«Мақал — сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы» ересек топқа арналған оқу іс әрекеті.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мақал — сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы» ересек топқа арналған оқу іс әрекеті.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мақал-сөздің азығы,жұмбақ -ойдың қазығы" атты сайыс сабаққа құрылған іс-әрекет жоспарының үлгісі.Барлық көрнекіліктері:суретті мақал-мәтелдер,суретті жұмбақтар,суретті жаңылтпаштар қамтылған.Ворд түрінде жасақталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балғын шақ» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны





Т а қ ы р ы б ы:


«Мақал- сөздің

азығы,

жұмбақ-ойдың қазығы»

( ересек топ тәрбиеленушілеріне арналған сайыс сабақ )



Ұйымдастырушылар:әдіскер Аяпкалиева Саягүл Гинаятовна

қазақ тілі пәні мұғалімі:Сагындыкова Алтынгуль

Мировна





Алғабас ауылы 2024 жыл, 9 ақпан








Тақырыбы: «Мақал — сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы»

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты: Мақал түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын-сайыс, сұрақ — жауаптар.

Көрнекі құралдар: слайд, тапсырмалар, қоржын асықтар

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі күн тамаша,

Сабаққа зер саламыз.

Тәрбиеші: Бүгінгі өтетін оқу әрекетіміздің тақырыбы: «Мақал — сөздің азығы,жұмбақ ойдың қазығы» деп аталады.

Мақал-мәтелдер — халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер — өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініп білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.

Бүгінгі оқу қызметімізді сайыс түрінде өткізейік. Оң жақтағы балалар «Алғырлар», сол жақтағы балалар «Тапқырлар» деп топқа бөлінейік. Ойынның шартын айтып кетейін.

І-кезең «Кім алғыр?» суретке қарап мақал құрастыру.

ІІ-кезең «Кім тапқыр?» суретке қарап жұмабақтың шешімін табу.

ІІІ-кезең «Шапшаң тіл» — жаңылтпаштарды жаңылмай айту.

Әр тапсырманы орындаған топ қоржыннан бір асықтан алып отырады. Қай топ асықты көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді. Ендеше әр топ өздерін таныстырып кетсін.

Ақкербез

І-топ: Топтың аты «Алғырлар»

Топтың ұраны: «Алғырлар»

Ұраны: Алғырлармыз, алға қадам басамыз,

Алға,алға,тек алға деп ұрандатамыз!!!


Бимұрат:

ІІ-топ: Топтың аты: «Тапқырлар»

Топтың ұраны : Тапқырлармыз,әрқашанда тапқышпыз,

Не керектің бәрін тауып аламыз!!!

Жарайсыңдар! Ендеше сайысымызды бастаймыз.

І-кезең: «Кім алғыр?» суретке қарап мақал құрастыру.

1 2 3 4 5 6 7 8 9

1.7рет өлшеп 1 рет кес

2.Көз қорқақ,қол батыр.

3.Қыз өссе елдің көркі,гүл өссе жердің көркі.

4.Бала тілі-бал.

5.Ата-бәйтерек,бала-жапырақ.

6.Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі.

7.Әкеге қарап-ұл өсер,

Анаға қарап-қыз өсер.

8.Отан-оттан да ыстық.

9.Әке-асқар тау.

10.Бұлақ көрсең –көзін аш.

ІІ-кезең «Кім тапқыр?» суретке қарап жұмабақ шешімін табу.

Баланың ойлау қабілетін дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі - жұмбақ. Ол халықтың ойы, қиялынан туған ұшқыр да бейнелі шығарма.Мысалы:алақанымызға бір нәрсені салып,алақанымызды жұмып ол нәрсенің шешімін табу керек болады.Сол себепті біз алақанымыздың ішіндегі затты сипаттап,екінші адамға жасырамыз.

Жұмбақ жасырылады шешуін табу.

ІІІ. «Шапшаң тіл» — жаңылтпаштар айтысына көрейік.Жаңылтпаш дегеніміз-адамның дұрыс,әрі шапшаң сөйлеуіне көп көмегін тигізеді.Сөздерді жаңылмай айтып жаттығуға үйретеді.Ендеше қолымыздағы суреттер бейнеленген шеңберді айналдыра отырып, берілген жаңылтпаштарды жаңылмай айтуға талпынайық.

1.Түйе бізге шұбат береді

   Шұбат бізге қуат береді

2. Ақ шар бар,көк шар бар,


     Көп шар бар, бес шар бар.

3.  Доп, доп, доп жоғалды,

      Қап,қап,тап,тап

4.  Шеше, шеше,

             Неше кесе

             Сынды кеше


5. Есет атам ет асатар,

Ет асатса,

Бес асатар.

6. Бұл,бұл- піл,

Бұл бір- ірі піл.


 Жарайсыңдар балалар! Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Асықтарыңызды санайық, тең түсті. Жеңіс екі жаққа бірдей болды. Жеңістеріңіз құтты болсын. Барлық балаларды марапаттау.

Мақалды да, жұмбақты да,жаңылтпашты да барлығын ұғып алдық. кездескенше, Сау болыңыздар!

Қорытынды:

Бүгінгі сайыс ұнады ма?

Сайыста не туралы айтылды?

Сайысымыз өз мәресіне жетті Сау болыңыздар . Келіп тамашалағандарыңызға рақмет!

 Күтілетін нәтиже:

Біледі; Мақал-мәтел айтуды , жұмбақ шешуді;жаңылтпаш айтуды;

Үйренеді; Мақал,жұмбақ,жаңылтпаш туралы түсінеді;айтып үйренеді;










Сайыс кезеңдері:



Shape1

І. «Кім алғыр?»








ІІ. «Кім тапқыр?»



ІІІ. «Шапшаң тілІ»





























Shape2 Shape3

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2024
1171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі