400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала : "Тәрбие және білім беруде ата-аналар жауапкершілігі "

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада өскелең ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие беруді жандандырудағы үлкен міндет - ата-аналар жауапкершілігін арттыру туралы мәселе көтерілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Алматы қаласы
А.Розибақиев атындағы № 153
мектеп –гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Масимова Гулнар Абдуллақызы
Тәрбие және білім беруде ата-аналар жауапкершілігі
Мемлекетімізде білім беру жүйесінде уақыт талабына жауап бере алатын жоғары
сапалы орта білімге сұраныс өсуде. Сондықтан өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім
беру және бүгінгі қоғамдық өмірдің басқа да салаларындағы проблеманы шешуде дүние
жүзі тәжірибесіне үңілмей болмайды. Өйткені қай ел болмасын мектепті заманауи
талапқа сай жетілдіре түсуде басқа елдің оң және теріс сабақтарын зерттеп , қолдану
үшін олардың қателерін қайталамай дұрыс нәтижелерін ескеруге тырысады. Білім беру
жүйесіндегі әлем тәжірибесінен Азия елдері , Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония
елдерінің білім беру жүйесіндегі реформалары оң нәтижелі болып, іс-тәжірибесі дүние
жүзі елдері тарапынан меңгеріліп жатқаны бәріне аян. Бүгінгі күнде Сингапур Дүние
жүзі экономикалық Форум (133 ел ішінде) рейтингінде бірінші орында болса, Жапония,
Оңтүстік Корея одан қалыспайды. Мұның себебі олардың балаға білім берудегі бірінші
ұстанымы алдымен - тәрбие, одан кейін - білім. Мысалы, ата-аналар тарапынан жақсы
қолдау табатын корей мектептерінде (сыныпта 60 оқушы болса да) тәртіпке байланысты
ешқандай проблемалары жоқ. Корей мектептерінде де 12 жылдық оқыту. Бастауыш
мектеп- 6 жыл, негізгі мектеп - 3 жыл және 3 жыл – кәсіби жоғары мектеп. Оқушылар
емтиханды тек 15 жасында, толық емес орта мектепті бітіргенде ғана тапсырады.
Емтиханда оқушы пән бойынша үлгерімі, сабаққа, сабақтан тыс іс-шараларға белсене
қатысуы, ерекше жетістіктері және адами құлықтылығының дамуы деген бірнеше
өлшемдермен бағаланып отырады.
Демек, біздің елімізде де өскелең ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие беруді
жандандырудағы үлкен міндет - ата-аналар жауапкершілігін арттыру . Өйткені бала
тәрбиені ең алдымен өз отбасында алады. Ал, тәрбие бала дамуын бағыттайды,
басқарады. Ол- баланы тұлға ретінде қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш
болғандықтан, оның жеткіліксіздігі және әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Сондықтан баланың өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында оның өсіп-өнген отбасы
орасан зор мәнге ие. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері
отбасында өрбиді, сондықтан да туған үйдің жылуы- оның көкірегінде көп жылдар бойы
сақталады. Қазақтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген нақыл сөзі осыған
дәлел. Отбасындағы баланың жеке дара тұлға болуындағы ең басты көрсеткіштер –
отбасының бақытты және некенің сәтті болуы, ерлі-зайыптылардың арасындағы қарымқатынастың беріктігі, шынайы сыйластығы және тағы басқа.
Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, сонымен қатар қоғамның да басты
негізі. Осы тіректің мықты орналасуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды
міндеттеу тек мұғалімдер ұжымына ғана емес, қоғамдық орындарға да тиесілі болу керек
деп ойлаймыз.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.05.2024
255
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі