Материалдар / Мақала Бағдарламаның жеті модулі ықпалдасып тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарлауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Бағдарламаның жеті модулі ықпалдасып тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарлауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Деңгейлік курсы бойынша көмек береді.Есеп түрлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
344
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Алматы облысы, Ақсу ауданы,

Ащыбұлақ ауылы «М.Мәметова атындағы орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

ІІІ-деңгей бойынша сертификатталған

Жиенбаева Гүлнұр Нұртасқызы

Биология,химия пәнінің мұғалімі

Picture 1

Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым


Әл-Фараби,Абайларда осы ұстаздан нәр алған,

Ұстаз қымбат,бұл өмірде ол ерекше жаралған.

Абыройы асар биік,төбесіне күн тиген,

Өлеңменен кім бар екен ұзтаз орнын таба алған.

«Егеменді еліміздің ертеңі мен бүгіні жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» -деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай

Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе - білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.

Осы орайда білім ордасы мектеп, ал мектептің жаны-мұғалім екендігі баршаңызға мәлім. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры.

Мұғалім – қоғам айнасы, оқытушы, мұғалім- ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы.Ұстаздың басты мақсаты мен міндеті-бала тәрбиелеу оған білім беру.Әл-Фараби атамыз айтқандай: тәрбиесіз берілген білім- нәтижесіз, ең бірінші жас нәрестеге ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбие беріледі. Сол тәрбие ана- құшағында бесікте тәрбиелене келе, өмір табалдырығын баса бастайды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» осыдан бастау алған екен ғой. Келесі кезең бала- бақшадағы тәрбие осыдан кейін «мектеп» атты үлкен мұхитқа «білім» кемесіне мініп аттанады. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин күтім көрген ағаштың биікке самғап, түп-түзу болып өскенін, ал күтімсіз ағаштың қисық-қыңыр бей-берекет өскенін өз шығармасында атап көрсетті. Сол сияқты тәрбие көрмеген бала болашақта қоғамға жат, қылмыскер, жалқау, бұзақы, ниеті жаман тұлға болып шығады, ал дұрыс тәрбие алған бала тәрбиелі, адамгершілігі мол, білімді де, білікті, қоғамда орнынан өз орнын таба алатын жеке тұлға болып қалыптасатыны баршамызға мәлім. Оқу мен тәрбие егіз екендігін мен бүгін терең түсіндім десем еш қателеспеймін. Мен-ұстазбын, мен- мұғаліммін, мен- зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп, апаратын-тәрбиешімін.Қорыта келгенде,әр шәкірттің жүрегінен анасындай болып орын алған ұстаз-нағыз ұстаз.Өмірлік ұстанымына берік,елінің ертеңіне сеніммен қарап,өз үлесін қосатын адам тәрбиелеу-бүгінде ұстаздықтың шыңы.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!