Материалдар / Мақала " Бастауыш сыныптарда дағдыларды дамытушы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала " Бастауыш сыныптарда дағдыларды дамытушы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар үшін керек. Тәжірибе алмасуға көмегі болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚО Сарыағаш ауданы № 64 А.Байтұрсынов жом. Саулебекова Рано


Бастауыш сыныптарда жаңаша әдістерді тиімді қолдану


Бүгінгі таңда оқыту бағдарламасы заман талабына сай өз бағытымен жаңаша әдістерді қолдануды талап етеді. 2015-жылдың екінші жартысында Қазақстан Кембридж бағдарламасы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалында біліктілікті артыру курсынан өткеннен кейін өз тәжірибемде жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдануды жөн көрдім.

Білім мазмұнын жаңарту, білім беруші ұстазға тікелей байланысты. Осы орайда ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім мектептің жүрегі» деген сөзі жүрекке оралады. Жаңаша әдіс- тәсілдерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Педагогтардың білім дәрежесінің өсуі, көзқарастарының қалыптасуы зерттеушілік жұмыспен айналысуына мүмкіндік туғызады.

Уильям Артур Уордтың айтуынша «Орташа мұғалім баяндайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, тәжірибелі мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Осы қанатты ойды еске ала отырып, мұғалім қабілетіне ерекше мән беруге тура келеді. Мұғалім келбеті –оқу мен тәрбие үрдісінің жетекші күші. Себебі әр мұғалім педагогикалық жақсылықтың үлгісі болу керек, сонда ғана жоғары интеллектуалды балалармен жұмыс істей алатын мұғалім болып жақсы оқушы тәрбиелей алады.

Ю.К.Бабенскийдің көзқарасы бойынша оқытудың тиімділігі тәрбиеленушінің оқытылуы, білім мазмұны, мұғалімнің педагогтық шеберлігі- осылардың өзара байланысынан келіп туындайды.

Л.В.Занков, И.И.Давыдов, Д.Е.Элькониннің көзқарастары бойынша да баланы тәрбиелеу мен дамыту оқытудың әдіс-тәсілі, жабдықталуы жағдайына ғана емес, мұғалімнің жеке басына:

-білімі, біліктілігі,сөйлеу мәдениеті, тәжірибесі, іске қарым-қатынасына да байланысты. .Мұғалімнің әр сабақты қызықты етіп құруы, оқушыларға қойылатын талабы күннен-күнге арта түсіп, сабақтың әр кезеңінде талапқа, сай жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануы тиіс.

Мысалы, оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал жасау және көшбасшылық ету, мақсатын қоя білу, оқушылар тақырыпты өздері ашу, білімді өз белсенділігімен игеру, өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау. Нәтижесінде интеллектуалды дамыған, қиалы ұшқыр, жылдам пікірлесе алатын оқушы қалыптасады.

Ынтасы, қызығушылығы артады

Тапқыр, бір тапсырманың бірнеше түрлі жолдарын таба алуы

Зейінділігі мен зеректілігі қалыптасады

Түрлі жағдайлардағы қарама-қарсылықты тауып, оларды шеше алады

Тіл байлығы, сөздік қоры молаяды.

Ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеттері дамиды.

Тапсырмаларды үнемі жүргізу оқушы бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу –оқушының жан-жақты дамуына жете мән беру болып табылады.

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. «Білім негізі –бастауышта қаланады» десек, ұрпақ трбиесі алдында бастауыш сынып мұғалімдеріне зор жауапкершілік жүктейді..

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мұғалім инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру керек. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім (Stong, Ward & Grant,2011.)

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. ( Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 36-бет)

Тізбектелген сабақтар топтамасында диалогтік оқытуды кіріктірудегі мақсатым: Оқушыларды өзара пікір алмасуға, өз пікірін толық айтуға, өз ойын еркін жеткізуге, тапсырмаларды орындауда зерттеушілік әңгіме жүргізуге, сын тұрғысынын ойлауға бір-бірімен қарым-қатынас жасауға қалыптастыру. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді басшылыққа ала отырып балалардың өздігінен жұмыс жасауын қалыптастыруда ең алдымен «Күздің кереметі» тақырыбын өттім. Сабақтың барысында оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбер құрып, «Ыстық алақан» ойынын ойнатып бір-біріне жақсы тілектерін айтқыздым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудағы мақсатым адамгершілікке мейірімділікке тәрбиелеу. Мен балаларды сырттай бақылаған кезімде олардың көңіл-күйлері көтеріңкі екенін байқадым. Қашанда оқушының көңіл-күйі көтеріңкі болса, сабақтың белсенділігіде соншалықты арта түседі. Жеміс-ждектер кеспесі арқылы балаларды төрт топқа біріктіріп алдым.Топқа біріктіру кезеңі балалардың қызығушылығын арттырып,сонымен бірге өздерін еркін сезініп сабаққа деген құлшыныстары одан да арта түсті.

Үй тапсырмасын сұрауда «динамикалық шеңбер» әдісін пайдаландым. Мұндағы мақсатым сұрақ-жауап арқылы баланың ой-өрісін дамыту болды.

Бұл әдіс балаларға ерекше ұнады. Қызығушылығы жоғары болды. Сыртқы шеңбер ішкі шеңберге, ішкі шеңбер сыртқы шеңберге сұрақ қою арқылы жұптық жұмыс жүргізіліп нәтижесінде диалог орнайды. Жұптық жұмыстың тиімділігі

уақыт үнемделеді, әрі балалар үшін қызықты болды. Бұл әдістің тиімділігі барлық оқушы түгел қатысады және үй тапсырмасы туралы мағлұматтарды өзіне қабылдап алады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін балалар А4 парағына жасырылған сөзді шешіп, сабақтың тақырыбын ашып алды. Мұндағы мақсатым балалардың сын тұрғысынан ойлауын арттыру болды. Жасырылған сөзді шешуде қиындықтар кездесіп отырды. Топқа біріктіру барысында үлгерімі төмен оқушылар бір топқа түсуіне байланысты жасырылған сөзді шешуде берілген уақыт ішінде орындай алмады. Осындай қиындықтарды жеңу мақсатында ендігі сабағымда топқа бөлуде тиімді тәсіл түрін ұйымдастыруды жоспарлдым. Мұнда алдыңғы сабақтарымда үндемей отыратын оқушылар да жасырылған сөздің жауабын шешіп, өз білімдерін көрсетуге асықты. Сабағымның осы тұстары сәтті болғанын байқадым. Бұл мен үшін жетістік деп айтуыма болады. Жаңа тақырыпқа қысқаша мағлұмат беріп, оқушыларға шағын эссе жаздырдым. Мақсатым тіл байлығын арттыру болды. Оқушылар арасында эссе жазуда мағыналы, әсерлі және критерийлерге сүйене отырып жазған. Мен критерийлерді ауызша түрін қолдандым. Соның нәтижеснде эссе жазу сәтті шыққан. Бұл тұста кедергілерде орын алды. М. Оқушы мен Г. Оқушы тіл байлығының төмендігіне байланысты эссе жазу барысында қиындықтар болғандықтан сыныптастарынан және мұғалімнен үнемі көмек сұрап отырды.

Әдетте топта мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше оқушы болады. Кейбір өтініштер бос сөз, әрі ол оқушының мұғалімге аса тәуелді екенін көрсетеді:метатануды игермеген оқушылар қиындық кездескен кезде үнемі басқа адамнан көмек сұрайды. (Мұғалімдерге арнлған нұсқаулық 34-бет)

Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Жемістер салаты» сергіту сәтін

жасадық. Балаларға ойын ерекше ұнады. Бір сәт сырттай бақылағанымда оқушы- лардың жүздерінде көңілдерінің көтеріңкі екенін байқадым. Дегенмен кедергілерде кездесіп отырды. Балалар орындықтарға таласып, бірін-бірі тыңдамай, сынып шулы болды. Кедергілердің жою жолдарын қарастыру мақсатында келесі сабағымда «Үй,тышқан, жер сілкінісі» сергіту сәтін жасауды жоспарлап алдым. Сонымен қатар «Автор орындығы» арқылы жұмыс жасап, оқушы сұрағын кімге бағыттағанын айтып отырды. Осы тұста балалардың білімдерін тиянақтау үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу,дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу мақсатында түрткі сұрақтарын қойып, сынақтан өткізу үшін толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, мысалы «Сіз осы тақырыпқа мысал келтіре аласызба?» сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырамын. «Көмектесе алатындар бар ма?» деген қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы балаларды пысақтап отырдым. Жаңа тақырып бойынша балаларға постер құру тапсырылды. Балалар еңбектеніп ,жұмыстарын жандандырып қорғап берді. Қорғау барысында Е. оқушы,Т. оқушы, А. оқушы және Ш.оқушы топпен бірігіп жасаған жұмыстарын қорғап шықты. Сәтті болған тұстары балалар өз жұмыстарын тақырыпқа сай етіп алған және тақырыптан ауытқымай постерді ашып берді. Постерді қорғау үшін оқушылар арасында талас-тартыс болды.

Сабақ соңында «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы кері байланыс жасадым. Кері байланыстың әсері балаларға оң нәтиже көрсетті. Не білгені, не түсінгені, нені білгісі келетіні туралы жазады. Осы жұмыстың нәтижесіне қарай отырып, келесі сабағымды жоспарлап алдым

Сондай-ақ екінші сабағым Е. Салықовтың « Күзгі орманның көріністері» тақырыбы еді. Бұл сабақтағы негізгі мақсатым мәтіннің мазмұнын ашу, орман тіршілік иелерімен танысу. Сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптас- тырғанда «Алтын сандық» ойынын пайдаландым және мұндағы мақсатым

балалардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттыру болды. Балалар стикерге жазған тілектерін сандыққа салады, оны араластырып балаларға тарқатамын

балалар басқа оқушының жазған тілектерін оқиды және сол оқушының жазған тілегіне көңіл-күйі көтеріліп қуанышқа бөленеді. «Жақсы сөз жанға қуат» демекші жақсы сөзге кім қуанбайды. Осы тұста кедергілер орын алып жатты.Кедергілерді жою мақсатында мен келесі сабағыма «Жүректен жүрекке» деген ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын деп шештім.

Топқа біріктіруде тақырыпқа сай етіп жыл мезгілдері суреті бойынша төрт топқа біріктіріп алдым. Топқа біріктіру әдісі балаларға ерекше ұнады және өздерін еркін сезінді. Сәтті болған жерлері балалар шусыз өз орнына жайғасып алды. Ешқандай келіспеушіліктер болмағандықтан бұл мен үшін қуанарлық жайт болды.

Жаңа тақырыпты ашуда мен жасырылған сөзді пайдаландым. Балалардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыту мақсатында мен осы әдісті таңдап алдым. Жұмбақтың жауабын шешіп кестеге орналастырамыз сонда «Күзгі орман» сөзі шығады. Бұл жерде балалар сын тұрғысынан ойланады, білмегенін білгеннен ізденеді. Нәтижесінде сабақтың тақырыбы ашылады. Осы тұста оқушылар өздері еңбектеніп, жаңа тақырыпты ашуда белсенділік танытады. Әрине бұл сәттілік деп білемін. Жаңа тақырыпты топта талқылай отырып «ДЖИГСО» әдісін пайдаланамын. Бұл әдісті пайдаланудағы мақсатым жаңа тақырыпты меңгеруде уақытты үнемді пайдалану. Тиімді жақтары балалар өзінің тобында талқылаған мағлұматтарын көрші топтарға барып талдайды. Нәтижесінде оқушылар жаңа тақырып туралы білімдерін толықтырады. Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріледі. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 32-бет. Бесінші тезис). Мен бұл әдісті алдыңғы сабақтарымда қолданбағандықтан оқушыларға топтан топқа ауысу қиын болды. Болашақта ДЖИГСО әдісін тиімді пайдаланатын болсам балаларда қалыпты дағды пайда болады. Тақырып бойынша оқушылар өрмекші торын жасайды. Балалар бұл жұмысты қарқынды орындай отырып, тақырып туралы үйренгенін, білген, түсінгенін көңіліне түйгенін өрмекші торына түсіреді. Әр топтың бір мүшесі шығып жасаған дүниелерін, тақырып бойынша қаншалықты меңгергенін еркін баяндап берді. Сабақ барысында оқушылар өз жұмыстарын сәтті аяқтап шықты. Дәстүрлі оқыту кезінде постер жасау, өрмекші торын жасау оны қорғау сияқты дүниелер балаларға жат болған. Деседе жұмыстарын сәтті аяқтап,оны өз деңгейінде қорғап шығуы, әрине мені таңқалдырды. Мұндай жетістіктерді күтпегендіктен балаларды ынталандыру мақсатында мадақтаулар білдіріп отырдым. Дегенмен Ш. оқушы және Б.оқушы арасында тартыс пайда болып, ортақ келісімге келе алмай, қиындықтар кездесіп жатты. «Қиындықтарды жеңе білсең, сәттілікке жол ашылады» дегендей кедергілердің жою мақсатын қарастрырып, балаларды ынтымақтастыққа шақырып, сергіту сәтін жасап алдық. «Атом, молекула» ойыны балалардың көңілін көтеріп, жүздеріндегі қуанышы айқын көрініп тұрды.

Мектептегі тәжірибемнің үшінші аптасының үшінші күні А. Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» атты мысалымен таныстық. Мұндағы негізгі мақсатым А. Құнанбаев туралы мағлұматтарды ұғыну. Мысалды рөлге бөліп оқуды меңгеру. Сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырғанда мен «Жүректен жүрекке» деген шаттық шеңбер жасап алдым. Балалар өз тілектерін жылы лебіз арқылы бір-біріне білдіріп жатты. Ынтымақтастық ахуал орнатудағы мақсатым бір-бірін сыйлау, құрметтеу және біріне-бірі жылы шырай таныту болды.Сонымен қоса балалар кезектесіп сөйлеуді, бірін-бірі тыңдауды үйренді. Сабағымның үшінші күні болғандықтан балалар бұл әдіс-тәсілдерге біршама төселіп қалды. Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орындалатын жұмыс барынша күрделі және әртүрлі орындау үшін қажетті дағдылары қалыптастырып , білім береді. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайдың және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 31 бет)

Балалардың ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында сары, қызыл, көк, жасыл түстермен топқа бiрiктiрiп алдым. Бaлaлар бұл сәтте өздерін еркін сезіне бастады .Оқушылaр үшін топқа бірігуде қызығушылық тaнытты. Өйткенi ол кезде (топтық жұмыстa) олар еркiндіктi еркін сезiнді, өзaра aқылдасу, кеңесу оларды бір–біріне жақындатa түстi. Сөзімнiң дәлелi ретiнде айта кетейiн, бiр oқушы стикерге өзiнің ойтoлғaнысын былaй деп жазыпты: «Мен бұл сaбақтa тoппен жұмыстың қaндай қызық екенiн түсiне білдім. Өйткені бiлмегенiңді жан–жақтaн сұрап жауап бере алады екенсің! Соны түсіндім» Бұл–қoспaсы жоқ oқушының ішкі ойтoлғaнысы әрі шындық. Oқушы сөзі тoптық жұмыстың тиiмділігін дөп басып жеткiзген.

Үй жұмысын пысықтауда «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модульін басшылыққа ала отырып балаларға «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақ- жауап жасауды тапсырдым. Бұл тапсырмадағы мақсатым балалар сұрақ-жауап арқылы білімдерін тиянақтайды. Бір оқушы сұрақ қояды ал екінші оқушы қарамай отырып жауап береді. Мұнда балалар үй жұмысын қаншалықты меңгергені жайлы көрінеді.Нәтижесінде балалардың қызығушылығы артып сұрақтарға нақты жауап беріп отырды.. Үздік оқушылар таласқа түсіп, сынып шулы болды. Кедергілерді жою мақсатында мен ендігі сабағымда «Графити» әдісін пайдаланамын деп жоспарладым.

«Сын тұрғысынан ойлауды үйрену» модульін басшылыққа ала отырып балалар ребус шешу арқылы жаңа тақырыпты ашып алады.Мұнда балалар топпен бірлесе жұмыс жасай отырып ойланып, ізденіп жауабын өздері шешіп, « Шегірке мен құмырсқа» екендігіне көз жеткізді. Бұл тапсырмада табысты болған тұстарым берілген уақыт ішінде орындап жұмыстарын көрсете білді. Өз қaтелерін түсініп,өзін-өзi реттеуге қайдан қате кеткeнін түсiнуге мүмкіндік алды.Oсы тұста Выготскийдің ЖАДА-сының анық көре алдым.Сaбақта oқушылар ынтымaқтаса бір-біріне көмек бердi,бірге талдады,пікірталас орнады.ЖАДA арқылы тoптық,жұптық тaпсырмаларды орындауда оқушылар оқудағы кедергіні де анықтай алатынын көрe алдым.Бұл тaпсырманың сәттi орындалуын қамтамасыз ету үшін өз тaрапымaан жалпы оқушыларға көшбaсшылық жасай oтырып,топтық жұмысты тeксеру үшін оқушыларды сол тaпсырмаға бaсқарушылық жасауына мүмкінiк бере oтырып, оқушының да бір-бірін бағалауын қадaғаладым.Осы тапсырманы орындатуда бaсшылыққа алынған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің қалай ықпaлдасқанын зeрделей келе бұл модульдің бaсқа мoдульдермен ықпалдаса алaтынына көзім жетті,яғни тапсырманы орындатқандa оның мақсатқа бағыталғанын бақылау үшін мұғалім тарапынан көшбасшылық керек,тапсырманы орындап болған соң оны қалай орындағанын оқушылар өздері тексеріп,бір-бірін құрылымды бағалайды және бұл жерде ешқандай крийтерисіз қатемен жұмыс орнайды, және оқушылардың өзін-өзі реттеуіне ыңғайлы атмосфера oрнатылады.

Сабағыма диалогтық оқытуды ықпалдастыра отырып жаңа тақырыпты сахналау, рөлге бөліп оқу жұмыстарын жүргіздім.А. оқушы, Қ. оқушы.Б.оқушы рөлге бөліп оқу, сахналық көрініс жасау арқылы өз шеберліктерін көрсетті. Бұл тапсырманы орындау барысында Б.оқушы өз дарындылығын көрсетіп, шегірткенің жалқаулығы оның жаз бойы сайраңдап жүруі туралы ашық айтып, басқа оқушлардан ерекшеленіп тұрғаны байқалып тұрды.Нәтижесінде баланың сөздік қоры, тіл байлығы артты.Болып жатқан кедергілерді ескеріп, ендігі сабағымда уақытты тиімді пайдалануды алдыма мақсат етіп қойдым.Уақыттың жетіспеушілігі әр сабағымда да кездескені шындық. Болашақта осы сабақты өту мүмкіншілігі туып жатса әдіс-тәсілдерді нақтылап, уақытты тиіді пайдалануды қарастырар едім.

Сабақ ортасында жазылым бойынша тақырыпқа сай мақал-мәтел жазуды жоспарладым.Мысалы, « Кім еңбек етсе сол тоқ». «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» тағы басқа мақал-мәтелдерді және оқулықтағы негізгі сөздерді , шегіртке мен құмырсқа сөзін үш тілде «Шегіртке-стрикоза-... құмырсқа-муравей-ant» сөздерін дәптерге жазады. Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тәжірибеге негізделген зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 36 бет ) Балалардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында «Венн диаграммасын» құрып оны қорғау жұмыстарын жсадық. Мұнда балалар шегіртке мен құмырсқаның ерекшелігі мен ортақ қасиеті туралы баяндап берді. Жетістіктерді айта кетсем Қ. оқушы құмырсқа еңбекқор, адал, өз нанын жаз бойы жинайды, ұйымшыл деп, ал шегіртке жайлы жалқау, сауық-сайранды жақсы көреді, өз азығын жинауға әрекеттенбейді, ортақ қасиеттеріне екеуі де жәндік деп анық, нақты жауап берді Осы әдістер арқылы талантты және дарынды балаларды анықтап отырдым.Сәттсіз болған жерлері Н. оқушы ортақ қасиетіне «жалқау,еңбекқор» деп жауап берді. Бұл тұста балаларда пікірталастар болды. Ортақ қасиетіне бір сөзбен жәндік деп, өз қателіктерін өздері дұрыстап отырды.Балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Үй,тышқан, жер сілкінісі» сергіту сәтін жасадық. Нәтижесінде оқушылар бір сергіп алып, жақсы көңілмен сабақты ары қарай жлғастырдық. БББ әдісі бойынша балалардан кері байланыс алдым. Мұндағы мақсатым: «Не білдім? Нені біліп алдым? Нені білгім келеді?» деген сұрақтармен оқушылардың ойын анықтадым. Оқушылар сабақ бойынша ойларын ашық жазған. Мысалы, П. оқушы «Бір-бірімізге жылы тілек айтуды білемін, постер қорғауды біліп алдым, және басқа ойын түрлерін білгім келеді» деп жазған. Екінші Д.оқушы «Венн диаграммасын қалай құруды білдім, кері байланыс жасауды біліп алдым, ойынның басқа түрлерінде білгім келеді» деген пікірлерін жазған. Кері байланыс тұсында сәтсіздіктерде кездесті.Өз ойын ашық жаза алмаған оқушыларда болды. Кедергілерді жою мақсатында осы әдісті ендігі сабағыма және пайдаланамын деп алдыма мақсат қойдым.Осы мақсатыма қол жеткізу үшін жоспарды енгізуді қарастырдым.

«Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модульін негізге ала отырып оқушыларды формативті бағаладым.Оқушыларды бағалауда смайликтермен бағаладым. Бағалау барысы оқушыларға өте қатты ұнады. Бағалау кезеңінің өзіне ұнаған тұстарын оқушылар арасында М. оқушы стикерге жазып өз ойын осылай білдірген.

Келесі сабағымда Литва ертегісі «Егінші мен қасқыр» тақырыбын өттім. Негізгі мақсатым: Ертегі туралы түсініктерге ие болу және рөлге бөліп оқуа дағдыландыру. «Шарға жазылған тілек» арқылы ынтымақтастық ахуал орнаттым. Тілектеріміз орындалсын деген мақсатта стикерге өз тілектерін жазып шарға жапсырып жоғары ұшырады.Бұл тұста балаларды өз ойын еркін жазуға дағдыланыру болып табылады.

Кедергілердің орын алуы: әр балаға шардың жетіспеуі, сынып шулы болуы.Сабағымды математика пәнімен байланыстырып топқа 1 ден 25 ке дейінгі сандармен біріктіріп алдым. Топқа біріктіру кезінде балалар өз орнына бірден жайғасты. Себебі алдыңғы сабақтарымда топқа бірігу кезеңдерімен таныс болғандықтан, бұл сабағымда топқа біріктіру қиынға соққан жоқ. Үй тапсырмасын пысықтауда «Графити» әдісін қоландым.Бұл әдіс бойынша өткен сабақта не білді, не үйренді сол туралы бар білгендерін постерге түсіреді. Алдымен топта талқылап қорғау жұмыстарына әр топтан бір оқушыдан шығып үй жұмысы бойынша еске түсіреді. Тапсырма бойынша үй жұмысын кеңінен біледі,есте сақтау қабілеті артады. Стратегияның тиімді жақтары оқушының білгенін түсінгенін қағазға суреттейді. Жаңа сабақты түсіну барысында,мультимедиялық тақатадан көрсетілген таныстырылымды көру кезінде, oқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түстi.Жаңа тақырыпты ребус шешу жұмысымен бастадым. Мұнда «Егінші мен қасқыр» деген сөзді балалар өздері шешіп, сабаққа деген қызығушылығы бұрынғыданда арта түсті. Белсенділігі жоғары оқушылар берілген тапсырманы өз кезінде орындап талантылығы мен дарындылығын көрсетіп отырды.Жоспарланған тапсырмаларды балалар өз деңгейінде орындап, нәтижесінде сәтті тұстарымен сәтсіздіктер орын алды. «Синквейн» әдісі бойынша Б.оқушы, Қ, оқушы өз дәрежесінде орындап көзге түсті. Бұл менің сәтті тұстарым деп айтуыма болады. Сәтсіздіктерге тоқталатын болсам бес жолды өлең жазуда қателіктерге бой алдырды. Кері байланыс кезінде өз ойын нақты жаза алмаған оқушылар кездесті.


Әр әмұғалім жаңа әдіс-тәсілдері тиімді пайдаланса әр сабақ сапалы, болашақ ұрпағымыз білімді болары сөзсіз деп қорыта айтқым келеді.





Пайдаланылған әебиеттер:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші(базалық) деңгей

2.Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал (№2. 2011)

3. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал (қыркүйек)

4. Әдебиеттік оқу 3-сынып (Атамұра баспасы)





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!