Түйелер
Түйелер (лат. Camelus)
– сірітабандылар отряд
тармағының түйетәрізділер тұқымдасына
жататын сүтқоректі ірі жануарлардың
бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да
төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі
бар: қос өркешті
түйе (Бактрия түйесі) —
негізгі өсірілетін
жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита
облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның
Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын
негізгі үш тұқымы
өсіріледі; бір өркешті
түйе (дромедар),
— Түрікменстанда,
көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік
аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп
өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына
қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті
мол, жүні биязы болады.[1]
Түйе санағы,
2003
Түйе ежелден шөлді-тұзды
аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы
бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын
бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста
1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат
жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май
жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі
қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің
тағы бір биол. ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы
азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні
қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа
төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен
суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету
керек.
Қос
өркешті қазақ Түйелері дене
бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық
типке бөлінеді:
оралбөкей, Қызылорда және
оңтүстік Қазақстан Түйелері. Орал-бөкей типінің басқаларынан
тірілей салмағы мен жүн
өнімділігі 5 –
10%-ға жоғары болғандықтан,
асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып
келеді. Дара және қос өркешті Түйелерді бір-бірімен будандастырудан
алынған будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған
ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі бойынша
таза тұқымды Түйеден айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей салмағы
бойынша артықшылығы 20 –
25%-ға дейін жетеді. Будандардың
үлектерін нар, інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен
өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Маялар
әдетте қос өркешті үлектермен шағылыстырылып, аталық тұқымға ұқсас
ұрпақ алынады. Түраралық будандастыру тек таза қанды дара және қос
өркешті Түйелер пайдаланылғанда ғана жақсы нәтиже беретіндігі,
будандардың асыл тұқымды мал ретінде маңыздылығы жоқ екендігі
ескерілуі қажет.[2]
Түйенің сүті, еті, жүні
пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр,
дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал
жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы
түбіт.
Түйе
атаулары
Ерекшеліктері
Түйе.
Түйелер мен таутайлақтардың
башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында
башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ
өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен
қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды.
Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз
тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық
құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай
төгіп жата береді.
Түйенің дене тұрқы ірі. Оның
салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын
шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді
аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл
дала кемесі» деп атайды.
Қолда өсірілетін түйелердің
арғы тегі - жабайы жүйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға
үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері
- Орта
Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға
үйретілген жері - Африка өңірі.
Қазіргі кезде сыңар өркешті
жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе
Монғолияның Гоби
шөлінде ғана сақталған. Түйені -
төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің
пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл- қазы» деп
атайды.
Халық өміріндегі түйенің
рөлі
Ертеде түйелі көш «сахараның
салтанатты» деп аталған.
Ежелгі Қытайдан Жерорта
теңізіне дейінгі керуен жолының
тарихы түйе түлігімен тікелей байланысты. Төрт түліктің бойында
болатын жақсы қасиеттердің бәрі түйе малының бойынан табылады. Ауыз
әдебиетінің көптеген үлгілерінде түйеге қатысты теңеу сөздер,
даналық нақылдар, мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Бұл
ой-тұжырымдар түйенің тіршілік ерекшеліктерін айқын аңғартады.
«Түйесі бардың - киесі бар», «Көтерем деп түйедей безбе -
салтанатың емес пе? Тебеген деп биеден безбе - қос қанатың емес
пе?». Түйе түлігін қастерлен «ұлық» деп те атайды. Түйешіні «ұлық
баққан» деп құрметтеп, оған көпшілік жиналған жерде төрдей орын
берген. Кейбір аймақтарда түйені «кәуіс» деп атайды. Түйе түлігіне
арналған аңыздар бойынша шығарылған күйлер де ел арасына кеңінен
таралған. Сүгірдің «Бозінгені», Ықыластың «Желмаясы», Тәттімбеттің
«Бозінгені» және т. б.
Түйені алғаш жүк тасымалдау
мақсатында көш көлігі ретінде үйреткен. Ерте замандардағы ел мен
елдің арасындағы сауда-саттық түйелі көш керуендері арқылы
жүргізілген. Тарихи деректерде Самарқан саудагерлерінің сапарға
Жібек жолы арқылы 30 мың түйемен шыққандығы
жазылған.
Ертеде қазақ даласында түйесі
көп адамдар аз болмаған. Ертеректе Ақтөбе өңіріндегі Сортаңды,
Шақытты жерлерін жайлаған Қара деген кісінің 3 мың түйесі
болған.
Түйе
қолтұқымдары
Айыр өркешті
түйе
Қазақстанда қолға үйретілген
айыр өркешті түйенің қолтұқымы көбірек кездеседі. Оны кейбір
аймақтарда «айыр түйе», Арал мен Каспий аралығының
тұрғындары «түс түйе» деп атайды. Айыр өркешті түйенің жабайы түрі
«қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген»,
еркегін - «бура» дейді. Айыр өркешті түйе ғылыми тілде «бактриан»
деп аталады. Оның денесі ірі, салмағы 450-690 килоға дейін жетелі.
Қазіргі кезде айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы
бар. Олар - қалмақ, қазақ және монгол қолтұқымдары. Қазақстанда көп
өсірілетіні қазақтың айыр өркешті түйесі. Ол құрғақ далалы,
шөл-шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген.
Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімді
келеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс
Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс
Қазақстанның кейбір аудандарында
өсіріледі.
Сыңар өркешті
түйе
Сыңар өркешті
түйе.
Сыңар өркешті түйені ғылыми
тілде «дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын
қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты -
«нар». Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар
өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта
Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар бойы халықтық сұрыптау әдісімен
өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті,
қымыраны және шудасы үшін өсіру пайдалы. Мамандардың пікірі
бойынша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне
тең.
Түйе
өнімдері
Сүті
Түйе сүтінің майлылығы сиыр
сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті
нәруыз, витаминдер мол. Түйе сүттен шұбат дайындалады (қымыран деп
те аталады). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа,
қанды толықтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да
анықталған.
Шудасы
Түйенің шудасы да қымбат
бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация
сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма
бұйымдар жасалады.
Түйе түлігі күй таңдамайды,
басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді.
Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су
ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды
пайдаланады.
Қазақстандағы қазіргі кездегі
түйе шаруашылығы
Қазір Қазақстанда түйе
шаруашылығын дамытуға көптеген игі шаралар қолға алынуда. Алматы
облысы Еңбекшіқазақ
ауданындағы «Агромеркур» шаруа
қожалығында 3 мыңдай түйе өсіріледі. Шаруашылықтағы мыңдай інген
сауылып, өнімдері халық қажетін өтеуде. Түйе шаруашылығы - мал
шаруашылығының өнімді мол беретін саласы. Қазір кейбір шет елдерде
түйе шаруашылығын өркендетуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанда
түйе шаруашылығын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген ғалым
- Асылбек
Баймұқанұлы. Түйенің ұрғашылары 3-4
жаста, буралары 5-6 жаста жыныстық жағынан толық жетіледі. Сыңар
өркешті түйенің буаздық мерзімі - 1З, айыр өркешті түйенің буаздық
мерзімі 14 айға созылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды. Ботасы
нәзік, ерекше күтімді қажет етеді, күніне 6-7 рет емеді. Бота
анасын 18 айдай еміп жетіледі. Түйе 30-35 жыл
жасайды.[4]
Саржанова Акерке
Кыргызбаевна
Жамбыл облысы Талас ауданы
Қызылауіт ауылы
Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы
орта мектеп
Бастауыш сынып
мұғалімі