Материалдар / Мақала : "Балалардың сөйлеу тілін үй жағдайында дамыту жолдары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала : "Балалардың сөйлеу тілін үй жағдайында дамыту жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала логопед мамандарына арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
1582
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалардың сөйлеу тілін үй жағдайында дамыту жолдары

Логопед:Қабылғани Шолпан

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ


Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екенін көптеген авторлар дәлелдеген. Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты. Сөйлеу тілінің дамуы мидің орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады. Сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс-әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншілігін шектейді. Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оның ұжымдағы құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы қиындайды. Баланың сөйлеуі айналадағы адамдардың сөзіне еліктеу арқылы дамиды. Осыған байланысты, бала қоршаған ортада грамматикалық түрде дұрыс құрылған сөйлемді естігені дұрыс.Баланың сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым баланың ойын толық, дәл, анық жеткізуге мүмкіндігі мол.Оқу кезінде балаға сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін түсіндіріңіз. Оқуға арналған әдебиеттерді таңдағанда, балаңыздың жасын және оның қабылдау жағдайын ескеріңіз. Баланың дұрыс айтпаған сөзіне еліктемеңіз, балаңызбен ням-ням (тамақтану), мяу(мысық) және тағы басқада осы сияқты алмастырылған сөздермен сөйлеспеңіз, дұрыс, анық сөздермен сөйлесіңіз. Әйтпесе, сіз баланың дұрыс сөйлеуін тежеп, дұрыс емес сөздер қалыптастырасыз. Балаңыздың былдырлап сөйлей бастағанына және алғашқы сөздерді айта бастауына назар аударыңыз. Балаларға дұрыс сөйлеу дағдыларын үйретіп, балаға жылдам сөйлеуге жол бермеңіз. Асықпай, анық, дұрыс сөйлеуін қадағалаңыз.Оқыған кітаптағы сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін түсіндіріңіз

Балалардың сөйлеу тілін дамытуда фонематикалық қабылдауын, буындық құылымын, сөздік қорын молайту және байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың маңызы зор ,ол үшін келесі ойын,тапсырмаларын үй жағдайында орындатуға болады. Фонематикалық қабылдауын,буындық құрылымын дамытуға арналған жаттығулар: «Еста сақта, қайтала» ойыны
Нұсқау: буындар тізбегін ересек адам айтады, бала соңынан буындарды қайталап айтып береді.

ба – па – ба па – ба – па

қа – ға – қа ға – қа – ға

за – са – за са – за – са

ша – жа – ша жа – ша – жа

та – тә – та тә – та – тә

са –ша – са ша – са – ша

са – ца – са ца – са – ца



«Алақанмен шапалақта» ойыны. Нұсқау: ересек адам жеке дыбысты, буынды және сөзді қатарымен айтады, егер бала Ш дыбысын естісе шапалақтайды!

Ш Ж, З, К, Ш, З, Ц, С, Ш

За, Ба, Шо, Ұз, Ыш, Лу, Шы, Ка, Аш,

Күз, шар, жыл, мұз, бор, шат, жыр, қаш, қаз

«Алақанмен шапалақта» ойыны. Нұсқау: ересек адам жеке дыбысты, буынды және сөзді қатарымен айтады, егер бала С дыбысын естісе шапалақтайды!

А, С, Ж, З, К, С, З, Ц, С, О

Ас, Ба, Шо, Ұс, Ыз, Лу, Ыс, Ка, Ас, Ыс

Бас, қол, жыл, мұз, бос, зат, жыр, қас, қаз мыс


Дыбыстың орнын тап» ойыны.
Нұсқау: ересек адам балаға сөздер айтады, егер «ш» дыбысына сөздерді сөдің басында естісе қолын көтереді.Қарындаш, өшіргіш, шана, ағаш, шаңсорғыш, өрмекші, шапан, шағала.

«Дыбыстың орнын тап» ойыны.
Нұсқау: ересек адам балаға сөздер айтады , егер «С» дыбысына сөздерді сөдің басында естісе қолын көтереді. Жүзік, сан, жұлдыз, сағыз, жолбарыс, сағыз, сары, сыпырғыш.

Буын ұйқас


-Рет,- рет, -рет... -яу,-яу,-яу... - ғаз, - ғаз, -ғаз...

Мен саламын сурет. Маған керек бояу. Берші маған қағаз.

-Дар, - дар, -дар -тер,- тер, -тер

Көремін мен теледидар. Сатып алдым компьютер.

Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамытуға арналған жаттығулар.

«Ұқсас сөздер» ойыны
Нұсқау: ересек адам сөздер айтады, сол сөзге байланысты ұқсас сөздерді атауы керек. Мысалы:тәтті сөз – кәмпит,тоқаш.
Жылдам сөздер – (ракета, ұшақ, жолбарыс, бүркіт).
Тәтті сөздер- (кәмпит, торт, бәліш, қант).
Көңілді сөздер- (мереке, сайқымазақ, сыйлық, музыка).
«Шатасқан сөздер» ойыны
Нұсқау: мені мұқият тыңда , мен сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып айтамын, ал сен маған дұрыс сөйлем құрап қайта айтып бер».Балаға ұсынылатын сөйлемдер:

«Мен келдім театрға»
«Мен тептім велосипед»
«Бардым жайлауға мен»
«Қарадым мен сабақ»
«Ертегі оқыдым бүгін мен»
«Ойнап аулада футбол балалалар жүр».


Үй хайуанаттары.

Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді.Сол үшін үй хайуандары деп аталады. Үй хайуандары адамға көп пайда келтіреді.Жылқыға мінеді, оны арба мен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Түйеге жүк артады, жабағысы күпіге жақсы болады, сатса, жүні пұл болады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды.Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді.Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден сақтау үшін бақташы қояды.

М.Дулатов

1.Адамның үйінің маңайында қандай хайуанаттар тіршілік етеді?

2.Не үшін осы оларды үй хайуандары деп атайды?

3.Жылқының қандай пайда келтіреді?

4. Түйенің қандай пайда келтіреді?

5 .Сиыр қандай пайда келтіреді?

6 Ит қандай пайда келтіреді?

7. Адам оларды қалай асырайды?

8.Үй хайуанаттарын адам бөріден қалай сақтайды?


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Логопедия: оқулық/ Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С .Оразаева, Г. Н. Төлебиева, Г. Б. Ибатова-Алматы: «Дәуір»,2011.

  2. Өмірбекова Қ.Қ. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (IV деңгей) балалармен логопедиялық жұмыс ұйымдастыру. – Алматы: 2015.– 72 бет

  3. Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын! Кітап/ Р.Б.Нұртазина, А.Д. Сейсенова.- Алматы: «Арман-ПВ», 2006.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!