400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Бағдары айқын бағыт"

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасына сәйкес білім және ғылым саласында көптеген реформалар жүзеге асуда. Бүгінгі таңда ұстаздар қауымына қойылған міндет - жаңартылған мазмұнда жұмыс жасау, ғылым мен білімнің озық жетістіктерін пайдалану
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бағдары айқын бағыт


Бүгінгі таңда өз алдымызға жеке отау құрып, бабалар аманатына қол жеткізіп, шекарамыздың бәрін айқындап жаңа тұрпатты тәуел­сіз мемлекетке айналдық. Алыс-жақындағы алып елдермен сая­си-әлеу­меттік, экономикалық және рухани қарым-қатынас орнатылды. Бұл, әрине, бір ауыз сөзбен түйіп айтуға ғана оңай. Әйтпесе, тәуелсіздіктің осы ширек ғасырында қаншама қиындықтар, шиеленістер, күрмеуі қиын әлеуметтік және ұлттық мәселелермен бетпе-бет келгені белгілі. Сол бір қысталаң кездерде көшімізді сүріндірмей, қайығымызды қайрандатпай осы кезге дейін жеткізген ел Президентінің сараб­дал саясаты екенін баршамыз жан жүрегіміз сезіндік, сезініп те келеміз.

Елбасы өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруын жариялаған еді. Осы үшінші жаңғырудың нақты тетігі, кілті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласында да айқын көрініс тапты. Мұнда сананы мағынасыз, мақсатсыз жаңғырту турасында емес, ұлттық болмыстан, ұлттық қабілет-қарымнан айырылып қалмай, осыны әлемдік байлықпен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы мәселе анық көтерілді.

Бұл мақалада маған ерекше ұнағаны – өзім тарихшы болғандықтан, тарихи ғылымның, тарихи сана мен ғылымның алар орны өте жоғары бағаланған екен. Бұл мақалада мынадай сөздер бар: «2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз».

Осы бағытта көне тарихымыз қайта жаңғырып, тарихты зерттеудің жаңаша әдіс-тәсілдері қолға алына бастады. Көне жәдігерлеріміз жаңғыртылып, қорғауға алынып, ұрпақтар сабақтастығы жалғасын тапты.

Елбасы жыл сайын халықпен кездескенде рухани жаңғыру мәселесіне баса көңіл аударып келеді. Яғни адамның құндылығы, рухани байлығы, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға мән бермесек, мұнымыз үлкен қателік болатынын айтып отыр. Бұрын анда-санда айтылып қалатын пікірлер енді үлкен бір бағдарламаға айналды. Елбасының руханиятқа, білімге, ғылымға мән беруі – үлкен көрегендік. Бұл жұмыс дер кезінде жасалып жатыр, енді оны халыққа жеткізе білу керек. Бұл – еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан жұмыс.
Болашақта Қазақстанның бет-пердесін не анықтайды? Еліміздің болшақтағы келбетін анықтайтын – бәсекеге қабілет­тілік. Бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада, руханиятта, яғни барлық салада болуы керек. Бәсеке болмаған жерде іріп-шіріп, тозып кетеміз. Бәсеке болған жерде жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, санамызды жөндейміз. Бәрі санадан басталады. Сол үшін сана түзелуі керек. Сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиіспіз. Абай атамыз баяғыда «Адам бол» деп айтып кеткен. Бұл – қазақ­тың ұраны іспетті сөз. Елбасымыздың осы бастамасында Абайдың ұранының көрінісі бар. Бұл жұмыстың арқауы өте тереңде жатыр.
«Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дейді. Білімі мықты болуы үшін еліміздің
білім беру саласын реформалаймыз деп жатыр. Бәсекеге қабілеттілікті дамытуымыз керек. Білім әлемдік, тәрбие ұлттық болуы керек. Ата-бабаларымыздың баяғы­дан келе жатқан үлкен құндылықтар жүйесі жастарымыз­дың да санасына еніп, олар әр нәрсеге сын көзбен қарап, жақсы үрдістеріміздің бәрін бойына сіңіріп өссе, нұр үстіне нұр.

Елбасы тәрбие, білім беру саласына үлкен мән беріп отыр. Әсіресе, үштілділік мәселесі басты назарда. Ағылшын тілі – әлемдік тіл. Бүкіләлемдік тіл болғаннан кейін біз одан сырт қала алмаймыз. Дегенмен қазақ тіліне басымдық беруге тиіспіз. Біздің мақсатымыз – әлемдік өркениетке еніп, дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Оған білім, ғылым арқылы ғана жетеміз.







Жаңаберген Қанат Рахымжанұлы, тарих пәнінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 сәуір
470
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі