Материалдар / Мақал-сөздің мәйегі

Мақал-сөздің мәйегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда қазақ халқының сөз асылы мақал және мәтелдерді оқушыларға меңгертудің қызықты жолдарын ұсынып отырмын. Бұл жұмыста мақал мәтелдерді жаттаумен қатар өз беттерінше шығармашылықпен жұмыстануға бағыттайды. Іске сәт!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
631
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

III бөлім «Мақал сөздің – мәйегі» Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін, бір жолға сыйғыза шешетін мақал – мәтелдер халықтың асыл даналығының бірі. Осы мақал–мәтелдермен жұмыс жасай отырып, оқушыларға қазақтың мақал–мәтелсіз сөз бастамағанын, қандай да қиын жиындарда, шешілмейтін даулардың барлығын терең ойлы мақал – мәтелдермен шешетіндігін түсіндіріп қана қоймай, мақалды қолдану, жаттау жұмыстарын жүргізу қажет болды. Сол бағытта мақалдарды құр жаттап қоймай, өздіктерінен де мақалдар жазуға дағдыландыру және жие қолданылмайтын мақал түрлерін жадыға ұстауға дағдыландыру. Оқушылармен жұмыс барысында байқағаным, мақал – мәтелдерді қолдануларында күнделікті тұрмыста жиі қолданатын түрлерін ғана айтып қана қоюлары. Осы қалыптасып

кеткен жағдаятты бұзу барысында ұсынылған жұмыс түрінің бірі:«Сұраққа толы мақалдар» атты дидактикалық тапсырма түрі1. Кімнің ысқырығы жер жарады? /бес ешкі айдағанның/2. Қазаншының еркі бар /қайдан құлақ шығарса/3.Асықпаған немен қоян алады? /арбамен/4.Атадан туған бала не қуады? /ата жолын/5.Отты қайткен жағады? /үрлеген/6.Шындықты табатын кім? /іздеген/7.Кім сұлу? /сүйген/8. Сөз атасы не? /құлақ/9. Бөріктілердің несі бір? /намысы/10.Ер дәулетін ата? /ел/11.Көппен не көреміз? /ұлы той/12.Ер мойнында не шірімейді? /қыл арқан/13.Ауырмай өлетін кім? /аңдамай сөйлеген/14.Ананың көзі қайда?, баланың көзі қайда? /балада, далада/15.Ойнап сөйлесең де, қалай сөйлеу керек? /ойлап/16.Көз қандай?, қол қандай? /қорқақ, батыр/17.Ерінбесең не етерсің? /емерсің/18.Ұрлықтың түбі не? /қорлық/19.Зор байлық не? /денсаулық/20.Ештен не жақсы? /кеш/21.Сабыр түбі не? /сары алтын/ 22.Инемен құдық қаздыратын не? /білім/23.Көл неден пайда болады? /көп түкірсе/24.Ақымаққа айтқанда босқа кетер не нәрсе? /сөз/25.Мұратқа не жеткізер? /білім/26.Азбайтын не?, тозбайтын не? /ақыл, білім/27.Әділ биде не жоқ? /туған/28.Туған жерде не тәтті? /халқы/29.Қына неге бітеді, білім кімге бітеді? /тасқа, басқа/30.Туған жердің қадірін қайда жүрсің білерсің? /шетте/31.Туған жерде не шипа? /ауасы/32.Ел құлағы нешеу? /елу/33.Көртышқан қайда батыр? /інінде/34.Сағынған жан нені аңсайды? /елін/35.Елшіге не жоқ? /өлім/36.Халық сөзі қандай? /шындай/37.Берекені кімнен тілеу керек? /халықтан/38.Су жүрген жер қандай?, ел жүрген жер қандай?/39.Көптің қолы қайда жеткізеді? /көкке/40.Халық құшағы қандай? /ыстық/41.Елдің көркі не?, көлдің көркі не? /ер, құс/42.Адам аласы қайда?, мал аласы қайда? /ішінде, сыртында/43.Адам неге тоймас?44.Адам неден азаяды?, неден тояды?45.Ар – ұят ненің белгісі?46.Талабы жоқ жас қандай?47.Тұрпайы мінез ненің белгісі?48.Қазан қайнаса не сайрайды?49.Қойдың басы құдаға не болар?50.Семіздікті не көтереді?51.Той десе не домалайды?52.Қайнаған суда не болар?53.Әркім ненің құлы?54.Бөлінгенді не жейді?55.Ағайын қандай болар, алыс болса?56.Ұяттан неше күн өлесің?



57.Ақылы жоқтан не сұрама?58.Несіз рақат жоқ?59.Берекет қашан болмақ?60.Жатқанға кім жуымас?, жалқауға не жуымас?61.Қандай адам азбас?62.Кімге мал құтаймас?63.Барымтада – не кетер?64.Жер – ненің кіндігі?65.Жүкті не көтерер?, қайғыны кім көтерер?66.Хан қандай болса, халық күйзеледі?67.Биің қандай болса, жұртың ылаң болады?68.Теңгелі жерде, не жоқ?69.Неден шыққан хан жақсы?70.Қисық арба не бұзар?, дүмше молда не бұзар?71.Аңқау елге – қандай молда?72.Ауру неден келеді?73.Қылыштан өткір не?74.Ақыл кімнен шығады?, асыл неден шығады?75.Аузы күйген қалай ішер?76.Хан – кім?, халық – кім ?77.Жақсы адам – ненің ырысы?78.Әдептілік ненің белгісі?79.Жақсы адам ненің ырысы?80.Әдептілік ненің белгісі?81.Тіл нені жарады?82.Шешен жігіт неде ойнар?, балуан жігіт неде ойнар?83.Сөз недени өтеді?, таяқ неден өтеді?84.Тілдің оғы ненің оғынан мықты? 85.Неден асқан жүйрік жоқ?86. Қадірін білмеген?, кімнің қадірін білмес?87. Астың дәмін келтіретін не?, сөздің дәмін келтіретін не?Нәтиже: Жалпы мақал – мәтелмен жұмыс жасау барысында оның құрылысындағы ерекшеліктеріне, мақалдағы бір сөздің қайталануына, сөз ұйқасымына көңіл бөлуге назар аударылады. Қазақ мақалдарының көбінесе жеті – сегіз буынды жыр түрінде жасалатындығына көңіл бөліп, негізгі ойды аз сөзбен көркемдеп жеткізуге дағдыланады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ