Материалдар / мақала: Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала: Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала: Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы. Ахмет Байтұрсынұлының азаматтық тұлғасын, ұлттың рухани ұстазы ретіндегі көшбасшы көсемдігін бәрінен бұрын оның қоғамдық-әлеуметтік қызметтері айқындайды. Солардың ең бастылары - ұлт санасын ояту, халықты өнер-ғылымға үндеп, өркениетті елдердің қатарына қосуды көздеген ағартушылық, отаршылдыққа қарсы ымырасыз күрес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2022
1173
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы

Ахмет Байтұрсынұлы – XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өмірінен айрықша орын алатын тұғырлы тұлға. Бір басына сан түрлі салқар санаткерлік тоғысқан осынау ұлы азамат қазақ руханиятындағы теңдесі жоқ құбылыс десек, артық айтқандық емес. Оның кемеңгерлік болмысы мен қайраткерлік қасиетін танып-білу бірер жылдың ішінде біте қалар жеңіл іс емес. Оған тек ұзақ жылдарға созылған көшелі ізденістер нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады.

Ә дегенде-ақ назарға ілігетін бір сипат – Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл тірлік-тынысы, адамдық болмысы, ең алдымен, азаттық ұғымымен астасып жататындығы. Ол – жеке бас, жеке адам бостандығының жоқтаушысы емес, түгел жұрт, тұтас ел азаттығының ту ұстаушысы.

Ахмет Байтұрсынұлының азаматтық тұлғасын, ұлттың рухани ұстазы ретіндегі көшбасшы көсемдігін бәрінен бұрын оның қоғамдық-әлеуметтік қызметтері айқындайды. Солардың ең бастылары - ұлт санасын ояту, халықты өнер-ғылымға үндеп, өркениетті елдердің қатарына қосуды көздеген ағартушылық, отаршылдыққа қарсы ымырасыз күрес.

Оқу-ағарту мәселелерін “Қазақ” газетінде ең көп жазған да осы Ахмет Байтұрсынұлы. Және де қазақ тілін жетілдіруді, оның өзіндік әліпбиін жасау туралы “Айқап” журналына да мақалалар жазып тұрған. 1912 жылы жарық көрген мақаласында ол қазақ жазуын араб әліпбиі негізінде түзеп, қазақ халқының тілдік ерекшелігіне сәйкестенетін жазу үлгісін ұсынудың тұңғыш қаламын жасады. Тіл тазалығы үшін күрескен тұлға ең алдымен, қазақ тілін өркендетудің жай-күйін көп ойлайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын жаңа бір араб-қазақ жазу үлгісін ұсынды. Оның бұл бастамасы көп айтыс-тартыс туғызады. Ал, қазақ тілін оқытудағы Ахмет Байтұрсынұлы жасаған реформа – қазақ тілінің өзіндік табиғатын терең танудан, оның ғаламдық біліктілікпен саралаудан туған іргелі ізденістер жемісі. Бұған жоғарыдағы мақалады айтылған мына ойлар куә: “Тәртіпті жазу деп айтамыз, тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған белгісі бар болса. Осы күнгі жазуымызда дыбыс басына арнаған белгіміз жоқ. Бір белгімен әлденеше түрлі дыбыстарды жазамыз. Бірдей жазылған сөзді қалай әртүрлі оқысам дұрыс болады деп бала қиналмай ма? Сондықтан әуелі оқу құралын сайлаудан бұрын, жазуымыздың тәртібін түзетіп, жөнге салуымыз керек” (“Айқап”, 1912, №4). [1, 43б.]

Көріп отырғанымыздай, Ахаң ең алдымен жазуды, хат тануды бір тәртіпке, жалпыға ортақ бір қалыпқа түсіруді ұсынған. Содан соң барып, осынау қалыпқа түскен жүйе бойынша оқулық жасау қажет деп табады.

Тарихи деректерге сүйенсек, жаңа жазу мен жаңа оқуға деген құштарлық, әсіресе, 1905 жылғы революциядан кейін кеңірек қолдау таба бастаған. Және оның алғашқы жақтаушыларының бірі де осы Ахмет Байтұрсынұлы болған. Ұлтын сүйген азамат әдеби тіл қалыптастырудағы “татаризмге дер кезінде қарсы шыққан. Қазақ тілінің төл табиғатына, өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп дыбыстық оқу жүйесін, араб әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиін жасап шығарған.

Сонымен қатар, жазу, оқыту мәселелері туралы “Қазақ” газетінде ең негізгі мәселеге айналдырып, айрықша көңіл бөлген. Бұл тақырыпқа арналған мақалалардың көбін өзі жазған. Мәселен, “Қазақша оқыту жайынан ” атты мақаласы қазақ мектептеріндегі оқуды жетілдіру мәселелеріне арналған. Мұнан әрі ана тілінде алынған білімнің ел арасында өнер-білімді таратуда сіңімді болып келетінін, сондықтан халықтың көзін ашуда ерекше қызмет атқаратындығын тілге тиек еткен. [2, 168б.]

1924 жылдың 12-18 маусым күндері Орынбор қаласында қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі өтеді. Онда жазу мәселелері, әліпби мен қазақша пән сөздері мәселелері, ауыз әдебиеті мұраларын жинақтау мәселелері қарастырылған. Жазу ережелерінің таласты мәселесіне қатысты жайттарды қайта қарап, дұрыс шешімге келу үшін А.Байтұрсынұлының ұсынысымен комиссия құрылған, және комиссияның төрағасы болып А.Байтұрсынов сайланған.

Сьезде қаралған өткір мәселе әліпби болған. Ол туралы Ахмет Байтұрсынұлы баяндама жасаған. Бұл ұлы тұлғаның ұлт жазуы, ұлт әліпбиі жолындағы күресінің бір көрінісі еді. Ол араб графикасын негіздеп, өзі жазған қазақ әліпбиінің тиімділігі мен өміршеңдігін жан-жақты дәлелдеп, өз жобасын ұсынған. Және де өзінің латын әліпбиіне қарсылығын 17 пункт арқылы дәлелдеп берген екен. [2, 177б.]

Біздің түсінігімізде, Ахмет Байтұрсынұлының тіл білімі саласындағы еңбектерінің маңыздылығы мен мәні оның теориялық тереңдігінде емес, ұлттық тіл білімін зерттеу мен оқытуда көшбасшылық танытып, өзіндік ғылыми мектеппен қалыптастырып, қазақ жазуын жетілдіруді жолға қоя білуінде.



Айгуль Жусупова

29 ЖББМ қазақ тіл мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Қостанай қаласы









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!