Материалдар / Мақала Әлеуметтік желінің әсері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала Әлеуметтік желінің әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Әлеуметтік желінің адамға әсері. Әлеуметтік желіні дұрыс қолдана білудің жолдары. Қазіргі таңдағы ғаламтордың дамуының адамға әсері жайлы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2022
228
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала
Әлеуметтік желінің әсері
Әлеуметтік желі- ақпараттар алаңы. Әлеуметтік желінің көбісі минустарын айтқанды
жақсы көреді, бірақ мен нақты осы жерде келіспеймін. Себебі әлеуметтік желі қазіргі таңда
даму үстінде. Мысал келтірер болсам,ақпаратты жылдам түрде жеткізуін,адамдардың
бір-бірімен байланыста болуын, әлемдік жағдайдан хабардар болуымыздың,тіпті білім алу
көздерінің барлығы осы ғаламтор арқылы жүзеге асатынын білеміз. Жалпы өзіме мысал
келтірер болсам, ҰБТ деген үлкен сынаққа, онлайн түрде дайындалудамын. Әлеуметтік
желінің пайдасы орасан зор, тек сол пайданы тиімді пайдалана білсек болғаны.
Ал енді, көбісінің аузында жүрген минустарға келсек, мысалы, "көздің көруін
әлсіретеді"деген ой. Егерде біз әлеуметтік желіде 24/7 отыратын болсақ , әрине, көзге
әсері тиеді. Телефонды бос уақыт өткізетін құрал ретінде көру, үлкен қателік деп білемін.
Бос уақыт, телефонда жарты өміріңді өткізу емес, өмірдің қызықты сәттерін ,есте қалардай
өткізу деп білемін. Осы сылтаулармен ғалымторға деген жаман пікір қалыптастыратындар
жеткілікті шамада. Оның көбісі барлығымызға мәлім, ата-аналар. Бұл пікірмен
келіспегенімнің себебі, ғаламторсыз қазір біздің болашағымыз жоқ. Себебі қарапайым
дүкендерде де электрондық, цифрлық жүйеге ауысу бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл
дегеніміз ақпараттардың дәурені әлі бітпейді,келешекте көптеген тұлғалармен бір
толқында өмір сүруіміз орын алады. Қазіргі 21 ғасырда еңбектеген баладан,қартайған
ересек адамға дейін ұялы телефонды қолданатыны теріс пікір емес. Қоршаған орта
әлеуметтік желімен тікелей байланысты. Біз бұл пікірді теріске шығара алмаймыз. Оған
себеп,қарапайым "WhatsApp" желісі. Біз қанша дегенмен туыстарымен, дос-жаранмен осы
желі арқылы байланысқа шығамыз. Екінші, ата-аналарымыз жаңалықтардан хабардар
болып отыру үшін "Facebook" желісінде отырады. Бұл дегеніміз,бізді қоршаған ортаның
жайлап әлеуметтік желіге ұмтылысын білдіреді. Көп адамдар әлеуметтік желіге тәуелді
емеспіз деген пікірде болса да, өзі қашан тәуелді болып қалғанынан хабардар болмайды.
Бұл жердегі менің айтқым келгені,тәуелді екеуімізді қабылдап, қайта сол тәуелділікті
жоюға тырысқан жөн деп білемін. Өзімізді қоршап тұрған жақын адамдармен көбірек уақыт
өткізсек, шынайы эмоция аламыз. Бұл біздің біріншіден денсаулығымызға пайдалы
болады, сонымен қатар адамның өмірге деген талпынысын арттырады.
Әлеуметтік желіні "зиян" деген сөзбен жауып тастауға болмайды. Заманның ағыны
әлеуметтік желіні қолдануымызға алып келді. Ең бірінші мәлімет осы ғаламторға түсетін
болған соң, әр адам хабардар болып отыруы тиіс.
Менің айтар ойым, ғаламтор зиян деп өмірден қалып қалуға болмайды. Өз уақытыңды
тиімді пайдаланып, ғаламторда отыру уақытын жоспарласаң, ешқандай тәуелділік орын
алмайды. Әлеуметтік желінің пайдасы орасан зор. Әсіресе, қазір елімізде IT саласына
ерекше көңіл бөлуде. Екінші ақпараттар кеңістігі де әртүрлі салаға бөлініп кеңеюде.
Әлеуметтік желінің зиянына қарағанда пайдасы молырақ. Тек өзіміз қалай пайдалану
керектігін білсек болғаны. Адам- ғаламтормен тығыз байланыста болу-ол шектен шығу
емес. Шектен шығу- ақпараттан хабардар болмау деп есептеймін.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!