Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
|
Тәрбие сағаты |
|
|
|
Күні |
|
|
|
Сынып жетекші: |
|
|
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы |
|
|
Сабақтың мақсаты: |
«Сөз мәйегі-мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы құны қымбат рухани байлығымыз туралы мағлұмат беру,орынды қолдануға дағдыландыру. |
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал Бұл сайысқа екі топ қатысады: 1.«Сұңқар» тобы; 2. «Тұлпар» тобы Ой қозғау
Әділ-қазылар:1. 2. 3. Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуал
Оқушылар дың пікірі тыңдалады
|
Компьютер
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр. Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр. Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі -жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түр-түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды — жұмбақ дейміз. |
|
суреттер
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы (20 мин) |
Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық. Сайыс 4 бөлімнен тұрады: 1-бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр» (мақалды жалғастырады) 2-бөлім: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (жұмбақты шешу) Сергіту жаттығуы. 3-бөлім: «Даналық ойдан дән ізде» (Бұл бөлімде сандарды ретімен орналастырсаңдар, мақал-мәтел оқисыңдар) 4-бөлім: «Суретті жұмбақ» (жұмбақты сурет бойынша шешу)
|
1-бөлім: «Ойлы болсаң,озып көр» (мақалдың жалғасын табу) 1-топқа: 1.Сын түзелмей,…. (мін түзелмес)
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||













