Материалдар / мақала
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Авторы:
20 Қырқүйек 2023
149
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ДЕРЕККӨЗДЕРДІ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ СЕБЕП-САЛДАРЫН АНЫҚТАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ»


М.Ж.Салыкова

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі,

география бакалавры,

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Көкшетау қаласы,

alpysbayeva_m@kt.nis.edu.kz


Аңдатпа: мақалада география пәні сабақтарында оқушылардың түрлі дереккөздерді қолдана отыра, географиялық құбылыстардың себеп-салдарын анықтау дағдыларын дамыту мақсатында қолданылатын әдістердің тиімділігі туралы жазылған. Тәжірибеде қолданылатын кейбір әдістердің үлгілері мысал ретінде келтірілген. Сонымен қатар оқушылардың түрлі дереккөздермен жұмыс істеу дағдысы мен қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған тапсырмаларды құру үлгілері келтірілген.

Кілт сөздер: себеп-салдар анықтау дағдысы, географиялық құбылыстар, зерттеушілік дағдылар, дереккөздер, тапсырмалар, мәтіндер, қабілет.


Француз философы, француз тілі әмбебап сөздігінің авторы П. Буаст «Адам тек қана ойлау арқылы ғана адам болады» («человек бывает человеком только благодаря размышлению») деп айтқандай, шынымен адамды адам қылатын оның ойлау қабілеті. Сондықтан да қазіргі таңда әрбір заманауи мұғалімнің алдында тұрған негізгі мақсат бұл оқушыларды жай ғана ойлауға емес, тиімді, сыни ойлауға үйрету болып келеді. Бұл адам бойындағы өте маңызды қасиет болып келеді, себебі ойлау арқылы күрделі сұрақтардың жауаптары табылады, жаңалықтар ашылады, өнертабыстар пайда болып, зерттеулер жүргізіледі.

Ақыл-ойдың басқа да қасиеттері сияқты, ойлауды да дамытуға болады. Дамуға оқушылардың себеп-салдарды анықтау және түсіндіру дағдысы ықпал етеді. Бұл әрекет балалардан ақыл-ой күш-жігерін, логикалық операцияларды (талдау, синтез, жалпылау) қолдануды, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей алуды талап етеді. [1]

Себеп-салдарды анықтау және зерттеу дағдысы қоршаған әлемді танып жатқан адамға қажетті дағдылардың бірі. Бұл дағды балалардың психикалық белсенділігін ынталандырып, оқу процесін белсендендіреді. Сонымен қатар, заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы байланыстарды анықтау жаратылыстану ұғымдарының қалыптасуы мен дамуы үшін қажет.

СЕБЕП-САЛДАР БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ



Жалпы себеп-салдар байланысының төмендегідей түрлері болады:




ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС

ЖАНАМА БАЙЛАНЫС

ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ








АЙМАҚТЫҚ

АЗОНАЛДЫҚ

АНТРОПОГЕНДІК






Тікелей байланыс (себеп - салдар)

Карта арқылы белгілі бір аумақтың табиғи жағдайын анықтау үшін алдымен оның географиялық жағдайын қарастырамыз, содан кейін климатының ерекшеліктері, ішкі сулары, табиғи белдеулері туралы қорытынды жасаймыз. «Бұлттар неге құламайды?», «Неліктен желкенді кемелер күн шыққанға дейін жолға (саяхатқа) шығып, түстен кейін қайтқан?» сияқты кез-келген проблемалық сұрақ мысал бола алады. Сонымен қатар «Австралия материгінің жартысынан көбін шөл және саванна зоналары алып жатқанына қарамастан, бүкіл әлем географтары бұл континенттті планетаның жасыл материгі деп атайды. Неліктен?» сияқты парадокс сұрақтарды да мысал ретінде келтіруге болады.

Жанама байланыстар (себеп-құбылыс-салдар).

Мысалы: электр энергиясын тұтынудың артуы - жылу электр станциясының қуаттылығының артуы – жағылатын көмірдің мөлшері мен өндірілуінің артуы - күкірт диоксиді мен көмірқышқыл газының артуы - қышқыл жаңбыр – топырақ қышқылдылығының артуы - ағаштардың өлуі.

Сонымен қатар физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық себеп-салдарлық байланыстар бар, олар аймақтық, азоналдық, антропогендік болып бөлінеді.

«Климат», «Ендік аудандастыру», «Ауыл шаруашылығы» тақырыптарын оқу кезінде зоналық себеп-салдар байланыстары қарастырылады.

Азоналдық қатынастардың мысалы ретінде литосферада болып жатқан процестерді келтіруге болады: рельеф формаларының орналасуының жер қыртысының құрылымына тәуелділігі, жердің сейсмикалық аймақтарының орналасу заңдылықтары.

Экономикалық ғылымдармен тоғысқанда антропогендік себеп-салдар байланыстары туындайды: адамның табиғат жағдайларына әсері, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту.

Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін және себеп-салдарды анықтау дағдысын арттыру үшін сабақтарда қандай әдістер мен тәсілдерді қолдану керек?" деген сұраққа жауап бере отыра, оқушы бойында себеп-салдар байланысын орнату дағдысын қалыптастыру үшін жеке тәжірибемде қолданылатын әдістермен бөліскім келеді.

«Географиялық мәселені шешу» әдісі

Мақсаты: ақыл-ой қызметін ынталандыру, логикалық ойлауды, танымдық дербестікті дамыту.

Жұмыстың сипаттамасы: оқушыларға белгілі бір ойлау әрекеттерін қолдана отыра, проблемалық сұрақты немесе мәселені шешу, таңдалған шешімді түсіндіру, дәлелдеу ұсынылады

Үлгі: Дүниежүзілік мұхит суларында тұздылықтың ең жоғары концентрациясы Қызыл және Өлі теңіздерде байқалады (тиісінше – бір килограмм суда 41 және 260 г). Осы теңіздердің физикалық-географиялық және табиғи-климаттық жағдайларын талдаңыз, дүниежүзілік мұхиттың басқа су айдындарының жағдайлармен салыстырыңыз. Осы сулардың тұздылығының жоғары болуының себептерін анықтаңыз және түсіндіріңіз.

«Себеп - салдар» әдісі

Мақсаты: оқушылардың себеп-салдарды анықтау, түсіндіру қабілетін дамыту.

Жұмыстың сипаттамасы: мұғалім екі бағанға жазылған сөздердің сәйкестігін табуды (біреуі себебін, екіншісі салдарын көрсетеді) және орнатылған байланысты түсіндіруді (жеке, жұпта, топта) ұсынады.

Мысалы, табиғат құбылыстарының себеп-салдар байланысының кестесін құру.

Табиғи процесс

Себебі

Салдары

Таудың бұзылуы

Үгілу

Жазық территориялардың пайда болуы

Осындай кесте көмегімен оқушылар берілген табиғи процесстің себептерін анықтап, салдарын атай алады. Мұғалім бұл жерде тек бағыттаушы рөлін ғана атқарады, яғни оқушыларға тек табиғи процесстің атауын ғана айтады, себеп-салдарды оқушылар өздері анықтайтын болады. Немесе, мұғалім табиғи процестің салдарын айтып, оқушылар себебін анықтап, тапсырманы түрлендіруге болады.

Тәжірибемде көп қолданылатын келесі бір әдіс түрі – фишбоун әдісі [2]

«Fishbon» ағылшын тілінен аудармасы «балық сүйегі» деген мағынаны білдіреді. Бұл әдіс - көрнекі және мазмұнды түрде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға бағытталған.

Ақпаратты графикалық құрылымдау мұғалімге төмендегідей мүмкіндіктер береді:

  • мектеп оқушыларына белгілі бір тақырып бойынша оқу материалын көрнекі түрде ұсыну;

  • негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы логикалық байланыстарды бөліп көрсету арқылы есте сақтауға қажетті ақпарат көлемін азайту.

Методикалық әдіс мазмұны:

  • талдау объектісі мен оған әсер ететін факторлар арасындағы себепті байланыстарды орнату;

  • саналы таңдау жасау;

  • ақпараттық дағдыларды дамыту;

  • проблемаларды қою және шешу қабілеті.

Фишбоун сызбасы төмендегідей мүмкіндіктер береді:

  • оқушылардың жұптық немесе топтық жұмысын ұйымдастыру;

  • сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;

  • себеп-салдар арасындағы байланыс;

Сызба 4 блоктан тұрады:

Байланыстырушы буын – балықтың негізгі сүйегі немесе жотасы.

Бас – талдайтын, салыстыратын, талқылайтын мәселе немесе сұрақ.

Жоғарғы сүйектер - олар тақырыптың негізгі түсініктері, мәселенің себептері

Төменгі сүйектер - тұжырымдалған себептердің немесе диаграммада көрсетілген ұғымдардың мәнін растайтын фактілер.

Құйрық – қорытынды, жалпылау. Барлық жазбалар қысқа, нақты болуы керек.

9 сыныпта «Су ресурстарының ластану көздері» тақырыбын өткен кезде оқушыларға дереккөз ретінде мәтін таратуға болады. Мәтін арқылы оқушылар су ресурстарының мәселесін POERTY ANALYSIS органайзері арқылы талдайды.

Тапсырма мақсаты: оқушылар мәтін арқылы судың әр түрлі ластану түрлерімен танысып, POERTY ANALYSIS органайзерін қолданып, талдайды (мысалдар келтіреді, салдарын және шешу жолдарын ұсынады)

1-топ: жергілікті ағынды сулар

2-топ: өнеркәсіптік сулар

3-топ: ауылшаруашылық көздерінің суларын

4-топ: құрылыс алаңынан алынған сулар

5-топ: қаладағы нөсер жаңбырдың суларын зерттейді.

Ластану түрлері


Мысалдар Мысалдар









Салдары
















Шешу жолдары



Мысалы, 9 сынып география пәні бойынша «Адамзаттың тіршілігі мен шаруашылығына климаттың әсері» тақырыбында анықталған көрсеткіштердің адам тіршілігі үшін қолайлылығын, қолайсыздығын, шаруашылыққа әсерін түсіндіруді сұрауға немесе аймақтардың адам тіршілігі үшін жағымды, жағымсыз жақтарын, шаруашылық үшін мүмкіндіктері мен қауіп- қатерін анықтауға SWOT талдау жасауға болады.

Бұл әдісті жоғары сынып оқушылары үшін пайдаланса, өте тиімді. Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа кестенің белгілі бір бөлігін толтырады.

S



W



O



T



Танымдық іс-әрекет маңызды рөл атқаратын география пәні үшін мәтін, карта, диаграмма, график сияқты түрлі дереккөздермен оқушылардың жұмыс істей алу қабілеті пәнді игерудің негізгі шарты болып табылады. Себебі географиялық ақпараттың көп бөлігі түрлі өмірлік жағдайлармен, әлемде болып жатқан оқиғалармен байланысты. Бұл ақпараттарды ғаламтор, бұқаралық ақпарат құралдары, статистикалық мәлімет, карта сияқты түрлі дереккөздерден алады.

Себеп-салдарды анықтау кезінде де дереккөздерге де мән беру керек. Жеке тәжірибемде географиялық атлас, карта, ғаламтордан іздеу жүйесі, оқулық, газет, журнал мақалалары, анықтамалар, энциклопедиялар сияқты дереккөздердің түрлерін қолданамын.

Мысалы, 9 сыныпта «Литосфералық катаклизмдерді жіктеу» тақырыбын өткен кезде, оқушыларға дереккөз ретінде төмендегідей цунамидің пайда болуы туралы суретті беруге болады. Оқушылар суретті, мәтінді дереккөз ретінде қодана отырып, төмендегі тапсырмаларды орындайды.


1 – тапсырма. Суреттегі ақпаратты қолдана отырып, цунамидің пайда болуын түсіндір.

2 – тапсырма. Цунами салдарынан туындайтын проблемаларды анықта.

3 – тапсырма. Цунами жиі болатын аймақ тұрғындарын құтқарудың бірнеше жолын ұсын.

География пәнінің ерекшелігіне сәйкес дереккөз ретінде көбінде карталарды қолданамын. Мысалы, «Литосфералық катаклизмдерді аудандастыру» тақырыбында оқушылар төмендегі картаны қолдана отырып, цунами қаупі жоғары, орташа, төмен аумақтарға мысал келтіріп, мәтіндерді қолдана отырып, оның себебін түсіндіріп, салдарына мысалдар келтіреді.

Дереккөздердің кең таралған түрлерінің бірі - мәтін. Оқушылардың мәтін туралы жалпы түсінігін қалыптастыру үшін бір, екі немесе бірнеше мәтін және оған төмендегідей тапсырмалар беруге болады.

  • Мәтіннің/абзацтың негізгі идеясын атаңыз;

  • Мәтінді/абзацты қалай атауға болады

  • Мәтіннен нысан/құбылыс туралы негізгі және қосымша ақпаратты таңдаңыз немесе негізгі ақпаратты бір бағанға, ал қосымша ақпаратты екінші бағанға жазу арқылы кесте толтырыңыз

  • Екі мәтінді салыстырып нысан/құбылыс туралы бірдей ақпаратты табыңыз және кесте толтырыңыз

Себеп салдарды анықтау дағдысы жоғары деңгей тапсрымаларын орындауға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, логикалық қорытынды жасауға мүмкіндік береді және жалпы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін арттырады. Түрлі дереккөздерді қолдану арқылы бұл дағдыны одан әрі дамыта аламыз.






Қолданылған әдебиеттер:

  1. Білім беру әлеуметтік желісі

https://nsportal.ru/shkola/geografiya/library/2014/08/19/prichinno-sledstvennye-svyazi-v-shkolnom-kurse-geografii

  1. https://infourok.ru/metodika-fishboun-na-urokah-geografii-4531560.html

  2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme, Нұр – Сұлтан 2020 жыл

  3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ – NIS-Programme білім беру бағдарламасы бойынша әзірленген оқулық, 2019 жыл

  4. «География сабақтарындағы себеп-салдар байланысы» тақырыбындағы мақала білім беру әлеуметтік желісі https://nsportal.ru/

  5. Логвинова И.А., Рождественская Л.В. Формирование навыков функционального чтения, Книга для учителя, 2012


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!