Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала "Бала тәрбиесі бесіктен басталады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі және бірегейі – біздің халқымыз. Біздің дана халық ешқашан баласына теріс тәрбие бермеген, теріс жолмен жүргізбеген. Тәрбиелі, тәртіпті, талапты ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсат етіп қойған. Әлі де солай. Мақалада дәл осы тәрбие туралы сөз болады. Бала тәрбиесін бесіктен бастау керектігі айтылады. Мақаланың бастауыш сынып оқушыларына үлкен көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала тәрбиесі бесіктен басталады



Басында қатырасудан болдық пайда,

Неше күн шайқалтылып жүрдік ойда.

Сол судан қан-сөл ғайып пайда болып,

Сүйек пен етке шаптық үш-төрт айда

(Мәделі Жүсіпқожаұлы)


Адам ұрпағымен мың жасайды! Шыр етіп дүниеге келген періштемен бірге сол үйге ырыс-құты бірге енеді. Қазақта «Бір қозы туса, бір топ жусан артық шығады» деген дана сөз бар. Яғни әр нәрестенің өмірде алар орны, несібесі болады. Құрсаққа біткен баланың болашағы анасының әр қимылы, көңіл-күйі мен денсаулыңына байланысты. Сол себепті бойына бала біткен әрбір ана ұрпағының дұрыс дамып, жетілуіне мән беруі тиіс. Көпшілік ата-аналар іште жатқан сәби ештеңе сезбейді, естімейді деп ойлайды. Бұл жаңсақ пікір. Мамандардың айтуынша, сегіз апталық нәресте сыртта болып жатқан құбылыстарды, анасының дауысын, басқа да дыбыстарды ести алады екен. Сондықтан жүкті әйелдер баласымен сөйлесіп, әдемі нәрестелерге қарап, өзін барынша сабырлы ұстаған абзал. Жүктілік кезеңінде жерік асын жеу маңызды. Анасын жерік асын қанып жемесе, баласының аузынан суы аға беруі немесе дәрумен жетіспеуі мүмкін.Егер жүрегі айнып ас батпаған кезеңдерде таңертең аш қарынға бір стақан су ішсе пайдалы. Сонымен бірге жеміс-жидектердің де алар орны ерекше болмақ. Күнделікті 1-1.5 сағат жаяу серуендеу, таза ауада терең тыныстауды да ұмытпаған жөн.

Сәбидің дүниген келуі. Бала деген – бауыр етің демекші, әр үйде сібидің сыңғырлаған күлкісі естіліп жатса, ғанибет емеспе? Ана мен әке үшін ұрпағының ұл болсын, қыз болсын бастысы – өмірге дені сау болып келуі маңызды. Зарыға күткен баласы дүниеге келгендегі Мұқағали ақынның жан тебіренісі осыған дәлел бола алады:


Иә,Алла, көрдім бе,көрмедім бе?

Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?

Шырылдаған үніңнен айналайын,

Шыныменен үңгірге келгенің бе?


Қызың болсаң – қырымда құралайсың,

Ұлың болсам – ұлы бір мұрадайсың.

Естисің бе, есі жоқ, ей дүние,

Неге менен сүйінші сұрамайсың?!


Жаңа туған нәрестеге жеті күн толғанда азан шақырылап ат беріледі. Балаға ат қойарда оның мағынасына мән беру керек. Себебі, сол есім – оның кейінгі өміріне зор ықпал етеді.

Жылауда да мән бар. Хадистерде «Кімде – кім жылаған баланы жұбатса, Аллаһ тағала жәннәтта оған сый береді»- деп балаға уақытылы көңіл бөліп барынша ақ ниетімен тәрбиелеудің маңыздылығын алға тартады. Сәбидің жылауы – анасы мен баласының арасында құпия тілдесу. Әдетте, бала қарны ашқанда немесе мазасызданып ауырғанда, кейде тіпті жәй анасын мейірі мен жылы сөзін аңсағанда жылауы мүмкін. Өйткені үш айдан асқан бала анасының айтқан сөздеріне қуана бастайды. Кей аналар мұны түсінбей сәбиіне ашуланып жатады. Жаңа туған сәби жылағанда оны қолға алып, кеудеге басу арқылы тез жұбатуға болады. Себебі, ол жатырдағы соңғы төрт айын анасының жүрегінің соғысын естумен өткізеді. Жарық дүниеге келген соң сол жүрек дүрсілін іздеп тынышсызданады. Сол уақытта баса қойса өзіне үйреншікті жүрек дүрсілін естіп қауіпсіздікті сезіне бастайды. Сондықтан әрбір ана атанғысы келетін аруларымыз сәбиінің өміріне бойына біткен сәттен бей-жәй қарама екен деймін. Ана мен бала өмірі – бүгінгі күннің ертеңі екенін естен шығармайық!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2018
652
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12