Материалдар / Мақала Алтын күз

Мақала Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2018
2988
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алтын Күз

К елді міне, алтын күз

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Риза етіп халқын қыз.

Мерекесі халық

Алтын күзді бастайық

Алтын күзге арналған

Ертеңгілігімізді бастайық, - деп мектеп жанындағы шағын орталығының «Гүлдер» тобы алтын күзге арналған «Жемістер жыры» әнімен мерекенің шымылдығын ашты. Мерекені бастамас бұрын тәрбиеші Айнұр апай бірнеше жұмбақ жасырып, балардың мерекелік көңіл күйін көтерді. Бүлдіршіндер осы мерекеге ерекше қонақ деп Алтын күзді сыйымен тосты. Ертеңгіліктің сәні, сыйы Алтын күзде ортаға балалардың шақырылуымен шықты: Келші, келші алтын күз

Келші, келші жарқын күз

Мерекені жалғастырып,

Ойнап күлші алтын күз,-деп қошеметпен шақырды. Отбасының жемісі-бала. Баланың рухани өсуіне ата-ананың ролі зор. Осы ертеңгіліктің кейіпкері болған Алтын күз ханшайымы ата-ана Жұмабекова Сандуғаш балалардың көңілінен шыға білді. Алтын күздің тапсырмасы өз өнерін жан-жақты көрсеткен балаға ата-ана тарапынан күзгі сыйлық күтіп тұрды. Бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін аямады. «Шалқан » ертегісінің қойылымын ерекше ойнады. Мерекеге арналған жемістер сайысынан өлеңдер айтылды. Кішкентай бүлдіршіндеріміз «Жұмысшылар» биін билеген кезде ата-аналар тарапынан қошемет ерекше болды. Биылғы оқу жылындағы келген кішкентай бүлдіршіндеріміз «Біз көңілді бөбекпіз», «Ойыншықтар» әнін әуенге салып айтып берді. Ертеңгілікте ата-аналармен де тапсырма болды. «ТРИЗ» технологиясын қолданып, тірек-сызба арқылы өлең айту.Тақтада суреттер берілді, ата-аналар сол суреттерден өлең құрастырды:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап,-деп балалармен өлең қайталанды. Мереке соңында балалар күзгі вальс биімен аяқтады. Мереке соңында тәрбие ісінің меңгерушісі міндетін атқарушы Теміржанова Г.Қ балаларға меркелік көңіл-күймен жылы лебіз тілегін білдірсе, ата-ана тарапынан Дүйсенбаева Г тілекті жалғастырып балаларымызға Алтын күз ханшайымымен сыйлықтарды табыс етті.

Әрбір ата-ана өз перзентін, мәдениетін, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиеленуді ата-аналық міндеті деп түсіну керек. Бүлдіршіндерімізге әрқашанда күз мерекесіндегідей бойларына мол қасиет, жарқын күлкі, бақытты балалық шақ тілейміз!

Қазан орта мектебі, шағын орталық тәрбиешісі Тулкина Гүлжанат Ертайқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ