Мақала

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжирибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілін орыс топтарында оқыту әдістемесінің басты мақсаты – сөйлету, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, сөздік қорын молайтуға көмектесу, яғни тіл дамыту – оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету.

Бүгінгі танда орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың түрлі жолдары қарастырылып, жүзеге асырылуда. Оқытудың жаңа технологиялық үлгілері ұсынылуда

Қазақ тілін оқытудағы ең өзекті мәселе – тіл дамыту. Сондықтан мұғалім тіл дамытуға байланысты жүргізілетін материалдарды дұрыс тандай біліп, оны дұрыс бере білу қажет. Көздеген нәтижеге жету үшін сабақ жоспарлағанда оқушылардың жас ерекшеліктерін және уақытты дұрыс пайдалану қажет.

Бүгінгі мақалада тіл дамыту жұмысына байланысты жоғарыда айтылған жұмыс түрлеріне қоса, өз тәжірибемде сабақ барысында сонымен қатар, көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту, диалог, ойын түрлерін пайдалану арқылы жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталамын.

Сабақты бастамас бұрын баланы  және оның көңіл-күйін осы сабаққа аударудан бастаймын. Ол әдістің бірі – диалог. Диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесіп арадағы үнсіздікті жоямын, оқушының тілін қазақша сөйлеуге жаттықтырамын. Диалог арқылы әр сабақта оқушымен сөйлескенде сұрақтар қоя отырып, бүкіл топты жұмылдырып, олардың зейінін өзіме аударамын. Кейін үй тапсырмасын сұрастыра келіп, өтілетін жаңа тақырыппен байланыстыра қысқаша әңгіме өрбітуге болады. Бұл әдіс оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасында күнделікті сабақ барысында жүргізілетіндіктен өзіндік нәтижесін беретіні анық.

Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың тағы бір түрі – сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі болады. Екінші бір тілді меңгеру – сөз үйренуден басталады. Тіл үйрету дегеніміз – кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағынасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал оқушының жаңа сөздерді саналы түрде есте сақтау үшін, сабақта түрлі көрнекіліктер, кесте сөздердің орыс тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады. Жалпы оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді жаңа сабақпен байланыстыра сол сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құрғаттыру аса маңызды. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілуі тиіс.

1. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп есте сақтаумен бірге дұрыс айтып үйренудің мәні зор.

2. Заттың өзін көрсетті арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп есте сақтау мүмкіндігі артады.

3. Жаңа сөзді аудару арқылы меңгерту. Жаңа сөздерді оқушылардың ана тіліне аудару сөздің дәл мағынасын ашатын бірден-бір тәсіл деуге болады.

Осындай сөздік жұмыстары арқылы тіл дамытуда мұғалім оқушыға жаңа сөздердің мағынасын меңгертіп, дұрыс айтуын қалыптастырумен бірге жаңа сөздерді оқушының қазақша сөйлеуіндегі белсенді сөзге айналдыруды көздейді. Әсіресе, жаңа жоғарыда айтылып өткендей жаңа сөздерді үйретіп есте сақтауда көрнекіліктердің маңызы ерекше. Көрнекілік құралдарға суреттер, альбомдар, техникалық құралдар т.б. әр түрлі заттар жатады. Соның ішінде сурет бойынша жүргізілетін жұмыстың алатын орны ерекше. Оқушы суретті көріп қана қоймай, оның аты қазақ тілінде қалай жазылып, қалай аталады, соған көзін үйретіп тілін жаттықтырады. Көргені, байқағаны бойынша өз жанына сөз қосады. Сол арқылы оның логикалық ойы дамиды, тілі жетіледі.

Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады. Ойын оқушының сабаққа қызығушылығын арттырса, екінші жағынан тапқырлыққа баулып, ойлау қабілетін дамытады. Әсіресе, рөлдік ойындар оқушылардың тілін дамытып, алған білімін күнделікті өмірде қарым - қатынас жасау барысында қолдана білуге машықтандырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2023
214
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі