Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала: ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ТАРИХИ ТҰЛҒА
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
2-ҚОСЫМША
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ТАРИХИ ТҰЛҒА.
ОТАРБАЕВА ГУЛЬНАЗ КАЙРОЛЛАЕВНА
«І.ЕСЕНБЕРЛИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ БАР ОРТА МЕКТЕП» КММ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, ҚАРАТАЛ АУДАНЫ, ҮШТӨБЕ ҚАЛАСЫ, GULNAZ.OTARBAEVA.85@BK.RU
Ә.Бөкейханов – ұлтымыздың өткен-кеткенін терең білімпаздықпен саралап барып, өз заманына, әсіресе ХХ ғасырдың басындағы ұлт тағдырына ерекше алаңдаушылық білдірген тарихи тұлға. Оның ұлтымыздың сандаған ғасыр ізін суытпай жалғасып келе жатқан рухани құндылықтарына түскен сызатты көре тұрып, ұлт жадын жаңғыртуға күш салуы ерлікпен пара-пар еңбек деп бағалаймыз. Қайраткердің түрлі жанрдағы шығармаларында елінің ертеңіне алаңдаушылық білдіріп, ұлттық руханиятымзға қатысты күрделі мәселелерді күн тәртібіне қоя білді. Әсіресе ақынның [Алаш әдебиеті - тәуелсіз ұлт руханиятының негізі 83] публицистикалық шығармаларында сол кезеңдегі халықтың тұрмысымен қатар, келешекте шешілуі тиіс мәселелер ашық түрде айтылып отырды. Байқауымызша Ә.Бөкейханов ХХ ғасыр басында Ресей тарапынан жүргізіліп отырған отарлау саясатына, осы арқылы ел ішін кең жайлаған батыстық жаһандану процесіне қатты соққы берген бірегей тұлға болды. Ә.Бөкейхановтың аталмыш бағыттағы атқарған жанкешті еңбектерін сан түрлі бағытта талдап қарастыруға болады. Атап айтсақ: қайраткердің сын мақалаларында, публицистикаларында елдің басты мұқтажы жерді сақтау мен отырықшылық өмірге бейімделу, надандықтың терең қойнауына енген халықтың көзін ашу, жүрегіне иман ұясын қондыру, төңірегіндегі көзі ашық, көкірегі ояу аз шоғыр оқығандарды мемлекеттік іске тарту, ғасырлар бойы ұлттық тұтастығымыз бен ерекшелігіміздің белгісіндей болған рухани құндылықтарымызды сақтап қана қоймай жастардың санасында жаңғыртып, ел ішінде терең насихаттау сияқты күрделі мәселелерді үнемі күн тәртібіне қойып отырды. Оның себебі де бар болатын. ХХ ғасырдың басы жалпыхалықтық ояну дәуірі болғандығын ғалымдар мойындап отыр. Халық ішінен шыққан оқымысты жастар елінің тарих көшінен қалмауын көксей отырып, европа, соның ішінде орыс экспансиясына қарсы жұмылдыруға еркеше қажырлылықпен кірісіп кетті. Ол үшін бірінші кезекте ел ішіндегі қараңғылықты жою шұғыл түрде қолға алынды. Ә.Бөкейханов - сан қырлы тұлға. Оның артында қалдырған сан алуан еңбектері қазақ қоғамының дамуындағы сол тұстағы бағыт-бағдарынан мол мағлұмат береді. Оның барлығын қамту бір мақаланың көтерер жүгі емес. Сондықтан аталмыш мақалада қайраткер тұлғаның ұлттық руханиятымызды жаңғыртуға қосқан үлесіне ғана тоқталуды жөн санаймыз. ХХ ғасыр басындағы қазақ оқымыстылары, соның ішінде Ә.Бөкейханов та сан түрлі өнерді меңгерген, қазақшалып айтсақ, сегіз қырлы бір сырлы болып жетілді. Оған себеп, өздері аз шоғыр болса да ұлтының кемел жолға түсуі үшін қажет өнердің [Алаш әдебиеті - тәуелсіз ұлт руханиятының негізі 84] барлығын меңгерсем деген жалғыз тілектен болған ау деп ойлаймыз. Сондықтан Ә.Бөкейхановтың артында қалған мұраларында не жоқ дейсіз. Барлығы бар. Жер реформасына қатысты пікірлері, заң жүйесіне байланысты түзетулер, оқу-ағартуға байланысты парасатты ойлар, мемлекет басқару ісіне байланысты ақыл-үлгілер, әдебиет пен өнерге байланысты сыни көзқарастар, тіпті өзінің қолымен жазылған көркем туындылар мен аудармалар қайраткер тұлғаның рухани сандығынан табылып жатады. Ә.Бөкейханов елдің тұтастығын көксеп, ертеңгі күннің қандай болмағына алаңдаушылық білдіріпті.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі ел ішінің бүлінуінен қазақ жұртын қызғыштай қорғап, ортақ үйін, қазақтың елдігін сақтауды көксеп өтті. 1918 жылғы «Қазақ» газетінің №260 санында: «Алаштың баласы аман қалар ма, жоқ па? Болжап болмайды. Қорқамын жалпы жұрттың қараңғылығынан, басшы болам деп, тонын айналдырып киіп, жұр тілегінен өзінің соқыр тиынына айырбастағаннан», - деп жеке басының күйін күйттеп жүрген пенделердің әрекетіне шошына қарайды. Ресей жерінде болып жатқан дүрбелең бүкіл елдің тыныштығын бұзып, сүттей ұйып отырған халықтың берекесін алып отырған аласапыраннан қалай да аман алып қалсам деген жанкешті азаматтың тілегін байқаймыз. Одан әрі автор «Аға – іні, Алаштың азаматы, бірік, бүгінгі үй ара уақ істі таста, мына қараңғы қара бұлт Россия ылаңынан Алаш басын қорғайтын жолға шық», - деп ұрандата үн қатады. Антикеңестік осындай үндеулер Ә.Бөкейхановтың сыншылдық көзқарасының басым бөлігін құрайды. Кезінде ұлтшылдық деп танылған осы тақылеттес үндеулер бүгінгі таңда өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр. Бір ғасырдан аса уақыт бұрын айтылғанымен қайраткердің айтқан сөздері, келтірген уәждері өмірмен үндесіп, тарихи қажеттіліктен туындаған сындарлы ойдың жемісі екендігін дәлелдеді. ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде орыс билігі тарапынан бекітілуге тиісті указной молда деген пайда болды. Ол [Алаш әдебиеті - тәуелсіз ұлт руханиятының негізі 85] Ә.Бөкейхановтың «Мұсылман сьезі» атты мақаласында былай баяндалады: «Степное положениены оқып қараған кісіге белгілі, сонда қазақ рухани ісі туралы жүріп тұрған закон мынау: бір болысқа бір молла (97-статья), бұл молланы бекітеді, орнынан түсіреді. Губернатор (98-статья), мәсәжәд-медресе рұқсатсыз салынбайды (99-статья) һәм Орал, Ақмола, Семей, Жетісуда уақыф жоқ (100-статья). Бұл төрт статьядан қазақ рухани ісіне қасқа жол шықпайды». Автордың ойы анық. Ендігі жерде патша шенеуніктерінің қатаң бақылауында болмақ. Молда сайлаудан бастап, мешіт, медресе салу, түрлі діни іс-шараларды өткізу тек арнайы рұқсатпен қана жүргізіліп отыру қажет. Былайша айтқанда қазақ елі ашық түрде рухани қысымға алына бастайды. Екінші күрделі мәселе ұлттық тіліміздің тазалығы болмақ. Ә.Бөкейханов осы мұсылмандар съезінде қазақтың ұлттық тілі жөнінде түрлі айтыстарға барады. Мәселен, мұсылмандар сьезі қараған закон жобасында кеңсе тілі татар тілі болсын деп бекітілмекші болады. Сонда Ә.Бөкейханов бастаған қайраткер тұлғалар бұған наразылығын білдіріп, «анық түрік заты халық тілі біздің қазақта», - деп ұлт тілін мақтанышпен қорғауа тырысады. Ұлы Абайдан қалған қасиетті тілдің қадірін дәлелдеу үшін Абайдың, Шәкәрімнің, Ахметтің, Міржақыптың, Мағжанның өлеңдерінен мысалдар келтіріп, даурыққан жұрттың көмейіне құм құяды. Сөйте келіп: «Осылардай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған
5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады», - деп ашына жазыпты. ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары тілдегі татаризммен күрескендігі мәлім. Орыс шенеуніктері тарапынан күштеп енгізілген кеңселік татар тілі түптеп келгенде қазақ тілін жоғалтуға апратын төте жол болатын.
Ә.Бөкейхановтың «Біздің қазақ осы тілін тастап татарға мінгескені адасқандық болар» деуі тіл майданындағы күрестің қаншалықты маңызды болғандығын аңғартса керек. Дегенмен мұсылмандар съезінде кеңселік тіл «татар-түрік» тілі болып бекітіледі. Ә.Бөкейханов бастаған ұлт [Алаш әдебиеті - тәуелсіз ұлт руханиятының негізі 86] жанашырлары жеңіліс табады. Соған қарамастан Ә.Бөкейханов аталмыш мақаласын: «Ғұмыр жүзінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар: Абай, Ахмет, Мир Якуб, Шаһкерім, Тарғыннан һәм өзгелерден бұл көрініп тұр ғой», - деп келешекке үміт арта аяқтапты. Ә.Бөкейхановтың ұлт руханиятын насихаттаудағы ендігі бір бағыты сол тұстағы танымал қаламгерлердің туындыларына берген пікірлері деп білеміз. Қайраткер тарихи жәдігерлердің терең білгірі ретінде жарыққа шыққан түрлі туындыларды назарда ұстап, керегіне орай сын-пікірлер білдіріп отырыпты. Соның бірі Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты әйгілі еңбегі болатын. Аталмыш еңбегін Шәкәрім ұстазы, әрі ағасы Абайдың тапсырысымен жазғандығы мәлім. Автор қазақ шежіресінің қазақ тілінде бұрын соңды кітап болып басылмағандығын ескере келіп, Шәкәрімнің бұл кітабы тарихи құнды дүние болғандығын ерекше атап өтеді. Расында Шәкәрімге дейін Абай тезис түрінде «Бір ауыз сөз қазақтың қайдан шыққандығы» деген атаумен қазақ шежіресіне кіріспе түрінде жазып кетеді. Оны бүгінгі таңда қырық алтыншы сөз деп айтып жүргендер де бар. Алайда Абай шежіредей күрделі дүниені аяқтап үлгермесін білгеннен кейін бе, әйтеуір сенімді шәкірттерінің бірі Шәкәрімге ерекше табыстап кетеді. Тегінде шежіре төңірегінде түрлі пікірлер қалыптасқандығы белгілі. Оны біреулер тарихи деректердің жиынтығы десе, ал енді біреулер тарихи деректерді қамтитын әдеби туынды деп те түсінеді. Қалай болғанда да шежіренің тамыры тереңде жатыр. Алайда бұрындары шежіре тек ауыздан ауызға тарап, ұлттық руханиятымыздың негізі саналатын. Қазақтардың туыстық қарым-қатынасын анықтайтын бұл жәдігерде кейде еліміздің өткен тарихы мен ата тегіміздің басында болып өткен тарихи оқиғалар да баяндалып отырады. Ә.Бөкейханов Шәкәрімнің шежіресіндегі бірнеше мәселелерге тоқталып өтеді. Ол түрік ағайындардың арасындағы туыстық қарым-қатынас, таңба мәселесі, керейлердің крест таңбасы жөніндегі тарихи таным, алаш атауы туралы т.б.[ Алаш әдебиеті - тәуелсіз ұлт руханиятының негізі 87 ] Ә.Бөкейханов қайбір мәселеге бармасын шежіренің озық тұстарын айта отырып, әлі де болса ғылымның бармаған жерлерін анықтап көрсетіп кетеді. Мысалы, Алаш сөзінің түп төркіні қайдан шыққан, Алаша хан, Жошы хан бейіті жөніндегі не білеміз т.б. Қаламгердің әр сөзі ойлы, кез-келген адамға ой сала сөйлейді. Сондағы оның айтпағы не? Оның айтпағы қазақ шежіресінің жаңадан атып келе жатқан таңы Шәкәрімнен басталып, бүкіл қазақ жұртшылығына жайылып жатқандығы. Оның айтпағы: «Енді мұнан бұлай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі, Шәһкәрім кітабын әбден білмей қадам баспа». Демек, Ә.Бөкейхановтың қазақ шежіресінің олпы-солпы болмай, нағыз ғылыми негізде жазылуын жан-тәнімен қалағандығы байқалады. Қаламгер қазақтың байырғы эпостарының бірі «Қобыланды батыр» жырына көлемді пікір жазыпты. Батырлар жырын өзінше бағамдаған автор жырдың тарихилығына өзінше байлам жасап, Шәкәрімнің шежіресіне сілтеме жасап отырады. Біздің білетініміз тарихта бірнеше Қобыландылар болып өткендігі. Ал жырдың қай Қобыландыға байланысты жырланатыны белгісіз. Оған әдебиеттану ғылымы да, тарих ғылымы да нақты жауап бере алмайды. Сол сияқты автор жырдағы кейбір кейіпкерлерге жекелеп тоқталып, оларға қатысты да өзіндік ойын білдіріп отырады. Мысалы «Көбікті батыр қырғыздың Көкенайы болмасын» деген сияқты жорамалын айтып отырады. Жырдағы кейбір үйлесімсіз тұстарды баяндай отырып, ондай жолдарды кейінгі ақындар жанынан қосуы мүмкін деген байлам жасайды. Ендігі бір мәселе, Қобыланды батырдың суреті төңірегінде өрбиді. Жырдағы Қобыланды бейнесі мен астындағы Тайбурыл бейнесін автор мәтін арқылы сурттей отырып,суреттегі бейнесін қатты сынға алады. Сөйте келіп: «Орыстың үш батырын салған Васнецов шебердің картинасы бар. Осы орыс батырларының суретіне қарасақ, Қобыланды батырға мінгізген боз айғыр Добрына Никитичтікі, Қобыланды батыр өзі – Алеша Попович, күн салып қарауы Илья Муромец көрінеді», - деп кітап сыртындағы суретке қатты сын тағады. [Алаш әдебиеті - тәуелсіз ұлт руханиятының негізі 88]
Ә.Бөкейханов ұлттық әдебиетімізді, мәдениетімізді, тарихымызды терең білген, шебер бағамдаған. Сондықтан ол әр уақытта қазақтың ұлттық руханиятында орын алып отырған құбылыстарды назардан тыс қалдырмай реті келсе өзінің сын пікірлерін білдіріп отырған. Сол арқылы ол ұлттық құндылықтарымыздың қаймағы бұзылмай, саф күйінде біздің заманымызға жетуіне өлшеусіз үлес қосып келді.
Ә. Бөкeйхaнoвтың «Қaзaқ» гaзeтінe eкі жүзгe жуық мaқaлaлaры мeн aудaрмaлaры жaрық көргeн eкeн. Көcем cөз шeбeрі Ә.Бөкeйхaнов қaзaқ eлінің eң өзeкті мәсeлелeрін жaзa білді. Қaзaқ eлінің жeрі oтырықшы бoлуы пaтшa үкімeтінің қaзaқ eлінe жүргізіп oтырғaн сaяcaты, сoт, әкімшілік турaлы бaй мaғлұмaттaр бeрілгeн. Әлихaн Бөкeйхaнoв ғылыми жұмыспeн дe бeлсeнe aйнaлыcты. Мәсeлeн, oл Oрыc геoгрaфиялық қoғaмы Бaтыc Cібір бөлімінің жұмыcынa қaтыcты. Oл eкі тілгe бірдeй жeтік eді, қaзaқшa дa, oрыcшa дa eркін жaзды. Ә.Бөкeйхaнoвтың 1914 жылы жaзғaн «Тaғы coғыc» мaқaлacы «Қaзaқ» гaзетінe шықты. Oл мaқaлacындa: «Бұл сoғыcтың хaлыққa пaйдacы жoқ. Нaрлaр aлысaды, қoрлық көрeтін қaрaпaйым хaлық», -дeгeн бoлaтын. Қaрaпaйым хaлықты coғыcқa eмeс, қaрa жұмыcқa бaруғa шaқырып үндeу тaрaтты. 1916 жылғы көтeріліcтің бacты ceбeбі: oтaршылық, oтaршыл әкімшіліктің жeргілікті хaлыққa қaрaмaуы, coның ішіндa жeр мәсeлecі, құнaрлы жeрлeрінeн aйрылуы, қaзaқ хaлқының дәcтүрлі шaруaшылығының күйзeліcкe ұшырaуы eді. Қaзaқ интeллигeнцияcы бұл жaрлықты қaлaй қaрcы aлды? «Қaзaқ» гaзeтін ұйымдacтырушы зиялылaр хaлыққa жaрлықты мoйындaуғa, көтеріліcкe шықпaуғa шaқырды. Бірaқ қaрaпaйым хaлық ұлт зиялылaрының aйқaйын еcтімeді, көтeріліcкe шығa жөнелді. Қoғaмдық күрec жoлынa түcкeн жac қaзaқ интeллигенцияcының aлдынa көлдeнeң тaртылғaн өзeкті жaйлaрдың бірі – eл тaғдырынa қaтыcты жeр мәceлеcі еді. Бұл мәceлe oның aзaмaттық caнaсынa қoзғaу caлды, үлкeн cын бoлды. Oтaршылдық aпaттың қoрлығын, жacaп oтырғaн aйлacын жaн-жaқты cынaп, әшкeрeлeп, coл aрқылы хaлықтың қөзін aшып, oғaн бұл көкeйкecті мәсeлeні өз дәрeжecіндe түcінугe көмектece aлaтын ғылыми, публицистикaлық мaқалaлaр aca қaжет бoлды. Гaзeт өміргe кeліп, өз жұмыcын бacтaған coң дa үнeмі хaлықтың қoлдaуын көріп oтырды. Дeгeнмен, бір қoлдың caуcaқтaрымeн caнaп шығуғa бoлaтын жылдaр aрaлығындa бoлып өткeн қoғамдық құбылыcтaр тacқыны «Қaзaқ» гaзетінің cипaтын өзгeртe aлмaғaнымeн, oның бaғыт бaғдaрынa, aлдынa Ә. Бөкейханов және [ұлттық таным мен руханият әлемі 51] қoйғaн міндeттeрінe түбeгeйлі өзгeрістeр eнгізбeй қoймaды. Уaқыт гaзeт шығaрушылaрдaн бұрын-coңды eш қaзaқ кeздeсіп көрмeгeн мәсeлeлeрді шeшуді тaлaп eтті. Жeр мәсeлecінің қaзaқ үшін өмірлік мaңызы бaр мәсeлe eкeндігін, 1916 жылы қaзaқтaн сoлдaт aлу мәсeлecі гaзeттің өзeкті мәceлecіне aйнaлды. Aл, 1917 жылдың нaурызынaн бacтaп гaзеттің бaғыт-бaғдaры түбірімeн өзгeрді, кoмитeт құру, съeз шaқыру іcтeріне кіріcіп кeтті. Бacқa дa Рeceй хaлықтaры cияқты құрылтaй жиналысына көп үміт артып, оған қатысатын қазақ депутаттарын сайлау жұмысымен айналысты. Бacпaхaнa сатып алып, келешекке үлкен үмітпен қарады [3]. Бірақ, «Қазақтың» мұндай шуақты күндері ұзаққа бармады. Сол жылдың күзінде Ресейдің орталығында орын алған қазан төңкерісі «Қазақ» газетінің бағыт-бағдарына кезекті өзгерістер енгізді. Енді ол өзінің бар күш жігерін большевизмге қарсы күреске арнады. Халықты қазақ жеріне күштеп орнатыла бастаған кеңес өкіметіне қарсы күреске ұйымдастыру ісімен айналысты. Міне осылай, айналасы бірнеше жылдың ішінде ғана қоғамда болған күрделі саяси өзгерістер «Қазақ» газетіне өзінің бағыт-бағдарына, алдына қойған мақсаттарына, Ұлт мүддесінен шығып, бірнеше рет түбегейлі өзгерістер енгізуге мәжбүр етті. Сонымен, «Қазақ» газетінің өзінің объективті негізі – қаражат жағынан да, атқарған іс-әрекеттері жағынан да жалпыұлттық газет болғандығы, оның қалыптасқан әрбір объективті тарихи жағдайдағы, нақты бағыт-бағдары, алдына қойған мақсаттары ұлт мүддесінен туындағаны анық. Ә. Бөкейхановтың түсінігі бойынша ол мемлекет автономия түрінде болмақ. Россия федерациялық мемлекет болса, Қазақстан оның құрамына әзірге автономиялық негізде енбек. Федеративтік республикада һәр мемлекетінің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Яғни, Бөкейханов ұсынып отырған автономия бужуазиялық демократиялық республика болатын. Сондай-ақ бұл көп ұлтты автономия Көп ұлттылық елдің экономиклық, саяси және мәдени дамуына қажет қолайлы фактор болмақ. Мәдени және саяси мешеулік ұлттық мемлекет [ұлттық таным мен руханият әлемі 52] құрудағы негізгі кедергілер екенін айтып, осы кемшіліктерден құтыла келіп, түпкі мақсат саяси дербес мемлекет түзу болатындығын Ә.Бөкейханов жасырмай ашық білдірді. «Қазақ» газеті беттерінде қазақ мемлекеттілігінің басында тұрған Алаш партиясы және Алаш қозғалысының көшбасшылары отарлық империя жағдайында жалпыұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін айқын көрсетті. Қайталанбайтын деректердің деректік маңызы, олардан алынатын ақпараттың ғылыми құндылығы, сол деректерді жасаушы субъектерге тікелей байланысты. Мерзімді басылымдарда субъектерге редакторлар, авторлар, тілшілер жатады. «Қазақ» газетінің бетінде, бес жылдан астам уақытта, жүздеген авторлардың мақалалары жарияланғанымен, оның бастан аяқ негізгі шығарушылары және тұрақты авторлары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және Әлихан Бөкейхановтар болды және жинаққа енген материалдардың жартысына жуығын жазғандар да осылар. «Қазақ» газетінің авторларының жалпы саны 200-ден асады. Тек жинақта келтірілген «Ашылмаған бүркеншік есімдер» - деген тізімде 109 «Қазақ» авторларының әлі ғылымға белгісіз бүркеншік аттары көрсетілген. Солардың бірі мазмұндылығымен, ұлттық мерзімді басылым беттерінде көтерген мәселелерінің маңыздылығымен, өзіне еріксіз көңіл аудартқан мақала жазған, «Қазақ» газетінің 2-ші нөмірінен бастап бірнеше нөмірлерінде (№ 3,5,7,9) Қазақтың тарихы» - деген көлемді де қызықты, танымдық маңызы жоғары мақала жариялаған «Түрік баласы» [4]. Ұлт өкілдерінің аянбай күресуі және іс-әрекеттерінің жасампаздығы қазіргі және алдағы уақытта да маңыздылығын жоғалтпайды. Арыстарымыздың мұрасын оқып білу өміршеңдігін сақтайды. Зиялыларымыз қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді. [ұлттық таным мен руханият әлемі 53]
Ә. Бөкейханов - қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жер, тіл мен діл тағдыры, дін мен дәстүр тұтастығын сақтау үшін жұрт жұмысының жауапкершілігін мойнына жүктеп, бәйгеге тіккен тарихи тұлға. Иә, бұл кезеңде елге адал қызмет еткен ұлт зиялыларының әрқайсысының тарихымыздағы өзіндік орны, ұлтымыздың оянуына, өркендеуіне сіңірген зор еңбегі бар. Ол айдан анық. Алайда, солардың арасында қайсар мінез, табанды қайраткерлік болмысымен, саяси күрескерлік рухының биіктігімен және жан-жақты білімділігімен, бүтін бір елдің тағдыры мен оның алдыңғы қатарлы зиялы қауымын қалыптастыру, азаттық үшін бірігіп күресу жолында көшбасшылық қасиетімен ерекшеленіп, дараланып тұрған ең көрнекті тұлға – Әлихан. [Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының толық жинағы, I том Астана, 2009]
Сөйтіп, ғасыр басындағы қазақ халқының өмірі мен қызметінің сан алуан қыры Ə.Н.Бөкейхановтың назарынан тыс қалмады деп айтуға болады. Оның сол кездегі қоғам өмірінде орын алған мəселелердің барлығына қалам тартқандығын көруге болады. Сонымен қатар ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихы туралы ғылыми жұмыстарды жазуда Ə.Бөкейхановтың еңбектерін пайдаланбай жазу мүмкін емес.
Əдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – А., «Атамұра», 1999.
2. Атабаев Қ. Мерзімді басылым ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерегі ретінде. – Алматы: «Қазақ университеті», 1998.
3. Ижанов З. “Қазақ” газетін шығаруға арналған баспахананың тағдыры туралы дерек // «Егемен Қазақстан» газеті, 27 ақпан 2002 жыл.
4. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. Редакциялаған: Р.Нұрғали. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 475 б.
5. Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының толық жинағы, I том Астана,2009
Аннотация
Ә.Бөкейханов - сан қырлы тұлғаның ұлттық руханиятымызды жаңғыртуға қосқан үлесіне тоқталамыз. Қайраткердің түрлі жанрдағы шығармаларында елінің ертеңіне алаңдаушылық білдіріп, ұлттық руханиятымзға қатысты күрделі мәселелерді күн тәртібіне қоя білді. Атап айтсақ: қайраткердің сын мақалаларында, публицистикаларында елдің басты мұқтажы жерді сақтау мен отырықшылық өмірге бейімделу, надандықтың терең қойнауына енген халықтың көзін ашу, жүрегіне иман ұясын қондыру, төңірегіндегі көзі ашық, көкірегі ояу аз шоғыр оқығандарды мемлекеттік іске тарту, ғасырлар бойы ұлттық тұтастығымыз бен ерекшелігіміздің белгісіндей болған рухани құндылықтарымызды сақтап қана қоймай жастардың санасында жаңғыртып, ел ішінде терең насихаттау сияқты күрделі мәселелерді үнемі күн тәртібіне қойып отырды.
А. Букейханов - вклад многогранной личности в возрождение национальной духовности. В своих произведениях в разных жанрах он проявлял заботу о завтрашнем дне страны, ставил на повестку дня сложные вопросы, касающиеся национальной духовности. В частности: в критических статьях, публицистике деятеля главными нуждами страны были сохранение земли и адаптация к оседлой жизни, раскрытие глубин невежества, установка гнезда веры в сердце, вовлечение в государственные дела тех, кто читал вокруг себя незримые, бескрайние просторы, не только сохранили, но и возродили в сознании молодежи духовные ценности, которые на протяжении веков были символом национальной целостности и идентичности, но и глубоко пропагандировали внутри страны.
We will focus on the contribution of A. Bukeikhanov to the modernization of national spirituality. In his works of various genres, he expressed concern for the future of his country and put on the agenda complex issues related to national spirituality. In particular, in his critical articles and journalism, the main needs of the country are the preservation of the land and adaptation to a settled life, the opening of the eyes of the people deep in ignorance, the establishment of a nest of faith in their hearts, the involvement of those who have been around with open eyes and open hearts in the state, the preservation of spiritual values that have been a sign of national integrity and identity for centuries, as well as modernization in the minds of young people and deep propaganda within the country.