Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Мақал-мәтел арқылы ой ұшқырлығын дамыту
Материал туралы қысқаша түсінік
тілші мамандарға, студенттерге арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
12 Қазан 2018
351
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ой ұшқырлығын жетілдіруде мақал-мәтелдің маңызы Б.С.Альмуханова Орал қаласы.№25 ЖОББМ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ХХІ ғасыр ұрпағын тәрбиелеуде оқытудың басты мақсаты ұлттық үдерістерді бойына сіңірген, әлемдік өркениеттіліктен өзіндік орнын алуға лайықты адамдарды қалыптастыруды көздесе, ана тілі осы үлкен міндеттің жүзеге асуының бірден-бір құралы болуы тиіс. Адамның шын мәніндегі азамат ретінде қалыптасуының негізі оның өз тіліне деген құрмет сезімі арқылы айқындалмақ. Бастауыш сынып баспалдақтарынан бастап, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіруде мақал-мәтелдердің маңызы зор. Мақал-мәтелдерді оқытуда өз тәжірибемде қолданып жүрген дидактикалық тапсырма түрлерінің бірі «Мақал сөздің – мәйегі» немесе «Сұраққа толы мақалдар» бұл тапсырманы орындату барысындағы басты мақсат: оқушы тілін дамыту, мақал-мәтелдерді жаттанды түрде меңгермей саналы түрде меңгерту, жазба жұмыстары барысында және сөйлеу тілінде мақал-мәтелді орынды қолдана білу дағдыларын жетілдіру. Мақал-мәтелдердің ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен салыстырғанда, өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Мақал ауқымды логикалық ойдың түйіні. Даналық ой тұжырымдамасы. Мақалдарыдың тақырыбы да сан қырлы, тақырып арқылы халықтың тіршілігін, санасының өсуін, дамуын, жетілуін көруге болады. Мақалдардың өзіне тән ерекшелігі-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін, бір жолға сыйғызуында. Мақалдың сөз саралауы жинақы, ықшам келеді. Дәлелдеу мен қорытынды пікір қатар қолданылады,бір сөйлемнен тұрады. Мақал–мәтелдермен жұмыс жасай отырып, оқушыларға қазақтың мақал-мәтелсіз сөз бастамағанын, қандай да қиын жиындарда, шешілмейтін даулардың барлығын терең ойлы мақал-мәтелдермен шешетіндігін түсіндіріп қана қоймай, мақалды қолдану, жаттау жұмыстарын жүргізу барысында мақалдарды құр жаттап қоймай, өздіктерінен мақалдар жазуға және жие қолданылмайтын мақал түрлерін жадыға ұстауға дағдыландыру. Оқушылармен жұмыс барысында байқалған жағдаяттың бірі мақал-мәтелдерді қолдануларында күнделікті тұрмыста жиі айтылатын түрлерін ғана айтып қоюлары, өздіктерінен өмірдегі жағдаяттарға байланысты мақал-мәтелдерді орынды қолдана білмеуі. Аталмыш бағытта атқарылған жұмыстар және оқушылар жұмысы:1. Кімнің ысқырығы жер жарады? /бес ешкі айдағанның/2. Қазаншының еркі бар /қайдан құлақ шығарса/3.Асықпаған немен қоян алады? /арбамен/4.Атадан туған бала не қуады? /ата жолын/5.Отты қайткен жағады? /үрлеген/6.Шындықты табатын кім? /іздеген/7.Кім сұлу? /сүйген/8. Сөз атасы не? /құлақ/9. Бөріктілердің несі бір? /намысы/10.Ер дәулетін ата? /ел/11.Көппен не көреміз? /ұлы той/12.Ер мойнында не шірімейді? /қыл арқан/13.Ауырмай өлетін кім? /аңдамай сөйлеген/14.Ананың көзі қайда?, баланың көзі қайда? /балада, далада/15.Ойнап сөйлесең де, қалай сөйлеу керек? /ойлап/16.Көз қандай?, қол қандай? /қорқақ, батыр/17.Ерінбесең не етерсің? /емерсің/18.Ұрлықтың түбі не? /қорлық/19.Зор байлық не? /денсаулық/20.Ештен не жақсы? /кеш/21.Сабыр түбі не? /сары алтын/ 22.Инемен құдық қаздыратын не? /білім/23.Көл неден пайда болады? /көп түкірсе/24.Ақымаққа айтқанда босқа кетер не нәрсе? /сөз/25.Мұратқа не жеткізер? /білім/26.Азбайтын не?, тозбайтын не? /ақыл, білім/27.Әділ биде не жоқ? /туған/28.Туған жерде не тәтті? /халқы/29.Қына неге бітеді, білім кімге бітеді? /тасқа, басқа/30.Туған жердің қадірін қайда жүрсің білерсің? /шетте/31.Туған жерде не шипа? /ауасы/32.Ел құлағы нешеу? /елу/33.Көртышқан қайда батыр? /інінде/34.Сағынған жан нені аңсайды? /елін/35.Елшіге не жоқ? /өлім/36.Халық сөзі қандай? /шындай/37.Берекені кімнен тілеу керек? /халықтан/38.Су жүрген жер қандай?, ел жүрген жер қандай?/39.Көптің қолы қайда жеткізеді? /көкке/40.Халық құшағы қандай? /ыстық/41.Елдің көркі не?, көлдің көркі не? /ер, құс/42.Адам аласы қайда?, мал аласы қайда? /ішінде, сыртында/43.Адам неге тоймас?44.Адам неден азаяды?, неден тояды?45.Ар – ұят ненің белгісі?46.Талабы жоқ жас қандай?47.Тұрпайы мінез ненің белгісі?48.Қазан қайнаса не сайрайды?49.Қойдың басы құдаға не болар?50.Семіздікті не көтереді?51.Той десе не домалайды?52.Қайнаған суда не болар?53.Әркім ненің құлы?54.Бөлінгенді не жейді?55.Ағайын қандай болар, алыс болса?56.Ұяттан неше күн өлесің?57.Ақылы жоқтан не сұрама?58.Несіз рақат жоқ?59.Берекет қашан болмақ?60.Жатқанға кім жуымас?, жалқауға не жуымас?61.Қандай адам азбас?62.Кімге мал құтаймас?63.Барымтада – не кетер?64.Жер – ненің кіндігі?65.Жүкті не көтерер?, қайғыны кім көтерер?66.Хан қандай болса, халық күйзеледі?67.Биің қандай болса, жұртың ылаң болады?68.Теңгелі жерде, не жоқ?69.Неден шыққан хан жақсы?70.Қисық арба не бұзар?, дүмше молда не бұзар?71.Аңқау елге – қандай молда?72.Ауру неден келеді?73.Қылыштан өткір не?74.Ақыл кімнен шығады?, асыл неден шығады?75.Аузы күйген қалай ішер?76.Хан – кім?, халық – кім ?77.Жақсы адам – ненің ырысы?78.Әдептілік ненің белгісі?79.Жақсы адам ненің ырысы?80.Әдептілік ненің белгісі?81.Тіл нені жарады?82.Шешен жігіт неде ойнар?, балуан жігіт неде ойнар?83.Сөз недени өтеді?, таяқ неден өтеді?84.Тілдің оғы ненің оғынан мықты? 85.Неден асқан жүйрік жоқ?86. Қадірін білмеген?, кімнің қадірін білмес?87. Астың дәмін келтіретін не?, сөздің дәмін келтіретін не? Жалпы мақал-мәтелмен жұмыс жасау барысында оның құрылысындағы ерекшеліктеріне, мақалдағы бір сөздің қайталануына, сөз ұйқасымына көңіл бөлуге назар аударылады. Қазақ мақалдарының көбінесе жеті – сегіз буынды жыр түрінде жасалатындығына көңіл бөліп, негізгі ойды аз сөзбен көркемдеп жеткізуге дағдыланады. Бұл жұмысты орындауда ойын мен оқу әрекеті қатар жүргендіктен оқушы бойында үйлесімділікке ұмтылу арқылы, қызығушылығы жоғарлайды, шығармашылық дағдыларын жетілдіреді. Қиялдарын дамытады және мақсатқа жетелейді. Халқымыздың ауыз әдебиетінде басты орын алатын мақал-мәтелдер тіліміздің өткірлігін, сөйлеу шеберлігін паш етеді. Оқушыларымыздың шебер сөйлеуін дамытып, жақсы сөзді жанына азық етіп,тіл өнерін ардақтап, қадірлеуіне назар аударғанымыз жөн.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)