Қиын оқушылармен
жүргізілетін жұмыстардың психологиялық
ерекшеліктері
Қазіргі жас
ұрпақтардың-болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың
сана-сезімін, мінез-құлғын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі
басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың
тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен. Бүгінгі күнде қоғамды алаңдатып
отырған өзекті мәселердің бірі-тәрбиесі қиын балалардың кобеюі.
Соынмен, тәрбиесі қиын балалар-бұл оқуға, еңбекке қоғамдық өмірге
ықыласы жоқ балалар. Қиын оқушылардың пайда болуына себепті
факторлар:Біріншіден, отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы
яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи
психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата-ананың біреуінің
болмауы, т.б. жағдайлар себепті болады. Қиын балалардың пайда
болуына бірден-бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын -
отбасы тәрбиесі. Оның бастылары: баланың күнделікті
жүріс-тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу,
дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы
киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтаждығын қамтамасыз ету деп
санаушылық. Жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау,
баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және т.б.
себеп болады. Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі
шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан-жақты
зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі
адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік
сынды тәжірибелерді құра біліп, соның негізінде тәртіпті,
айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын
қалыптастыруын ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның
ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық
талап-тілектеріне орай, қабілеті мен икемділіктерін дамыту, қоғам
жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың
оқу-тәрбие үдерісінде ұжымдық өмір қарым-қатынастарында ұсқынсыз
ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол үшін беріп, одан сақтандыру,
оны туғызатын әрекеттерді жою.
Әлеуметтік педагогтың
жұмысындағы ең белгілі әдістердің бірі-бақылау әдісі. Баланың
іс-қимылын, сөзін ір түрлі іс-шаралардан байқау. Әңгімелесу
әдісі-бұл баламен өйлесу арқылы оның ішкі жан дүниесіне ену,
проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар
сілтеу.
Қиын балалардың мінез-құлқы
тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыстар жүргізілгені
дұрыс:
1. Ашу-ызаны жеңуге болатын
жағдайды үйрету.
2. Балаларды ар жағдайда
өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдісіне
үйрету.
3. Шиеленіскен жағдайларда
сөйлесу дағдыларын қалыптастыру.
4. Адамдарға сену, жаны ашу
сияқты қасиеттерді қалытастыру
Психологиялық
жағдай:
1. Балалрдың жас кезінде
тәрбиемен жете қамтылуы
2. Балаға балдырған кезінде
қатал болып, жеткіншек кезінде айтқанын орындата
алмауы
3. Балаға жасынан толық
еркіндік беру
Девиантты жүріс-тұрыс пен
мінез-құлыққа душар болған балалрмен жұмыс түрі мен технологиясы-
алдын алу және қатарға қосу немесе бейімдеу болып табылады.
Бейімделудің бірнеше түрі бар, олардың бірі-психологиялық бейімдеу.
Психологиялық жолмен бейімдеу-баланың сана сезімінде терең орын
алып қалған «менің ешкімге қажетім жоқ» , «менің қолымнан ешнәрсе
келмейді» деген ойдан арылтып, ақыл –кеңес беру, иландыру жолымен
өзіне деген сенімін арттыру. Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын
жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет. Оның педагогикалық
тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір баланың бейім қабілетіне,
мінез-құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру
қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір
баланың бейім қабілетіне ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен
жұыс істеудің тағы бір әдісі-олардың , көше жолдастарымен жағымсыз
байланыстарын үзу. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары
бар. Соның бір тұрақты мектебін ауыстыру, балаға кеңестер беріп
жүйелі жұыс жүргізу. Сондықтан барлық мектептердегі психолог
мамандар оқушылардың ішкі қасиетерін анықтауға, дарынын шыңдауға,
мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысты одақтастыруға жағдай
жасауы тиіс. Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан-жақты ел тарихын жетік
білетін, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты
міндет.