфейсі бар тұтынушы құралдары, есептер, метамәліметтер өзара байланысты, бұл бірыңғай ортада жұмыс жасауға қосымша артықшылықтар береді. Геоақпараттық жүйесінде берілген көрсеткіштер бойынша қолайлы бағытты таңдау, жол жазбасын жасау, кеңістіктік өзара әсер мен т.б. үлгілеу сияқты есептерді шешуді жеңілдету мен жылдамдатуға қолайлы. Аталған технология әр түрлі қосымшаларды кез келген территория бойынша шексіз көлемдегі кескіндермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Геоақпараттық жүйеге жаңа мультимедиялық қосымшалар қосылған және үш өлшемді объектілерді сипаттау мүмкіндіктері визуалды түрге келтірілген. ГАЖ мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте маңызды графикалық құрал болып табылады. ГАЖ мынадай маңызды мәселелерді шешеді [1, 2, 3]:

1. Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;

2. Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық нысандармен байланыстыру;

3. Мәліметтердің карталық, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;

4. Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;

5. Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен байланысы және т.б. Аталған геоақпараттық жүйе Маңғыстау облысының тарихи-мәдени, рухани туризмді дамытудың компьютерлік моделдеу негізінде құрылған. Соның ішінде Бекет ата кесенесінің жалпы файлдық көрініс түрі 1-суретте көрсетілген. Жалпы жұмыс зерттеу барысында таңдалынып алынған интерфейс бөлігі С++ бағдарламалау ортасы және мәліметтер қоры ретінде Microsoft Access офисстік бағдарламасы таңдалынып алынды. Маңғыстау облысының энциклопедиясы және интернет желісі арқылы Маңғыстау облысының тарихи-мәдени орталары жайлы мәліметтер талдана отырып, қажетті мәліметтер алынды. Онда картамен ыңғайлы жұмыс жасауға геопортал картографиялық интерфейстi басқарудың графикалық, навигациялық және тақырыптық құралдары ұсынылған.Маңғыстау облысының геопорталы Тарихи-мәдени, рухани туризмді дамытуға геоақпараттық жүйені 3D компьютерлік моделдеу негізінде құрылып, қажетті мәліметтер қорымен қамтамасыз етілді. Аталған жүйеде тарихи-мәдени туристік бағыттарды анықтау, қажетті қонақ үйден орын алу, көлікпен қамтамасыз ету және т.б. қажетті мәліметтер арқылы тапсырыс беру қарастырылды. Соның ішінде геоақпараттық жүйені қолдану Маңғыстау түбегінде орналасқан кесенелер туралы мәліметтер қорымен, рухани-мәдени ақпараттармен толық танысуға, 3D моделдер арқылы виртуалды аралауға мүмкіндік береді [4]. Интернет арқылы қажетті ақпарат геокеңістіктегі объектілерді көрсетіп қана қоймай, олар туралы толық мағлұматты қамтитын болады. Аталған мүмкіндік электронды картадан растрлық форматтан векторлық форматқа түрлендіру мүмкіндіктерін толық қолданылған. Бірегей технология әркелкі мәліметтерді тиімді сақтауға және оларды күрделі жобалар мен жүйелерде жеңіл қолдануға мүмкіндік береді. ГАЖ өздерінің карталарымен үш өлшемді глобустарымен, мәліметтерімен жеңіл алмаса алады. Қорыта келе, Маңғыстау облысының геопарталын құру одан әрі қажетті мәліметтермен толықтыра түсу керек. ГАЖ – технологиясы көмегімен Қазақстанның рухани-мәдени орталықтарын толықтыратын геопортал құру жоспарлануда. Аталған ақпараттық жүйе елімізде туризмнің қарқындап дамуына септігін тигізеді.



ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Бугаевский Л.М., Цветков В.Я. Геоинформационные системы. – М.: "Златоус", 2000. – 224 с. 2. Булгаков С.В., Ковальчук А.К., Цветков В.Я., Шайтура C.B. Интегрированные геоинформационные системы.

  2. Учебное пособие по курсу «Геоинформационные системы» / под ред. Шайтура C.B. – М.: Изд. МГОУ, 2007. – 114 с.

  3. Иванников А.Д., Кулагин В.П., Тихонов А.Н., Цветков В.Я. Прикладная геоинформатика. – М.: МАКС Пресс, 2005. – 360 с.

  4. Sreejit S. Nair. “Web enabled open source gis based tourist information system for Bhopal city”, International Journal of Engineering Science and Technology, Vol. 3 No.2 Feb. 2011.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!