Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала Ә. Кекілбаев шығармаларындағы табиғат көрінісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Әбіш Кекілбаев шығармаларында
туған жер табиғатының суреттелуі
Әбіш Кекілбаев – қазақ әдебиетіндегі бірегей тұлғалардың бірі және ол – әлемге танымал қарасөз шебері. Ол – Қазақстан Республикасының Еңбек Ері. Қазақ жазушылары арасында ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтен кейін, ал тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш рет «Еңбек Ері» атанды.
Әбіш Кекілбаев – көп қырлы талант. Атап айтқанда, пәлсапасы пайымды прозаик, дарынды драматург, арқалы ақын, көсемсөз шебері. Бұлардың әрқайсысын әр қалам иесі көтеретін аса ауыр жүк. Сол жүкті ол «қайыспас қара нардай» (Махамбет) жалғыз өзі көтерді. Бұл ерлік емей немене?
Оның үстіне ол салиқалы саясатшы, сергек ойлы сенатор, парасатты парламентші, Жоғары Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы... Айта берсе, мұның бәрінің бір адамның қолынан келетін дүние еместей көрінеді. Бірақ ол мұның бәрін де бір кісідей істеді. Бұл ерлік емей немене?
Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы Онды ауылында дүниеге келген. Ол сол жерде орта мектепті аяқтап, 1962 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін табысты бітіреді.
Кейін ол 1962-1965 жылдарда «Лениншіл жас (қазіргі «Жас Алаш») «Қазақ әдебиеті» газетінде, 1965-1968 жылдарда ҚР Мәдениет министрлігінде, 1970-1975 жылдарда «Қазақфильм» киностудиясында, 1975-1984 жылдарда Қазақстан Компартиясы ОК-ның мәдениет бөлімінде нұсқаушы, 1984-1986 жылдарда ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары, 1988-1990 жылдарда Қазақ тарихи, мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында, 1990 жылы Қазақстан Компартиясы ОК бөлім меңгерушісі, 1991 жылы ҚР Жоғары Кеңесінің комитет төрағасы, 1992-1993 жылдарда «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1994-1995 жылдарда ҚР мемлекеттік кеңесшісі, ҚР Жоғары Кеңесінің төрағасы, бұдан кейінгі жылдарда ҚР Мемлекеттік хатшысы, Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаты сияқты қызметтер атқарды.
Әбіш Кекілбаев – жоғырыда айтып өткеніміздей, түрлі салада қызмет істей жүріп, қаламын ұштады. Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деген атпен 1962 жылы асылды. Кейін 1965 жылы «Бір шөкім бұлт», 1966 жылы «Дала балладалары», 1972 жылы «Дәуірмен бетпе-бет», 1974 жылы «Тырау-тырау тырналар» мен «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Ұйқыдағы арудың оянуы», 1982 жылы «Шыңырау» кітаптары мен 1981 жылы «Үркер», 1984 жылы «Елаң-алаң» романдары жарық көрді.
Әбіш Кекілбаевтың көптеген шығармалары орыс және шет ел тілдеріне аударылған.
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларында негізінен туған жер табиғаты ерекше ықыласпен суреттеледі. «Аш бөрі» әңгімесіндегі: «Таң атқалы жортқаны жұртсыз жон. Тек жаңа ғана тастақ сайдың басындағы жалғыз құдыққа тап болып, ат суарып алды. Көптен бері бұл маңайға ел жуымапты. Құдық маңайының құмалағы қуаң. Астау да қақсуға айналыпты» (Ә. Кекілбейұлы «12 томдық шығ. Жинағы», 1-том, 15-бет) деген көрініс арқылы жазушы Маңғыстау табиғаты мен туған жердің жүдеу келбетін шебер жеткізе біледі. Осы шығармада «Ауылдан былай шыға бере күйшінің көңілі қайта бұзылды. Түрмеден құтылғалы жағасы жайлау боп келе жатып, бүгін тағы құлазып қалды. Төңірегіне қарап еді, тұлдыр дала». (Ә. Кекілбейұлы «12 томдық шығ. Жинағы», 1-том, 29-бет) Бұл жердегі табиғат көрінісі кейіпкер көңіл күйінмен астасып, оның құлазыған кейпін ашуға қызмет етіп тұр.
«Апыр-ай мына күннің ысуын-ай. Бүгін байғұстың тілі аузына сыймайды ғой. Топырақ қайнап кетіпті. Бас сауғалатар көлеңке де болмас. Аспан ашқарақтың алдынан қайтқан табақтай тап-таза. Бір жағы тау, бір жағы шағыл құм тар қамашау түтеп тұр». (Ә. Кекілбейұлы «12 томдық шығ. Жинағы», 1-том, 38-бет)
Бұл «Ең бақытты күн» әңгімесінен алынған үзінді. Осындағы табиғат көрінісі, туған жеріміздің сипаты Әбішке тән шеберлікпен бейнеленеді.
Жазушының «Көз жасы» деген әңгімесінде: «Мезгілсіз туып, қыс кәріне шалдыққанымен, жас лақ күннен-күнге тыңайып келеді. Қар ішінде отыққан кер лақ қазір енесіне қойған шөптің шетінен қажай бастады» деген көрініс бар. (Ә. Кекілбейұлы «12 томдық шығ. Жинағы», 1-том, 50-бет) Осы көрініс арқылы алмағайып заманда дүниеге келген Ажар басындағы трагедиялық халді мезгілсіз туған лақ тағдырымен қараса, табиғат көрінісімен бірге шендестіре бейнелейді.
«Қанша дегенімен, сүмбіленің аяғы емес пе? Күн сәскеге дейін қоңыр салқын болып тұрады да, сәскеден кейін ыси бастайды. Ал талма түсте таң атқалы танауыңды қышырқандырып келе жатқан түз шөбінің таңсық исі күрт жоғалып, күн қыздырған киіз бен шүберектің ат сауырын шылпытып тастаған ащы тердің, доңғалақты майлаған қара майдың, қолаңса сасыған қайыс пен темекінің ию-қию иісі мүңкіп қоя берді. (Ә. Кекілбейұлы «12 томдық шығ. Жинағы», 4-том, 12-бет). Міне, жазушының «Үркер» романындағы Уфадан шыққан орыс отыршыларының Маңғыстауға бет алып келе жатқандағы табиғат көрінісі. Бұл көрініс тек табиғаттың ғана суреті емес, отарлаушылардың да жер мен оның табиғатына мұрын шүйіре қараған көңіл күйінен де хабар беріп тұрғандай.
«Жақында ғана терістіктен жел сапырып, бірнеше күн аласапыран боп, ақ айранданып қалған. Каспийдің көк реңі енді-енді орала бастаған-ды. Күні кешегі дөңбек толқындар бүгін ақ тымыққа айналып аршындай жүзген орыс кемелерінң біресе ол жақ кемерінен, біресе бұл жақ кемерінен шылп-шылп сүйкеніп шырпынып жатыр. Күн тымық. Теңіз тыныш. Теңізшілер көңілді». (Ә. Кекілбейұлы «12 томдық шығ. Жинағы», 4-том, 21-бет). Мұнда жазушы табиғат көрінісіне символдық та мән берген.
Маңғыстау даласын желше сапырып, өзіне бағындырған соң өздеріне кіріптар болған елдің суретін көз алдыңызға әкеледі.
«Ханзада сыртқа көз тастады. Аспан шайдай ашылып келеді. Манағы ьір қара бұлттар көк жиекке сырғи-сырғи әбден көз таса болыпты. Қыр шөбінің жаңбырдан кейінгі айырықшы жұпар иісі аңқып қоя берді. Бірақ құбылаға қарай салдырып келе жатқан ұзын шұбақ керуен бүгін күндегісінен де тұнжыраңқы». (Ә. Кекілбейұлы «12 томдық шығ. Жинағы», 5-том, 101-бет). Бұл жерде жазушы керуенді зор үмітпен күтіп отырған қалпын жайдары табиғат көрінісімен бере отырып, сәтсіз оралып келе жатқан керуен көшін қарама-қарсы суреттеу арқылы ерекше тұжырым жасаған.
Қалай десек те, сұңғыла жазушы Әбіш Кекілбаев туған жердің табиғат көріністерін өз шығармаларында шеберлікпен пайдалана отырып, оның көркем бейнесін өте сәтті жасайды.
Біз Әбіш Кекілбаевтың прозалық шығармаларында туған жер табиғатының көріністерін суреттеудегі ізденістерін жүйелеп көргенімізде оның бұл бағыттағы шеберлігі де айқындала түсті. Енді соған тоқталайық.
Біріншіден, Әбіш Кекілбаев өз шығармаларында табиғат көріністерін кейіпкер бейнесін ашуда шебер қолданады.
Екіншіден, ол таза табиғат көріністері арқылы туған жерге, оның табиғатына деген оқырман сүйспеншілігін оята біледі.
Үшіншіден, Әбіш Кекілбаев қазақ әдебиетінде өте аз қолданылатын әдіс – табиғат көріністеріне символдық мән берудің шебері. Өйткені ол осы арқылы елдің жағдайын терең ашуға ұмтылады.
Төртіншіден, бұл да сирек кездесетін әдіс – табиғат көрінісін қарама-қарсы мәнде қолдана отырып, үміт еткен нәрсенің кері, кейде ойламаған тұста орындала бермейтінін ұқтыру мақсатында қолданады.
Бесіншіден, жазушы отаршылар көзімен табиғат көріністерін суреттей отырып, қу медиен даланы мекен еткен халықты менсінбеуін ашып көрсетуге пайдаланады.
Алтыншыдан, жазушы шеберлігінің бір қыры – табиғат көріністерін үш нәрсе арасында (мысалы лақ – Ажар – табиғат көрінісі) салыстыра көрсету арқылы олардың тағдыр ұқсастығына көңіл аудартады.
Жетіншіден, жазушы шығармаларындағы табиғат көріністері кейіпкер келбетін ашуға қызмет етеді.
Міне, Әбіш Кекілбаевтың табиғат көріністерін суреттеуде осындай жеті түрлі ерекшелігі бар. Мүмкін әлі біз аңдамаған кейбір көркем табиғат суреттері бар шығар. Оны тереңдей зерделей түсу – болашақ ұрпақ парызы деп білемін.
1915 жылы желтоқсан айында заманымыздың заңғар жазушысы, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев дүниеден өтті. Енді оның шығармашылығыңың мәні-мазмұнын келер ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. Оның көркем дүниелері әлі талай ұрпақтың рухани азығана айналарына сенемін.
* * *
Садуақас АБДЫНАСЫРҰЛЫ
Филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі